Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик


Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері



бет11/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия
www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 9 б класс туралы малимет, Анест исправ 2021
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:

  • Қайталанатын ағымда негізгі курстан соң – қолдаушы ем нитрофурандар 2 мг/кг 1 рет түнде, ұйқыға жатар алдында, қайталанбаған жағдайда 4 аптаға дейін қабылданады.
    Туабіткен даму аномалиясына күдік болса – цистография, уролог консультациясы.



    Пиелонефрит – интерстиция, өзекшелер жəне бүйрек тостақшалық - түбекшелік жүйесінің зақымдалуымен өтетін бүйректің микробтық - қабынулық ауруы.
    Балалардағы пиелонефрит симптомдары
    Балаларда пиелонефрит инфекционды ауру болғандықтан, келесі симптомдар тән:
    жалпы инфекциялық –t 38◦С дейін жоғарлауы, тоңазу, интоксикация (бастың ауруы, құсу, тәбеттің болмауы) бұлшықеттердің ауырсынуы
    жергілікті – зәр шығарудың жиілеуі мен ауырсыну сезімінің болуы (процесте қуық зақымдалған кезде ) іштегі ауырсыну, бел мен бүйірдің ауырсынуы (паренхима ісінген кезде, капсуланың керілу әсерінен болады).
    Өмірінің бірінші жылдарында клиникалық жалпы инфекциялық симптомдар орын алады. Омыраудағы балаларда құсу, тәбеттің жоғалуы, дәреттің бұзылуы, терінің бозаруы; жоғары температура кезінлде нейротоксикоз және менингиальды симптомдар пайда болады. Үлкен жастағы балалар іштегі ауырсынуға, әсіресе жиірек маңайында (ауру мүшеден қасағаға иррадиация береді) ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну несепағар бойымен келіп, жамбас және шапқа қарай тарайды. Ауырсыну синдромы әдетте әлсіз немесе шамалы айқындалады, егер процеске бүйрек маңайы клеткасы енсе, ауырсыну күшейе түседі.
    Созылмалы пиелонефриттің балалардағы асқынуы әлсіз симптомдармен сипатталады. Соңғы жағдайда тек мақсатталған түрде анамнез жинау бел аймағындағы шамалы ауырсынуға, «себепсіз» субфебрилитетке, зәр шығарудың айқын емес бұзылыстарына (императивті шақырулар, сирек энурез) деген шағымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Жиі жалғыз шағым инфекциялық астенияның дамуы болып табылады – тері жабындарының бозғылттығы, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ерте жастағы балаларда – дене салмағының төмендеуі және өсудің баяулауы.
    Пиелонефритке ісіну синдромы тән емес. Керісінше, өршу кезіндегі қызбадан сұйықтықтың жоғалуы, құсу және бүйрек концентрациялық қызметінің төмендеуі мен полиурия салдарынан болатын эксикоз белгілері байқалады. Бірақ, соған қарамастан кейде таңертеңгі уақыттарда қабақтардың аздап ісінуі байқалады (ол су-электролит тепе-теңдігінің реттелуінің бұзылыстары салдарынан).
    Артериалды қысым жедел пиелонефрит кезінде өзгермейді (жиі оның жоғарылауымен жүретін жедел гломерулонефриттің соңымен салыстырғанда). Артериалдық гипертензия – нефросклероз бен ағза қызметінің үдемелі төмендеуі дамыған жағдайда созылмалы пиелонефриттің серігі және асқынуы. (мұндай жағдайда АГ жиі тұрақты және қатерлі сипатқа ие болуы мүмкін).
    Жалпы балаларда пиелонефриттің арнайы симптомдары аз, сондықтан оның диагностикасында лабораторлы симптомдар шешуші орын атқарады, әсіресе жалпы зәр анализіндегі өзгерістер мен бактериологиялық зерттеулер нәтижесі.
    Балалардағы пиелонефриттің лабораторлы белгілері
    Бактериалды лейкоцитурия – зәр шығару жолдарының инфекцияларының басты лабораторлы симптомы (зәрде нейтрофильді лейкоциттер мен бактериялардың басым анықталуы). Науқастардың көбінде аурудың өршуі немесе ПН асқынуы кезінде тұнба микроскопиясында көру алаңында >20 лейкоциттер анықталады, алайды олардың саны мен аурудың ағымының ауырлығы арасында тікелей байланыс жоқ.
    Протеинурия жоқ немесе шамалы (<0,5-1 г/л). Балаларда пиелонефрит кезінде ол гломерулярлы тосқауылдың өткізгіштігінің бұзылыстарына байланысты емес, проксималды каналшаларда ақуыздың кері сіңірілуінің бұзылысынан туындайды.
    Әртүрлі айқындылықтағы эритроцитурия бірқатар науқастарда дамуы мүмкін, және оның себептері әртүрлі:
    Қабыну үрдісіне қуықтың шырышты қабатының қосылуы;
    Несептас ауруы;
    Қабыну үрдісінің жоғарғы белсенділігінде бүйрек қантамырларының жаншылуы салдарынан венозды өрімдерден қан ағысының бұзылуы және олардың жыртылуы;
    Бүйрек құрылымының бұзылыстары (поликистоз, қантамырлар аномалиясы);
    Бүйрек емізікшесінің некрозы.
    Гематурия ПН диагнозын қоюға аргумент бола алмайды, алайда оны терістеуге де мүмкіндік бере алмайды (осындай жағдайларда оның себебін анықтау үшін қосымша зерттеу қажет).
    Цилиндрурия – тұрақты емес симптом: гиалинді немесе лейкоцитарлы цилиндрлердің шамалы санын анықтайды
    Зәрдің pH өлшеу. Қалыпты жағдайдағы зәрдің қышқыл реакциясы зәр шығару жолдарының инфекциялары кезіде күрт сілтіліге өзгеруі мүмкін. Алайда ондай өзгеріс басқа да жағдайларда кездесуі мүмкін: тағаммен сүт және өсімдік өнімдерін көп мөлшерде қабылдау, бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек каналшаларының зақымдануы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет