Педагогика ғылымының шығу тарихы Орындаған: Айтбай Айгерім



Дата06.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#81126
Байланысты:
Педагогика ғылымының шығу тарихы
Документ (4), Документ (4), transfer-receipt-13 6129039969, Резюме в3

Педагогика ғылымының шығу тарихы

Орындаған: Айтбай Айгерім

Шетел тілі: екі шетел тілі

Топ:113

Жоспар: 1.Педагогика ғылымы 2. Педагогика ғылымының шығу тарихы 3. Педагогика ғылымының салалары

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.

Педагогикалық заңдылық: Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың дамуына, жағдай туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары. Педагогикалық зерттеулер қоғамдық дамудың жаңа дәуіріндегі тәрбие, білім беру мәселесі, және адамның жеке тұлға болып қалыптасуы, педагогиканың өз ішіндегі проблемаларымен байланысты қарастырылады. Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық құбылыстар мен шешімдердің, әртүрлі ғылыми проблемалардың оқу – тәрбиелік сипатын айқындауға бағытталған тәсілдер мен амалдардың белгілі бір жиынтығы .

Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.

Педагогиканың қазіргі кезеңдегі міндеттері Білім беру жүйесінің құрылымын жетілдіру, біртұтас үздіксіз, үзіліссіз білім берудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оны кешенді дамытып отыру. Ғылыми техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму дәрежесіне сәйкес ғылыми білім негіздерін оқытуда саяси мәдениеттілік деңгейін көтеру. Оқыту мен білім берудің, тәрбенің сапасын түбегейлі жақсарту. Арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайындағы жеке тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары мен мәнін зерттеу. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес оқыту мақсаты мен білім мазмұнын жетілдіру, сапалы төл оқулықтар шығару. Жеке тұлғаның қалыптасу заңдылығын зерттеп, оқушылардың танымдық, өзіндік жұмысымен өзін өзі басқару қызметін жақсарту. Озат тәжірибені, педагогика жетістіктерін іс тәжірибеге енгізу үшін ғылыми негізделген жүйе құру. Оқу мен тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдіру туралы әдістемелік нұсқаулар құрастыру. Психология, педагогика ғылымдарының теориялық, практикалық негізін игеру арқылы студент жастарды ұстаздық қызметтің өзіндік ерекшелігімен таныстыру, ұстаздық шеберлігін жетілдіру. Педагогикалық ұғымдармен, педагогика ғылымының негізімен таныстырып олардың бойында азаматтық қасиеттерімен ұстаздық сапаларды қалыптастыру, білім тәрбие беру жұмысына даярлау.

Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті.


Фрэнсис Бэкон

Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербарт, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.

Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді».

19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар: -жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді), -сәбилер мен мектепалды педагогикасы, -мектеп педагогикасы, -сурдотифло педагогика және олигофрено -педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді), -жеке пән әдістері, -Педагогика тарихы.

Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар: -мектептану, -отбасы тәрбиесінің педагогикасы, -басқару педагогикасы, -ішкі істер педагогикасы.

Дербес педагогикалық пән ретінде: -әскери педагогика, -жоғары мектеп педагогикасы, -кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы.

Пайдаланылған дерек көздері: 1.https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BA%D0%B0 2. https://martebe.kz/pedagogika-turaly-zhalpy-ym/



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет