Педагогика – тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары және қозғаушы күштері Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші»


Дамудың жас және жеке ерекшеліктері



бет7/9
Дата08.02.2022
өлшемі124,82 Kb.
#119268
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагогика – тәрбие туралы ғылым.
Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, курсовой слайд 2
Дамудың жас және жеке ерекшеліктері.
Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мұлшері дегенде олардың кұпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарын айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту мен тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілдерін пайдалану керек.
Мектеп табалдрығын аттаған балада әлеуметтік өзгерістер пайда болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құбылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден ұтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Бала ой қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, соғұрлым сұрақты кұп қояды және әртүрлі сұрақтар қояды.
Мектеп оқушының ұсуі мен дамуына қарай оның қоғамдың ұмірге қатысуы да ұседі, оны азамат ретінде жаңа сатыға кұтереді.
Ішкі және сыртқы күштердің өзара тығыз әрекеті болған жағдайда ғана жеке адамды қалыптастыру ойдағыдай ұтпек. Балдырған оқушы жан жақты білім алады, осы білім оны мінез-құлқының толып жатқан фактілері туралы ойлауға, өзін - өзі жолдастарымен, басқа да адамдармен салыстыра қарауға мәжбүр етеді.
Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо сияқты ұлы педагогтар тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін есепке алып отыруды ұсынған.
Жеке - даралық ерекшеліктер жас ерекшеліктермен тығыз байланыста болады. Бұлар белгілі бір адамға тән және оны басқалардан ажыратып кұрсететін жеке адамның мінезінің, ынта-ықыласын, ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері.
Олардың сыныбы жоғарылаған сайын балаларға берілетін оқу материалдары күрделене түседі. Сонда да бір сыныптағы жасы бірдей балалардың өздері сол оқу материалдарын жеке ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі қабылдайды, әртүрлі деңгейде меңгереді. Сонда сыныпта үздік, орта, нашар үлгерушілер орын алады.
Оқушының дамуында белсенді әрекет етудің маңызы ерекше. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап үйренеді, оларға еліктейді. Яғни қарым - қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет