Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уәзірлігі әжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет14/29
Дата04.01.2022
өлшемі459,31 Kb.
#109199
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary
etstktn grammatikalyq kategoriyalaryn zhanasha tusndru zholdary, Ergashev Perdekhan
Грамматикалық  талдау

  –  қазақ  тіліне  тән  оқыту  әдістерінің  бірі. 

Оқытудың  бұл  түрі  көбінесе  оқушыларға  қазақ  тілінен  білім  мен  дағды 

беруде жиі қолданылады. 

 

Қазақ  тілінде  грамматикалық  талдаудың  мынадай  түрлері  бар: 



фонетикалық 

талдау, 


морфологиялық 

талдау, 


синтаксистік 

талдау, 


сөзжасамдық талдау. 

 

Көсемшені оқытқанда морфологиялық талдау жасау арқылы талдау 



жасатса, синтаксистік талдауды көсемшенің синтаксистік қызметін өткен 

кезде талдау жасаған дұрыс.  

 

Қазақ тілінен көсемшені оқытқанда грамматикалық талдау ауызша да, 



жазбаша  да  жасатып  отырылады.  Дегенмен,  талдаудың  қай  түрі  жүргізілсе 

де,  ол  оқушылардың  көп  уақытын  алмауға,  тек  оларға  көсемшені  басқа 

категориялармен  салыстыра  отырып  таныту  немесе  алу  мақсатын  көздеуге 

тиіс. 


 

Өз бетімен ізденіп білім алу әдістеріне мына әдістер жатқызылады: 

1/ дәстүрлі проблемалық әдіс; 

2/ кездейсоқтық әдіс; 

3/ ситуациялық әдіс; 



 

29 


4/ оқушылардың  сабақ бере білу әдісі; 

5/ дидактикалық ойын әдісі 

6/ эвристикалық әдіс. 

 

Дәстүрлі проблемалық әдістің құрылымы мынадай үлгіде келеді: 



1/ мұғалімнің проблемалық ситуация жасауы; 

2/  проблеманы  жүйелеп  таныстыру  және  оның  шешімінің  болжамын 

ұсынуы; 

3/ шешімнің болжамдарын тексеріп көруі; 

4/  алынған  шешімдер  мен  нәтижелерді  бір  жүйеге  түсіріп  оларды 

қолдану жолдарын анықтау. 

 

Бұл  әдістің  ерекшелігі  мынада:  оқытудан  гөрі  оқушылардың 



қызметіне зор мән беріледі. 

 

Кездейсоқтық 



әдістің 

ерекшелігі 

сонда-оқушыларға 

көсемше 


мазмұнындағы  мәлімет  беріліп,  соның  себебін  анықтау  тапсырылады. 

Себебін анықтау барысында оқушыларда қандай да бір сұрақтар туындайды. 

Ал  мұғалім  сол  сұрақтарға  жауап  беруі  тиіс  болады.  Мұғалім  мен 

оқушылардың  бірлескен  қызметі  барысында,  сабақтың  тақырыбында 

кездейсоқтық,  яғни,  көсемшеден  белгілі  бір  нәтиженің  шығу  көзі 

іздестіріледі,басты ойлар анықталады. Шешімі бірнешеу болуы мүмкін, бірақ 

оқушылардың  өзара  талқылауы  мен  келісімі  нәтижесінде  соның  біреуі 

қабылданады.  Бұл  жерде  оқушылардың  танымдық  белсенділігі  ғана  рөл 

атқармайды,  сонымен  бірге  мұғалімнің  де  қатысуының  үлкен  мәні  бар. 

Оқушылардың  жинақталған  сұрақтарына  мұғалім  жауап  беріп  отырады, 

соның нәтижесінде ақиқатты тануға жетелейді. 

 

Ситуациялық  әдіс  жоғарыдағы  кездейсоқтық  әдіске  ұқсас  болып 



келеді.  Мұнда  мұғалім  белгілі  бір  жағдаяттар  /ситуациялар/  туғызып,  оның 

шешімін  табуды  оқушылардың  өздеріне  жүктейді.  Оқушылар  шешімнің 

біреуін немесе бірнешеуін тауып, соның ішіндегі дұрысын табуға тырысады. 



 

30 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет