Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (мектепшілік кезең) Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін



бет2/3
Дата29.03.2018
өлшемі450,33 Kb.
түріСабақ
1   2   3

20. Төл сөзді сөйлем:

А) Олар «Көрінер кісем сұлу буынғанда» -дегенді қатты ескерген.

В) –Мынау не дейді, не айтып отыр?- деп Абай да аңыра берді.

С) Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі.

Д) Халқымыз күні бүгінге дейін «Қасым ханның қысқа жолы», «Есім ханның қысқа жолы», «Тәуке ханның» «Жеті жарғысы» мемлекет басқару заңдары туралы үнемі айтып келе жатады.

Е) Дәрменге осы асығыс келісінің салмақты ғана себебін Әбіш шапшаң сөйлеп баяндады.



Жауап кестесі 9 - СЫНЫП

1

А




2

С




3

Е




4

А




5

А




6

А




7

В




8

Д




9

С




10

А




ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА

11

В




12

В




13

Д




14

С




15

Д




16

С




17

А




18

В




19

Е




20

С




21

В




22

Д




23

В




24

В




25

С




26

Д




27

А




28

С




29

С




30

В





10 сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.
Баяғыда бір елде бір патша өмір сүріпті. Патша адамдық құндылықтардың барлығына бірдей мән беріпті де, адалдыққа айрықша қарайды екен. Өкініштісі, ол әбден қартайған екен. Сол себептен, өзінен кейін ел  басқаратын адамның таққа отыруы керек еді. Тағдырдың ісіне не шара, патшаның ұлдан тұяғы болмапты.

Ақыры, бір ойға бекініпті. Елдегі барлық балаларды сарайдың бағына жинауды бұйырыпты. Бір күннен кейін сарайдың бағына жүздеген, мыңдаған бала жиналыпты. Патша, балаларды аралап келіп, алақандарына құйттай бір нәрсе салыпты. Сосын: «Сендерге бір-бірден дән бердім. Үйлеріңе барғаннан кейін тұқымды отырғызыңдар. Бір айдан кейін маған кімде-кім ең әдемі гүл әкелсе, осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты сол балаға бұйырмақ», - депті.

Риза болған балалар үйлеріне қайтыпты. Бұл балалардың арасында Яхия есімді бір бала бар екен. Ол да басқалар секілді, анасынан бір құмыра алып, ішіне топырақ салып, дәнді отырғызып, суғарып, өсуін күтіпті. Алайда, арада он күн өтсе де, құмырада ештеңе де көктемепті.

Патшаның берген мерзімі бітіп, балалар сарайға карай бет алыпты. Құмыралар  түрлі түсті гүлдерге толыпты. Балалардың әр қайсысының маңдайынан сүйіп, бос құмыра ұстаған Яхияға бұрылып: «Сенің құтың неге бос?» - деп сұрайды. Яхия ұялғанынан төмен карап: «Сіздің берген дәніңізді бар ықыласыммен отырғыздым, баптадым, суғардым. Бірақ еш нәтиже бермеді» - депті.

Патша күлімсіреп еңкейіп, баланың бетінен сүйіп: «Қапа болма, балақай. Осы елдің менен кейінгі патшасы болу бақыты саған бұйырыпты»,-депті.
Патша сөзін жалғастырып: «Негізінде құмыралардың барлығы бос әрі гүлсіз болуы керек еді, себебі мен балаларға дәннің орнына қара моншақ таратқан едім. Бәрі де жалған әрекет жасап, мені алдады. Тек мына бала ғана шындықты көрсетті.

1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

A) бауырмал

B) көмек беру

C) жақсылық жасау

D) адалдық – адамдық құндылықтардың ең бастысы

Е) махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері



2.Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

A) Адалдық – адамдық құндылықтардың ең бастысы

B) Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет

C) Адалдық – ізгі қасиет

D) Алданғаннан болсаң да, алдағаннан болма

Е)Адалдық: өзі алданса алданар, өзі ешкімді алдамас



3.Мәтін мазмұнындағы ақпаратқа қарама - қарсы ақпаратты таңдаңыз.

A) жақсы жүрген жеріне кент салады

B) жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі

C) жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі

D) адалдық жүрген жерде жамандық та қатар жүреді

Е) жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа



4. Автордың пікірін білдіретін ақпаратты таңдаңыз.

A) бәрі де жалған әрекет жасап, мені алдады

B) осы бала ғана елде әділеттік орната алады

C) енді бәрі түсінікті ме?» - депті

D) патшаның көмекшісі де, жиналған жұртшылық та мән-жайды түсініпті

Е) «Сенің құтың неге бос?» - деп сұрайды



5. Мәтіндегі себеп – салдарлық байланысты анықтаңыз.

A) патша бәріне риза болды, маңдайынан сүйді

B) құмыралар гүлге толды, түрлі гүлдер болды

C)мен балаларға дәннің орнына қара моншақ таратқан едім, құмыралардың барлығы бос әрі гүлсіз болуы керек еді

D) Бала көп еңбектенді, бір емес, екінші рет топырағын өзгертті.

Е) Яхия патша берген дәніңізді бар ықыласыммен отырғызды, баптады, суғарды.



2. тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.
Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан

жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.

Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

2-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

6. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А)Өмірін беру

В) Көмек көрсету

С)Адал болу

Д)Елін сатпау

Е) Жолдасын құтқару



7. Мына сөйлемдегі асты сызылған сөз тіркесінің түйінін белгілеңіз.

Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді.

А)бір –біріне адал

В)батырлары әділ

С)бірлігі мықты

Д)ұйымшыл

Е)ынтымағы жарасқан

8. Қара суық сөз тіркесінің мағынасына жақын сөзді таңдаңыз.

А)Салқын


В)Өтпелі

С)Қоңыржай

Д)Ызғарлы

Е) Самал


9. Мәтіннің мазмұнына сәйкес мақалды таңдаңыз.

А) Батыл болмай батыр болмас.

В) Жаман жолдастан, Жақсы дұшпан артық.

С)Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.


Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

Д) Ынтымақ түбі –игілік, Тірлік, тірлік түбі – бірлік.


Е) Адалдық - ардың ісі, Ауырды көтеру - нардың ісі.
10.Мәтіндегі «төс қағысып» сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) құшақтасу

В) қол алысу

С) білектесу

Д) күресу

Е) қуану
Лексико –грамматикалық тест



1.Отбасы тақырыбындағы мақал- мәтелдерді белгілеңіз.

А) Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.

В) Татулық табылмас бақыт.

С) Төзім мен еңбек бәрін жеңбек.

Д) Еңбек түбі –береке, көптің түбі – мереке.

Е) Әке - балаға сыншы.



2.Зат есімді синонимдер қатарын анықтаңыз.

А) салмақты, сабырлы

В) өкінішті, мұңды

С) алыс,қашық

Д) өзгерген, жетілген

Е) ұстаз, мұғалім



3. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталып,үндіге аяқталатын сөзді белгілеңіз.

А)Махаббат.

В) Қызмет.

С) Қалам.

Д) Ғаламтор.

Е) Намаз.



4. Түбірлес сөздердің қатарын көрсетіңіз.

А) Күріш, күрес,күретамыр.

В) Жарыс, жарнама, жарылыс.

С) Қамқор, қамқоршы,қамқорлық.

Д) Ел, еліктеу,елік.

Е) Бас,басқа, баспалдақ.



5.Тәуелденген сілтеу есімдігін көрсетіңіз?

А)Мынауың.

В) Ешкімді.

С) Бізбен.

Д) Менімен.

Е) Сендерге.



6.Негізгі сын есімді тіркесті белгілеңіз.

А) Мәдени орталық

В) Пайдалы ағаш

С) Қойдай тас

Д) Таза ауа

Е) Жазғы кеш



7.Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөзді табыңыз.

А) Меніңше.

В) Әрине.

С) Мүмкін.

Д) Сірә.

Е) Амал қанша.



8. Анықтауыштың сұрағын табыңыз.

А) Не үшін?

В) Кімге?

С) Кімнің?

Д) Нені?

Е) Не істеді?



9. Етістіктен болған антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Жылы- суық.

В) Жабады – ашады.

С) Тақ- жұп.

Д) Көп-аз.

Е) Үлкен –кіші.



10. Сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз.

Көне түркі жазба ескерткіштері үш топқа бөлінеді.

А) Бұрынғы өткен шақ.

В) Нақ осы шақ.

С) Жедел өткен шақ.

Д) Ауыспалы осы шақ.

Е)Мақсатты келер шақ.



11.Тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.

А) Орманға.

В) Көбелек.

С) Ағамдар.

Д)Дәріханалар.

Е)Баласын.



12. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

А) Туралы.

В) Және.

С) Түгел.

Д) Бірақ.

Е) Емес.


13.Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Ел іші- өнер кеніші.

В) Ағасы бардың – жағасы бар.

С) Таң мезгілі.

Д) Інісі бардың – тынысы бар.

Е) Киімін жинастырды.



14.Сан есім қай сөйлем мүшесі болатынын белгілеңіз.

Оның жалпы ұзындығы жеті мың шақырымға созылған.

А) Баяндауыш.

В) Толықтауыш.

С) Анықтауыш.

Д) Бастауыш.

Е) Пысықтауыш.



15. Дұрыс құрылған сөйлемді белгілеңіз.

А) Аударған араб тіліне еңбектерін Аристотельдің Әл-Фараби.

В) Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін араб тіліне аударған.

С) Аристотельдің аударған араб тіліне еңбектерін Әл-Фараби.

Д) Әл-Фараби араб тіліне аударған еңбектерін Аристотельдің.

Е) Еңбектерін араб тіліне аударған Әл-Фараби Аристотельдің.



16.Ауыспалы мағыналы сөздерді белгілеңіз.

А) көз салу

В) табиғат суреті

С) мұзды мұхит

Д) қазақ халқы

Е) көгілдір аспан



17.Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз.

А) Қарт кісі келе жатыр.

В) Өнерлі өрге жүзеді.

С) Жақсыда жаттық жоқ.

Д) Жанар сабақты жақсы оқиды.

Е) Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.



18.Құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

Бақшада абыр-сабыр адам көп, себебі жиын-терін басталып кеткен еді.

А) Себеп- салдар сабақтас.

В) Қарсылықты салалас.

С) Түсіндірмелі салалас.

Д) Себеп-салдар салалас.

Е) Ыңғайлас салалас.



19.Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

А) Мен онымен дұрыс сөйлессем, ол маған бәрін айтар едім.

В) Еңбектенгенді ұнататындар аз болып барады.

С) Білім алуға талпынсаң, ол да еңбек.

Д) Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл сал.

Е) Сенің досың келгенде, сабақ аяқталмаған еді.



20.Сөйлемнің соңындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.

А) Бауырларым, келдіңдер ме?!

В) Көріскенше қош болыңдар, бауырлар!

С)Қай жылы, ата,тудыңыз.

Д) Сен теледидарды көп қарайсың, шамасы?

Е) Ертең, балалар, театрға барамыз.



Жауап кестесі 10-СЫНЫП

1

Д




2

Е




3

Д




4

А




5

С




6

С




7

А




8

Д




9

Е




10

А




ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА

11

Е




12

Е




13

С




14

С




15

А




16

Д




17

А




18

С




19

В




20

Д




21

Е




22

А




23

С




24

С




25

В




26

А




27

Д




28

А




29

Е




30

В






11 сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.

1-мәтін

Тәкаппар тау

Ерте, ерте, ертеде, осыдан сансыз жылдар бұрын, бір тәкаппар тау өмір сүріпті. Ол өте үлкен әрі әдемі еді. Тау бірақ ешкімді жақсы көрмейтін. Қурай басын сындырмайтын жалқаулығы тағы бар еді. Бір күні оның тірлігіне шыдамаған Күн:

-Әй, Тауым! Сен неге тәкаппарсың? Қабағың неге түйіліп тұрады? Мен саған ылғи нұрымды сыйлап жүрмін ғой,-дейді.

-Иә, сен неге сонша тәкаппарсың? Неге ештеңе жасамайсың? Әлде жалқаусың ба?,- деді күнді қуаттаған Өзен.

-Менің өлеңім саған ұнамай ма, тәкаппар тау,-деді Жел.

- Мен алыппын және әдемімін,сендер мен үшін қызмет етулерің керек,-деді көршілерінің сұрақтарын асықпай тыңдаған тәкаппар Тау. Көршілер тауға ренжіп қалды. Жел өте суық дауылын соқты, күн ыстық аптабын тауға төндірді. Жауынын жаудырды,тау басынан ыстыққа шыдамаған тастар төмен қарай домалай бастады. Өзен таудан құлайтын арнасын кеңейтті. Сөйтіп жылдар жылжып өте шықты. Бір күні өзен Тауға көз тастап, шошып кетті, тәкаппар, әрі әдемі Тау не болып кеткен? Кіп-кішкентай төбеде ғана, бұрынғыдай әдемі де емес, алқа-салқа. Сөйткенше Тау жылап қоя берді,тоқтамай, тоқтамай жылады, ұзақ еңіреді. Түптің түбінде Тау орнында ақ құм ғана қалды. Жұрт бұл құмнан шыны жасай бастады. Түптің түбінде Тау үгіндісінен жасалған шыны ар жағындағының бәрі көрінетін мөлдір еді. Бұл таудың көз жасы дейді жұрт. Кім біледі?


1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары

1. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Тау неден зардап шекті?

В)Таудың тәккапарлығын жел қайдан білді?

С) Ауыл тұрғындарын тау мәселесі толғандырады ма ?

Д) Өзен не деп мақтанды?

Е)Тәкаппар тау не жасады?


2. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Тау өзеннің арнасын кеңейтті.

В) Түн ыстық аптабын тауға төндірді.

С) Жаман қасиет таудың түбіне жетті.

Д)Алқа-салқа тауды көріп бәрі жылады.

Е) Тау бір-бірімізге қызмет етейік деген ұсыныс жасады.

3. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз.


А) Ол өте үлкен әрі әдемі еді.

В) Жел таудан әнін неге ұнатпайтынын сұрады.

С) Тау бірақ ешкімді жақсы көрмейтін.

Д) Жұрт бұл құмнан шыны жасай бастады

Е) Тауда түрлі аңдар көптеп кездеседі.


4. Мәтінге сәйкес мақалды таңдаңыз..

А) Мақтаншақ бар ақылын мақтанға тауысады.

В) Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

С) Ер есімі ел есінде.

Д) Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.

Е) Ел бірлігі – ел теңдігі.

5. Берілген сөйлемге сәйкес келетін тұрақты тіркесті немесе мақалды көрсетіңіз:

Қурай басын сындырмайды

А) Ақ саусақ.

В) Көз - қорқақ, қол-батыр.

С) Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады.


Д) Айрылмастай досыңа, қайрылмастай сөз айтпа.
Е) Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта.

2. тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет