Оқушылардың ОҚу-танымдық Әрекетін тексеру және бағалау



бет7/7
Дата13.12.2021
өлшемі67 Kb.
#100109
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
14 дәріс!!!-2

рейтинг – тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.

Рейтинг - ағылшын тілінде torat – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.

Рейтинг жүесінің мақсаты:

- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;

- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиіділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;

- оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;

- оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттрыу;

- тексеруде уақытты үнемдеу.

         Бұл жүйенің ерекшелігі оқушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерінің тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.

         Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырма жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігін жариялылығының, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтмасыз етуге т.б. талап етеді.

         Бақылауды рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндереінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалдарының белгілі бір бөліктерінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өз бетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.

         Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:

а) күнделікті немесе ағымық (текущий),

ә) аралық  (рубежный),

б) қорытынды (итоговый) бақылау жатады.

         Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модульдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тараулары немесе бөліктері, болмаса курделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.

         Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүргізіледі. Осы аралықта колоквиум, реферат қорғау, өздігінен жұмыстарын қолдануға болады. Дегенмен де, тестік жұмыстарын қолдану артықшылығы басым болады. Себебі - тест бағалау нәтижесін нақты көрсетеді;

- уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;

- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;

- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.

         Қорытынды бақылау: зачет, емтихан.

- Сынақ жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.

- Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.

         Тестік тапсырманың түрлері бақылау нысанасы мен тапсырманың сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада жасалуы қажет.

         Қорытынды бақылауға күнделікті және аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі.



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет