Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет232/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

VIII. БАЛАЛАР РЕАНИМАЦИЯСЫ
(К.Т.Жүнісов)


БАЛА РЕАНИМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ЕМІ
Реанимация– терминальдық жағдай мен клиникалық өлім кезіндегі жандандыру және өмірге ең керекті ағзалардың қызметін қарқынды ем арқылы қалпына келтіру.
Әр адам ағзасының ерекшілігіне, табиғатына, бұл апаттың қандай жағдайда болғанына, сырқат түрлерінің сатыларына байланысты клиникалық өлу кезеңінде жандандыру, қарқынды ем дер кезінде жасау арқылы табысқа жетуге болатынын білу керек.
Жас ерекшеліктеріне қарай, балалар ересектерге қарағанда қатерлі жағдайға көбірек тап болады. Мұндайда тек қарқынды көрсетілген көмек қана бала өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Реанимациялық көмек түрлері тек қана жүрек соғуы, дем алуы тоқтап тіршілік белгілері толық тынғанда қолданылуы керек деген ұғым бар. Бірақ, шындығында адам ағзасының қызметі бірден тоқтамай тіршілік әрекеттері біртіндеп сатылап төмендей бастайды. Адам тіршілігінің тоқталуын белгілі бір биологиялық заңдылықтарға бағынышты сатылы құбылыс ретінде түсінген жөн. Сондықтан қарқынды ем мүмкіншіліктерін алғашқы кезеңдерінде – тіршілік белгілерінің төмендей бастаған сатысында қолдана бастау керек. Қазіргі реанимация ұғымы адам ағзасының тіршілік белгілерінің бәсеңдеп, нашарлай бастаған уақытынан басталатын емдік әдістер жиынтығын білдіреді.
Терминальдық жағдай – ағзада тіршілік қызметінің тежелу сатысы немесе адам өмірінің үзілу кезеңі деп аталады.
Ол адам өмірінің соңғы кезеңі, тіршілік пен өлім аралығы.
Терминальдық жағдайдың ұзақтығы әр түрлі, негізінде науқастың күйіне, өлімге дұшар ететін себептеріне байланысты. Бұл уақыт едәуір созылуы мүмкін.
Ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан адам өмірінің үзілу кезеңін үш сатыға (фазаға) бөледі. Олар преагония, агония және клиникалық өлім деп аталады.
Айта кететін жағдай, адам ағзасы тіршілік құбылыстарының бәсеңдеу, тоқтау кезеңдерінде ағзалар мен жүйелер қабілетін қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін дер кезінде толық жедел көмек көрсетілуі керек.
Емдік шаралар қолданылмаған жағдайда клиникалық өлім сатысы биологиялық өлімге әкеп соқтығады. Бұл өлім – адам ағзасында тіршілік белгісі қайта қалпына келмей тіндегі өзгерістерге алмасады.
Ем қолданылмаған жағдайда ауру үдеп, қан айналу мен тыныс алу қызметінің нашарлауы асқына келе адам ағзалары, денеде алмасуы аяқталмаған заттар көбейеді. Токсиндер құрамы артып, ағза улана бастайды.
Науқастың агония жағдайы ақыл-есінен және көз рефлекстерінен түгел айырылуы мен сипатталады. Сонымен қатар жүректің соғу үндері бәсеңдеп әрең естіліп, систолалық қан қысымы 40-30 мм-ге дейін төмендейді, тіптен анықталмайды да, пульсі өте әлсіз, немесе шекті тамырларда білінбейді. Күре тамырға соғысы тереңдеп (төмендеп), жиілеуі мүмкін. Бірақ уақыт өткен сайын тынысы тарылып, жөнсіз, ретсіз болып қалыптан шыға бастайды. Жағдайы нашарлаған сайын тыныс алу құбылысына және қосымша тыныстың бұлшық еттердің қатысу үлесі күшейе түседі, тек соңғылардың көмегімен ғана өкпеде газ алмасуы сүйемелдене тұрады. Дегенмен, ағза жасушаларының гипоксиясы тоқтамай, тереңдей түседі. Осылардың салдарынан орталық ми мен жүрек қызметі де күрт төмендейді.
Агония жағдайында ағзаның өлу-өшуге қарсы тұру қасиеті деп есептелетін үйлестіру, жымдастыру тетіктерінің іске қосылуы мүмкін. Осының арқасында кейбір өшіңкіреген, тіптен өшкен қабыл еттердің, әсіресе тыныс алу қан айналым қызметінің қайта жандануы, кейбір жағдайда тіптен бір сәт ақыл-естің қалпына келуі байқалады. Бірақ олар өте қысқа мерзімге созылады. Компенсациялық өзгерістер күрт нашарлап, үзіледі.
Адам өмірі үзілуінің агония кезеңі бірер минуттан бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Көмек көрсетілмеген жағдайда бірнеше минут ішінде тыныс алу мен жүрек қызметі тоқталады. Тыныс, қан айналымы жүйесінің қызметінің нашарлауы мен қуат көздерінің (гликозид) бұзылу себебінен компенсаторлық тетіктерінің тұйыққа тірелуіне әкеледі.
Клиникалық өлім – ағза жасушалары тіршілігінің соңғы сатысы-дәрігерлік көмектер нәтижесінде қайта жандануы мүмкін.
Клиникалық өлім деп ағзадағы тершілік белгілерінің (ми қызметі, тыныс алу мен қанайналымы) толық тоқтаған, бірақ оттегі жетімсіздігіне өте сезімтал ағзалар жасушаларында (орталық ми, жүйе) қайтымсыз өзгерістер болып үлгермегендіктен қайта жандану мүмкіндіктері бар жағдайын айтады.
Сырт қарағанда клиникалық өлім белгілері: ақыл-естен айырылуы, тыныс алу мен қан айналымының тоқтауы, қимыл-қозғалыс белгілерінің жоқтығы, арефлексия, атония, көз қарашығының барынша кеңеюі. Қан айналымы тоқтауының бұлтартпас белгілері – мойын күре тамырлары соғуының білінбеуі мен ЭКГ-де біріңғай түзу сызықтың пайда болуы.
Терминальдық өтпелі кезеңде заттың алмасуы тоқтайды, орталық ми жасушаладында қант пен гликоген мөлшері төмендейді де сүт қышқылы артады. Макро-ЭРГТ фосфор құрылымдары (АТФ пен АДФ) күрт азаяды. Сондай-ақ ақуыздың оңай гидролизденетін және байланысқан амидты топтар құрамы төмендейді, алшақ көбейе түседі.
Сонымен қатар, ағзада зат алмасуының бұзылысына байланысты қышқылдар көп жиналып, артериялық қанның рН көрсеткіші 6,8-6,4-ға дейін жетіп, өте қауіпті метаболитикалық ацидоз дамиды, ағза уланады (эндогендік интоксикация: бәрінен бұрын жоғарғы ми қыртысы аммон мүйізі мен мишық зақымданады.
Ал үлкен мидың орталық төменгі қабаты едәуір төзімді келетіндіктен аздап зақымданады. Клиникалық өлім кезеңінің ұзақтығы 5 минутке созылады деп есептеледі.
Негізінен бұл көптеген жағдайларға байланысты:

  1. Клиникалық өлім кезеңіндегі ағза жағдайы

  2. Өлер алдындағы кезеңінің ұзақтығы мен сипаты

  3. Жүрек қызметі тоқталуының себептері

  4. Науқастың жасы

  5. Қоршаған орта температурасы және т.б.

Айта кететін жағдай клиникалық өлім жағдайында миокардтың маңызды функциялық қасиеттері: автоматизм, өткізгіштік, жүрек соғысы тоқтаса да, 20-30 минут жұмысын жалғастыра алады. Жүректің бұл қасиеттері, оның соғуы тоқтаса да реанимация әрекеттерін қолдану мен оны жүзеге асырылуына негіз болады. Барлық жағдайларда балалардың тыныс алу қызметінің тоқтауының себептері көп: анатомиялық, физиологиялық, дене құрылысының жетілмеуі ағза қызметтерінің бұзылуына қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, тыныстық бұлшық еттер әлсіз, жақсы жетілмеген, сол себептен жылдам, жиі дем алғанда тезірек зорығады: тыныс жолдары тар, жұтқыншақ, кеңірдектен келетін рефлекстердің бәсеңдігіне байланысты жөтелу арқылы қақырықты шығара алмайды және т.б. Көп жағдайда тыныс жолдарының обструкциясы шығады.
Балаларда көптеген жағдайларда тыныс алуының тоқтауына тыныс жолдарының көмір тотығымен химиялық улануы, күюі, суға бату, жарақаттануы, бөгде затқа қақалып тұншығу, түрлі аурулар кезінде, қабыну-ісіну, тұншығу себеп болады.
Қан айналымның бұзылуы мен тоқтап қалуы да әр түрлі себептерге байланысты: асфиксия, гипоксия, жүрек аурулары, көп мөлшерде қан кету, қабыну, дәрі-дәрмектің әсерінен (адреналин, новокаин, новокаиномид, жүрек гипозидтердің) болады, жүрек тоқтау анестетиктер шамадан тыс қолданғанда, рефлексогендік зонада хирургиялық әрекет жеңіл сатысында қолданғандықтан, электролиттік тепе-теңдік бұзылғанда болады. Балалардың рефлекстерінің жоғары болуына байланысты, қан айналымның рефлекторлы тоқтауы жиі кездеседі.
Клиникасы мен диагностикасы. Терминалдық кезеңде ағза қызметтерінің күрт төмендеуі (ми, жүрек тыныс алу т.б.) ал клиникалық өлім – тыныс алу мен қанайналымының толық тоқталуымен сипатталады.
Тыныс алу қызметінің бұзылу кезінде тері мен еріннің барынша көгеруі, көмекші тыныстық еттердің бәсең қимылдары, естен тану, еріксіз нәжіс пен зәр шығару, тыныстың толық тоқтау белгілерімен айқындалады. Тері түсінің өзгеруі, қан айналысының, бұзылуының себептеріне байланысты. Егер жүрек соғысы кенет тоқтаса, дене күлгін-сұр түсті, ал гипоксияда - көгерген түсті болады.
Гемодинамикалық өзгерістер: қан қысымының төмендеуі, басында тахикардия, соңында брадикардия өзгерісіне сабақтасуы, жүрек соғысы ырғағының бұзылысынан (аритмиядан) пайда болады және дер кезінде емдік көмек көрсетілмесе, жүрек соғысының тоқталуына әкеледі. Қан айналымының бұзылысында аурудың түсі сұрланып көгере бастайды. ЭКГ-да жүрек қарыншасының тоқтамалы экстрасистоласы, тахикардиясы және жүрек-қарынша блокадасының II-III дәрежесіне дейін жетеді. Жүрек соғуының кенеттен тоқтауының негізгі айғақтарына:

  1. Ірі күре тамырлар соғуы білінбейді

  2. Тыныс алуы тоқталады

  3. Ақыл-есі жоғалады

  4. Жүрек үні естілмейді

  5. Көз қарашығы барынша кеңейеді

  6. Науқастың тері түсі сұрланып, көгереді, аяқ-қолы суытады. Көз қарашығының кеңеюі негізгі айғақ болғанмен, ол кеш білінетіні 30-60 секундта құбылыс.

Клиникалық өлімнің басты айғағына күре тамырдың (үйқы артериясының) соқпауы мен ЭКГ-де изоэлектрлік сызықтың жазылуы, көз қарашығының барынша кеңеюі, тыныс алу қызметінің жоқтығы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   247




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет