Патша өкіметінің саясатына қарсы шыққан


"Оян, қазақ!" кітабы тәркіленген



бет2/3
Дата14.12.2022
өлшемі23,46 Kb.
#162755
1   2   3
Байланысты:
Міржақып Дулатұлы ә
Индия, Metod Klinicheskaya famakologiya v pediatri i nefrologi detskogo vozrasta Klinicheskaya medicina Pediatriya-001, Жүктіліктің ықтимал белгілерін төмендегі тәсілдермен анықтайды-melimde.com
"Оян, қазақ!" кітабы тәркіленген
1906 жылы Дулатұлы Петербургке барып келгеннен кейін шығармашылыққа да ден бере бастайды. Қазақтың қамын ойлап жүрген қайраткер өлеңдерін де қазақтың мұң-мұқтажына арнаған.
Үш жылдан кейін сол Петербургте оның алғашқы кітабы жарық көреді - "Оян, қазақ!". Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: "Оян, қазақ!" деп ұрандаудан танбаған. Сондықтан, Дулатұлы халыққа не айтқысы келетінін өлеңінің алғашқы жолдарынан-ақ білуге болады:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты..
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.

Бұл кітап қолдан-қолға өтіп, тез тарап кетеді. Сол кезде Міржақып тергеу органдарының бақылауына түседі де, кітаптың таралуына тыйым салынады. Тек екі жылдан соң "Оян, қазақ!" қайта жарық көреді.
Кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Дулатұлының қай кітабын алсаң да, бәрі ел тағдырына арналған.
Міржақыптың шығармашылығындағы ең құнды туындылардың бірі - "Бақытсыз жамал" романы. Бұл қазақ тіліндегі тұңғыш роман еді. Мұнда ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры, сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы баяндалады.
Әдеби туындылардан бөлек, ұстаздық тәжірибесі бар ол оқушыларға арналған оқулық та шығарған. 1922-1926 жылдар арасында Дулатұлы отбасымен бірге Орынборда тұрған екен. Сол кезде өз шығармашылығына көбірек көңіл бөлген. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
1925 жылы Орынборда бастауыш мектепке арналған "Есеп құралының" төртінші бөлігі басылып шығады. Солардың бірі былтыр Павлодардағы мешіттің кітаптар қоймасынан табылған.

Кейін Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған бөлігі "Қазақ" газетін шығарып, соның төңірегіне топтасып, кейін "Алаш" партиясының ұйтқысы болды. М.Дулатов өзінің өмірбаяндық очеркінде: "...1913 жылдың бас кезінде мен Орынборға келдім. Сондағы ғалым-жазушы, өзімнің ұстазым, әрі ағам Ахмет Байтұрсыновқа сәлем бердім. Ұзақ кеңесіп қазақ халқына арнап газет шығармақшы болдық. Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейханов ағамыз толық қолдады. "Іске сәт"деп жұмысқа кірісіп кеттік", - дейді. М.Дулатов 1913 жылдан бастап Орынбор қаласында жарық көрген "Қазақ' газетінің екінші редакторы болып қызмет атқарады. Бұл қызметке кірісуге Орынбор губернаторының баспасөз басқармасы өзінің 1914 жылдың 19 - мамырдағы бұйрығымен рұқсат береді. Осы ұлттық басылым арқылы олар халықты оқуға, мәдениетке, көшпелі шаруаларды отырықшылыққа шақырып насихаттады. Патша өкіметі тарапынан жүргізіліп отырған отаршылдық саясатқа қарсы қоғамдық пікір қалыптастыруда айтарлықтай жұмыстар атқарды. Ұлттық баспасөздің негізін салушы, қазақ зиялы қауымы халыққа газеттің керегі қандай екендігін жан-жақты түсіндіруге тырысты.


1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында Алаш партиясы құрылды. Алаш партиясының құрылуы қазақ халқының өмірінде елеулі уақиға болды. Яғни, "олар Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдағы мемлекет емес, керісінше жалпы ұлттық мақсат-мүдделері негізінде құрылған дербес ел етуге ұмтылдыру болды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет