Өзіме таңсық істермен айналысып өте көп тәжірибе жинақтадым



Дата28.09.2023
өлшемі18,3 Kb.
#182849
Байланысты:
Отчет Мағжан
ИВАНОВ Учеб перс яз, Документ (3), Үй жұмысы 8кл, 254635.pptx, семинар тапсырмалары, 2 лекция kaz

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультеті студенті Бақытбек Мағжан «Қазалы аудандық архив филиалынан» өткен өндірістік тәжірибесінің


ЕСЕБІ

Мен Бақытбек Мағжан «Қазалы аудандық архив филиалында» 29.05.2023ж. - 17.06.2023ж. аралығында өткен өндірістік практикада мол тәжірибе жинақтадым деп есептеймін. Осыған дейін архив туралы естігендерімізді өз көзімізбен көріп, қалай жасалынып, жинақталатынына жеке жеке көз жеткіздік. Архив басшылығы келген күннен бастап архивпен толық таныстырып өзіме берілген істерді көрсеткен болатын. Архивте құжаттарды қалай нөмірлейтінін,іс қағаздарды қалай тізімдейді секілді жұмыстармен танысып жасап көрдім. Тәжірибе өзім үшін қызық болды, барған күннен бастап архив жұмысына белсене кірісіп кете алдым. Жетекшілердің нұсқауымен болашақта өзіме керек біраз мәліметтер жинақтадым. Теория жүзінде өткен білімдерімізді практикада кеңінен қолдана алдым десемде болады. Тарихшы ретінде бұл өндірістік тәжірибеден өту мен үшін жаңа ақпараттармен танысуға септігін тигізді.


Қазалы архивінде жинақталған құжаттар бүкіл осы аудандағы құжаттарды қамтитын болып табылады. Бұл құжаттардың әр уақытта маңызы зор, сол себепті мұндағы құжаттар айрықша қорғалынады. Өзіме таңсық істермен айналысып өте көп тәжірибе жинақтадым. Жалпы, Қазалы архивіндегі өндірістік практикамыздың өту жоспары төмендегідей өтті: Құжаттарды қабылдап алу, оларды жинақтау және оларды реттестіру, номерлеу және журналға тіркеу жұмыстарымен таныстым. Құжат қоймасымен, ол жердегі істерді реттеу, жинақтау туралы таныстым.. Архив ішіндегі іс-шаралардын өткізу барысын бақылап, іс-шараларға қатыстым.
Өндірістік практиканың соңғы күні барлық жасалған жұмыстар бойынша қорытынды жұмыстары жасалды. Мен бұл практикадан өзіме қажет тәжірибе жинақтадым.
Тәжірибе жетекшісі: Суйнова А.Т. ____________
Студент: Бақытбек М.________________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет