«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет63/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Глоссарий
Білім беру бағдарламасы – белгілі бір деңгей мен бағыттағы білімнің мазмұнын анықтаушы бағдарлама. Білім беру бағдарламасы жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) болып жіктеледі.
Жұмыс оқулығы – өтіп жатқан оқу курсы шеңберінде белсенді, үй тапсырмасы, семинар, тест және сынақ сабақтарына студенттің өз бетімен оқып дайындалуына арналған оқулық өнімі болып келеді. Жұмыс оқулығы сондай-ақ білім алушы оқу үрдісін, өзін-өзі бақылау, үй жұмысын өз бетімен орындаумен бірге жүретін барлық белгілерді жазып жүретін жұмыс дәптерінің қызметін атқарады. Жұмыс оқулығы қажет кезде компьютер сияқты электронды немесе принтерлі, баспаханалық жолмен болуы мүмкін. Осы жұмыс оқулықтарының негізгі айырмашылығы ақпаратты ұсыну мен қайта өзгертудің тәсілдері мен әдістерінен тұрады.
Реферат – қосымша талдау немесе автордың сыншыл ескертулерін қамтымайтын деректі жағдайлар мен қорытындылардан тұратын құжат мазмұнының қысқа да нұсқа баяндалуы.
Ғылыми мақала - белгілі бір тақырып бойынша шағын мөлшерлі ғылыми публистикалық шығарма.
Эссе- әңгімелік сөйлеуге бағдарланған еркін түрдегі автордың индивидуалды бағыты көрсетілген еркін композициялы және көлемі шағын прозалық шығарма болып саналады. Эссе – философиялық, тарихи-өмірбаяндық, публистикалық, әдеби сыншыл және беллетристикалық сипатта келуі ықтимал.
Жазбаша курстық жұмыс – студент бойында қалыптасқан теориялық білімін, тәжірибе дағдыларын, әдебиетпен жұмыс жасау, мәлімет көздерін талдау, шартты және негізгі қорытындылар жасау іскерлігін бейнелейтін оқып жатқан пән бойынша ғылыми талдау элементтері бар нақты тақырып бойынша өздік жұмыс болып саналады.
біліктілік жұмысы - нақты бір тапсырманы орындау барысында түлектің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын жүйелеп бекітетін ж»не кеңейтетін, оның мамандығының шешуші деңгейін сипаттайтын және кәсіби іс-әрекетіне қабілеттілігін дәлелдей түсетін арнайы бір мәселе бойынша жүргізетін түлектің қорытынды ғылыми-тәжірибелік жұмысы.
Нормативті құжат – көптеген пайдаланушыларға түсінікті, іс-әрекеттің белгілі бір түрі мен нәтижесіне қатысты ережелерден, жалпы ұстанымдар мен сипаттамалардан тұратын құжат.
Іскерлік – қатаң түрде берілген алгоритмдер мен ережелер бойынша орындалатын белгілі бір әрекеттерден тұратын сызбалық көрініс.
Білім базасының қисынды сызбасы – оқу пәні бойынша және осы пәнге ғана тән арнайы терминдер мен категориялардан көрінетін білім көлемінің сызбалық түрі.
Тренинг –іскерлік пен дағдыны жетілдіре түсуге арналған сабақ, жаттығулар.
Дағды –үнемі жаттығулар жолымен автоматтандырылған бұлшық ет әрекеті.
Глоссарий – түсініктер мен терминдердің түсіндірме сөздігі.
Түсінік – қайсыбір зат жайлы (құбылыс, күй) қисындандырылған жалпы ұғым.
Термин – арнайы, ғылыми немесе кәсіби түсінікті білдіретін сөз немесе сөз тіркесі.
Глоссарлық оқыту – кәсіби сөздікке енген түсініктер мен деректерді жүйелі жаттау.
Импритингті лекция – студентке оқып жатқан пән, оның даму тарихы, болашақпен байланысы жайлы жалпы ұғым беретін кіріспе оқу дәрісі.
Тезис – қайсыбір ой-пікірді немесе лекция, баяндама, шығарманың негізгі ойының бірін қысқаша баяндайтын ереже.
Конспект – мақаланың негізгі мазмұнын немесе мағынасын, әлде кітапты дәйексөз түрінде өз сөзімен қысқаша баяндау.
Категория –шынайы өмір құбылыстарының жалпы қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми түсінік.
Иерархия – тұтас нәрсенің бөлігінің жоғарыдан төменге қарай тәртіпте орналасуы.
Ұжымдық тренинг – студенттермен социумда (пікір-талас, рөлдік ойын, дөңгелек стол, іскерлік ойын, сұрақ-жауап т.б.) алдын ала дайындалған және бекітілген желімен жүргізілетін белсенді дәрісханалық сабақтар. Ұжымдық тренинг телекоммуникация көмегімен немесе құрастырылған әдіспен байланыстырыла да жүргізіледі.
Электронды тестілеу – (бақылау тестісі)- оқу кестесіне сәйкес немесе компьютер көмегімен бір, екі модуль бойынша өзін өзі жазу режимінде жүргізілетін білімді ағымдағы бақылау процедурасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет