Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсатын және міндеттерін, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз



бет1/20
Дата13.06.2023
өлшемі327,29 Kb.
#178709
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 деңгейдегі ОФД
2 тоқсан БЖБ №2










1

1

1

Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсатын және міндеттерін, басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз

1

1

2

Өмір сүру жағдайларының мектеп жасындағы балалардың өсуі мен дамуына тигізетін əсерлерін анықтаңыз

1

1

3

Омыртқа жотасының қалыптасуы мен маңызын түсіндіріңіз

1

1

4

Ет жүйесі. Бұлшық еттің құрылысы мен қызметінің әсерлерін талдаңыз

1

1

5

Оқушылардың қозғалыс режимі. Гиподинамияның зияндылығын түсіндіріңіз

1

1

6

Нейронның құрылысы мен қасиеттерін талдап жазыңыз.

1

1

7

Қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді еске сақтау үрдістерін, олардың онтогенездің əртүрлі кезеңдеріндегі ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз

1

1

8

Қанның құрамы мен қызметтерін түсіндіріңіз

1

1

9

Шартты рефлекстер туралы іліміне анықтама беріңіз

1

1

10

Тамақтанудың реті мен тәртібіне сипаттама жасаңыз

1

1

11

Көздің құрылысы мен оптикалық қасиетін түсіндіріңіз

1

1

12

Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттеріне анықтама беріңіз

1

1

13

Қан айналу жүйесінің маңызын түсіндіріңіз

1

1

14

Ішкі секреция бездеріне талдау жасаңыз

1

1

15

Сүйектің құрылысы мен құрамын талдаңыз

1

1

16

Сыртқа шығару ағзаларына түсініктеме беріңіз

1

1

17

Өсу мен дамудың биологиялық заңдылықтарын табыңыз

1.1.1Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің мақсатын және міндеттерін,басқа ғылымдармен байланысын түсіндіріңіз Оқушылардың физиологиялық даму пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарың даму жолдарын карастыратын жасқа байланысты физиология және адамның деңсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі үсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Оқушылар физиологиясы адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Оқушылардың физиологиялық даму пәнінің мақсаты адам ағзасының жеке мүшелерінің,мүшелер жүйесінің қызметін,өсу тарахын педагогика саласымен бірлесе отырып студентке білім беру


1.Оқушылардың физиологиялық даму пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбиежүмыстарын ғылыми негізде іске асырады. 2Оқушылардың физиологиясы негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы.
3 Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманда бастап дамағынымен балалардың дене қүрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерің зерттеу кейінірек басталған. Себебі,балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен жануарлар организмін зерттеуден басталады.
112Өмір сүру жағдайларының мектеп жасындағы балалардың өсуімен дамуына тигізетін әсерлерін анықтаңыз Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты денекөрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Д а м у — сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы — деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық жоне функциялық дамуы. Ф изикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді. Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады. Кәмелетке келу немесе д амып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады. Ж ы н ы с т ы қ ж е т і л у қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 1820 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады. Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар: Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды; мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі; Өсу мен даму баланың жынысына байланысты; функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы; 5) Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына теуелділігі; 6) Өсу мен дамудың акселерациясы. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады.Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді (гетерос — әртүрлі, хронос — уақыт). Өсу кезінде адам өмірінде үш рет күшейеді: 1.Туғаннан З жасқа дейін. 2.3-7 жас арасында

  1. Омыртқа жотасының қалыптасуы мен маңызын түсіндіріңіз .Омыртқа жотасының қызметі және маңызы Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады. Жарақат алғанда,ауыр көтергенде шеміршек жарылып кетеді де, омыртқа,арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады. Омыртқа ауырса,оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын — адам ағзасының еңмаңызды органы. Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап,аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардың холестицит, белсіздік, жүректің,ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады. Омыртқа жотасы(columna vertebralis) 33-34 омыртқадан құралған . Олар 5 бөлімнен тұрады: мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ. Құрылысы мен пішіні жағынан омыртқалар бір-біріне ұқсас, бірақ әр бөлімнің өзіне тән ерекшелігі бар. Омыртқалар бір-бірімен серпімді шеміршек арқылы біріккен. Әрбір омыртқаның денесі, доғасы, бірнеше өсінділері бар. Омыртқа жотасы (бүйірінен көрініс): 1—мойын.лордозы;

2—кеуде.кифозы; 3—бел.лордозы; 4—сегізкөз.ифозы; 5— алға.шыққан.омыртқа; 6—омыртқа.сайы; 7—көлденең.өсінді; 8— омыртқаның.денесі; 9—омыртқа.аралық.қуыс; 10—сегізкәз.сайы; Омыртқа жотасы (алдынан көрініс): 1—мойын.омыртқалары; 2— кеуде.омыртқалары; 3—бел.омыртқалары; 4—сегізкөз.омыртқасы; 5— атлант; 6—көлднең.өсіндісі; 7 — құймышақ

  1. Ет жүйесі. Бұлшық еттің құрылысы мен қызметінің әсерлеріні талдаңыз Бұлшықеттердің құрылысы. Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қадыптаспағанымен, дене салмағының 20-22% ғана болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бірбірімен тарамыс ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі. Қаңқа еттері негізінен көлденең сапалы еттерден тұрады. Бұлшық еттердің орналасуына қарай, яғни топографиялық орнына қарай, бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жұп еттер мен 2 сыңар ет бар. Бұлшықеттердің қызметі олардың негізгі қасиет-жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қозғыштығы немесе қозғыш қасиет дейді. Еттің қозғыштығы оның қызмет дәрежесін, яғни жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық теттің қозуды өткізу жылдамдығы онша көп емес, 5 м/сек шамасында. Бұлшықеттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күшті еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күшті деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғұрлым ет жуан болса, соғұрлым күшті болады. Бұлшықеттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Бұлшық еттер көптеген нерв ұштары –рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді. Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия (лат, хронокосуақыт) деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді. Баланың жасы ұлған келе хронаксия уақыты азаяды. Мысалы, жаңа туған сәбидің екі басты бұлшық етінің хронаксиясы 0,6-0,9 сигам, 1-2 жаста 0,2-0,22 сигма, 4-6 жаста 0,11 сигма, ересек адамда 0,1 сигмаға тең.

  2. Оқушылардың қозғалыс режимі. Гиподинамияның зияндылығын түсіндіріңіз. Гиподинамия (грек тілінен hypo – төменгі және dynamis – күш) – үнемі отырғаннан және қимыл белсенділігінің шектелуінен болған, бұлшықет қызметінің әлсіреуі. Гиподинамияны тағы ғасыр дерті және прогрестің екінші жағы деп те атайды.Мектеп оқушысының жеке адам ретінде үйлесімді дамуына қажетті жағдай жеткілікті қимыл белсенділігі болып табылады. Соңғы жылдары мектеп пен үйдегі жоғары оқу жүктемесі және басқа да себептерге байланысты, мектеп оқушысының ағзасында салмақты бірқатар өзгерістерді туғызатын, гипокинезияның пайда болуымен көптеген оқушылардың күн режімінде тапшылық, жеткіліксіз қимыл белсенділігі байқалады.Мектеп оқушыларына өзінің табиғи қимыл белсенділігін шектеп қана қоймай, сонымен бірге партада немесе оқушы үстелінде отырғанда, ол үшін ыңғайсыз дене қалпын ұзақ уақыт ұстап отыруға тура келеді. Гигиенистердің зерттеулері көрсеткендей, күндізгі уақытта оқушылардың көпшілігі яғни, 82 – 85% отырған қалыпта болады. Тіпті кіші сыныптың оқушыларында да еркін қимыл әрекеті (ходьба, игры) тәлік уақытының бар болғаны 16 – 19% пайызын алады. Мектепке барған сәттен бастап балалардың жалпы қимыл белсенділігі 50%-ға дейін төмендейді.Физикалық жүктеме орталық жүйке жүйесінің барлық қызметтерінің, оның ішінде жүйке процестерінің теңдесуіне, дамуы мен қалыптасуына игілікті ықпал етеді.Үнемі болатын физикалық жүктемелер қаңқа мускулатурасының артуына, буындар, байламдардың нығаюына және сүйектердің өсіп, дамуына ықпал етеді. Күшті адамда ой мен физикалық жұмысқа қабілеттілік және әртүрлі ауруларға қарсы тұрғыштығы артады, ағза сыртқы орта жағдайына анағұрлым бейімделе түседі.Кез келген жұмыс бұлшықетті және эндокриндік жүйенің жаттықтырады, бұл ағзаның неғұрлым үйлесімді және толыққанды дамуына ықпал етеді. Жақсы физикалық қалыпты құрайтындар: •жүрек – тыныс алуға төзімділік, •бұлшықет күштілігі және төзімділік, •жылдамдықтың сапалығы, иілгіштік. Алдымен, гиподинамия адам ағзасының морфофункциялық жағдайын әртүрлі бұзылуларға әкеліп соғады. Бұл бұзылулар сүйектердің және бұлшықеттің семуі түрінде білінеді, ақуыз синтезінің және электролиттер алмасуының азаюы, зат алмасудың бұзылуы, сүйектердегі кальций мөлшерінің азаюымен көрінеді.Партада немесе жұмыс үстелінде аз қимылдау жағдайы оқушы ағзасының көптеген жүйесінің, әсіресе жүрек – тамыр және тыныс алу қызметтеріне әсер етеді. Көп уақыт отырған кезде тыныс алу тереңдемей, зат алмасу төмендейді, аяқтардағы қанда тоқтап қалады, бұл барлық ағзаның және әсіресе мидың жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеледі: зейіні төмендейді, жадысы әлсізденеді, қимыл координациясы бұзылады, ойлау операциясының уақыты ұлғаяды. Гиподинамияның салдарлары: •жүрек бұлшықеттері әлсізденеді; •зат алмасудың бұзылуы; •бұлшықет тінінің дистрофиясы; •сүйектер жұқарады, ал оның құрамындағы кальций қанға түсіп, тамырдың қабырғаларында шөгеді, осыдан барып тамырлар өзінің созылғыштығын жоғалтып, тез зақымданғыш келеді; •сколиоз; •дененің артық салмағы. Көпшілік адамдарға спортпен кәдімгідей айналысуға уақыт немесе қаражат жетпейді. Бірақ бұл - сылтау ғана. Өзінің денсаулығын нығайтуды аз шығын жұмсай отырып, нәтижесін көру әркімнің қолынан келеді. Ғалымдар, күнделікті 30-минуттан жаттығудың өзі де семіздік қаупін азайтуға және басқа да көп отыратын адамдарда болатын ілеспе аурулардың алдын алуға болады деген қорытынды жасады.Компьютер және телевизор алдында уақыт көп өткізбеңіз, көп қимылдаңыз. Қозғалудың өзі бір өмір емес пе!Прогресс адамға кез келген дене жүктемелерінен арылтатын, көптеген жетілдірілген керек-жарақтар сыйлауда. Бірақ бұл адамды әлсіз етеді. Барлық өркениетті әлемде салауатты өмір сүру үшін қозғалыс етек алуда. Адамдар қазір денсаулықты сақтау үшін қарапайым ғана физикалық белсенді мөлшерін алу керек екенін сезінуде. Ал мектеп оқушылары – бірінші кезекте. Мұны оқушылар да ата-аналар да тек түсініп қоймай, оған күш белгілі бір жұмсауы керек, өйткені денсаулықтың басы мектеп кезінен бастау алады әрі қимыл-қозғалыс адамның бүкіл өмірінің маңызы болып табылады.

  3. Нейронның құрылысы мен қасиеттері талдап жазыңыз

Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділердің жиынтығын айтады. Ол жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Нейрон құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасыденесіне (сома), қысқа өсінділер – дендриттер, ұзын өсінді – дендрит немесе аксон ұшы немесе терминалдар. Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады. Нейрон тұлғасы (сома) синтез процесін жүргізеді. Оның құрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады. Мұнда медиаторлар, торша белоктары және басқа компоненттер түзіледі. Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі бұзылады. Аксон – тітіркеністі басқа торшаларға – жүйке, ет немесе секреторлық торшаларға – жеткізеді. Аксон – жүйке торшаларының ұзын өсіндісі. Ол Орталық жүйке жүйесін шеткі ағзалармен байланыстырады. Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тітіркеністі шеткі рецепторлардан Орталық жүйке жүйесіне жеткізеді. Қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны тітіркеністі Орталық жүйке жүйесінен дене еттеріне жеткізеді. Орталық жүйке жүйесі ішкі ағзалармен де аксон арқылы байланысады. Аксонның қызметі – тітіркеністі өткізу. Тітіркеніс электр потенциялының туындауы нәтижесінде пайда болады да, аксон бойымен сомадан нерв ұшына дейін толқын сипатта таралады.Аяқталар жерінде аксон тарамданып, жіңішке тармақтар (терминалдар) түзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар – синапс, құрайды.Дендриттер – нерв торшаларының қысқа өсінділерінің бұтақтана тармақтануының нәтижесінде пайда болады. Әрбір нейрон дендриттерімен жүздеген, тіпті мыңдаған аксон терминалдары жалғасады. Әр бір қозған терминал медиатор бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне әсер етіп, электр потенциялын тудырады. Дендритте пайда болған синапстық потенциял одан әрі сома арқылы аксонның басқа сегменттеріне – ұшына беріледі. Нейрондар атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізетін нейрондар жатады. Оларды сезімтал немесе орталыққа тепкіш жүйке талшықтары дейді. Нейрондарың екінші тобы қозудың ОЖЖ-нен басқа торшаларға, ұлпаларға, мүшелерге жеткізіледі. Олардың эфференттік немесе қозғыш нейрондар деп атайды. Бұл нейрондардың шеткей жүйке тамырлар құрамына енетін ұзын өсінділерін орталықтан тепкіш немесе қозғыш жүйке талшықтары дейді. Нейрондардың үшінші тобына сезімтал және қозғыш торшаларды бірбірімен байланыстыратын аралық немесе жалғастырушы жүйке торшалары жатады. Жалғастырушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында орналасады. Орталық, немесе нейрон аралық, синапс деп аксон ұшының басқа жүйке торшаларының денесімен не өсінділерімен жалғасқан жерін айтады. Бір аралық не қозғыш нейрон беткейімен басқа жүздеген, тіпті мыңдаған нейрондар аксондары жанасады. Орталық синапстар орын тепкен жеріне қарай аксосомалық, аксодендриттік, аксоаксолық болып бөлінеді. Аксон басқа жүйке торшаларының денесімен жалғасса оны аксосомалық, дендритімен жалғасса – аксодендриттік, ал аксонымен жалғасса – аксоаксолық деп атайды. Қызметіне қарай орталық синапстар қоздырғыш және тежеуші болып бөлінеді. Қоздырғыш синапстар негізінен аксодендриттік болып келеді. Олардың синапстық саңылауы кеңірек (300 А шамасында), артық шептік мембранасы қалың және тығыз болады. Синапс саңлауында табақшалар түрінде бос жатқан қосындылар кездесді, медиаторлы көпіршіктері ірі, дөңгелек пішінді келеді. Тежегіш синапстар саңылауы қоздырғыш синапстар саңылауынан 1,5-2 есе кем, артық шептік мембранасы жұқа, медиаторлы көпіршіктері майда, сопақша келеді де, саңлауда қосындылар болмайды.

  1. Қысқа мерізімді және ұзақ мерізімді еске сақтау үрдістерін,олардың онтагенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ерекшеліктерін сиппаттап жазыңыз .

Есте сақтау–ми қызметінің күрделі түрі, қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру. Қысқа мерзімді жады жиі жедел жады деп аталады - ол күн сайын үнемі жүктеледі және ол жеті объектке - сандарға, сөздерге және т.б. сәйкес келеді. Ол дамудың дамуына ие және интеллектпен тығыз байланысты: қысқа мерзімді жадыларды оқытатын адамдар интеллектуалды түрде жетілдіріледі. Адамның қысқа мерзімді естелігі Көбінесе, психологиядағы қысқа мерзімді есте сақтау компьютердің ЖЖҚ-мен салыстырылады, өйткені іс жүзінде ол бірдей жұмыс істейді: ол күн ішінде орын алатын көптеген кішігірім үрдістерге қатысады және ол өшірілген кезде ол жойылады. Оның айырмашылығы, компьютердің жедел жадысын арттыру өте оңай, тек жаңа чипті қосыңыз, бірақ қысқа мерзімді есте сақтау арқылы кейде сіз зардап шегуіңіз керек.Қысқа мерзімді жады көлемінің арқасында адам белгілі бір уақыт өткеннен кейін кейбір ақпаратты есіне түсіре алады. Сонымен қатар, мұндай жад сыйымдылығы барлығы үшін әртүрлі - әдетте 5-7 нысан басында сақталады, бірақ кейбір жағдайларда индикатор 4-ке дейін немесе 9-ға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Мұндай жады тұрақсыз және дүкендегі бағаны салыстыруға немесе телефон нөмірін жарнамадан есте сақтауға мүмкіндік береді хабарландырулар. Алайда, қысқа мерзімді жадыдағы мәселелер өмірдегі адамға қатты кедергі келтіруі мүмкін.Қысқа мерзімді есте сақтауды үйрену дәстүрлі түрде бірқатар нөмірлерді есте сақтау үшін жаттығулардың көмегімен шешіледі, бұл, сонымен қатар, ағымдағы индикаторлардың қаншалықты жақсы екенін көруге мүмкіндік беретін сынақ болып табылады.

  1. Қанның құрамы мен қызметтері түсіндіріңіз

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан келесі қызмет атқарады: 1.асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды; 2.бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады; 3.тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
4.регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді) қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
5.терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды Қан қан жасушаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % нәруыздар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында нәруыз 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 1025 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады

  1. Шартты рефлекстер туралы іліміне анықтама беріңіз

Шартты рефлекстер - бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілген немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқартын функциясы болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, шартты рефлекстер шартсыз рефлекстермен байланысты, өйткені олар белгілі бір материалдық субстраттың – нерв тканінің жауап әсері болып саналады.Егер ұрпақтан-ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлар тұрақты болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы мүмкін. Қызылшақа және қанаттанбаған балапандардың оларды азықтандыруға ұшып келген құстың ұяны қимылдатуына тұмсығын ашуы осындай рефлекске мысал бола алады. Ұяның қимылдауы азықтандырумен ұштасқандықтан, ал мұның өзі барлық ұрпақта қайталанатындықтан шартты рефлекс шартсыз рефлекске айналады. Алайда шартты рефлекстердің бәрі де жаңа сыртқы ортаға бейімделу әсерлері болып табылады. Ми қыртысын алып тастағанда шартты рефлекстер жойылып кетеді. Ми қыртысы зақымданған жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен адам нағыз мүгедекке айналып, қажетті күтім болмаса, өлімге душар болады.Шартты рефлекстердің түзілуі. Олардың түзілуі үшін мынадай жағдайлар қажет: 1) индифферентті (келешектегі шартты) тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі тиіс (қорғану қимыл рефлексі үшін ең аз уақыт айырмашылығы 0,1 секундқа тең). Бұдан өзгеше реттілікте рефлекс қалыптаспайды немесе өте әлсіз болады да, тез сөнеді; 2) шартты тітіркендіргіштің әсер етуі белгілі бір уақыт бойы шартсыз тітіркендіргіштің әсер етуімен ұштасуы тиіс, яғни шартты тітіркендіргіш шарттсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Тітіркендіргіштердің осылайша ұштаса әсер етуін әлденеше рет қайталау керек.Сонымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысының қалыпты функциясы организмде ауру процестері мен бөгде тітіркендіргіштердің болмауы шартты рефлекс қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған жағдайда, қалыптастырылатын және бекітіле түсетін рефлекстен басқа, бағдарлау немесе ішкі мүшелер (ішек, қуық және т.б. ) рефлексі де пайда болады
1110Тамақтанудың реті мен тәртібіне сиппатама беріңіз
Тамақтану- ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі. Тамақтану тәртібі: ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді. Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу. Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек. Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің асқабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн.Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды. Тамақтану сауаттылығының бес негізі: • 1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу); • 2) Тамақ рационында қосымша заттарды ңболуы (витаминдер, микроэлемент); • 3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; • 4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
• 5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы

  1. Көздің құрылысы және оптикалық қасиетін түсіндіріңіз

Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады. Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар.Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды. Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза.Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен — шыны тәрізді денемен толған. Көз « объективі » — фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кішірейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуікөру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нәрселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады

  1. Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттеріне аныңтама беріңіз

Есту анализаторы туралы түсініктеме және құрылысы. Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады.Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі. Есту органы орналасуына, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (кортиев) органдарынан басқа тепе-теңдік аппараты да жатады. Тепе-теңдік органы дененің және оның әрбір мүшесінің сыртқы жазықтықтағы жағдайын қабылдап, орталыққа немесе ми бөлігіне беріп отырады. Есту және тепе-теңдік органдары самай сүйегінің тасша бөлігінің ішінде орналасқан. Сыртқы құлақ. Сыртқы қүлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.Құлақ қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынын жинақтап дыбыс жолына қарай икемдейді. Жануарлардың құлақ қалқаны адамға қарағанда жақсы жетілген және қозғалып дыбыс шыққан жаққа бұрылып тұрады.Құлақ қалқанының негізі шеміршектен түзілген. Сырты терімен жабылып төменгі жағы сырғалықпен аяқталады. Сырғалық ішінде болбыр май ткані жатады. Құлақ қалқанының сыртқы жиегін сыртқы шиыршық, оның ішкі жағынан параллель жатқан ұзынша дөңесті ішкі шиыршық деп атайды. Шиыршықтардың ішкі жағында құлақ қалқанының ойысы жатады.Сыртқы дыбыс жолы құлақ қалқанының ойысынан басталып, тереңдеп дабыл жарғағына дейін жететін түтік тәрізді, оның ұзындығы 3,5 см дейін барады. Бұл түтіктің ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар май мен құлақ күкіртін (сера) шығарады. Ол екеуінің қосындысын құлақ шайыры дейді. Бұның микробтармен күрес жасайтын қорғаныстық маңызы бар.Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде тәрізді, оның сыртқы қүлаққа қараған сыртқы беті эпителиймен ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей кабықшамен жабылған. Дабыл жарғағы өте жұқа келеді, сондықтан оның ішкі бетіне жабысып жатқан ортаңғы құлақтың балғашық сүйекшесі көрініп тұрады.Ортаңғы құлаққа дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады. Дабыл қуысы самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс болып келеді. Бұл қуыстын, сыртқы, ішкі, жоғарғы, төменгі және алдыңғы, арткы қабырғалары болады.Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы арқылы сыртқы дыбыс жолынан бөлініп тұрады, ал ішкі қабырғасында екі тесікше жатады. Оның жоғарғы дөңгелек тесікшесін ұлу терезесі десе, төменгі сопақша тесікшесін кіре беріс терезесі деп атайды. Бұл тесікшелер арқылы ортаңғы құлақ ішкі қүлақпен байланыс жасайды.Жоғарғы қабырғасы ортаңғы құлақ қуысын ми сауытының қуысынан, төменгі қабырғасы — мойындырық ойысынан, алдыңғы қабырғасы — ұйқы артериясының каналынан, артқы қабырғасы — еміздік өсіндісінің қойнау қуыстарынан бөліп тұрады.Ортаңғы қүлақ қуысында (дабыл қуысында) үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне сәйкес балғаша, үзенгіше және төсше деп аталынады. Бұл сүйекшелер бірбірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады. Есту (евстахиев) түтігі ортаңғы құлақты жұтқыншақпен жалғастырып тұрады, оның ұзындығы 3 —4 см. Түтіктің ішкі аз бөлігі сүйектен, ал сыртқы бөлігі шеміршектен тузілген. Ауа жұтынған кезде осы түтік арқылы жұтқыншақтан ортаңғы құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп тұрады. Бұл жағдай дабыл жарғағының ауа толқынының қысымынан жарылып кетпеуіне маңызы зор.

  1. Қан айналу жүйесінің маңызын түсіндіріңіз

Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады. Жүрек - Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды. Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері —> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —> өкпеге қан тартады —> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді

  1. Ішкі секреция бездеріне талдау жасаңыз

Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және эпифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады. Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін.
Гипофиз — негізгі ішкі секреция безі. Ол аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5-0,65г-ға жетеді. Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады. Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ергежейлілік пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық ауруына шалдығады. Адамының сүйектері 25 жасқа дейін ұзарып өседі. Акромегалия – ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның саусақтары, аяқ және бет сүйектері ұзарып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет