Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемелері



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі279,68 Kb.
#154431
  1   2
Байланысты:
5-Бөж Берікбай Меруерт
Cұрақ рационал есеп, Жүректерді оятушы(700madievna)

Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемелері

Орындады: Берікбай Меруерт ЖБЛ-111


Оқушылар ұйымы – балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Ондағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік мәніне Луначарский А.В., Крупская Н.К., Макаренко А.С., Сухомлинский В.А., Блонский П.П., Лебединский В.В., Бабанский Ю.К., Болдырев Н.И. т.б тоқталып өткен.
Лебединский В.В
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің негізін салушы американдық педагог Э.Джилль болды. Бұл жөнінде ол өзінің “Мектеп республикасы – Republicofshcool” (1897) атты еңбегінде баян етеді. Солардың бірі Ұлыбританияда пайда болған “скауттар” атты балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады.
Ұжым (collectives – лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар, клубтар, секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы
Гуманистік қатынас — ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудық құралы. Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады.
Негізгі белгілері:
сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет