Пейзаж. Жыл мезгілдері г. С. Жұмаева, М. М. Бимедеуова



Дата26.06.2018
өлшемі21,74 Kb.
#45004
ПЕЙЗАЖ.ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ
Г.С.Жұмаева, М.М.Бимедеуова

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қаласы.,

zhumaeva.gulvira@mail.ru



Ғылыми жетекші: А.С.Бекбергенова
Біздің заманымыздың басты негізгі мақсаттарының бірі – адамды жан-жақты тәрбиелеу және жан-жақты дамыту. Мұнда этика – эстетика тәрбие басты рөл атқарады.

Эстетикалық тәрбие адам дамуына үлкен рөл атқарады және қазіргі кезде өте күрделі үрдіс болып саналады. Эстетикалық тәрбие еңбек, табиғат және көркем шығармашылықты қалыптастырады.

Сурет немесе бейнелеу өнері-заманнан адам баласының рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Сурет салуды сүю өмірді, табиғатты, қоршаған ортаны сүю, ол адамның ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді.

Сурет өнері - оқушылардың сана-сезіміне көркем құндылығын қалыптастыруды, шығармашылық бейнелеу өнеріне қызығушылықты, әдемілікті таныта білуді өз алдына мақсат етіп қояды. Балаларда мейірімділікті, жылы шырайды, барлық әсемдікті сүюді, көркемдік дәмді, шығармашылық белсенділік пен пайымдауды дамыту мен оларға өзінің халқының эстетикалық және көркемдік мәдениетке бағдар беру-күрделі де басты міндеттердің бірі болып табылады, оны шешуге көмек көрсетуде бейнелеу өнері маңызды рөл атқаруы мүмкін. Солардың ішінде эмоцианалды жанрлардың бірі - «пейзаж жанры».

Пейзаж оқушыларға эстетикалық тәрбие береді, өйткені пейзаж адамның туған жеріне, табиғатына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады.

Суретші табиғатты бейнелеген кезде өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі, нақты береді. Алғашқы табиғат бейнелеуші суретшілерде табиғатты ғажайып әсемдігінен, шындығымен бере білген. Мысалы: әйгілі орыс суретшісі И.К.Айвазовскийдің теңіз тақырыбына салған «Тоғызыншы толқын» атты шығармасын алып көрейік. Ол күнмен бірге тұрып, таңертеңгі астан кейін өзінің қолына қылқаламын алған. Суретін түске дейін салып, одан кейін барып теңіз жағалауында дем алуды жөн көрген тынығып алып, кешке дейін жұмысын жалғастырған. И.К.Айвазовскийдің ішкі жан дүниесі мен еңбекқорлығы ерекше таңқалдырады. Ол бірнеше күндер бойы жалғыз өзі кеменің үстінде отырып, теңіз жағалауында сурет салған екен [1].

Пейзаж – ұзақ уақыт бойы екінші дәрежелі болып саналып келген. Ол суреттің шеберлігін, күрделі композициялық шешімдерді талап ететіндей түстік палитрасы шектеулі. Бірақ бұл тек сыртқы белгілерге негізделген болжаулар ғана. Пейзаждың жоғары шеберлікті талап ететін терең мазмұнды тең жанр болып табылатындығын көптеген мысалдар дәлелдейді.

Пейзаж француздың сөзі paysage (pays – ел, жергілікті жер) сөзінен шыққан. Пейзаж бұл бейнелеу өнерінің жанры. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде (ҮІІ-Х ғасырларда), сондай-ақ Европада дамыған. Европалық живописьте ол ХҮІІ ғасырда, алдымен Италияда пайда болды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі ХІХ ғасырдың соңында жақсы өркендеді. (И.Левитан, К.Коровен, Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер).

Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларынан шыққан үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сол күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнелейді.

Біздің атақты маринистіміз Айвазовскийде «теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия, сырлы тұңғиық» - деп айтқан.

Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл-күйін береді [2].

Осының үстіне, мәңгілік табиғат тіршілігіне уақыт өтуіне бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады.

Пейзажда жергілікті жерлердің, сәулеттік құрылыстардың, қалалардың, теңіз көріністерінің нақты немесе өзгерген түрлері қайта өндіріледі.

Көбіне пейзаж кескіндемелік, графикалық, мүсіндік жанрлардың көрінісі болады. Адамды қоршаған табиғат құбылыстары мен нысандарын бейнелей отырып, суретші өзінің табиғатқа қатысын, оның қоғаммен қабылдануын білдіреді. Осыған сәйкес пейзаж сезімталдық пен елеулі түрдегі мазмұнды алады.

Таңданарлық сияқты болғанымен айта кетерлік, өзіне қарап тұрып пейзаждың суретін салу жаңа бастаған суретші үшін – натюрморттың тіпті адамның суретін салуға қарағанда неғұрлым қиын міндет. Бірнеше ерекшелік – күн мезгілі мен ауа райын байланыстыра өзгеріп отыратын күшті табиғи жарық. Тіпті бір мезгілдің өзінде белгілі бір заттың өзін суретші оған қай жағынан – солтүстіктен, оңтүстіктен, шығыстан немесе батыстан қарағанына біз тіпті басқаша қабылдаймыз.

Кез-келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, ағаштар болып келеді. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен осы элементтерді, әсіресе ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады – барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлт өзіне тән формаларын жоғалтады.

Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір зат, әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуге тиіс. Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу қажет.

Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі, нақты береді. Алғашқы табиғатты бейнелеуші суретшілерде табиғатты ғажайып әсемдігімен, шындығымен бере білген. Суретшілер шығармаларын көріп қабылдауда суреттегі табиғат көрінісі, заттар тобы, оқиғалар, адамдардың көңіл-күйі, яғни қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа икемдігін түсіне отырып, оқиғаға әсерленуін, сүйіспеншілігін, реңішін аңғару қажет.

Табиғатты бейнелеу үшін сурет шығармаларында жаратылыстың сұлу заттары адам жанына сұлулық сезімдерін оятып, тебіреніс әсерін туғызады. Алғашқы табиғатты бейнелеуші суретшілерде табиғатты ғажайып әсемдігімен, шындығын бере білген. Суретші И.Левитанның «Алма ағашы гүл жарғанда» атты шығармасынан қарап көруге болады.

Табиғат көрінісін, ондағы тіршілік пен құбылыстарды барлық суретшілер бейнеледі. Ал соның ішінде тек қана табиғатты бейнелеуге өзінің шығармашылық өмірін арнаған суретшілер де бар. Олардың қатарына Қазақстан суретшілерінен Ә.Қастеев, Ү.Әжиев, Ә.Ысмайылов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев сияқты бейнелеу өнері қайраткерлерін жатқызуға болады.

Табиғаттағы көріністердің, заттардың, адамдардың өздеріне тән сұлулығы болады. Оны сезіне білу керек. Мысалы: Ә.Қастеевтің «Медеу шатқалы», Ү.Әжиев «Ассы жайлауы», К.М.Шаяхметов «Жер туралы декрет», А.Ғалымбаева «Менің қаламда», Қ.Телжанов «Көкпар», М.Кенбаевтың «Асауға құрық салу», И.Левитанның «Күз» тақырыбындағы суреттері шебер орындалған.

Қазақстан суретшілерінен ерекше атап өтер ол әрине Ә.Қастеев. Қастеев әрбір көркем кеңістік пен уақыт қатынастарын бейнелеуге дәл шешім таба білді. Суретші ғажайып шығармашылығымен туған халқын ыстық ілтипатқа бөледі. Өз өмірінде өшпес із қалдырған шыншыл суреткердің көркем туындылары көмескіленбей, күндей жарқырап нұрын төге түсуде. Әбекең - өз елінің, табиғатының сұлулығын, адамдарының даралығы мен даналығын дәл бейнелеген суретші. Жер анадан жаралған үлкен суреткер тылсым табиғатты бейнелеуде оған жан бітірді. Оның шығармасының талғамы терең, өрісі кең: онда тарихи тақырып шығармалары да, өзгерістер дәуіріндегі тұрмысын бейнелейтін жанрлық картиналар да молшылық [3].



Бейнелеу өнерін бедерлеуге үн қосқан талантты суретші Әбілхан Қастеев халқының өмір тұрмысын қаз-қалпында бейнелейді. Халық өміріндегі салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, түрлі ырымдар суретші өнерімен тығыз байланысты. Бала жастан бойына сіңірген тұжырым жинақтаған тәжірибесі ұлттық намысын жандандыра түсті. Әбілхан Қастеев шығармалары халықтық дәстүрге бай. Ұлттық өрісі биік Әбілхан Қастеев жасандылықты жаны сүймеген, көргенін сол қалпында бейнелеген табиғи суретші. Көрер көзді сүйсіндірген, көркемдікке толы туындылары әрбір адамда ұлттық сезім туғызады. Әбілхан Қастеевке тән бұрынғы қасиеттерінің бәрі – эпикалық ауқымдылық пен бейнелеу нәзіктігі, бояудың тазалығы мен сезім шынайылығы – кейінгі туындыларында да талғам биіктігімен, бейнелеу дәлдігін айырықша қатаң сақтаушылықпен және көңіл күйін көтеріңкі етіп бере білу мен толыға түсті. Әбілхан Қастеев – этнограф әрі зерттеуші, зергер суретші. Өйткені оның ұлы тұлғаларды көркем шығармада кереметтей бейнелеп көрсетуі бізді бабаларымызбен тікелей жүздестіргендей болады. Бейнелеу өнері болашақ жастардың сана-сезімін дамытуға, қызығушылығын арттырып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Пейзаж жанр арқылы жастарды елді сүюге, табиғатты қорғауға, әдемілікті түсінуге үйретуге болады. Міндетті түрде адам мен табиғаттың бойындағы сұлулықты сезініп түсінуге мүмкіндік туғызатын бірден-бір тәрбиені ата-ана мен мұғалімдер беретін болса, әсіресе ұлттық нақыштарға иллюстрация, суретшілерімен жоғары деңгейде өтетін практикалық білім беру мен бірге қызықты да тартымды етіп өткізсе, оқушының сабаққа деген ынтасы, сұлулыққа деген сұранымы жоғары болады.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Әубәкір Ысмайлов. Алматы, «Өнер» баспасы,1985 ж.

  2. А.С. Щипанов. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге». Алматы, «Мектеп», 1989ж.

  3. Ә.Қанапин. «Қазақстан мәдениеті жаңа кезеңде». Алматы, «Қазақстан» баспасы,1968ж.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
2016-04 -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
2016-04 -> Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті
2016-04 -> Кескіндеме өнерінің шығу тарихы
2016-04 -> ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы
2016-04 -> ТӘкен әлімқҰловтың ӘҢгімелеріндегі өнер адамдарының бейнесі жайнарбаева Назгуль Нурланқызы
2016-04 -> Өздік жұмыстар арқылы бастауыш сыныпта еңбек тәрбиесін беру тұрсынбай Е. Р
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Қазақ ауыз әдебиеті мен антикалық Әдебиет дәуіріндегі фольклористиканың Өзара үндестігі
2016-04 -> Орта буын оқушыларының диалогтік сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы ауызекі жағдаяттардың рөлі. Мұқан А.Қ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет