Павлодар облыстыў педагог мамандар



бет6/7
Дата09.12.2021
өлшемі173,5 Kb.
#78600
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Какеша М бағдарлама логика 5-9
тригонометрия бағдарлама 10-11 сынып
Оқушылар нені үйренеді:
5-сынып:

Математика логика негіздерін, логиканың пайда болу тарихын, математикалық логика, формальды логика ұғымдарын, сандық ребустар, сандар жиыны, күнтізбе есептері, тор көзді қағазда қию және жыинастырға, өлшеу, диаграмма, дирихле принципі, сыиқырлы квадратқа берілген есептерді шешу тәсілдерін үйренеді.

Жиын элементтеріне, ішкі жиынға, сан жиындарына қолданылатын амалдарды үйренеді.

6-сынып:

Ұғымның түрлерін, бөлінуін, абстракты және нақтылы ұғым, ақиқат және жалған ұғымды, қатысты, қатысты емес ұғымдарды біледі.

Өлшеу есептері, дирихле принципі, процентке берілген есептер, пропорцияға есептер, сыиқырлы квадрат, сандар тізбегі, сәйкестендіру және салыстыру, диаграмма, кестемен жұмыс, графикпен жұмыс жасауды үйренеді.

7-сынып:

Математикалық сөйлемнің жалпы түрлерін, математикалық сөйлемнің құрылымын, математикалық софизм, күрделі пікір, күрделі пікірге қолданылатын амалдарды, теорема, математикалық сөйлемнің қарсы позициясы ұғымын және символикалық амалдар, комбинаторика, алмастыру, көпмүшеліктер, жоғары дәреже, геометриялық есептер, дирихле принципі, графтар теориясы, комбинаторика есептері, ықтималдықтар теориясы, сандар қатары, сан тізбегіне берілген есептерді шешу тәсілдерін үйренеді.



8-сынып:

Пікір туралы түсінікті, және, немесе, емес, кері тұжырым, пікірге қолданылатын амалдарды, күрделі пікір, конъюкция, дизъюнкция, импликация, эквиваленттілік, анализ, синтез, ақиқат кестесіне амал қолдануды, геометриялық есептерді, графтар теориясы, комбинаторика есептері, ықтималдықтар теориясы, сандар қатары, сан тізбегіне берілген есептерді шығаруды үйренеді.



9-сынып: Тұжырым туралы түсінік, математикалық тұжырымның түрлері, логикалық формуланы түрлендіру, ақиқатты тексеру, сөйлем және пайымдау, ақиқат және құрама пайымдау, логикалық пайымдау, математикалық сөйлемге анализ жасау, аргументтер, дәлелдеудің құрылымы, дәлелдеудің тәсілдері. Сандар тізбегі, комбинаторика, алмастыру, теру, ықтималдықтар теориясы, сандар қатары, сан тізбегіне берілген есептерді шығаруды үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет