Пән бойынша негізгі ұғымдар, анықтамалар тізімі (глоссарий) абж



бет3/3
Дата01.04.2017
өлшемі462,86 Kb.
#12894
1   2   3

Дәріс 3
Қысымды өлшеу. Қысымды бақылау, қысымдардың айырмашылығы мен сиреуі.
Қысымның қысқаша сипаттамасы. Өлшем бірліктері. Құралдардың әрекет ету қағидасы бойынша және өлшенетін шаманың түріне қарай жіктелуі. Сұйықтықты, форма өзгеру және электрлік манометрлер.
Қысым ауданда біркелкі таратылған күштің және осы ауданның шамасына қалыпты таратылған қатынасымен сипатталады. Аппараттағы абсолютті қысым деп оның қабырғаларындағы газ немесе сұйықтықтың толық қысымын түсіндіріледі; Рабсатм болғандағы оның (Рабс.) және атмосфералық қысым (Ратм) арасындағы айырмашылық артық қысым Рарт деп аталады:

Рарт = Рабс - Ратм,

ал Рабсатм кезінде сиреу Рһ болады:



Рһ = Ратм - Рабс.

Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) қысым бірлігі паскаль (Па) болып табылады. Сондай-ақ келесі бірліктер қолданылады: кгс/см2; су.бағ.мм; сын.бағ.мм; (1 кгс/см2 = 9,8·104Па; 1 су.бағ.мм = 9,8 Па; 1 сын.бағ.мм = 133,3 Па).



Әрекет ету қағидасы бойынша қысымды өлшеу құралдары сұйықтықты, форма өзгеруші, жүк поршеньді және электрлік деп бөлінеді. Өлшенетін шаманың түріне қарай келесі құралдарды ажыратады: 1)манометрлер – артық қысымды өлшеу үшін; 2)вакуумметрлер – сиреуді өлшеу үшін; 3)мановакуумметрлер – артық қысым мен сиреуді өлшеу үшін; 4)тегеурін өлшегіштер, тарту күшін өлшегіштер және тарту күші мен тегеурін өлшегіштер – аз ғана артық қысым мен сиреуді өлшеу үшін (бірнеше кПа-ға дейін); 5)дифференциальды манометрлер (дифманометрлер) – қысымның ауытқуын (айырмашылығын) өлшеу үшін.

Сұйықтықты манометрлер. Бұл құралдарда өлшенетін қысым немесе сиреу, жұмыс сұйықтығының бағаны ретінде сынап, су, спирт және басқалары қолданылатын бағанның гидростатикалық қысымы теңгеріледі. Әртүрлі сұйықтықты манометрлер бар: U-бейнелі манометр, табақшалы манометр және еңкейтілген тұрбасы бар манометр, көрсеткіштерді тіркеуге және қашықтыққа беруге мүмкіндік беретін қалтқылы және қоңыраулы манометрлер.

ДТ-50 дифманометр (1 сурет) техникалық өлшеулер, қысымның айырмашылығын өлшеу үшін тағайындалған. Ол бір-бірімен өзара қақпақ арқылы хабар алмасатын екі әйнекті өлшегіш түтікшелер 1 түрінде орындалған және металлдан жасалған оправаға салынған U-бейнелі манометр.


1 сурет. ДТ-50 дифманометрі

Форма өзгертуші манометрлер. Бұл құралдарда өлшенетін қысым мен сиреу, формасының өзгеруі өлшенетін параметрге пропорционал болатын әртүрлі сезімтал элементтердің серпінді қарсы әрекет ету күшімен теңгеріледі, рычагтар арқылы тілсызыққа немесе құралдың қаламына беріледі.

Артықшылықтары: 1) құрылымының қарапайымдылығы мен сенімділігі; 2) көрсеткіштердің көрнекілігі; 3) көлемінің кішілігі; 4) жоғары дәлдігі; 5) өлшеудің кең мүмкіндіктері.

Сезімтал элементтер ретінде бір орамды түтікшелі серіппе, сильфон, мембраналы қорапша, көр орамды түтікшелі серіппе, босаң мембрана, қатты мембрана қолданылады.



2 сурет. Бір орамды түтікшелі серіппесі бар түтікшелі-серіппелі манометр


3 сурет. ДМ мембраналы дифманометрі
ДМ мембраналы дифманометрі (3 сурет) екінші дифференциальды-трансформаторлы құралдармен жұмыс жасайтын, индукциялық датчигі бар шкаласыз құрал болып табылады. Ол сұйықтық, бу және газдың артық қысымын, сиреуін немесе төмендеуін қашықтан өлшеу үшін тағайындалған. Дифманометрдің сезімтал элементі корпусқа орналастырылған және мембраналы қорапшалардан тұратын мембраналық блок болып табылады.

Жүк поршеньді манометрлер. Бұл құралдарда өлшенетін қысым, анықталған ауданның поршеніне әсер ететін жүктеменің шамасы бойынша анықталады.

Артықшылықтары: 1)жоғары дәлдік (0,02; 0,05; 0,2); 2)өлшеудің кең диапазоны (0,1-250 МПа). Әдетте, оларды шкаланы бөліктеу және форма өзгертуші манометрлерді тексеру үшін пайдаланады.

МП-60 жүк поршеньді үлгі манометрі бір орамды түтікшелі серіппесі бар техникалық манометрлерді тексеру үшін тағайындалған (4 сурет).

4 сурет. Жүк поршеньді үлгі манометрі
Электрлік манометрлер. Бұл құралдардың әрекеті қысым түрлендіргіштің электрлік парамтерлерінің өлшенетін қысымның шамасынан тәуелділігіне негізделген. Оларға мыналар жатады: 1) пьезоэлектрлік манометрлер; 2) кедергі манометрлері; 3) ионизациялық манометрлер; 4) радиоизотопты манометрлер.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


Атырау политехникалық колледжі

Бекітемін

Оқу ісі жөніндегі директордың

орынбасары ___ Сейітқалиев М. Ә.

«____» ___________ 2008 ж.



Жұмыс оқу бағдарламасы

«Автоматтандыру және ТПБАЖ негіздері» пәні бойынша


Мамандығы: «251002 - Өнеркәсіптік жабдықтарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу»


Кәсіби оқу орындары үшін типтік оқу бағдарламасының негізінде жасалды,

2002 ж.

«Қаралды»

айналымдық комиссиясының отырысында

мұнай - химиялық пәндер АКТ

«____» ____________ 2008 ж.

__________________ О. Д. Вельк.

Дайындаған: А. К. Ахпанбетова



Атырау қ., 2008 ж.

1.Тақырыптық жоспар және пәннің мазмұны
1.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тараулар мен тақырыптардың атаулары

Оқу уақытының саны

Барлығы

Теориялық

Практикалық




Кіріспе

2

2

-




1 тарау. Технологиялық параметрлерді автоматты бақылау










1.

Метрология негіздері мен автоматты бақылау жүйелері

2

2

-

2.

Қысымды бақылау

6

4

2

3.

Материалдың санын және шығындалуын бақылау

6

4

2

4.

Сұйықтық пен қатты төгілетін материалдар деңгейін бақылау

4

4

-

5.

Температураны бақылау

4

4

-

6.

Сапалық көрсеткіштерді бақылау

6

4

2




Тарау бойынша қорытынды:

28

22

6




2 тарау. Автоматты реттеу










1.

Автоматты реттеу туралы жалпы түсінік

4

4

-

2.

Автоматты реттегіштер мен орындаушы құрылғылар

6

6

-




Тарау бойынша қорытынды

10

10

-




3 тарау. Технологиялық процестерді автоматтандыру










1.

Басқару нысаны мен басқару жүйесі

4

4

-

2.

Автоматтанлыру жүйесін жобалау туралы негізгі түсініктер

4

2

2

3.

Негізгі химиялық-технологиялық процестерді автоматтандыру

12

8

4




Бақылау жұмысы

1

1

-




Тарау бойынша қорытынды:













4 тарау. Автоматтандырылған басқару жүйелері










1.

ТПБАЖ-дың негізгі анықтамалары

3

3

-

2.

ТПБАЖ-дың ішкі жүйелері «Жабдық жұмысын бақылау»

2

2

-

3.

Бағдарламалы басқарылатын автоматты манипуляторлар (өнеркәсіптік роботтар)

2

2

-

4.

ТПБАЖ-дың ішкі жүйесі «Жөндеу шаруашылығы»

2

2

-




Тарау бойынша қорытынды:

9

9

-




Резервтік уақыт

2

2

-




Барлығы пән бойынша:

72

60

12

1.2 Пән бағдарламасының мазмұны
Кіріспе

Пәннің маңыздылығы мен маман дайындаудағы оның мәні. Метрология, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру туралы негізгі ұғымдар, терминдер мен анықтамалар. Өнім сапасын жақсартуға, негізгі технологиялық жабдықты жұмыс өнімділігін жоғарылатуға және еңбек жағдайларын жақсартуға автоматтандырудың әсері. Қоршаған ортаны қорғаудағы және энергоресурстар мен шикізатты үнемдеудегі автоматтандырудың ролі.



1 тарау. Технологиялық параметрлерді автоматты бақылау.

Тақырып 1.1 Метрология негіздері мен автоматты бақылау жүйелері

Терминдер мен анықтамалар. Сезімтал құралдың өлшеуінің әдістері мен құралдары, шкаланың бөліну бағасы, өлшеудің қате жіберушілігі, құралдардың дәлдік класы. Құралдардың мемлекеттік жүйесі (ҚМЖ) туралы қысқаша мәліметтер. Автоматты бақылау жүйелері туралы түсінік. Жергілікті және қашықтан бақылау жүйелерінің құрамы мен тағайындалуы.

Студент білуі тиіс:


  • құралдардың жіктелуін, қате жіберушіліктердің барлық түрлерінің анықтамаларын, автоматты бақылау жүйелерінің түрлері, бақылау жүйелерінің құрамы мен тағайындалуы;

Жасай білуі тиіс:

  • құралдардың қате жіберулерін есептеу, дәлдік класын анықтау, құралдың бөліну бағасы;

  • өлшеу кешенінің құрылымдық сызбасын құру.

Тақырып 1.2 Қысымды бақылау

Қысымның өлшем бірліктері. Құралдарды жіктеу. Сұйықтықты, форма өзгертуші, жүк поршеньді манометрлердің әрекет ету қағидасы, олардың пайдаланылу облысы. Пневматикалық және электрлік шығу сигналдары бар қысымның өлшегіш түрлендіргіштері. Технологиялық жабдықтардағы және коммуникациялардағы қысымды өлшеу үшін құралдарды жөндеудің ерекшеліктері.

Студент білуі тиіс:


  • қысымды өлшеу бірліктері;

  • құралдардың жіктелуін, олардың әрекет ету қағидалары, жөндеу ерекшеліктері;

  • құралдардың типтері;

  • МСТ 21404-85 бойынша шартты бейнелеу.

Жасай білуі тиіс:

  • көрсеткіштерді алу, шкала бойынша қысым бағасын, құралдың дәлдік класы, қате жіберушілерді есептеу, құралдың жарамдылығы туралы қорытынды жасау.

Практикалық жұмыс 1

Қысымды өлшеу.



Тақырып 1.3 Материалдар санын және шығынын бақылау

Материалдар санының және шығынының өлшем бірліктерін анықтау. Санды өлшейтін құралдардың әрекет ету қағидасын және жіктелуі. Жылдамдықты және көлемді датчиктер, интеграторлар, дозаторлар. Олардың технологиялық коммуникацияларда қондырылуының ерекшеліктері.

Шығын өлшегіштердің жіктелуі. Қысымның айнымалы және тұрақты әдістерінің маңыздылығы. Тарылтатын құрылғылардың типтері. Ротаметрлер. Электромагниттік, құйын тәрізді, акустикалық шығын өлшегіштер. Әрекет ету қағидалары және олардың қолданылу облысы. Технологиялық коммуникацияларда шығындарды түрлендіргіштерді жөндеу ерекшеліктері.

Практикалық жұмыс 2

Заттың санын және шығынын өлшеу.



Тақырып 1.4 Сұйықтық және қатты сусымалы материалдардың деңгейін бақылау

Құралдардың жіктелуі. Сұйықтықтар үшін бұрыш өлшегіштер: қалтқылы, қызулы, акустикалық, ультрадыбыстық, сыйымдылықты, дифманометрлік, пьезометрлік. Екі фазаның деңгейін бақылау. Қатты сусымалы материалдар үшін бұрыш өлшегіштер. Құралдардың әртүрлі типтерінің қолданылу облысы. Технологиялық жабдықта құралдардың жөндеу ерекшеліктері.

Студент білуі тиіс:


  • технологиялық жабдықта құралдардың жөнделу ерекшеліктері, әрекет ету қағидасы, қолданылу облысы;

  • деңгейді бақылау үшін құралдардың шартты белгіленуі;

Жасай білуі тиіс:

  • сыртқы түрі бойынша, технологиялық жабдықта орнатылған деңгей өлшегішті және деңгейді түрлендіргішті ажырата білу;

  • деңгейді бақылаудың функциональды сызбасын оқу және құрастыру.

Тақырып 1.5 Температураны бақылау

Жөндеу жұмыстары өндірісі кезіндегі және механикалық жабдықтарды қызмет көрсету кезіндегі температура бақылауының мәні. Температураны өлшем бірліктері. Температуралық шкалалар. Құралдарды жіктеу. Кеңейтілу термометрлері. Манометрлік термометрлер. Кедергінің термотүрлендіргіштері. Әрекет етуі, құрылымы, градирлеуші сипаттамасы. Термоэлектрлік термометрлермен кешенді жұмыс жасайтын өлшеу құралдары. Температураны өлшеудің байланыссыз әдісі. Технологиялық жабдықта термотүрлендіргіштерді жөндеудің ерекшеліктері.



Тақырып 1.6 Сапалы көрсеткіштерді бақылау

Газ талдағыштардың жіктелуі, құрылғылары, әрекет етуі. Сұйықтық талдағыштардың жіктелуі, құрылғылары, әрекет етуі. Хроматография негіздері.



Практикалық жұмыс 3

Көп компонентті қоспаларды талдау. Хроматограммалардың сызбасы.



Тарау 2. Автоматты реттеу

Тақырып 2.1 Автоматты реттеу туралы жалпы түсініктер

Реттеу нысаны туралы түсінік, оның негізгі қасиеттері және ауыспалы сипаттамалары. Ауытқушылық әсерлері. Реттеудің автоматты жүйесіндегі (РАЖ) ауыспалы процестер.

Студент білуі тиіс:


  • автоматты реттеудің негізгі анықтамалары мен ұғымдары;

  • нысандардың қасиеттері мен ауытқушылық әсерлері;

Жасай білуі тиіс:

  • нысанның қасиеттерін, басқару критерийлерін, негізгі ауытқушылық әсерлерін анықтау;

  • реттеу процесінің сапалық көрсеткіштерін таңдап алу.

Тақырып 2.2 Автоматты реттегіштер мен орындаушы құрылғылар

Реттеудің автоматты жүйесіндегі құрамды звено ретіндегі автоматты реттегіш. Автоматты реттегіштің құрылымы. Автоматты реттегіштердің жіктелуі. Сериялық реттегіштердің негізгі типтері, олардың қолданылу облысы. Пневматикалық және электрлік орындаушы құрылғылар. Реттеуіш органдар. Технологиялық жабдықта және коммуникацияда сезімтал элементтерді, өлшеуіш түрлендіргіштерді, орындаушы құрылғыларды және реттеуші органдарды жөндеудің ерекшеліктері.

Студент білуі тиіс:


  • автоматты реттегіштердің тағайындалуын, олардың қолданылу облысын, құрылымын;

  • орындаушы құрылғылардың тағайындалуы мен әрекет етуін және жөнделу ерекшеліктерін.

Жасай білуі тиіс:

  • сыртқы түрі бойынша орындаушы құрылғыларды ажырату.

Тарау 3. Технологиялық процестерді автоматтандыру

Тақырып 3.1 Басқарылу нысаны мен басқару жүйесі

Басқаратын жүйенің тағайындалуы мен құрамы. Басқару жүйелерінің жіктелуі. Басқарылу нысаны мен басқару жүйесі.

Студент білуі тиіс:


  • басқаратын жүйенің тағайындалуы мен құрамы;

  • басқару жүйелерінің жіктелуі.

Жасай білуі тиіс:

  • шығу және режимдік параметрлерді, сыртқы және ішкі ауытқу әсерлерін, басқару критерийлерін анықтау.

Тақырып 3.2 Автоматтандыру жүйелерін жобалау туралы негізгі ұғымдар

Автоматтандыру сызбасын орындау ережесі. Технологиялық жабдық және құбырлар бейнесі. Автоматтандыру сызбаларында автоматтандыру құралдары мен жабдықтарының бейнеленуі. Құралдардың позициялық белгіленуі. Басқару нысанын автоматтандырудың типтік шешімдері. Басқару критерийлері мен басқару мақсаты. Басқару нысанын талдау. Реттелетін, бақыланатын, сигнал беретін параметрлерді таңдау және қорғау шаралары.



Практикалық жұмыс 4

Автоматтандыру сызбаларын құрастыру қағидасы. Автоматтандырудың функциональды сызбаларын графикалық безендіру



Тақырып 3.3 Негізгі химиялық-технологиялық процестерді автоматтандыру

Гидромеханикалық процестерді автоматтандыру. Сұйықтықтар мен газдардың жылжу процесін автоматтандыру. Басқару нысаны ретіндегі сорап пен компрессор. Автоматтандырудың типтік шешімдері. Сигнал беру, блокадалау, қорғау құрылғылары. Сұйықтықты және газды жүйелерді тұндыру, центрифугалау, сүзу процестерін автоматтандыру. Автоматтандырудың типтік шешімдері. Сигнал беру, блокадалау, қорғау құрылғылары.



Практикалық жұмыс 5

Температураны, қысымды, деңгейді, заттың шығыны мен қүрамын реттеу және автоматты бақылаудың типтік сызбалары. Жеке тапсырма бойынша автоматтандырудың сызбаларын орындау.



Практикалық жұмыс 6

Сорапты, процессордың центрифуганың басқару, сигнал беру және қорғау сызбаларын үйрену және сызу. Механикалық және гидромеханикалық процестерді автоматтандыру. Жылу процестерін автоматтандыру.



Бақылау жұмысы

Тарау 4. Басқарудың автоматтандырылған жүйелері

Тақырып 4.1 ТПБАЖ-дың негізгі анықтамалары

ТПБАЖ-дың тағайындалуы мен құрамы. Автоматтандырудың техникалық құралдарының кешені.



Тақырып 4.2 ТПБАЖ-дың ішкі жүйесі «Жабдық жұмысын бақылау»

Ішкі жүйенің негізгі мақсаты мен тапсырмалары. Шығатын ақпарат. Бағдарламалық жабдықталуы. Ақпаратты жинау, беру және өңдеудің техникалық құралдарының жиынтығы.



Тақырып 4.3 Бағдарламалық басқарылатын автоматты манипуляциялар (өнеркәсіптік роботтар).

Өнеркәсіптік роботтардың қолданылу аймағы. Өнеркәсіптік роботтардың манипуляторлары мен манипуляциялау нысандарының тартып алуы. Өнеркәсіптік роботтармен басқару жүйелері – тағайындалуы мен жіктелуі.



Тақырып 4.4 ТПБАЖ-дың ішкі жүйесі «Жөндеу шаруашылығы»

Ішкі жүйенің тағайындалуы. Басқару және жөндеумен қамтамасыз ету бойынша ішкі жүйенің шешетін тапсырмалары. Ішкі жүйенің техникалық қамтамасыз етілуі.



2. Бақылау

Оқушылардың пән бойынша бағдарламалық материал мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және бағалау мақсатында, берілген мамандық бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сәйкес бақылау жұмысы және сынақ түрінде бақылау жүргізіледі.



Әдебиет
Неізгі:

  1. Шкатов Е. Ф., Шувалов В. В. Основы автоматизации технологических процессов химических поризводств, М. Недра, 1988 г.

  2. Шувалов В. В., Огаджанов Г. А., Голубятников В. А. Автоматизация производственных процессов в химической промышленности, М. Химия, 1991.

  3. Лапшенков Г. И., Полоцкий Л. М. Автоматизация производственных процессов в химической промышленности, М. Химия, 1988 г.

Қосымша:


4. Клюев А. С и др., Проектирование систем автоматизации технологических процессов, М. Энергия, 1980 г.

5. Попов Е. П., Юревич Е. И. Робототехника, М. Машиностроение, 1984 г.


Оқыту құралдары:

  1. Тақырыптар бойынша плакаттар;

  2. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары.

Каталог: uploads -> doc -> 094e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
094e -> Сабақ: 1 Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет