Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары. 1 тақырып. Тұқымқуалаушылықтың биохимиялық негiздерi



бет4/6
Дата19.12.2021
өлшемі232 Kb.
#103274
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
e5c0c5d4-3321-11e3-9d7d-f6d299da70eeгентикадан тест 2
Қойшын фтиз 3 доработка, Планы на 13. 12.20, Волькенштейн KZ
4 - тақырып .Өзгергiштiк.

152. Қандай өзгерiстердi модификациялық өзгерiстерге жатқызуға болмайды?

A) меринос, каракөл және едiлбай қойларының тұқымын сұрыптап шығару;

B) ақ қауданды капуста ыстық жерлерде қаудан бермейдi;

C) қарапайым жұмыртқа тәрiздi жапырағы бар қой бүлдiрген;

D) бiр сорттың өсiмдiктерiнiң бiр-бiрiмен гүлденуi, жемiсiнiң пiсiп жетiлуiне байланысты айырмашылықтары;

E) дұрыс жауабы жоқ;

153. Гендiк рекомбинация ұғымы не мағына бередi?

A) кроссинговер кезiнде немесе хромосомалар түйiсiнде гендердiң жаңадан құрылуы;

B) жасушалардың бөлiнуi;

C) ағзаның өсуi;

D) ағзаның күрделенуi;

E) мейозда;

154. Ағзаның «Реакция ережесiң дегенiмiз не?

A) генотиппен анықталған белгiлердiң түрленiп өзгеруiнiң шегi;

B) ағза гендердiң жиынтығы;

C) бегiлердiң болуы немесе болмауы;

D) белгiлердiң айқындалып көрiнуi;

E) дұрыс жауабы жоқ;

155. Реакция нормасы шегiнiң айырмашылығы неге байланысты?

A) сыртқы ортаның әсерiне;

B) генотипке;

C) гендердiң әрекеттесуiне;

D) экологияға;

E) генотиптiң өзгеруiне;

156. Нелiктен ауылшаруашылық практикасында туысты шағылыстыру қолданылады?

A) жекелеген түрлердi кейбiр белгiлерi бойынша гомозиготалы күйге ауыстыру;

B) шаруашылыққа тиiмдi тұқым қуалау белгiлер бойынша гомозиготалы күйге ауыстыру;

C) шаруашылықта қолдану оңайға түседi;

D) әртүрлi белгiлердi алу үшiн;

E) дұрыс жауабы жоқ;

157. Ядролық қаруды сынау генетикалық тұрғыдан алғанда қандай қатер туғызады?

A) популяциядағы мутацияның генетикалық зиянды салмағын, көбейтедi және 1,05а;

B) жергiлiктi ортаның ластануы;

C) дамудың бұзылуы;

D) өсiмдiк түсiмi мен жануарлардың өнiмдiлiгiн кемiтедi;

E) ешқандай зияны жоқ;

158. Мутация қайда өтедi?

A) ДНК-да;

B) ақуыздың молекуласында;

C) жасушаның жарғақшасында;

D) лизосомада;

E) рибосомада;

159. Комбинациялық өзгергiштiк қандай биологиялық құбылыстың нәтижесiнде болады?

A) митоз, өсу, белгiлi бiр қызметке бейiмделу;

B) синтез, жыныссыз көбею, транскрипция;

C) хромосомалардың бiр-бiрiнен тәуелсiз ажырауы, хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер:

D) трансляция транскрипция, тұқым қуалау;

E) тұқым қуалау;

160. Өзгергiштiктiң гомологиялық қатары заңының практикалық маңызы өте зор. Себебi неде?

A) селекцияда алғашқы материал түзедi;

B) сыртқы ортаның әсерi бiрден болған жағдайда бiртүрге жататын жекелеген түрлердiң өзгергiштiгi ұқсас болады;

C) туыстас түрлерде мутантты жекелеген түрлердiң қайда болатынын алдын-ала болжауға болады;

D) бiр түрге жататын жекелеген түрлердiң өзгергiштiгiн бередi;

E) өзгергiштiктiң гомологиялық қатары заңы практикада қолданбайды;

161. Фенилкетонурия ауруына шалдыққан адамдар сауығып кетуi мүмкiн, егер ол жастайынан тамақ жеу тәртiбiн сақтаса. Бүл кезде бiз қандай жағдайлармен соқтығысып тұрамыз?

A) модификациялық өзгеру индукциясымен;

B) Мутациялық өзгеру индукциясымен;

C) Алмасудың бұзылуы;

D) гендердiң рекомбинациясымен;

E) доминанттылық;

162. Үй хайуанаттарындағы инбридингтiң терiс, зиянды жақтары қандай?

A) үрпағының гетерозиготалық деңгейiнiң көтерiлуi;

B) Bрпағының тiршiлiк қабiлеттiлiгiнiң;

C) Cецессивтi ауруларының көрғне бастауы;

D) Dүрпағының көбею қабiлеттiлiгiнiң көтерiлуi;

E ) таза үрпақ алу;

163. Жасанды сұрыптау творчестволық ролi немен түсiндiрiледi?

A) өте көптеген хайуандар мен өсiмдiктердiң түрлерiнен аздаған түрдi бөлiп алу;

B) көптеген хайуандардың тұқымдастары мен өсiмдiктердiң өзара ұқсастығы;

C) көптеген сорттардың, штамдардың, тектердiң пайда болуы;

D) көптеген тектер мен сорттаррдың жойылуы;

E) тұрдiң пайда болуына әсер етедi;

164. Қашыр жөнiнен И.В.Мичуриннiң сорттары қай типке жатады?

A) гомозиготты;

B) химерлер немесе әртүрлi ұлпалар өсiмдiктер;

C) күрделi гетерозиготтар;

D) аралық фенотиптi гибрридтер;

E) солтүстiк аудандарға жерсiндiрiлген өсiмдiктер;

165. Қоршаған ортаның генетикалық активтiгi не мағынаны бiлдiредi?

A) ағза реакциясын анықтайды;

B) ағза тәртiбiн анықтайды;

C) модификацияны туғызады;

D) мутация жиiлiгiнiң көтерiлуiн туғызады;

E) ағзалардың жойылуына әкеп соғады;

166. Адамның даму теориясындағы жануарлар селекциясының алғашқы этапы не деп аталады?

A) көбею;

B) өсiру;

C) дақылдау;

D) жабайы түрден мәдени түрге айналдыру;

E) аулау;

167. Комбинативтi өзгергiштiктiң негiзiнде қандай биологиялық құбылыс жатыр?

A) митоз, су, тұқым қуалаушылық;

B) синтез, жыныссыз көбею;

C) хромосомалардың тәуелсiз ажырауы, кроссинговер немесе хромосомалардың айқасуы, гаметалардың кездейсоқ қосылуы;

D) трансляция, транскрипция дифференциялану генетикалық тепе-теңдiк жағдайдың бұзылуы, тұқым қуалаушылық;

E) дұрыс жауабы жоқ;

168. Фенилкетонурия ауруына шалдыққан адамдар сауығып кетуi мүмкiн, егер ол жастайынан тамақ жеу тәртiбiн сақтаса. Бұл кезде бiз қандай жағдайлармен соқтығысып тұрамыз?

A) модификациялық өзгеру индукциясымен;

B) Мутациялық өзгеру индукциясымен;

C) Алмасудың бұзылуы;

D) гендердiң рекомбинациясымен;

E) доминанттылық;

169. Организмнiң «реакция нормасың деген не?

A) организмдегi белгiлер жиынтығы;

B) организмдегi гендер жиынтығы;

C) белгiлердiң генетикалық табиғаты;

D) белгiлердiң фенотипiнiң көрiнуi;

E) белгiлердiң варияциялық шегi;

170. Гомологтық өзгергiштiк заңына сәйкес:

A) өзгергiштiгiне байланысты туыстас түрлердi салыстыруға болмайды;

B) туыстас түрлерде ұқсас өзгергiштiк қатарлары байқалады;

C) жақын туыс түрлерде қандай мутантты формаларының кездесетiнiн алдын ала айту мүмкiн емес;

D) әр түрлi түрлерде гомологтық өзгергiштiк болуы мүмкiн емес;

E) туыстас түрлердiң өзгергiштiк сипаты әр түрлi;

171. Қоршаған ортаның генетикалық активтiгi немен көрiнедi?

A) организмдер реакциясын анықтайды;

B) организмдер мiнез-құлқын анықтайды;

C) модификацияны тудырады;

D) мутация жиiлiгiнiң жоғарлауын тудырады;

E) бейiмделмеген организмдердiң жойылуынна әкелiп соқтырады;

172. Адамдарда болатын берiлген бес мутацияның қай түрi келесi ұрпақта қайталану мүмкiндiгi басым?

A) рецессивтi аутосомдық;

B) доминантты аутосомдық;

C) Х-хромосомадағы рецессивтi тiркес жыныспен;

D) У- хромосомадағы рецессивтi тiркес;

E) тұрақсыз;

173. Неге әрiден будандастыру гибридтердiң жиi ұрпақсыздығына әкелiп соқтырады, негiзгi генетикалық себебiн көрсетiңiздер?

A) ата-аналарында хромосомалар саны әртүрлi болғандықтан;

B) ата-аналарында хромосомалар модификациясы әртүрлi болғандықтан;

C) репродуктивтi (көбею) органдарының толық дамымағандығынан;

D) гибридтердiң тiршiлiк әрекетiнiң төмендеуiнен;

E) мейозда хромосомалар коньюгациясының бұзылуынан;

174. Қандай будандасу әрiден будандастыру деп аталады?

A) бiр түрдiң особьтары арасындағы;

B) бiр тұқымдар особьтары арасындағы;

C) бiр сорттар особьтары арасындағы;

D) бiр штамма особьтары арасындағы;

E) әртүрлi түрлер мен туыстар арасындағы;

175. Адам дамуы тарихы барысындағы жануарлар селекциясының бiрiншi кезеңiн не деп атайды?

A) көбею;

B) өсiру;

C) будандасу;

D) үй жағдайына үйрету;

E) аңшылық;

176. Гетерозис дегенiмiз не?

A) гибридтердiң гомозиготалылысы;

B) будандасу барысында пайда болған Ғ1-дiң продуктивтiлiгi мен тiршiлiкке төзiмдiлiгi;

C) гибридтер гетерозиготалылығы;

D) будандасу барысындағы ұрпақтардың алуан түрлiлiгi;

E) ата-аналар белгiлерiнiң комбинациялануы;

177. Қандай будандасу инбридинг деп аталады?

A) бiр түрдiң iшiндегi особьтар арасындағы;

B) бiр тұқымдас iшiндегi особьтар арасында;

C) бiр сорттар iшiндегi особьтар арасында;

D) әр түр iшiндегi особьтар арасында;

E) ағасы мен апасы арасындағы;

178. Қай әдiспен Г.Д.Карпеченко туыс аралық капусташомыр (редька) гибридiнiң жемiстiлiгiн қалпына келтiрдi?

A) өсуiне қолайлы жағдай жасады;

B мутация жиiлiгiн арттыру мақсаттарында өсiмдiктi сәулеге түсiрдi;

C) гибридтердiң хромосомалар санын екi еселендiрдi;

D) гибрид тұқым бермедi;

E) гибрид егiлетiн жер химиялық тыңайтқыштармен өңделдi;

179. Гендiк инженерияда қайта айналымды транскрипциядағы фермент қандай жағдайда пайдананылады?

A) гендердi көшiрiп жазуда;

B) m РНК-нi амин қышқылымен әсер еткенде ;

C) РНК матриясы бойынша ДНК-нi синтездегенде;

D) mРНК-нi синтездегенде;

E) ДНК матриясы бойынша РНК-нi синтездегенде;

180. Егер жақын туыс адамдар жанұя құрса неге олардың ұрпақтарында кемiстiк тұқым қуалау ауруының көбею қаупi болады?

A) жақын туыс адамдар жанұясы зиянды белгiлердiң пайда болуына ұшырайды;

B) мутация пайда юолады;

C) қан араласқаны үшiн жаза;

D) туыс адамдар өз ұрпақтарына гомозиготада ажыраған зиянды рецессивтi гендердi екеуi де тасымалдап ұрпақтарына беруi мүмкiн;

E) гетерозиготалылықтың көбеюi;

181. Өсiмдiктердiң гомозиготалық заттарындағы белгiлердiң түрленуi немен түсiндiрiледi?

A) мутациялармен;

B) модификациялармен;

C) жаңа гендiк комбинациялармен;

D) кроссинговер құбылысының болуымен;

E) көп гендердiң әрекеттесуi;

182. Өсiмдiктер вегетативтi жолмен көбейген кезде генотиптерi бiрдей болғанмен, белгiлердiң

генотипте байқалуы нелiктен әртүрлi болады?

A) жынысты көбеюдiң вегетативтi көбеюге ауысуынан;

B) модификациялық өзгергiштiктiң нәтижесiнде;

C) әртүрлi гендердiң жиынтығы нәтижесiнде;

D) гендердiң әрекеттесуiнен;

E) дұрыс жауабы жоқ;

183. Мутация құбылысын зерттеудiң практикалық маңызы неде?

A) жалпы бұл құбылысты анықтау;

B) селекцияда бастапқы материал ретiнде пайдалану;

C) ешқандай практикалық маңызы жоқ;

D) ағзаның өсуiн реттеу;

E) доминантты белгiнi басқару;

184. Клеткада (жасушада) жекелеген хромосомалардың жоғалуы немесе қосылуы есебiнен хромосом саны өзгерген. Бұл мутациялық өзгергiштiң қай түрiне жатады?

A) гендiк;

B) хромосомдық;

C) сомалық;

D) геномдық;

E) цитоплазмалық;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет