Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы. «Сабақ беру үйреншікті, жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»


Мотивация. Оқушылардың оқуға деген мотивациясын туғызудың маңызы



бет12/12
Дата11.01.2022
өлшемі52,58 Kb.
#110818
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы формативті бағалаудың маңызы
document name, 1584587371499, Хеопс пирамидасы
2.6.7. Мотивация. Оқушылардың оқуға деген мотивациясын туғызудың маңызы.

Оқыту процесін екі қырынан қарастыруға болады: оперативті және мотивациялы. Оқыту процесінің оперативті қыры білімгерлердің болмысты тануға қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуды қамтиды. Бұл дағдыларды олар дайын схемаларды үйрену арқылы да, өз беттерінше оқу арқылы да меңгере алады. Динамикалық немесе стереотипті құрылымды схемалар деп аталатын бұл үлгілерді Т.Томашевский «систему действий, утвердившихся в субъекте деятельности» немесе «упрочившиеся результаты этих действий, схематичные картины или отражение действительности» деп көрсетеді. Адамзаттың кез келген әрекетіндегі қозғалыс күші, яғни, кез келген оқу түрі оның мотивациялық жағы болып табылады.

Бұрынғы дидактика мен ескі әдістемелерде оқытудың мотивациялық жағына жете көңіл бөлінбеді. Мұғалімнің бар ынтасы білім берудің техникасын жетілдіру мен оны меңгеруіне бақылау жасауға жұмсалады. Оқушылардың нашар үлгерімі анықталған жағдайда, оларға қанағаттанарлықсыз баға қою, сол сыныпта екінші жылға қайта қалдыру немесе тіпті мектептен шығарып жіберу сияқты мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Мұғалімдердің күші оқытудың әртүрлі тәсілдерін қолдану мәселелері мен оқушылардың жеке проблемалары, оның мүддесі, мәдени өмірі, еңбек ортасы сияқты мәселелердің арасында қалып қойды. Ал, керісінше, оқушылардың қызығушылығының пайда болу жағдайына, оның ынтасының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінбеді.

Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.


Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады.

Қажеттіліктер - бұл, не адам ішінде пайда болып және сонда болады, яғни, әр түрлі адамдарға жалпы жеткілікті болуы, бірақ сол уақытта әрбір адамға айқын дара көрінуі.

Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның " ішінде " болады, “ арнайы ” мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады. Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады.

Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер.



Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді.

Мотвациялау – адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір іс-әрекет жасататын процесс. Мотивациялау адамды басқару негізі болып табылады.

Мотивация нені іздеуіне байланысты 2 негізгі түрге бөлуге болады. Бірінші түр адамның сыртқы ортадағы әрекетінен туылатын мотив. Бұл түрде мотивацияны жақсы білу ғана емес адамға бұл мотив қалай ықпал ететіне байланысты болады. Бұл мотивация сауда келісіне ұқсайды: « мен саған керегінді беремін, ал сен маған қалағанымды бересін». Егерде екі жақ келіспей қалса онда мотивациялау жүрмей қалады. Екінші түр мотивациялық құрылымды қалыптастыру. Мотивацияның бұл түру тәрбиелік және оқулық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мотивацияның екінші түрін жүзеге асыру үшін көп жігерлік және ақыл керек. Себебі мотивациялаудың екінші түрі біріншісіне қарағанда нәтижесі жақсы болады.

Стимул – бұл белгілі бір мотив туғызатын рычаг рөлін атқарады. Стимулдар ретінде жеке заттар, адамдардың бір бірімен қарым қатынасы т.б. жатады. Оқушы кез келген стимулға беріле салмайды. Жеке стимулдарға оқушы реакциясы қарсы болуы мүмкін.

Оқушылардың стимулға жауабы бірдей бола бермейді. Сондықтан оқушыға стимул әрекет етпесе ол керексіз болып қалады. Мысалы, ақшалық жүйе құласа біз ақшаға ештеме сатып ала алмаймыз, сонда алатын жалақымыз өз стимул рөлін жоғалтады. Оқушыны мотивациялау кезінде әр түрлі стимулдар қолданса онда бұл процессті – стимулдау деп атаймыз. Стимулдау әр түрлі формаларға бөлінеді.

Стимулдау мотивациялауға қарағанда өзгеше. Себебі стимулдау арқылы мотивациялау жүзеге асады.

Мотивацияның жасайтын әрекеттері:



  • Жігерлік;

  • Тырысу;

  • Сөзінде тұру;

  • Адамгершілік;

  • Бағыттылық.

Адам әрекетіндегі мотивациялардың түрлерін ажыратуға түрлі факторлар негіз бола алады. Мотивация туралы зерттеулерді сараптай келгенде, ондай әрекеттердің мотивтері төмендегі факторларға байланысты болады:

    • әрекетке қатысу сипатына қарай;

    • алдын ала келісілген әрекеттің мерзіміне қарай;

    • әрекеттің әлеуметтік маңыздылығына қарай;

    • белгілі бір әрекеттің, мәселен, оқу мотиві.

Оқу мотивациясы жалпы мотивацияның білім саласындағы жеке түрі болып табылады. Ол басқа да кез келген мотивация сияқты өзіне, яғни білім саласына тән белгілермен ерекшеленеді: біріншіден, ол білім беру мекемесінің ерекшелігіне, типіне, профиліне байланысты анықталады; екіншіден, білім беру процесін ұйымдастырумен, оның артықшылығымен; үшіншіден, педагогтің субъективті ерекшеліктерімен, ең алдымен, оның оқушыларға, іске қатынасымен, сондай-ақ, оқу процесінің ерекшелігімен, оның орнымен және оқу жоспарымен. Оқу мотивациясы жүйелі процесс және оның негізгі белгілері: бағыттылық, тұрақтылық және өсіңкілік болып табылады.

А.К.Маркованың пайымдауынша оқу мотивациясы бір-бірімен жаңа қатынастарға түсетін және үнемі өзгеріп тұратын талаптар қатарынан тұрады. Мотивация – бұл оқушыға жағымды немесе жағымсыз қатынас қана емес, сонымен қатар мотивациялық сфера құрылымының күрделенуі мен олардың арасындағы жаңа толық, кейде қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы. А.К.Маркова бұл сфераның құрылымының иерархиялылығын көрсетіп, оны білімге қатысты қарастырады да, оған оқуға деген қажеттілікті, оқу, эмоция, қатынас пен мүдденің мәнін жатқызады [10].

Оқу мотивациясын екі үлкен категорияға бөлуге болады: Оның біріншісі – оқу әрекетінің мазмұнымен және оны орындау процесімен байланысты болса, ал екіншісі – адамдардың қоршаған ортамен кең көлемдегі қатынасымен байланысты. Алғашқысына танымдық қызығушылық, зияткерлік белсенділікке ұмтылушылық және жаңа шеберлікті, дағды мен білімді меңгеру жатады [11,37]. Сондай-ақ, В.Апельт оқытудың төмендегідей мотивтерін көрсетеді: әлеуметтік, танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі қадағалау.

Оқушылар арасында оқу әрекетінің мотивациясын арттыру – қазіргі білім берудің негізгі проблемаларының бірі. Бұл проблема түрлі әлеуметтік себептерге негізделген: отандық педагогикалық дәстүрден ауытқушылық, акселерация процесінің нәтижесі (адамның физикалық жетілуі шапшаңдап, физикалық даму мен әлеуметтік толығу арасында едәуір айырмашылық пайда болды); білім беру жүйесіндегі басымдықтардың өзгеруі. Бүгінгі жастардың білімге деген қызығушылығын ояту, оларды оқуға мәжбүрлеу, үйрету, бір қарағанда оңай болғанмен, қоғам алдында тұрған – ең қиын міндеттердің бірі. Әлемдік дүниетанымды, ұлттық құндылықтарды, ізгілік мұраттарды, рухани қажеттіліктерді білмей тұрып, толық білімді болудың мүмкін емесін жастар саналы түрде түсінуге тиіс.

Жеке тұлғаның мотивациялық жүйесі сол адамның ішкі жан-дүниесі мен сыртқы мінез-құлқын көрсететін, оның қоғамдағы орны мен мәдени-рухани деңгейін анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі екені даусыз. Мотивация адамзат әрекетіндегі, сондай-ақ болашақ кәсіби маман дайындау процесіндегі негізгі қозғалтқыш күш болып табылады.

ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті (А.Маслоудың мотивация теориясы).

Маслоу теориясын ұсынсақ, адам қажеттіліктерін белгілі бір орынға біріктіруге болады. Маслоудың гуманистік тұрғысының негізінде жатқан тезис - әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан тұтастық деп қарастыру. Мотивация мәселесі – Маслоудың бүкіл персонологиясындағы ең маңыздысы болып табылады, адамдар өздерінің жеке мақсаттарын іздестіруге мотивтелген. Мотивтелген поцестер жеке тұлғаның гуманистік теориясының діңгегі іспетті. Маслоудың айтуынша, адамның қажеттіліктері иерархиялық жүйеге орналасқан.

40-шы  жылдары  өзінің  мотивация теориясын құра отырып,  А.Маслау  қажеттіктерді 5  негізгі категорияларға  бөлген.



  1. Физиологиялық  қажеттіліктер  өмір  сүру  үшін қажет. Оларға:  тамақтану,  демалыс, киім,  ауа, су, тыныштық. қ.ж.

  2. Қауіпсіздік және болашаққа  деген  сенім  қажеттілігі. Оған мысалы : ретінде сақтандыру полисін сатып алу немесе жақсы зейнетақыны  қамтамассыз ететін сенімді жұмысты айтуға болады.

  3. Әлеуметтік  қажеттіліктер. Сенім артар біреуді қажет ету.

  4. Құрметке  ие  болу  қажеттілігі, өзін-өзі сыйлау, жеке бас жетістіктері.

  5. Өз-өзін  көрсете  білу  деген  қажеттілік. Адамның өзіндік потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалануы және тұлға ретінде дамуы. Қызмет барысында жоғарлауы.

Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.

Маслоу теориясын  басқаруда   пайдалану -  оқушыларды ынталандыру үшін  мұғалім оның қажетін қанағаттандыруға мүмкіндік беруі керектігін және осыны ұйымның жалпы мақсаттарына  пайдалануға болатындығын  мұғалімдер  түсіну  қажет.

Маслоудың адам табиғатын зерттеу процесі арқылы ой тұжырымдамаларын төмендегідей сипаттауға болады:



  1. адамдарға денсаулықтықтың , шығармашылықтың , өзін жүзеге асырудың біршама жоғары деңгейіне ұмтылу (тырысу) қасиеті  тән;

  2. невроздар өзіндік  кемелдену жолындағы  бөгет (қоршау) ретінде  қарастырылады;

  3. синергетикалық  қоғамның дамуы - табиғи және қажетті процесс. Бұл  барлық индевидуум бір-бірінің бостандығын  шектемей, тұлғалық дамудың жоғарғы  деңгейіне қол жеткізетін қоғам;

  4. бизнес  және тұлғалық дамудың тиімділігі сәйкес болып табылады. Шын мәнінде өзіндік  кемелдену процесі  әрбір индевидтің өндірістік жетістігінің  жоғарылауына әкеледі.

Мотивтер ықпал етуге болатын мобильдік жүйе. Тіпті студент болашақ мамандығын саналы түрде өзі таңдамаған күннің өзінде, мотивтердің тұрақты жүйесін мақсатты түрде қалыптастыру арқылы болашақ маманға өз кәсібіне бейімделіп, кәсіби жетілуіне көмектесуге болады. Болашақ мамандығын таңдау мен сол мамандығын меңгеру процесіндегі мотивтер жүйесін зерттеу – оқудың мотивтерін толықтыруға мүмкіндік беріп, оқушылардың оқу шеберлігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет