Пән бойынша дәріс тезістері еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері Еңбек



бет6/24
Дата28.03.2023
өлшемі62,31 Kb.
#173125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
дәріс Еңбек құқығы(5) 3
модель участия АОФМШИ им. Ш.Смагулова, 5- задание. 2, 5- задание.
еңбек шартының мерзімі
Жеке еңбек шарты колданылу мерзіміне қарай: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Шарттың накты мерзімі қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша белгіленеді.
Белгілі мерзімге жасалған шарт белгісіз мерзімге жасалған шарттан тараптар үшін шарт мерзімі біткен кезде қандай да болмасын себептерді көрсетпестен енбек қатынастарын тоқтату мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне жасалған шарттар белгілі бір мерзімдік шарттардың бір түріне жатады, бірақ, бұл жағдайда шарт жасасу кезінде оның мерзімі накты күнтізбелік кезеңмен шектелмей, белгілі бір жұмыстын аякталуына байланысты қойылады.
Шарт белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына немесе уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына, жұмыстың аякталу мерзімі шамамен ғана белгіленуі мүмкін болғанда жасалады (мысалы, қызметкердің ауруы, накты объекті құрылысының аяқталуы, т.б.).
Белгісіз мерзімге жасалған жеке еңбек шарты қызметкердің ешқандай мерзіммен шектелмей, тұракты жұмысқа қабылданғандығын білдіреді. Ал белгілі бір мерзімге жасасқан жеке шартының накты қолданылу мерзімінің шегі Қазақстан Республикасының зандарында белгіленбеген. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Шарт күшінің мерзімі біткенде тараптардың келісімі бойынша үзартылуы немесе жаңа мерзімге жасалуы мүмкін.
Еңбек шартындағы (контрактісіндегі) тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын жағдайларды еңбек шартынын мазмұны дейді.
Еңбек заңы шартты жазбаша жасау міндетгі болып табылатынын белгілейді және ол еңбек қатынастарының жариялылығына, тиімді кадр саясатын жүргізуге, қызметкердің қабілеті мен кәсіби біліктілігін ескере отырып, оның бастамашылығы мен дербестілігі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге, тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетуге, кызметкердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуына бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет