Педагогика кафедрасының меңгерушісі


 Логопедиялық пунктегі жұмысты ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата02.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#117106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Логопед план
Баяндама, @10SYNYPBJB ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ЖМБ 10 СЫНЫП VK-10SYNYPBJB, 0001b389-65b50e33 (2), 1539334422, Лист тетради, Логопед әдістеме, Физика БЖБ ТЖБ ТАЛДАУ, 8 сынып 3 тоқсан БЖБ 1, Тапсыр-тимсс,пиза
Логопедиялық пунктегі жұмысты ұйымдастыру  

 



Логопедиялық пункт ауызша және жазбаша сөйлеу бұзылыстары 

бар  балаларға  көмек  көрсетеді:    жалпы  сөйлеу  бұзылыстары  (ЖСБ),  

фонетикалық-фонематикалық  бұзылыстар  (ФФБ),  сөйлеудің  фонетикалық 

бұзылыстары    (алалия,  дислалия,  дизартрия,  ринолалия),  соның  ішінде 

кохлеарлық  имплантты  балалар,  жазу  (дисграфия)  және  оқу  (дислексия) 

бұзылыстары, тұтығу.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  логопедиялық  пункке  ең  алдымен  

мектепке  дейінгі  жастағы    жасы  үлкен  балалар  мен  дайындық  тобының 

балалары қабылданады, сөйлеу кемістіктері олардың мектепте алатын білімді 

игеруіне  кедергі  жасайды  (фонетиклық-фонематикалық  және  жалпы  сөйлеу 

бұзылыстары бар  балалар).  

Мектептегі 

логопедиялық  пункке 

ең 


алдымен 

білім  беру 

бағдарламаларын  игеруге  кедергі  жасайтын  сөйлеу  қабілеті  бұзылған  1-2 

сынып  оқушыларын  қабылдайды  (сөйлеудің  жалпы  және  фонетикалық-

фонематикалық бұзылысыі, жазба қызметінің бұзылуы). 

 



Логопедиялық  пункке  қабылдау  үшін  сөйлеу  бұзылыстары  бар 

балаларды  анықтау  1  мен  15  қыркүйектің  аралығында  және  15  және  30 

мамыр  аралығында  жүргізіледі.  Сөйлеу  қабілеті  бұзылған  балаларды 

қабылдау  орынның  босауына  байланысты  жыл  бойы  жүргізіледі. 

Логопедиялық пунктен балаларды  шығару ауызша сөйлеу және жазу қызметі 

дамуындағы бұзылыстың алдын-алғаннан кейін жүзеге асады.  

 

Логопедиялық  пункке  қабылдау  мектепке  дейінгі  және мектепте 



оқитын оқушылар мен тәрбиеленушілердің сөйлеуін тексеру негізінде жүзеге 

асады.  Сөйлеу  бұзылыстары  болу  мүмкіндіктері  бар  балаларды  анықтау 




 

мақсатында  білім  беру  ұйымдарындағы  топтар  мен  сыныптардағы  барлық 



балаларды алғашқы жедел тексеруден өткізу жүргізіледі. Ол үшін тексерудің 

ауызша  және  жазбаша  әдістері  қолданылады  (сыныптағы  (топтағы) 

балалардың сөйлеуіне бақылау жасау, әңгімелеу, диктант және т.б.).  Сөйлеу 

бұзылыстары болу тәуекелі бар балаларды анықтауда логопедиялық кабинет 

жағдайында қайтадан күрделі логопедиялық тексеру жүргізіледі.  

 



 Сөйлеу  бұзылыстарына  ұшыраған  балалар  сөйлеу  бұзылысына 

байланысты  топтарға  бөлу  үшін  журналдарға  тіркеледі  (қосымша  1). 

Логопедиялық  пункке  тіркелген  әрбір  балаға  сөйлеу  картасы  толтырылады 

(қосымша  2).  

 

Логопедиялық  жұмысты  ұйымдастырудың  негізгі  формасы 



топтық  (шағын  топтық)  сабақтар  болып  табылады.  Балалар  жастық 

ерекшеліктері  және ортақ сөйлеу бұзылыстары қағидасы бойынша топтарға 

біріктіріледі. Келесідегідей топтар жиынтықталады:  

а)

 



Жалпы сөйлеу бұзылысы  (ЖСБ)  

б)

 



Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық бұзылысы  

в)

 



ЖСБ негізделген оқу мен жазу бұзылысы    

г)

 



ФФК негізделген оқу мен жазудың бұзылысы    

д)

 



тұтығу   

е)

 



дыбысты айту бұзылысы  (ФК)  

ЖСК және ФФК ие бір жастағы және ортақ жалпы сөйлеу кемістігі бар 

әртүрлі  жастағы  балаларды  топтарға  бөлуге  жол  беріледі    (ЖСБ  түзетудің 

бірінше деңгейінде). 

10 

 

Жекелей  сабақтар  ауыр  сөйлеу  бұзылыстары  бар  балалармен 



жүргізіледі:  дизартрия  және  алалиямен  көрінген  ринолалия.  Сөйлеу 

дағдыларын  қалыптастыру  шамасына  байланысты  балалар  топқа  қосылады. 

Топтардың  толығуы,  жалпы  сөйлеу  кемістігі,  фонетикалық-фонематикалық 

бұзылыстары,  сөйлеу  және  жазба  қызметтері  бұзылған,  дыбыстарды  айту 

қиындығы бар балалар – 4-6 бала, тұтығуы бар балалар – 2-3 бала.   



 

Логопедиялық  сабақтардың  кезеңділігі  сөйлеу  бұзылыстарының 



ауырлығымен анықталады.  Жалпы сөйлеу бұзылыстары  бар, жалпы сөйлеу 

бұзылыстарына  негізделген      сөйлеу  және  жазу  қызметтері  бұзылған, 

ринолалия  мен  дизартриясы  бар  балалармен  аптасына  3  рет  сабақ  жүреді.  

Тұтықпасы  бар  балалар,  дыбыстарды  айту  қиындығы  бар,  фонетикалық-

фонематикалық  сөйлеу  бұзылысы  және  фонетикалық-фонематикалық 

бұзылыстарға  негізделген  жазу  және  оқу  қызметтері  бұзылған  балалармен 

аптасына 2 рет сабақ жүргізіледі.  

Топтық  (шағын  топтардағы)  сабақтардың  ұзақтығы  балалардың  жасы 

мен  жекелей  мүмкіндіктеріне  байланысты  жүреді  және  мектепке  дейінгі 

логопунктерге арналған (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 17.05.2015 ж. 

№217  бұйрығы)  «Балаларды  мектепке  дейін  оқыту  мен  тәрбиелеу 

нысандарына  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарға»  және 

«Білім  беру  нысандарына  қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық 

талаптарға» сәйкес белгіленеді және мектепке дейінгі тәрбиеленушілер үшін 

мыналарды құрайды: екінші кіші топтарда – 15-20 минут, ортаңғы топта – 20-

25  минут,  үлкен  және  дайындық  таптарында  –  25-30  минут.    Жекелей 

сабақтардың ұзақтығы – 15-20 минут, мектеп жасындағы балаларға арналған 

топтық  (шағын  топтардың)  сабақтардың  ұзақтығы  –  35-40  минут,  жеке 

сабақтар – 20-30 минут.  

11 


 

Түзеу-дамыту  оқудың  ұзақтығы  сөйлеу  бұзылыстарының 

көрінісіне  байланысты  болады.  Фонетикалық-фонематикалық  бұзылыстары 

бар және фонетико-фонематикалық бұзылыстарға негізделген оқу мен жазба 

бұзылыстары  бар  балалар  логопедиялық  көмекті  жарты  жылдан  1  жылға 

дейін алады. Жалпы сөйлеу бұзылысына және фонетикалық-фонематикалық 

бұзылыстарға  негізделген  оқу  мен  жазба  бұзылыстары  бар  балалармен 

логопедиялық  пункте  2  жыл  жұмыс  жасайды.  Ауыр  тұтығу,  ринолалия, 

дизартрия  және  1  деңгейдегі  ЖСБ  ұшыраған  балаларды  түзете  оқытудың 

ұзақтығы 3-4 жыл.  




 

 Логопедиялық  пункте  бір  жыл  бойы  сөйлеуді  дамытуда  және  ауызша 



және 

жазбаша 


сөйлеудегі 

тұрақты 


бұзылыстарды 

(білім 


беру 

бағдарламаларын игеруге кедергі келтіретін) жеңуде оң қарқынның болмауы 

кезінде балалар,  ауыр сөйлеу бұзылыстарына ұшыраған балаларға арналған 

бағдарлама  бойынша  оқыту  мәселелерін  шешу    үшін  психологиялық-

медициналық-педагогикалық кеңеске жіберіледі.  

12 


 

Логопедиялық  сабақтар  білім  беру  ұйымының  басшыларымен 

бекітілген және тәрбиеші сабақтарының есебі арқылы құрылған сабақ кестесі 

бойынша жүргізіледі.  

Топтық (шағын топтардағы) және жекелей сабақтардың тақырыптары, 

сонымен  қатар  балалардың  сабаққа  қатысуы  барлық  топтарға  арналған 

сабаққа  қатысу  журналында  көрсетіледі.  Әрбір  топқа,  сыныптың білім  беру 

бағдарламасына,  жалпы  сөйлеу  бұзылыстары  бар  мектепке  дейінгі  жастағы  

балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  типтік  арнайы  бағдарламасына  сәйкес,  

мектепке  дейінгі  логопункт  жұмысының  болашақ  (тақырыптық  жоспарлау) 

жоспары құрылады.  

13 


 

Мектептегі  логопедиялық  пунктың  сабақтары  сабақтан  тыс 

уақытта  жүргізіледі.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  сабақтар  сабақтан  тыс 

уақытта  немесе  «Сөйлеуді  дамыту  және  сауаттылыққа  баулу»,  «Көркем 

өнер»,  және «Құрастыру» сабақтары кезінде жүргізіледі.  

14 


 

Логопедиялық  сабақтардың  нәтижелері  сөйлеу  картасында 

белгіленеді  және  бұл  мәліметтер  педагог-тәрбиешіге,  сынып  жетекшісіне 

және  ата-аналарға  (заңды  өкілдерге)  жеткізіледі.  Балалардың  логопедиялық 

пункте  болатын  сабақтарға  міндетті  түрде  қатысу  жауапкершілігі  және 

қажетті  талаптарды  орындауы  логопед-мұғалімге,  білім  беру  ұйымдарының 

логопедтері мен ата-аналарға (заңды өкілдері) жүктеледі.  

15 


 

Логопедиялық  пункт  үшін  түзеу  сабақтарын  өткізуге  қажетті 

жихаздармен,  логопедиялық  жабдықтармен,  дидактикалық  көмекші 



10 

 

құралдармен,  оқу-әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  етілген  жеке 



кабинет бөлінеді (Қосымша 3).  

16 


 

Балалардың  психофизикалық  даму  ерекшелігін  анықтау  үшін 

және  оның  қажеттілігі  жағдайында,  ата-аналарының  рұқсатымен  логопед 

балаларды  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңеске  немесе 

медициналық  ұйымдардың  дәрігер-мамандарына  (невропатолог,  психиатр, 

отоларинолог) жібереді.  

17 

 

Ауданда,  қалада,  облыста  бірнеше  логопедиялық  пункт  болса 



білім  беру  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  институттарында  немесе 

аудандық,  облыстық  әдістемелік  кабинеттерде  логопед-мұғалімдердің 

әдістемелік бірлестіктерін құруға болады.  

18 


 

Логопед-мұғалімдердің 

әдістемелік 

бірлестігін 

басқару 

аттестация  қорытындысы  бойынша  білім  басқармасының  органымен 

тағайындалатын аға әдіскер мұғалімнің біріне жүктеледі.    



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет