Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары



Дата08.02.2022
өлшемі14,36 Kb.
#123828
Байланысты:
педагоги калық қолдау
akt, 2 модуль без вариантов, Киім тігу шеберханасын ашу


Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне  ұйымдастыру жолдары
Тәрбие үдерісінің нәтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тәуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық әрі 
кәсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу және нақты іс әрекеттік көмек көрсету;
адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;
ауытқуға бейім қылықәрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты әрекеттердің ерекше түрі;
- келеңсіз мінез әрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жәрдем беру;
- баланы басшылықты жетекке алу;
- тәлім-тәрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;
-балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тәрбие шеңберін үйлестіруге 
бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.
Педагогикалық қолдау – бұл: а) тәрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тәрбиеленушілерге қол ұшы жәрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мәні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға және ұтымды нәтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жәрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бәріне көмек көрсету; әрқандай тәрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тәрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тәрбиешінің кәсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса кеңес беру; тәрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тәрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шәкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау және т.б.
Педагогикалық қолдау: 
1) тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп, азаматтың өзгеріс- терін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген  нәтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
- субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша  еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жәрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны   күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тән-денелік, психикалық, арақатынастық); білім және тәжірибе жетіспеуі;
- объектив (әлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (әлеуметтік орта – мұғалімдер, әкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы және басқалар).
- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы және т.б.).

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет