Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру Мақсаты



Дата06.02.2022
өлшемі17,12 Kb.
#81144
Байланысты:
Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру


Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру


Мақсаты: Оқушылардың саяси, қоғамдық, құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз құқығын білуге, қорғауға үндеу.
Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.
Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі,есірткі қолданылуы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.
Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын -дауда В.А. Сухомлинский сөзімен айтқандай “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайыбоп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.
А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол - бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады.
Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.
Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Құқықтық тәрбие –сан қырлы,күрделі процесс,бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды.Соның ең бірінші сатысы-оқушы заңмен хабардар етіп оның жалпы білім деңгейін көтеру. 
Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтер бойынша қылмыс жасаушылардың көп бөлігі мектеп жасындағы балалар мен жастар екендігі белгілі болып отыр.Қылмыстың жастар арасында көбею себебі неде?Ата-анасының баласына уақыт бөлмеу,отбасының тәрбиесінің нашарлығы. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі,әрбір мұғалім,әрбір мектеп басшылары оқушыларды жақсы тануы керек. Құқық бұзушылыққа бейім балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу бағытына сәйкес мектептің іс-шаралар жоспары жасалып жұмыстар жүргізілуде.
Отбасындағы ата – ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» деген, бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз. Бала күнделікті уақытының көбін өзінің отбасымен өткізеді. Жақсыны да, жаманды да өз отбасы тәрбиесінің ошағынан алары сөзсіз. 
Ата – ананың құқықтық әлеуетін көтеруде де мектептегі тәрбие жұмысы жүйелілікті қажет етеді. Ата – аналармен балалардың заңды мүдделерінің қорғауын қамтамасыз ету үрдісінде «Бала әлеміне байыпты қарайық!», «Қатыгездіксіз балалық шақ», «Ата – ана, Сіз үшін!», «Бала – біздің бақытты болашағымыз», «Бала құқығы мемлекет назарында», «Жазасыз тәрбие беру», «Бала мен балалық шақты қорғаймыз!», «Бала құқығы – асыл қазына» т.б. тақырыптарында ата – аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата – аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде.
Қазір білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман. Сондықтан да ұстаздардың алдында жас ұрпақты үздіксіз тәрбиелеумен қатар терең біліммен қаруландырып, алған білімдерін өмірдегі қажеттілігіне жарата алатындай етіп қалыптастыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Себебі, қазіргі жаһандану заманында қоғамға білімді, сапалы, жоғары интеллектуалды, жан-жақты, көп тілді меңгерген жеке тұлға қажет. Осы бағытта облыстан шалғай жатқан ауылдық жерде адал қызмет атқарып жатқан ауыл ұстаздарының еңбегі де ұшан-теңіз.
Бала құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да, жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет