Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет16/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

БИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР
Психикалық бұзылыстарды бас миының ерекше функциялық жағдайымен 
түсіндіруге талпынысты ежелгі дәрігерлер мен философтардың еңбектерінен 
табуға болады. Психикалық саулық ж әне психикалық бұзылыстар кезіндегі 
жүйке жүйесі жағдайын арнайы сипаттау, сонымен қатар, оларды емдеу тура- 
лы нұсқаулар алғаш Гален еңбектерінде кездесті. Ол адам мүшелерінің ішінде 
негізгі рөлді жүйке жүйесіне берді. Мания мен естен адасу тәрізді дерттерді 
мида болатын ерекше қозу жағдайымен түсіндіріп, соған сәйкес емдеу жолын 
ұсынды.
Ағылшын нейрофизиологы Дж. Джексонның психиатриядағы еңбегі белгілі 
бір қызығушылық тудырды. Ол ОЖ Ж-гі құрылымдық-функциялық қаты- 
настардың ерекшеліктері жөніндегі концепцияны дамытты. Джексон ОЖЖ


Биологиялық бағыттар
33
дамуы оның құр^ілымы мен функцияларының күрделенуімен және мидың көне 
құрылымдарын неғұрлым жаңа құрылымдардың басқаруымен байланысты деп 
сипаттады. ОЖЖ зақымданғанда, көбіне жоғары құр^ілымды, жас құр^ілымдар 
зардап шегеді, осылайша көне құрылым оның бақылауынан ажырайды. Ол 
өзінің «Шатасу факторлары жөнінде» деген бір еңбегінде психикалық бұзылыстар 
дәрежесі жоғарғы ми орталығы диссоциациясының тереңдігіне сәйкес екенін 
сипаттап берді. Ол шатасудың позитивті және негативті симптомдарын ажы- 
ратып көрсетті. Негативті симптом деп құрылымның ыдырауы және қандай да 
бір функциясының жоғалуын айтты, ал позитивті деп сақталып қалған нейро- 
функционалды деңгейлердің белсенділігін айтты. Бұларға иллюзия, сандырақ, 
жүріс-тұрыс бұзылысы ж әне кейбір эмоционалды күйлер жатқызылды. 
Дж. Джексон диссолюция мен функциялар автоматизациясы түсініктерін си- 
нонимдер ретінде қолданды. Осыған байланысты шатасу жағдайында сана 
субъективтілігі күшейеді деді. Дж. Д ж ексонны ң концепциясы на сәйкес 
физикалық және психикалық үрдістер параллель жүреді және бір-бірінен толық 
ажыратылған күйде қалады. Ф илософиялық-әдіснамалық тұрғыдан қарас- 
тырғанда, ол дуалистік позицияны ұстанды. Оның негативті және позитивті 
немесе өнімді психикалық бұзылыстар және психикалық бұзылыс дәрежесі 
жөніндегі идеясы өз қолданысын тапты және клиникалық психиатрияда дами 
түсті. Отандық физиологияның мақтанышына айналған 
рефлекс туралы ілім
нейрофизиология дамуында маңызды кезең болып табылды. И.М. Сеченовтің 
рефлекс туралы данышпан ойлары И.П. Павлов еңбегі арқылы бас миының 
шартты рефлекстері туралы тұтастай эксперименталды негізделген ілімге ай- 
налды. И.П. Павловтың және оның шәкірттерінің көптеген зерттеулері шарт- 
ты рефлекс механизмі жануарлар ағзасының функциялық көріністерінің және 
олардың тәртібінің күрделі формаларының негізіне жататынын көрсетті.
Ең маңыздысы, олар шартты рефлекстік модельдерді жануарларға жүргізілген 
тәжірибелерге сүйене отырып, қолдану жолдарын көрсетіп қана қоймай, адам 
қызметінің арнайы формасында екінші сигналдық жүйе жөніндегі ережені 
ұсынды. 50-ші жылдары И.П. Павловтың еңбегі кеңес психиатриясында кең 
түрде таралып қолданылды. Ш әкірттерінің еңбектерінде жалғасын тапқан 
И .П . П авловты ң ілімі психиатрияға үлкен ғы лы м и-әдістем елік ж ән е 
практикалы қ әсерін тигізді. П сихикалы қ аурулардың этиологиясы мен 
патогенезін әдіснамалық бағытта зерттеу жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
И.П. Павлов ілімінің кейбір тұстары психикалық аурулардың терапиясын- 
да ерекше тәсілдің түзілуіне ықпал етті. Жеңіл режим, қорғаушы терапия, әсіресе 
ауру дамуыны ң ерте сатысында В.А. Гиляровский, М .Н. Л ивенцовтың 
ұсыныстарымен ұйқы терапиясыәдістемесі, соның ішінде, әсіресе, электро 
ұйқы мәселелері шешіліп, кең түрде қолданыла бастады.
И.П. Павловтың ілімі шетелдік психиатрияда 
бихевиоралдық концепцияның
пайда болуына әкелді. Бұл концепция бағытының өкілдері психопатологиялық 
белгілердің патогенезін түсіндіру үшін невроздарды және басқа да психикалық 
бұзылыстарды балалық шақта қалыптасып қалған патологиялық байланыстың 
нәтижесі ретінде (дұрыс оқытпау) қарастыра отырып, шартты рефлекстердің 
құрылу механизмдерін және де психодинамикалық концепция принциптерін


34
II Тарау. Психиатриядағы негізгі даму бағыттары
2.6-сурет. Сеченов И.М. (1829—1905) 
2.7-сурет. Павлов И.П. (1849—1936)
қолданды. Сонымен қатар, осындай патологиялық, шартты рефлекстік байла- 
ныстарды үзуге бағытталған арнайы емдеу түрі — бихевиоралды терапияны 
ұсынылды.
И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың ашқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   343




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет