Оқушы физиологиясының дамуы



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,01 Kb.
#118196
  1   2   3   4
Байланысты:
Физиология ТҮСІНІК
38911-442814-20-34671, 38911-442814-20-34671

Оқушы физиологиясының дамуы ТҮСІНІК
Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні,мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.
Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.
Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді. Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.
Сүйектің қозғалмалы байланысын буын дейді. Буын(үзілісті байланыс) денедегі сүйектердің көпшілігін байланыстырып, олардың алуан түрлі қозғалыс жасап, қимылдауына мүмкіндік береді. Әрбір буын күрделі құрылысты, ол екі немесе бірнеше сүйектерді байланыстырады. Буынның сыртын буын қалтасы қаптайды. Буын шеміршектен, сүйек бөлшектерінен, қоймалжың сұйықтық толы куыстан, май ұлпасынан тұрады.
Сүйектердің буын беттерін пішіндеріне қарай әр түрлі геометрия айналу денелерінің бөліктерімен салыстыруға болады. Айтылғанға сай буындарды: шар тәрізді, элипс тәрізді, ер тәрізді, жалпақ, (блок) шығыр тәрізді, цилиндр тәрізді түрлерге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет