Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет265/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
 
 
Пайғамбарларға ілесіп, бойсұнғандарды Аллаһ тағала дүние 
және Ақырет кеңшілігіне бөледі, ал қарсы шыққандарды дүниеде 
алуан түрлі азаптармен қинады әрі оларды Ақыретте одан да 
үлкен қасірет күтіп тұр. 
Адамдар өмірде қиыншылықтар мен қасіреттерден түңілмес 
үшін Аллаһ тағала Өзінің ең сүйікті құлдары пайғамбарларды 
әртүрлі сынақтарға алып, бүкіл адамзатқа өнеге қылды. Мысалы: 
дағуатшы Аллаһқа шақыруда шаршамас үшін Нұхты мысалға 
келтірді. Ол елін тоғыз жүз елу жыл бойы талмай таухидке 
шақырды. Аллаһ тағала науқасқа шалдыққандарға Айюбты өнеге 
көрсетті. Ол он сегіз жыл бойы жан төзгісіз дертке сабырлық 
танытып, Аллаһқа шүкіршілік етті. Аллаһ тағала билік 
басындағыларға Дәуіт пен Сүлеймен пайғамбарларды мысалға 
келтірді. Ол екеуі Аллаһ берген патшалық пен мал-дүниені 
орынды жұмсап, Оған шүкір етушілерден болды.
Аллаһ 
тағала 
пайғамбарларын 
мұғжизалармен 
қалай 
қуаттағанының куәсі болдық. Мұғжизалар пайғамбарларға сол 
замандағы жағдайға ыңғайлас берілген. Мысалы: сиқыр дамыған 
тұста Аллаһ тағала Мұсаға олардың көзбайлау әрекеттерінен 
асып түскен асатаяқ мұғжизасын берді. Аттың сыры иесіне мәлім 
демекші, 
сиқыршылардың 
баршасы 
сәждеге 
жығылып, 
Жаратушының мұғжизасын мойындап, перғауынның қаһарынан 
қорықпастан иман келтірді. Емшілік дамыған тұста Исаға жансыз 
мүсінге жан бітіру, тума соқырлар мен алапестерді жазу, 
өліктерді тірілту сияқты мұғжизаларды сыйлады. Ал сөз өнері 
дамыған кезеңде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) Құранды 
түсірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құранды оқығанда, кеудесін 
соққан ақындардың өзі бір ауыз қарсы сөз айта алмай қалатын. 
Аллаһ тағала бүкіл адамзат пен жындарды бәсекеге шақырып
осы сияқты бір Құран әкеліңдер деді. Сосын оның он сүресіндей, 
сонан соң бір сүре болса да келтіріңдер деді. Қияметке дейін бұл 
мұғжизамен ешкім бәсекелесіп, бір сүре де құрастыра алмайды
өйткені бұл – Аллаһтың сөзі. 


295


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   266




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет