Пәні: физика, 11 сынып
|
Күні:
|
Тақырыбы:
|
Электромагниттiк толқындар энергиясы. Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi.
|
Мақсаты:
|
электромагниттік толқын ағынының тығыздығы, толқын интенсивтігі,электромагниттік толқын туралы оқып үйрену
|
Күтілетін нәтиже
|
A) электромагниттік толқын туралы біледі
Б) олардың қасиеттерін ажыратады
С) заңдылықтылықтарды пайдаланып, есептерді түрдендіріпі шығарады
|
Керекті жабдықтар
|
Оқулық, топшамалар, маркерлер, жұмыс дәптері, ресурстар
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеремін.
-
Электромагниттік толқын дегеніміз не?
-
Электромагниттік толқынның вакуумдегі және ортадағы таралу жылдамдығын қалай анықтаған?
-
Электр өрісі кернеулігінің өзгеру жылдамдығы кеңістіктің белгілі бір аймағында тұрақты болса, электромагниттік толқын пайда бола ма?
-
Жазық электромагниттік толқынның электр және магнит векторлары өзара қалай байланысқан?
-
Электромагниттік толқынның таралу бағытын қалай анықтауға болады?
-
Неліктен жабық тербелмелі контур электромагнитті толқынды шығарып тарата алмайды?
|
Мұғаліммен амандасады.
Ортаға шыққан оқушыларға сұрақтар қойылады.
|
Тұсаукесер
|
Электромагниттік толқындар энергиясы туралы видео-демонстрация көрсетемін. Оқушыларға видеодан кейінгі ой әдіі арқылы сұрақтар қойылады.
|
Оқушылар демонстрацияны тамашалайды, талдайды. Өз ойларын айтады.
|
Негізгі бөлім
|
Жаңа тақырыпты «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы талдайды
Электромагниттік толқын шығару ағынының тығыздығы деп толқынның таралу бағытына перпендикуляр ауданы S беттен Δt уақыт ішінде өтетін электромагниттік W энергияның беттің ауданы мен энергияның өту уақыты көбейтіндісіне қатынасын айтады:
Өлшем бірлігі [Вт/м2]
-электромагниттік толқын энергиясының тығыздығы
-сфера бетінің ауданы.
Нүктелік көзден шығатын толқынның интенсивтілігі ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал.
- электр энергиясының тығыздығы.
-магнит өрісінің энергиясының тығыздығы.
Электромагниттік өріс энергиясының тығыздығы.
|
Жаңа тақырыппен алдымен жеке танысады, содан соң жұппен талдайды, соңында бар сынып болып талдайды
|
Қорытынды
|
Деңгейлік есептер шығару
-
Электромагниттік толқынның көлемдік энергия тығыздығы 2*10-16 Дж/см3. Толқын шығару ағынының тығыздығын табыңдар.
-
Электромагниттік толқын энергиясы тығыздығының шекті мәні 2,2*10-16 Дж/см3. Толқынның ауадағы электр өрісі кернеулігінің максимал мәнін және интенсивтігін анықтаңдар.
-
Радар импульсінің қуаты 100 кВт. Сәуле шығаратын конустың көлденең қимасының ауданы 2,3 км2 болатын нүктедегі электр өрісінің ең жоғары кернеулігін табыңдар.
|
Оқушылар есептерді шығарады. Жұмыс дәптерімен, тақтамен жұмыстанады.
|
Үйге тапсырма
Бағалау
|
Электромагниттiк толқындар энергиясы. Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
Оқушыларды сабақ соңында бағалаймын.
|