Өзің өзі тану сабақтарындағы топтық іс-әрекет


* топтық шығармашылық іс-әрекет оқушының  сабақта ашылмаған  мінез құлқын  жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. *



бет2/2
Дата20.12.2021
өлшемі21,75 Kb.
#103828
түріСабақ
1   2
Байланысты:
кос11
СӨЖ7, Plan Shevchuk, Plan Shevchuk, гос экз, Дип.-Математикалық-ұғымдар, физика гос сурак
топтық шығармашылық іс-әрекет оқушының  сабақта ашылмаған  мінез құлқын  жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

топтық шығармашылық іс-әрекет баланың жеке әлеуиетін ашып, оның бойынан жалпыадамзаттық құндылықтарды  оятып, тәжірибеде қолдану  дағдысын қалыптастырады.

топтық шығармашылық іс-әрекет оқушылардың шараларға қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуына деген құлшынысын тәрбиелеуге,үйренуге,тәжірибе жүзінде жүзеге асыуына ықпал етеді.

* топтық шығармашылық іс-әрекет формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді.

* Топтық шығармашылық іс-әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, оқушыларды өзара ынтымақтастық тәжірибесін рухани-адамгершілік бағытта байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.

Топтық шығармашылық іс-әрекет сабақтатың қажетті бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге, бойларынан  құндылықтарды ашуға көмегі зор.Негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың бойындағы-рухани адамгершілік құндылықтарын  толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамға риясыз қызметтерін шыңдау,уақытты дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

3. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс шарада бала адамгершілік тәрбие арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

Жоғарыда аталған міндеттер оптық шығармашылық іс-әрекеттің негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Топтық шығармашылық іс-әрекет әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыру қамтамасыз етеді.



Қорытындылай келе, топтық шығармашылық іс-әрекет негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту сананы тазарту арқылы әр жеке тұлғаны ізгілікке қарай бағыттау болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына ұялата білген бала әр дайым ар- ұждан даусын естіп, дұрыс әрекет жасап, ішкі тыныштығы орнап, ешімге қиянат жасамай сүйіспеншілікпен өмір сүреді.Қоршаған ортасына риясыз сүйіспеншілігін сыйлай біледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет