Оқушылардың «Салют, Жеңіс!» атты оқу-зерттеу жұмыстарының халықаралық өлкетану байқауы жалпы ережесі оқушылардың «Салют, Жеңіс!»



Дата18.02.2018
өлшемі158,08 Kb.
#37944
Оқушылардың «Салют, Жеңіс!» атты оқу-зерттеу жұмыстарының халықаралық өлкетану байқауы

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

Оқушылардың «Салют, Жеңіс!» оқу-зерттеу жұмыстарының Халықаралық өлкетану байқауы (одан әрі - Байқау) «Тәуелсіз Елдер Достастығының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы» (2013ж. 25 қазандағы Минск қаласындағы Мемлекеттер Достастығы басшылары Кеңесінің шешімі) және Евразиялық экономикалық одақ елдерінің (ЕӘОЕ) білім беру жүйелеріндегі өзара әрекеттестігі шеңберінде өткізіледі.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдық мерейтойы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары үшін ерекше маңызды және шын мәнінде айрықша мәнді кезең болып табылады. Ең алдымен – бұл біздің ортақ тарихымыз, бұл жауынгер бауырластығының ескерткіші, күштерін, өмірлерін аямай біздің еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін соғысқан барлық ұлт жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігі және батырлығы. Ұлы Жеңіс біздің мемлекетімізді және халқымызды біріктіреді және келешекте де одан әрі біріктіріп, нығайтатын болады.

Конкурсты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК, «А. А. Остапец-Свешников атындағы Халықаралық балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясы» өткізеді.

Конкурсты тікелей өткізу, жұмыстарға сараптама жасау балалар туристік орталықтарына жүктеледі.

Қазақстан: ҚР Білім және ғылым министрлігін 34 Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Астана қаласының Жас туристер станциясы, Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық жас туристер станциясы.

Ресей: КГБОУДОД Красноярск өлкелік балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы «Туризм және өлкетану орталығы», ГБОУ ДОД Башқұртстан республикалық балаларды сауықтыру және білім беру туризмі, өлкетану және экскурсия орталығы, ГОБУ ДОД Киров облыстық «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экскурсия орталығы», ХҚҰ президенті «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академясы» .

Конкурс ТМД елдері оқушыларының «Отан», «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану қозғалысының практикалық бөлімі болып табылады.

Конкурс жалпы рухани және мәдени кеңістікті жасауда өз үлесін қосатын өскелең ұрпаққа туристік-өлкетану қызметі құралдары арқылы білім беру мазмұнын және ұйымдастыруды жетілдіру, ұлтаралық келісімді қолдау мақсатында төмендегідей міндеттерді қояды:


  • өлкетану облысындағы талантты балалар мен жастарды анықтау және қолдау;

  • туған өлкесінің этномәдени мұраларына ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеу,

  • әлемдегі өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту


2. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

2.1 Байқауға: 13 жасқа дейінгі кіші топтар, 14-18 жастағы ересек топтар қатысады.

Байқау тек жеке қатысуға рұқсат етіледі.
3. Байқауды өткізу тәртібі


    1. Байқау шарты, қатысушылар тізімі, Байқау бойынша ақпарат, нәтижелері www.ziyatker.org, http://madutk.ru. сайтында жарияланатын болады.

    2. Байқау оқуларына қатысу үшін жергілікті тарих, мәдениет, табиғат, экономика мәселелері бойынша жұмыстар, жалпы мемлекеттік материалдармен байланысты жұмыстар немесе өз еліңнің жалпы тарихы мәтіні қабылданады.


Байқау 11 номинация бойынша (2 - жас ерекшелігі топтарында) өткізіледі.

1. «Менің халқымның тарихындағы батырлығы» - Ежелгі тарихтағы менің өлкем.

2. «Отан даңқы үшін өмір» - Отан қорғаушылардың соғыстағы ерліктері мен тағдырларының бейнесі менің өлкемнің халық мәдениетінде, фольклорында, топономикасында.

3. «Ескерткіштер сыр шертеді...» - соғыс жылдарында пайда болған өнер ескерткіштері. Отан қорғаушыларға арналған сәулет, әдебиет, музыка, театр және кескіндеме ескерткіштері.

4. «Отан үшін от кешкендер» - 20-21 ғасырдағы менің өлкемнің атақты қолбасшылары мен орденді батырлары, «солдат ерлігі».

5. Әртүрлі замандағы (дәуірдегі) азаматтықты және патриотизмді қалыптастырудағы дәстүрлі конфессиялардың рөлі.

6. «Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды!» - Ұлы Отан соғысы: «үлкен» және «кіші» Отанымның тарих беттеріндегі менің жанұямның өмірлік жолы, «майдан жерінен хат».

7. Соғыс кезіндегі тыл және майдан – Тыл еңбеккерлерінің ерлігі. Эвакуациялық госпитальдар. Ұлы Жеңіске жолындағы жау тылындағы және алдыңғы шептегі әйелдердің қосқан үлесі.

8. «Балалар және соғыс» - Ұлы Жеңіс жолындағы балалар мен жасөспірімдердің қосқан үлесі. «Соғыс кезіндегі балалардың» ерлікке толы істері мен қайғылы тағдырлары.

9. «Ерлік пен батырлықты мадақтаймыз» - Мектеп музейлері, өлкетану қызметі, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі оның рөлі.

10. «Дүниежүзілік және Отан соғысы жылдарындағы менің жерім» тақырыбы бойынша экскурсиялық маршрут жасау.

11. Байқау бағдарламасы «Сол ұлы жылдарға бас иеміз» - 1-10 номинацияға қатысушыларға.

11.1 Кескіндеме және графика туындылары, фотографиялар.

11.2 Әдеби-өлкетану туындылары.

11.3 Авторлық ақындық шығармалар, Байқау тақырыбы бойынша авторлық әндер.

11.4 «Майдангерлер жанұя альбомында» слайд-фильмдер, «Ардагерлер бізбен бірге өмір сүреді (өмір сүрді)» видеофильмдер-акциялар.

Байқауға қатысушы 11-номинациядағы 4-байқаудың әрқайсысынан бір жұмыстан кем емес жұмыс ұсынады. Осындай шығармашылық жұмыстың әрқайсысына міндетті түрде қысқаша аннотация жазылады (көлемі -1 бетке дейін.). Барлық байқаудағы шығармашылық жұмыстар өлкетану қызметінің тәжірибесін бейнелеуі тиіс.

3.3. Байқауға қатысушылар санына қарай номинациялар біріктірілуі немесе, керісінше осы номинацияның негізінде бірнеше номинацияларға бөлінуі мүмкін.



Байқауға төмендегідей құжаттар кіреді:

3.3.1 Байқаудың зерттеу жұмыстары №1 Қосымшадағы «Байқаудың өлкетану зерттеу жұмыстарын дайындауға қойылатын талаптарға» сәйкес орысша немесе беларусша, қазақша дайындалады. Мына мекен-жайға электронды поштамен жіберіледі: Қазақстаннан- жіберілетін жұмыстар - nt_ekotur@mail.ru, Ресейден жіберілетін жұмыстар-70pobeda@mail.ru, 2015 жылдың 26-ші қаңтарынан 2-ші нурызына (2-н қоса санағанда) дейін жіберіледі, жұмыс №1 қосымша таблицада көрсетілген (сонымен қатар жіберілген жұмыс) электронды мекен-жайда жеке тіркеу нөмірі мақұлданғаннан кейін қабылданған болып есептелед. Алдағы барлық сұрақтарда ұйымдастыру комитетіне осы нөмір көрсетілуі тиіс.

3.4 Байқау бір этапта өткізіледі:

3.4.1 Интернет – этап 2015 жылдың 2-наурызына (2-н қоса санағанда) дейін Зерттеу жұмыстарының эксперттік бағалау – 2015 жылдың 16- наурызына дейін интернет – этаптың жеңімпаздары мен дипломанттарын анықтайды, 2015 жылдың 20-сәуіріне дейін әр елдің ұйымдастыру комитеті таблицада көрсетілген №1 қосымшадағы авторлар жіберген электронды мекен-жайға марапаттау сертификаттарын жібереді.

3.5 Зерттеу жұмыстары (№2 қосымша) «Зерттеу жұмыстарының бағалау критерийлеріне», шығармашылық – «11-номинация шығармашылық жұмыстарды «Конкурстық бағдарлама» бағалау критерийлеріне (№3 Қосымша) сәйкес бағаланады.

3.6 жұмыстар төмендегідей жағдайларда қабылданбайды, егер:

- ұсынылған жұмыс Байқау бағдарламасына сәйкес келмесе;

- байқау материалдарының дайындалуы (рәсімделуі) Материалдары материалдары талаптарына сәйкес келмесе;

3.7 Ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды, бағалау хаттамалары мен жұмысқа жазылған пікірлер кері жіберілмейді.

3.8 Байқауға қатысушылардың үздік жұмыстары (немесе тезис жұмыстары, немесе жұмыстарының үзінділері) қазылар алқасының ұсынымымен: «Юный краевед», «Вестник Академии детско-юношеского туризма и краеведения», «ЭкоƏлем», «Соқпақ-Тропинка», басқа да әдістемелік, педагогикалық және ғылыми журналдарда жарияланатын болады.




  1. Байқауды дайындау өткізуге басшылық

Оқуға дайындық және өткізудің жалпы басшылығын Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Байқау бағдарламасын, қазылар алқасының құрамын және жұмыс шартын, әр номинация бойынша Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін бекітеді;

- жұмыстарды қабылдайды, қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады; - сайтқа Байқау қорытындысы туралы ақпараттандырады.

Конкурстың қазылар алқасы:

- конкурс талаптарына сай келген материалдарды бағалайды.

- әр номинациядан орта балл бойынша Байқау лауреаттары (жеңімпаздарын) мен дипломанттарын (жүлдегерлерін) анықтайды, арнайы дипломдармен марапаттау туралы ұсыныстар жасайды.

Әр номинация бойынша қазылар алқасының шешімі хаттамаларда дайындалады және қазылар алқасы төрағасы бекітеді. Қазылар алқасы шешімді құпия қабылдайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.




  1. МАРАПАТТАУ

Байқаудың барлық қатысушылары мен олардың жетекшілері Байқаудың интернет- этапқа қатысушының атаулы сертификатын алады.

Интернет – этаптың лауреаттары мен дипломанттары, олардың жетекшілері интернет-этап Байқауының дипломдарымен марапатталады.

Барлық сертификаттар авторларға электронды түрде электронды пошта арқылы жіберіледі, Байқауға қатысушылардың барлық жұмыстары ұйымдастыру комитетінің «Дом дружбы» виртуалдық сайтында жариялануы мүмкін. Басқа ұйымдардың, басқа заңды және физикалық тұлғалардың (сайтты қараңыз) арнайы дипломдары берілуі мүмкін.


  1. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШАРТЫ

Байқауға қатысу – тегін.

Қосымша №1

Байқаудың өлкетану зерттеу жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар.

1. Өз елінің ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына Ресей E-mail: 70pobeda@mail.ru , Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Кеңесары 40, Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы, факс: 8-(7172)-24-93-05, тел. 8-(7172)-24-93-07 E-mail: nt_ekotur@mail.ru – көлемі 10 бетке дейін компьютерде терілген (форматы А4, Word for Windows, шрифт Times New Roman, кегль 14, интервал бір жарым, барлық шеткі сызық - 2 см) өлкетану зерттеу жұмыстары жіберіледі. Қосымша көлем – 10 беттен көп емес. Барлығы бір Word файлында 10 мб аспауы тиіс, файл атауы – «фамилиясы, тақырыбы қысқаша», мысалы: Цецхладзе, Солдат тұрмысы. Фотографиялар мен суреттерді (100-300 кб) үлкендік көлеміне өзгерту үшін жұмысты сайтқа орналастырар алдында Microsoft Office Picture Manager немесе басқа графикалық редакторлар қолданылуы мүмкін.

2. Өлкетану зерттеу жұмысы (кіші топтар үшін қысқаша нұсқа болуы мүмкін) келесідей құрамдарадн тұрады:


  • Титул беті



    Оқушылардың «Салют, Жеңіс!» оқу-зерттеу жұмыстарының Халықаралық өлкетану байқауы

    Номинация № ____«_________________________»

    Жас тобы ___________________________ фото

    Автор фотосы. Көлемі 250 пикселден аспауы тиіс Фотода тек автордың өзі болуы тиіс



    Жұмыс тақырыбы

    Дайындаған:

    Оқушының фамилиясы, аты

    класы ______ мектебі _______ және білім беретін

    мекеменің толық аты, өңірі

    елі

    Туған жылы

    Мекеме мекен-жайы
    Жетекшісі:
    Жетекшісінің фамилиясы, аты, тегі, лауазымы

    Жұмыс орны

    Елі, қаласы(елді мекені)- жылы, («ҚР Білім және ғылым министірлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы) сайтында жариялауға келісемін (келіспеймін)






  • төменде аталған бөлімдердің мазмұны;

  • мәселелерді мазмұндау кіріспесі; жұмыстың мақсаты мен міндеттері; оның өзектілігін дәлелдеу; зерттеу мәселелері бойынша әдебиет көздеріне қысқаша шолу жасау; зерттеуді өткізу орны мен уақытын көрсету; зерттеу ауданына қысқаша сипаттама;

  • зерттеу әдісі (жинақ әдісін сипаттау, материалды алғашқы және статистикалық өңдеу);

  • зерттеу нәтижесі және оны талқылау. Қажеттігіне қарай таблицалар мен кескіндерді және т.б.пайдалану;

  • тұжырымдау (тапсырмада қойылған сұрақтарға қысқаша жауап беру);

  • қорытындыда жұмысты орындауда көмектескен тұлғаның белгіленуі, осы зерттеулерден туындаған келешекке жоспарланған жұмыстар және практикалық ұсынымдар;

  • библиографиялық тізім құрастыру ережелеріне сәйкес қолданылған әдебиеттер мен дереккөздер тізімі. Жұмыс тақырыбында дереккөздер мен әдебиеттер сілтемесі болуы тиіс.

  • қатысушы мен оның жетекшісі туралы мәлімет (сертификаттар мен хаттамаларды дұрыс толтыруға арналған кесте): Үлгі

Тақырыбы

Қатысушының фамилиясы, аты, әкесінің аты

Сыныбы, білім мекемесі, өңірі,елі

Номинация нөмірі №

Тобы

Жетекші

Электронды адресі (сертификаттар жіберу үшін)

Майдандағы солдат тұрмысы- Жеңіс кепілі


Әміров Қайрат

Қазақстан Республикасы, Астана қ. № 5 орта мектеп

10 класс оқушысы



4


ересек

Кадченко Вера

Александровна, Қазақстан Республикасы, Астана қ. № 5 орта мектеп

тарих пәнінің оқытушысы



amirov@mail.ru

3. Үлкен көлемдегі фактіге негізделген және сандық мәліметтер, сонымен қатар, суреттер, диаграммалар, сызбалар, карталар, фотографиялар және т.б. жұмыстың соңына – қосымшаға енгізілуі мүмкін. Барлық қосымша нөмірленген және атаулары болуы тиіс, жұмыс тақырыбында оларға сілтеме жасалуы тиіс.

Картографиялық материалдың шартты белгілері, масштабы болуы тиіс



Қосымша №2

Зерттеу жұмыстарын бағалау критерийлері

- тақырыпты негіздеу, жаңашылдық – 1 балға дейін;

- тарихнама (әдеби шолу), дереккөздер, эксперименттік мәліметтер – 1 балға дейін;

- жұмыс құрылымы, тақырыбының мазмұнына сәйкестігі, ғылыми анықтамалық аппарат – 1 балға дейін;

- баяндау қисындылығы, стилі – 1 балға дейін;

- мазмұны– 4 балға дейін;

- зерттеудегі автордың қосқан үлесі – 1 балға дейін;

- жұмыстың дайындалуы (титул беті, библиография, ұқыптылық, сауаттылық, Ережеге сәйкестігі) – 1 балға дейін;

- осы конкурс тапсырмасы бойынша жоғарғы (қорытынды) баға – 10 балл.

Бағалау системасы:

Әр елдің қазылар алқасы жұмыстарынды бағалаудың бірыңғай критерийлері бойынша өздері бағалайды, бірдей халықаралық сертификаттар жібереді. Сертификаттардың, хаттамалардың бірдей үлгідегі нысандарын дайындау басқа елдердің ұйымдастыру комитеттерінің ескертулерін және ұсыныстарын ескере отырып, РФ ұйымдастыру комитетіне жүктеледі. Финалда ұйымдастыру комитеті сайтында барлық хаттамалар біріктіріледі.

Әр орталықтағы Эксперттер (1адамнан 3 адамға дейін) ұйымдастыру комитеті жіберген жұмыстарды бағалайды (мысалы файл 435_Әміров_Солдат тұрмысы регистрациялық №435). Жалпы ортақ бағасы есептеледі, мысалы, (9,5+9,0+9,5)/3=9,3. Бұл хаттама (әр жұмыстың бір ортақ бағасы) елдің ұйымдастыру комитетіне жіберіледі, барлық қазылар алқасының орташа қорытынды бағасы есептеледі.

Кімнің орташа қорытынды бағасы жоғарғы баллдан (баға 9 баллды қоса есептегенде және оданда көп болса ) 90% - лауреат, (6 баллдан- 9 баллға дейін) 60%- дипломант.

Қосымша №3

«Байқау бағдарламасы» бойынша 11-номинацияның шығармашылық жұмыстарын бағалау критерийілері

«Фотографиялар, кескіндеме және графика шығармалары», «Әдеби-өлкетану шығармалары», «Видеофильмдер, слайд – фильмдер», «Авторлық поэтикалық шығармалар, әндер»: мазмұны 2б, сапасы 2б, көркемдік деңгейі 2б, практикалық маңыздылығы 2б, шынайылығы 2б. Барлығы 10 балл. 11.1-11.3 номинацияларының бөлімдерінің әрбір жұмысы 5 мб-тан көп емес көлемде, слайд-фильмдер, авторлық әндер (аудиожазба) 10 мб-қа дейін. 11.4 номинация бөлімінде бенефильмдер жіберілмейді, YouTube-те орналастырылады немесе т.б., олар Байқаудың ескерту титрларында болуы тиіс, ол бойынша орналастырылған материалдарға дереккөздерден қысқаша анотация жіберіледі. Барлық аннотацияларда автор, жетекші туралы толық мәлімет болуы міндетті (№1 қосымшада).

Қосымша №4

Ұйымдастыру комитеті құрамы

1. Смирнов Дмитрий Васильевич, «А.А. Остапец - Свешников атындағы балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясы» ХҚҰ-ң президенті, төраға



2. Шер Раиса Петровна - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры, серіктес төрайым.

Қазылар алқасының құрамы:

Ресей:

  1. Озеров Александр Григорьевич - Ресей өлкетанушылар Одағы Кеңесі, п.ғ.к., төраға.

  2. Грушевская Наталья Викторовна - КГБОУДОД Красноярск аймақтық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығы «Туризм және өлкетану орталығы» директоры, серіктес төрайым.

  3. Лифанова Ирина Владимировна - ГБОУДОД Башқұртстан республикалық балаларды сауықтыру және білім беру туризмі, өлкетану және экскурсия орталығы директоры, серіктес төрайым.

  4. Мезрина Галина Павловна - ГБОУДОД Башқұртстан республикалық балаларды сауықтыру және білім беру туризмі, өлкетану және экскурсия орталығы директоры, серіктес төрайым.

  5. Тарарушкин Николай Михайлович - Великий Ростов қ, ЖТС-ң директоры, жауапты хатшы.

Қазақстан:

  1. Қалиев Дінмұхаммед Қуанышбекұлы ҚР Білім және ғылым министірлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-техникалық, экологиялық-туристік бағытының бөлім басшысы, төраға.

  2. Фомин Виктор Павлович – Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директоры, п.ғ.к., серіктес төраға.

  3. Әбенов Мэлс Қабдолұлы – Астана қ, жас туристер станциясы директоры, серіктес төраға,

  4. Игамбердиев Ринат Равильевич - Алматы қ, жас туристер станциясы директоры, серіктес төраға,

  5. Бөлекбай Алым Жұбаназарұлы - Оңтүстік Қазақстан облыстық жас туристер станциясының директоры, серіктес төраға.

  6. Щеглова Ирина Вальеревна – Шығыс-Қазақстан облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы директорының міндетін атқарушы, серіктес төраға.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет