Пән бойынша пән бағдарламасының титулдық беті (syllabus)


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет2/3
Дата17.04.2017
өлшемі1,1 Mb.
#14050
1   2   3

6. Дәріс сабақтарының мазмұны



1- тақырып. Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу.

Жоспары:


Техникалық және әлеуметтік нормалар және олардың айырмашылықтары.

Әлеуметтік нормалардың түсінігі және түрлері.

Салт. Дәстүр. Іскерлік дағдылар. Әдет-ғұрып.

Мораль және мінез-құлық нормалары.


Сұрақтарға қысқаша сипаттама

Əлеуметтік жəне техникалық нормалар. Қоғам реттеуші-ліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің əртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық жəне əлеуметтік болып бөлінеді.

Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын жəне табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта емес; ə) «субъектілік» құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы əлеммен, табиғат-пен, техникамен де байланысты.

Əлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, мораль-дық, діни, саяси, эстетикалық, əдет, корпоративтік нормалары жатады. Əлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта болады, ол – қоғамдық қатынастар; ə) «субъектілік» құрамы əлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.

Техникалық жəне əлеуметтік нормалар өзара тығыз байла-ныстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техни-калық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нəтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіп-сіздік ережелерін бұзу əрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.



Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль – бұл адам-дардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған жəне қамтамы-сыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жал-пыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқық пен моральдың ортақ белгілері:

1) əлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;

2)олардың реттеу объектісі біреу – қоғамдық қатынастар;

3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.

Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмен-дегідей:

1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болады;

2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;

3) əрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды жəне өзі рет-тей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;

4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анық-талған мерзімде күшіне енеді;

5) қамтамасыз ету тəсілі бойынша: моральдық нормалар қоғам-дық əсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қа-тынастарды жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сəйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.



Құқық жəне діни нормалар. Діни нормалар деп əртүрлі діндермен орнықтырлған жəне осы дінге сенуші тұлғаларға мін-детті болып табылатын ережелерді атайды. Олар əртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тəуратта, буддистер-дің діни кітаптарында жəне т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының жəне қызмет етунің тəртібін анықтайды, діни рəсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тəртіптерін реттейді.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дəуірлерде діни норма-лар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-некелік жəне т.б. қатынастарды реттеген. Қа-зіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық жəне моральдық нормалардың негізі болып табылады.

Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция əрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мəртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орында-рына иелік етуге құқылы.

Құқық жəне корпоративтік нормалар. Корпоративтік нор-маларға мүшелікке негізделген еркін қауымдастықтардың, кəсіп-тік одақтардың партиялардың жарғылары мен басқа да құжатта-рында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік жəне коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.

Қорпоративтік нормалар мен құқықтық нормалардың ұқсас-тығы олардың екеуінің де белгілі бір ресми тəртіппен қабылданған жазбаша құжаттарда бекітілуінен байқалады. Ал корпоративтік нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы–олар өзде-ріне сəйкес ұйымдардың мүшелерінің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді жəне солар үшін ғана міндетті болып табылады. Корпо-ративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында көздел-ген əсер ету шаралары қолданылады.



Құқық жəне əдет-ғұрып. Əдет ретінде күнделікті қалып-тасқан əрекеттердің нəтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нəтижесінде оларды сақтау əдетке айналған нормалар əдет нормалары деп аталады.

Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпші-ліктің əдетті түрде бағынуына негізделеді (заңдарды сақтау əдеті). Кейбір жағдайларда санкцияланған əдет құқықтың қайнар көзі бо-лып табылады.


Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.


2- тақырып. Құқықтың түсінігі және мәні.

Құқықтың анықтамасы.

Қазіргізамандағы құқық түсінушілікке жалпы мінездеме: құқық түсінігіне жеке көзқарастары, бар мектептердің көпшілігі.

Құқықты белгілеу жеке және әлеуметтік қызығушылық мен қажеттіліктерді дамыту үшін мең мүмкіндіктерді құру ретінде.

Объективтік құқық және субъективтік құқық.

Сұрақтарға қысқаша сипаттама

Құқықтың түсінігі жəне белгілері. Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтыры-латын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

1) еріктілік сипаты;

2) жалпыға міндеттілігі;

3) нормативтілігі;

4) мемлекетпен байланысы;

5) формальды анықталғандығы;

6) жүйелілігі.



Құқықтың мақсаты. Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тəртіпте қамтамасыз етуінен жəне кепілдеуінен, əділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық жəне рухани факторлардың əрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.

Құқықтың құндылығы – бұл құқықтың азаматтардың жəне жалпы қоғамның əлеуметтік əділетті қажеттіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың əлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:

1) құқық адамдардың əрекеттеріне ұйымдастырушылықты, тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақы-лануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарға реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды өркениетті құбы-лысқа айналдырады;

2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне əсерін тигізеді, яғни, құқық жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық мүддемен үйлестіреді;

3) құқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші жəне анықтаушы болып табылады жəне осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;

4) құқық əділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық материалдық игіліктердің дұрыс жəне əділетті бөлінуінің талап-тарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңді-гін бекітеді;

5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сəйкес қоғам-ның жаңаруының қайнар көзі болып табылады; əсіресе, оның құндылығы тоталитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарық-тық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі;

6) құқықтық тəсілдер халықаралық жəне ұлтаралық сипаттағы мəселелерді шешудің негізі жəне жалғыз құралы болып табылады.

Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қа-тынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.

Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:1) формальдық – кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мəнін түсінуде келесі тəсілдерді бөліп атауға бола-ды:

- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құ-рушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анық-талады;

- жалпыəлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы əртүрлі таптардың, əлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

Құқықтың объективтік жəне субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық жəне жеке құқық. Объективтік құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық – бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң əдеттері, заңды прецеденттер жəне нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тəуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.

Субъективтік құқық – бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағат-тандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға жəне т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен жəне оның санасы мен еркінен тəуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік жəне субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бос-тандыққа жəне т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қата-рына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қара-мастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объек-тивтік жəне субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар–заңшығару-шылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нəтижесі болып табылады;

ə) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ре-тінде өмір сүреді.

Құқықтың пайда болу кезінен бері жəне оның дамуы бары-сында оның бір мезетте əрі қарама-қайшы, əрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы – бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы – жеке-құқықтық жағы.

Бұқаралық құқық – бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқа-ралық билік ретіндегі жəне барлық бұқаралық институттардың құрылымы жəне қызметі.

Жеке құқық – бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъек-тілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мəртебесі.



Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші ретінде. Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:

1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орын-далуын мемлекеттік мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді;

2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық қатынастарды таптық, жалпы əлеуметтік жəне басқа да мүдделерге сəйкес реттейді;

3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше əлеу-меттік реттеуші, заңды жəне заңсыз əрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді.

4) басқа əлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеу-шілік рөлінің ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
3- тақырып. Құқық нормалары.

Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасы-үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс масштабы.

Құқық нормасының белгілері: формалді анықтаушылық, жалпыміндеттілік, жүйелілік, әрекеттің қат-қабаттылығы, адресаттық кейіптеушіліксізі, мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсынушылық-міндеттілік сипаты.

Құқық нормасының кеңестен, шақырулардан, үндеулерден, ұсынушылықтан, директивтен, жеке заң нұсқаулықтарынан айырмашылығы.

Құқық нормасының логикалық құрылысы. Құқық нормасының гипотезасы. Гипотеза түрлері. Диспозиция – құқық нормасының басты компоненті. Құқық нормасының санкциясы. Санкция түрлері.

Құқық нормасының түрлері. Құқық нормасының саралануының критериилері: реттеу әдісі, заңдық күш, реттеу пәні, әрекет ету мерзімі және ортасы, құқықтық реттеу әдісі.



Сұрақтарға қысқаша сипаттама

Құқық нормаларының түсінігі жəне белгілері. Құқық нор-масы – бұл мемлекет таныған жəне қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нор-масынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды жəне осы ереже аталған субъектілердің əрекеттерін реттеуге бағытталған.

Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше əлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тəн болуы заңды да. Алайд, бұл «құқық» жəне «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқық нормасының белгілері:

1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін жəне міндетті əрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

2) формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құ-жаттарда көрініс табады;

3) мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнық-тырады жəне мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз еті-леді;

4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құ-қықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, се-бебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүм-кін емес.

Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері:

1) реттеуші жəне құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым салушы жəне міндеттеуші; 3) императивтік жəне диспозитивтік.

Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.

Құқыққорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.

Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.

Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.

Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы əрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.

Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрде əрекет ететін норма.

Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіре-тін норма.

Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция жəне санкция.

Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағ-дайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.

Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай: «егер… , онда… , бұлай болмаған жағдайда…». Мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құ-руға болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.

Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақаты-насы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сəйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нор-масы – бұл гипотезадан, диспозициядан жəне санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы–бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының маз-мұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс əртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін,бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін əр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір норматив-тік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін. Көрсету тəсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:

а) тікелей тəсіл – құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;

ə) сілтемелі тəсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;

б) бланкеттік тəсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.



Нормативтік құқықтықактілер – бұл құзіретті мемлекеттік органнан туындайтын, құқық нормасынан тұратын жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар

Заңдық күші бойынша төмендегідей тармақталады:
- қоғамдық өмірдін негізгі мəселелері бойынша қабылданады;

- айрықша заңдық тəртіпте қабылданады;

- мемлекеттің жоғары өкілді органымен немесе референдум жолымен қабылданады;

- мемлекеттің қандай да бір органы тарапынан бақылауға немесе бекітілуге жатпайды;

- мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды;

- түрлері бойынша бөліну:

• конституциялық;

• қарапайым;

• төтенше



Заңдар

Заңға тəуелді актілер

- заңдардың негізінде жəне соларды орындау үшін шығарылады;

- мемлекет басшысының нормативтік жарлықтары;

- үкіметтің нормативтік қаулылары;

- министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері;

- жергілікті органдардың нормативтік шешімдері мен қаулылары;

- мекемелер, кəсіпорындар басшыларының ішкі-ұйымдастырушылық заңға тəуелді актілері.

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен танылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережелері, олардан қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туындайды Құқық нормасына тəн белгілер: - мемлекетпен белгіленеді немесе санкцияланады; - субъектінің мүмкін болатын жəне рұксат етілген тəртібінің жалпыға міндетті шектерін айқындайды; - ұсынушы міндеттеуші сипатқа ие; - қажетті жағдайларда олардың жүзеге асырылуы мəжбүрлі мемлекеттік шаралармен қамтамасыз етіледі; - типтік қоғамдық катынастардың мемлекеттік реттеушісі болып табылады

Құқық нормасының құрылымы Гипотеза (болжау) Диспозиция (ұйғарым) Санкция (өтем) бұл тиісті норманың қандай жағдайларда əрекет ететіндігін көрсететін норманың бір бөлігі, субъектілер аясын, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды бұл құқықтар мен міндеттерді қалыптастыратын норманың бір бөлігі, жүріс-тұрыс, тəртіп ережесі бұл норма бұзылған жағдайда қолданылатын мемлекеттік əсер ету шараларын белгілейтін норманың бір бөлігі

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
4- тақырып. Құқықтың (қайнар көздері) формалары.

Құқық формаларының түсінігі.

Санкциялы дәстүр. Әдет-ғұрып құқығы.

Сот және әкімшілік прецедент.

Нормативтік құқықтық акт.

Заңдық доктрина құқықтың қайнар көзі ретінде. Заңдық мәтіндерге түсіндірме.

Нормативтік шарт құқық нормасы ретінде. Нормативтік шарттардың түрлері: типтік және үлгілік, мемлекетаралық және халықаралық.

Құқы формасы мен мәнінің өзара байланысы. Құқытағы мирасқорлық. Құқық рицепсиясы.



Сұрақтарға қысқаша сипаттама

Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі жəне түрлері. Пози-тивтік құқықтың өзіне тəн белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заң-ды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.

Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу жəне көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті ма-ғына беру.

Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тəн, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдауын қам-тамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жол-мен беріледі:

1) құқықшығарсашылық жолы арқылы; бұл жағдайда норма-тивтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.

2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік орган-дар белгілі бір түрде əлеуметтік нормаларды (əдет-ғұрып, корпо-ративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.

Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:

1. Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сəйкес актілер жатады.

2. Санкцияланған əдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған жəне көп рет қолданылуының нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемле-кеттің жалпыға міндетті мəн беріп, оларды орындауды өзінің мəжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Əдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а)нормативтік актілерде əдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; ə)оларды сот шешімдерінде жəне басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3. Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын жəне жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе əкімшілік шешім.

4. Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъекті-лердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.

5. Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің не-гізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті преце-дент немесе əдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер əділет-тілік, ар-ождан, құқықтың əлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғанстанның Азаматтық кодекстері).

6. Діни мəтіндер – бұлар, əсіресе, мұсылмандық құқыққа тəн. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран – бұл Алланың сөздері, өсиеттері жəне ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет – бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.



Заңдардың түсінігі, белгілері жəне түрлері. Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң кү-шіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін норма-тивтік акт.

Заңның белгілері:

1. Заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық əре-кеттер бекітілген заң актісі.

2. Заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі.

3. Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі жəне оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез-келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ə) заңды кез-келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.

4. Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған жəне қоғамдық өмірдің маңызды мəселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.

Заңның түрлері:

1) Конституция – бұл басқарудың жəне мемлекеттік құры-лымның нысанын, сот əділдігі жүйесін анықтайтын, конститу-циялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостан-дықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт;

2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген жəне онымен байланысты мəселелерге қатысты қабылданады;

3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, əлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.



Нормативтік актілердің күші. Нормативтік актілер əрекет етудің уақыттық, кеңістіктік жəне субъектілік шектеріне ие:

1. Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сəтінен бастап қүшін жоғалтқан сəтіне дейін таралады. Ак-тілер не оларды қабылдаған сəттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сəттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабыл-дауда көрсетілген əрекет ету уақыты өткеннен кейін,не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күш-терін жояды.

Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:

а) заңның кері күші – жаңадан қабылданған нормативтік акті-нің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда мүмкін: егер заң-ның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңіл-детсе немесе жойса;

ə)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мəселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.

2. Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрғақ жəне су кеңістігі, олардың үстін-дегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі əскери жəне сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мəселені қарастыру кезінде мы-наны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұл-ғаларға таралмау тəртібі эксаумақтық деп аталады.

3. Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талап-тардың белгілі бір актінің əрекет ету аумағындағы барлық тұлға-ларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушы-лықтар бар:

а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік жəне консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие жəне оларға қылмыстық заңнаманы жəне əкімшілік құқықбұзушы-лықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік жəне мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары қолданылмайды;

ə) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкер-шілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүр-геніне жəне олардың шетелдік заңнама нормаларына сəйкес жа-заны өтегеніне қарамастан, таралады;

б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шең-берін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды жəне сайлауға қатыса алмайды.



Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
5- тақырып. Нормативтік құқықтық акт.

Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Нормативтік құқықтық актілердің жеке-құқықтық актілерден айырмашылығы.

Құқы нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының арақатынасы. Құқық нормасы және нормативтік бұйрық. Құқық нормасының құрылым сипаттамасының қатыстылығы. Құқық нормасын нормативтік құқықтық актінің бабына мазмұндау тәсілдері: тура, бланкетті және сілтемелі.

Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, заңдық күші, әрекет ету ортасы, оларды шығару субъектілері және әрекет ету мерзімі бойынша саралануының критериилері.

Заң түсінігі. Құқы және заң. Заңның жоғарылығы. Конституция. Заң және заңдық нормативтік құқықтық актілер. Заңдар түсінігі.

Президенттің актілері. Үкіметтің актілері: маслихаттардың, әкімдердің. Жергілікті нормативтік құқықтық актілер.



Сұрақтарға қысқаша сипаттама

Нормативтік актілердің түсінігі жəне түрлері. Норматив-тік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қаты-настарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.нормативтік акті-лерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анық-талған тəртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.

Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңға сəйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заң-дардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:

1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;

2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;

3) мемлекеттік аумақтық жəне жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен əкімшілік органдар) актілері – мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды жəне осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;

4) ведомстволық актілер – белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады жəне осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
6- тақырып. Құқықшығармашылық және нормативтік құқытық актілердің жүйелілігі.

Қағида шығармашылығының, құқықшығармашылықтың, заңшығарушылықтың түсінігі. Құқықшығармашылығының жалпы сипаттамасы құқықтың қалыптасу тәсілдері ретінде.

Құқықшығармашылық әртүрлі құқықтық жүйелерде. Құқықшығармашылық қызметінің қағидалары: демократизм, ғылыми сипат, заңдылық және кәсіпқорлық.

Сұрақтарға қысқаша сипаттама

Құқықшығармашылықтың түсінігі жəне түрлері. Құқық-шығармашылық – бұл құзіретті органдардың заң нормаларын қабылдауға, өзгертуге жəне жоюға байланысты арнайы қызметі. Құқықшығармашылық мыналармен сипатталады:

- ол белсенді, мемлекеттік, шығармашылық қызметті білдіреді;

- оның негізгі өнімі – нормативтік актілерден көрініс тапқан заң нормалары;

- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; мұнда оның даму бағдараламасы қалыптасады, маңызды жүріс-тұрыс ережелері қа-былданады;

- құқықшығармашылықтың деңгейі мен мəдениеті, қабылдан-ған нормативтік актілердің сапасы – бұл қоғамның өркениеттілігі мен демократиялылығының көрсеткіші.

Субъектілерінің түріне қарай құқықшығармашылық келесі түр-лерге бөлінеді:

1) халықтың мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің маңызды мə-селелері бойынша жалпыхалықтық дауыс беруін – референдум – жүргізу кезіндегі тікелей құқықшығармашылығы;

2) өкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқықорнықты-рушы қызметі;

3) əдет түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормаларды мемлекеттің санкциялауы.

Құқықшығармашылықтың қағидалары.

Құқықшығармашылыққа мына қағидалар тəн:

1) ғылымилық – нормативтік актілерді дайындау процесінде əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне басқа да жағдайларды, қо-ғамның дамуының объективтік қажеттіктерін жəне т.б. зерттеудің маңызы зор;

2) кəсібилік – мұндай қызметпен құзіретті тұлғалар – заңгер-лер, экономистер жəне т.б. айналысуы тиіс;

3) заңдылық – бұл қызмет Конституцияның жəне басқа да заңдардың негізінде жəне шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс;

4) демократиялық – азаматтардың бұл процеске қатысу дəрежесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;

5) жариялылық – құқықшығармашылық процестің көпшілік қауым үшін ашықтығын білдіреді.

Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.

Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жү-зеге асырылады:

1. Заң шығару ынтасы – құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсы-нылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.

2. Заң жобасын талқылау – бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мəсе-лелерді жəне т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.

3. Заңды қабылдау.

4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни, заңды жариялау.



Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері. Жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлылығын арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Жүйелеудің түрлері:

1. Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұн-дай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін сақтап қалады. Ин-корпорацияның қағидалары: хронологиялық (оларды қабылдау уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша) жəне т.б.

Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақ-тардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, официозды жəне бейресми. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады. Официоздық жинақ бо-лып құқықшығарушы органның (мысалы, əділет министрлігінің) тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинақ болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқық-шығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнама жинақтары табылады.

2. Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Ин-корпорациядан айырмашылығы – мұндай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін жоғалтады. Мұнда нормативтік актілер олардың белгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша бірікті-ріледі (табиғатты қорғау, білім жəне т.б.).

3. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нəтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дəстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол – бір сипатты қоғам-дық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі акт.



Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі. Заңнамада, құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз жүйесі бар. Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:

1) егер құқық жүйесінің алғашқы элементі болып норма та-былса, заңнама жүйесінің алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;

2) егер құқық жүйесі мазмұн түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі нысан түрінде көрініс табады;

3) егер құқық жүйесі объективтік түрде, қоғамдық қаты-настарға сəйкес қалыптасса, заңнама жүйесі субъективтік сипатқа ие, себебі, заңшығарушыға тəуелді болып келеді;

4) егер құқық жүйесі негізгі, алғашқы сипатты иеленсе, заң-нама жүйесі туынды сипатқа ие, себебі, алғашықысы екіншісі үшін негізгі база болып табылады;

5) құқық жүйесі мен заңнама жүйесі көлемі бойынша ажы-ратылады: заңнама, бір жағынан, нормативтіліктің барлық түр-лерін қамтымайды, себебі, құқық заңнамамамен қатар əдет нормаларынан, нормативтік шарттардан жəне заңды прецедент-терден де көрініс табады; екінші жағынан, нормалардың атау-ларынан басқа да элементтерді қамтиды – преамбулалар, тарау-лардың бөлімдердің, баптардың атаулары жəне т.б.



Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
7- тақырып. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі.

Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық құрылымы.

Құқық жүйесінің құрылуының қағидаттары. «Құқық жүйесі» және «заңдар жүйесі» түсініктерінің арақатынасы. Құқық жүйесі және құқықтық жүйелер.

Құқықтың салаларға бөлінуінің негіздері: пәні, әдісі және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қағидаттары.

Құқық салалары. Негізгі құқық салаларына жалпы сипаттама. Заңдардың кешенді салалары. Құқық салалары.

Құқықтық институттар және олардың түрлері. Субинституттар.

Бұқаралық және жеке құқық.

Материалдық және процессуалдық құқық.

Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы. Халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа деген үстемділігі.
Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқық-тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-тарды, салаларды құрайды;

2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-кен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тəуелді жəне адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.



Құқықтық реттеу пəні мен əдісі құқық нормаларын са-лаларға бөлу негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пəні мен əдісін.

Құқықтық реттеу пəні – бұл құқық реттейтін қоғамдық қаты-настар. Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қаты-настар объективтік түрде қалыптасады жəне олардың белгілі бір сипаты сəйкес құқықтық нысандарды талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пəні болып табылады.

Қосымша негіз болып құқықтық реттеу əдісі табылады. Егер пəн құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, əдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.

Құқықтық реттеу əдісі – бұл олардың көмегімен біртектес қо-ғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негіз-гі əдістері болады:

1) императивтік – бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация əдісі;

2) диспозитивтік – рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация əдісі;

3) марапаттаушы – белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапаттау əдісі;

4) ұсынушылық – мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру əдісі;



Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Əрбір құқық саласында бірқатар институттар болады. Мысалы, еңбек құқығында – еңбек тəртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта – ескіру мерзімі институты, өкілдік институты жəне т.б.

Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инс-тиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табы-лады:

1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі;

2) қоғамдық қаты-настарды реттеудің толықтығы;

3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер-дің тарауларында, бөлімдерінде жəне басқа да құрылымдық бір-ліктерінде жинақталуы.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
8- тақырып. Құқықтық қатынастар.

Құқықтық қатынастар түсінігі.

Құқықтық қатынастар саралануының критериилері. Реттеуші және қорғаншылық құқықтық қатынастар. Абсолютті және қатыстылық құқықтық қатынастар саралануы.

Құқықтық қатынастардың құрамы. Құқықтық қатынастардың мазмұны.

Субъективтік құқықтың мәні және түрлері, түсінігі. Заңдылықтың түрлері: құқықтық талап ету.

Құқықтық міндеттеменің мәні және түрлері, түсінігі.

Құқықтық қатынас субъектілері.

Құқықтық қатынастар объектілері (заттар).

Заңдық фактілер құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру, және тоқтатылу негіздері ретінде. Құқықтық салдардан және еріктік белгілер бойынша туындайтын заңдық фактілердің саралануы. Іс жүзіндегі (заңдық) құрамы.

Құқықтық қатынастардың түсінігі жəне түрлері. «Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады жəне адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен əсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъек-тивтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық норма-ларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты бай-ланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ə) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдай-ларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қа-тысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қа-тынастар.

Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, əр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конститу-циялық-құқықтық, əкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық жə-не т.б. болып бөлінеді;

2) сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек жəне т.б) жəне іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік жəне т.б.) құқықтық қатынастар;

3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші жəне қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нор-масы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мəжбүрлеумен жəне заңды жауапкер-шілікті жүзеге асырумен байланысты болады;

4) қатысушыларының құрамына қарай–жай жəне күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);

5)субъектілерінің анықталу дəрежесіне қарай – абсолюттік жə-не қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынас-тарда тек бір жақ қана – субъективтік құқықты иеленуші – анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді жəне бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;

6) жалпы жəне нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынас-тар заңды фактілердің – əрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілері-нің – нəтижесінде пайда болады.



Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарт-тары. Алғышартар – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу ал-ғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне əсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсе-тетін əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т.б. жағдайлардың жүйесі.

2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құ-қықсубъектілік жəне шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туын-дауы мүмкін емес.

Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара байланысы. Құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі, ал құқықтық қатынас – құқық нормасының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас.

Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:

а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу механизмінің элементтері болып табылады;

ə) құқық нормасы – бұл құқықтық қатынастың пайда болуының негізі;

б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шең-берін анықтайды;

в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қаты-настың пайда болу жағдайларын көздейді;

г)құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндет-терін анықтайды;

д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау);

е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас – бұл құқық нормасының жүзеге асу нысаны.

Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қаты-нас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъек-тивтік құқық жəне заңды міндет (заңды мазмұн).

Құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл құқықтық қатынастардың сəйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі – бұл өзінің құқықəрекетқабілеттігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады:

1. Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, аза-маттығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азамат-тар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құ-қықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана жəне сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қата-рында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды жəне т.б.

2. Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер жəне т.б.).

Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі жəне əрекетқа-білеттігі. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъекті-лері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.

Құқыққабілеттік – бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Əрекетқабілеттік – бұл тұлғаның өз əрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Əрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық – 18 жастан басталады; жартылай – 14 пен 18 жас аралығында болады.

Əрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілген-дей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана жəне конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорға-нысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын-да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.

Құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратыл-майды жəне көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады:

а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;

ə) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда əрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.

Құқықсубъектілік – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік.

Құқықтық қатынастардың объектілері – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағыт-талған жəне осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қа-растырады:

- олардың біріншісіне сəйкес, құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің əрекеттері табылады;

- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сəйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:

1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік жəне т.б.);

2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой жəне т.б.);

3) рухани шығармашылық өнімдері (əдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары жəне т.б.);

4) құқықтық қатынастар қатысушыларының əрекеттерінің нə-тижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нəтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);

5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом жəне т.б.).



Субъективтік құқықтар жəне заңды міндеттер. Егер қо-ғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.

Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қана-ғаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс ша-масы.

Заңды міндет – бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет – бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырма-шылықтар:

- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттан-дыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;

- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады.



Заңды фактілер – бұл белгілі бір құқықтық салдардың туын-дауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарт-тары болып табылады.

Заңды фактілерді əр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:

- құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);

- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бө-лімге ауысу);

- құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау).

2. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:

- оқиғалар – бұл субъектілердің еркіне тəуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім жəне т.б

- əрекеттер – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Əрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай жəне құқыққа қайшы болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы–заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кəрілігіне байла-нысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мəселесі); ə) ол жалпы белгі-лермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).



Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
9- тақырып. Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері.

Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның түрлері мен әдістері.

Құқықты жүзеге асырудың тікелей (жай) түрлері. Құқықты орындау, сақтау және пайдалану. Құқықты тыйым салған әрекеттерден тартыну. Құқық субъектілерімен заңдық міндеттемелерін орындалуы және субъективтік құқықтың жүзеге асырылуы. Құқықтық емес әрекеттерді тыю.

Құқықты жүзеге асыру кезінде қоғамдық қатысушыларының іс жүзіндегі әрекеттерімен заң формаларының қатынасы. Норманың әрекетінің көпреттілігі оны жүзеге асыру ретінде.


Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары. Құ-қықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде əсер ете отырып, оларды заңнамаға сəйкес жүріп-тұруға итерме-леу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нə-тижелерге жетуге болады.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құ-қықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байла-нысты тəжірибелік қызметі. Субъектілердің əрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарасты-рады:

1) сақтау – қолданыстағы құқықпен тыйым салынған əрекет-терден бас тарту;

2) орындау – оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байла-нысты белсенді əрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану – олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағат-тандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану – құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нəтижесінде сəйкес жеке акт қабылданады.



Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері жəне кезеңдері. Құқықты қолдану – бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қол-данады;

- биліктік сипатқа ие;

- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады, - сəйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;

- үш кезеңнен құралады:

1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;

2) істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқыққолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын жəне нормасын таңдайды;

3) істі шешу; бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды əрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы жəне нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.



Заңды қарама-қайшылықтар. Екінші кезеңде, яғни, нақты құқық нормасын таңдауда, нормалардың қарама-қайшылығы жəне құқықтағы олқылықтар сияқты құбылыстарды кездестіруге болады.

Заңды қарама-қайшылықтар – бұл бір қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтар. Олар құқықтық жүйеге келіспеушіліктерді, кемшіліктерді əкеледі, құқыққолдану тəжірибесінде ыңғайсыздықтар туғызады, заңнаманы қолдануды қиындатады.

Қарама-қайшылықтардың түрлері:

1) Конституция мен басқа барлық актілер арасындағы: басым-дылық Конституцияға беріледі;

2) заңдар мен заңға сəйкес актілер арасындағы: заңдарға ба-сымдылық беріледі;

3) бір органның актілері арасындағы: уақыты бойынша кейін қабылданған актіге басымдылық беріледі;

4) əр түрлі органдар қабылдаған актілер арасындағы: жоғары тұрған органның актісіне басымдылық беріледі.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
10- тақырып. Құқық нормаларын қолдану.

Құқықты қолдану – құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы (әдісі). Құқықты қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары.

Құқықты қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары.

Құқықты қолдану сатылары. Іс жүзіндегі жағдайларды анықтау. Істің заңдық негізін анықтау. Таңдау, зерттеу және құқықтық норманы тексеру. Заңдық сараптама. Шешім шығру және оны безендіру.

Құқық қолданбалы актілердің түрлері және түсінігі. Мүдделі адамға шешімді жария ету. Құқықты қолдану процесіне қойылатын талаптар. Құқықты қолданудың тиімділігі. Өзін өзі соттауға жол бермеу.

Құқықтық нормаларды қолдану актілері. Құқықты қолдану актісі – бұл нақты бір заңды істі шешу нəтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:

- құзіретті орган шығарады;

- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;

- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъекті-лерге бағытталған;

- заңмен анықталған өзіне тəн нысанға ие.

Құқыққолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1) нысаны бойынша – жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұй-рықтар жəне т.б.;

2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты–мемлекет-тік жəне мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды органдардың) актілері;

3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші (мысалы, қыз-меттік бұйрықтар) жəне қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы);

4) заңды табиғаты бойынша – негізгі жəне көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жəрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).

5) құқықтық реттеу пəні бойынша – қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық жəне т.б. актілер;

6) сипаты бойынша – материалдық жəне іс жүргізушілік.



Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
11- тақырып. Нормативтік құқықтық актілерді талқылау.

Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқық нормалары мазмұнын түсіндіру және анықтау.

Талқылау субъектілері. Субъект бойынша талқылау түрлері: ресми және ресми емес, нормативтік және казуалды, аутентикалық, доктриналық (ғылыми), кәдімгі. Құқықты талқылаудың тәсілдері (әдістері): филологиялық, тарихи, логикалық, жүйелік, теологиялық. Талқылау көлемі (қорытындысы): дәлме-дәл, шектеулі және ұлғаймалы.

1. Түсіндірудің түсінігі. Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсін-діруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесін-де нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеумет-тік бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары, оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады.

Түсіндірудің мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенін емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі жақтан құралады:

- норманың мəні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);

- норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).



2. Түсіндіру тəсілдері – бұл құқықтық нормалардың мазмұнын анықтауға бағытталған тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Түсіндіру тəсілдерінің мынадай түрлері бар:

1) грамматикалық – тіл құралдарының, грамматика ерже-лерінің, орфографияның жəне т.б. көмегімен түсіндіру;

2) логикалық – логика заңдарының жəне ережелерінің көме-гімен түсіндіру;

3) жүйелік – заң нормасының басқа нормалармен жүйелік байланысын, нақты жүріс-тұрыстың құқық жүйесіндегі орны мен рөлін талдау арқылы түсіндіру;

4) тарихи-саяси – құқықтық норманы қабылдаудың нақты-тарихи жəне саяси жағдайларының көмегімен түсіндіру;

5) телеологиялық (мақсатты) – нормативтік актіні қабылдау мақсаттарын анықтаудың көмегімен талқылау;

6) арнайы-заңды – заңнамада қолданылатын заң терминдерінің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру. 3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері. Субъектілеріне байланысты түсіндірудің мынадай түрлері болады:

- ресми; мұндай түсіндіруді өкілетті субъектілер ғана береді, олар арнайы актіде көрініс табады жəне заңды салдарды туын-датады;

- бейресми; мұндай түсіндірудің заңды міндетті мəні болмайды жəне биліктік күші жоқ.

Ресми түсіндіру нормативтік (тұлғалар мен жағдайлардың кең шеңберіне таралады) жəне казуалды (тек нақты бір жағдай үшін міндетті болып табылады) болып екіге бөлінеді. Нормативтік түсіндіру, өз кезегінде, аутентикалық (нормативтік актіні қабыл-даған органмен беріледі) жəне легалды (өкілетті субъектілер береді) болып екіге бөлінеді.



4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері. Түсіндірудің нəтиже-лері заң нормаларының шын мəніндегі мазмұны мен мəтінінің арақатынасына қарай əр түрлі болуы мүмкін. Осындай арақаты-настықтың негізінде түсіндірудің үш түрін бөліп қарастырады (көлемі бойынша түсіндіру):

1) дəлме-дəл түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы мен оның мəтіндік көрінісі сəйкес келген жағдайда мүмкін;

2) шектелген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі ма-ғынасы оның мəтіндік көрінісінен тар болған жағдайда қолда-нылады;

3) кеңейтілген түсіндіру – құқық нормасының шын мəніндегі мағынасы оның мəтіндік көрінісінен кең болған жағдайда қол-данылады.



5. Құқықты түсіндіру актілері. Құқықты түсіндіру актісі – бұл заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған құқықтық акт.

Құқықты түсіндіру актілерінің ерекшеліктері:

- заң нормаларының мағынасын түсіндіруге бағытталған;

- нормативтік емес, нақтылаушы ережелерден құралған;

- дербес сипатқа ие емес жəне өзі түсінідіріп отырған норма-лармен бірге əрекет етеді;

- құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.

Құқықты түсіндіру актілерінің төмендегідей түрлері болады:

1) ресми түсіндірудің түрлеріне қарай олар нормативтік (аутен-тикалық жəне легалды) жəне казуалды түсіндіру актілері болып бөлінеді;

2) түсіндіруді жүзеге асырып отырған органдарға қарай – мем-лекеттік билік органдарының, басқару органдарының, сот, проку-ратура органдарының түсіндіру актілері;

3) құқықтық реттеу пəніне қарай – қылмыстық, азаматтық, əкімшілік жəне т.б. құқықты түсіндіру актілері;

4) сипатына қарай – материалдық жəне іс жүргізушілік түсін-діру актілері;

5) нысанына қарай – жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, нұсқау-лар жəне т.б.



Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
12- тақырып. Құқықтық сана.

Құқықтық сана – қоғамдық сананың түрі. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен арақатынасы: саяси, өнегелік, діндік.

Құқық пен құқықтық сананың әрекеттесуінің формалары. Құқықбұзушылықты алдын алу, құқықтық әрекет пен қылықты таңдау кезіндегі құқықшығармашылық, құқыққолданушы және құқық қорғау органдарының қызметіндегі құқықтық сананың рөлі. Құқықтық сананың дамуы мен қалыптасуына құқық пен мемлекеттің әсері.

Құқықтық сана құрылысы. Құқықтық идеология және саяси-құқықтық психология: олардың байланысы, өзара әсері, таратылу және қарамақайшылық мүмкіндіктері. Қоғамдық, класстық, топтық және жеке құқықтық сана. Теоретикалық және кәдімгі құқықтық сана. Заңгерліік кәсіпкерлік құқықтық сана. Тұлғаның саяси-құқықтық анықталуы. Құқықа қайшы және заңды мінезқұлық психологиясы.



Құқықтық сананың түсінігі жəне функциялары. Құқықтық сана – бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсі-ніктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, баға-лаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше ныса-ны. Құқықтық сана – бұл адамдардың жаңадан қабылданған заң-дарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына жəне т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.

Құқықтық сана мынаны білдіреді:

- құқықтың қажеттігін түсіну жəне сезіну;

- құқықты бағалау;

- заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну;

- қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толықты-рулар енгізудің қажеттігін түсіну;

- құқықты жүзеге асырудың нəтижелері мен процесін қабыл-дау.

Құқықтық сананың ерекшеліктері мыналардан көрінеді:

а) ол өмірдің шындықтарын əділеттілік, құқықтық, еркіндік тұрғысынан қабылдайды;

ə) жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды талап етеді;

б) құқықтық пен құқықтық еместіктің, құқыққа сəйкестік пен құқыққа сəйкессіздіктің шектерін көрсетеді;

в) құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.

Құқықтық сананың рөлі оның функцияларынан көрініс табады:

1) танымдық; бұған «құқықтық дайындық» түсінігінен көрініс табатын жəне ойлану қызметінің нəтижесі болып табылатын заң білімдерінің белгілі бір жиынтығы тəн болып келеді;

2) бағалаушылық; бұл тұлғаның құқықтық өмірдің əр түрлі жақтары мен көріністеріне өтіл мен құқықтық тəжірибе негізінде белгілі бір эмоционалдық қатынасын тудырады;

3) реттеуші; ол құқықтық көзқарастар мен құндылық-құқықтық бағыттылық арқылы жүзеге асырылады. Көзқарас дегеніміз тұл5аның белгілі бір түрде ақпараттарды, процестерді, құбылыстарды қабылдауға жəне бағалауға бейімділігін жəне осы бағалауға сəйкес əрекет етуге дайындығын білдіреді.

Құқықтық бағыттылық – бұл тұлғаның заңды мəні бар жағ-дайларда əрекет ету бағдарламасын тікелей қалыптастыратын құ-қықтық көзқарастарының жиынтығы.

2. Құқықтық сананың құрылымы екі элементтен құралады: құқықтық психология жəне құқықтық идеология.

Құқықтық психология – бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, арман-дардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылады: а) құқықтық мəдениетке тəн əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлер, тұлғаның мəдениетіне, күнде-лікті өміріне, əдетіне еніп кеткен барлық элементтер; ə) тұлғаның өзін-өзі бағалауы, яғни, өз жүріс-тұрысын құқық нормаларына сəйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.

Құқықтық идеология – бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құ-қықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Құқықтық идео-логия – құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.

3. Құқықтық сананың түрлері. Құқықтық сана мына негіз-дер бойынша түрлерге бөлінеді:

1) мазмұны бойынша:

- қарапайым құқықтық сана – бұл тұлғалардың құқыққа қатыс-ты жалпы көзқарастары, өмірлік тəжірибесінің əсерімен туын-дайтын көңіл-күйлері;

- кəсіби құқықтық сана – бұл заңгерлердің заңды тəжірибесінің негізінде қалыптасатын сезімдері, сенімдері, көзқарастары, дəс-түрлері;

- ғылыми құқықтық сана – бұл құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, концепциялар;

2) субъектілері бойынша:

- жеке құқықтық сана;

- топтық құқықтық сана;

- қоғамдық құқықтық сана.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
13- тақырып. Құқықтық мәдениет және құқықтық нигизизм.

Құқық мәдениеттің құбылысы ретінде.

Құқықтық мәдениеттің түсініг: элеменнтері және деңгейлері.

Құқықтық және саяси мәдениеттің арақатынасы.

Қоғамның, әлеуметтің, жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті.

Заңгердің құқықтық мәденитеі. Қоғамның құқықтық мәдениетін жоғарылату кезіндегі мамандандырылған заңгерлер қауымдастығының рөлі.

Құқықтық мәдениеттің функциялары: тамындылық, бағалық және реттеуші.

Құқықтық мемлекеттің принциптерін бекіту үшін құқықтық мәдениеттің маңызы.


Құқықтық мəдениеттің түсінігі жəне құрылымы. Құқықтық мəдениет құқықтық санамен тығыз байланыстылықта бола тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мəдениет құқықтық сана-ға қарағанда əлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық жəне идео-логиялық элементтермен қатар, заңды мəні бар жүріс-тұрысты да қамтиды. Құқықтық мəдениет мыналарды білдіреді:

1) құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың жəне құқық-тық ойланудың белгілі бір деңгейі;

2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дəрежесі;

3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;

4) құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру процесс-терінің сапалық жағдайы;

5) құқықтық қызметтің ерекше тəсілдері (құқыққорғау орган-дарының жұмысы, конституциялық бақылау жəне т.б.);

6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани жəне мате-риалдық игіліктер түріндегі нəтижелері (заңдар, сот тəжірибесі, заңнама жүйесі жəне т.б.).

Бұлардың барлығы жекелік жəне қоғамдық тұрғысынан қарас-тырылуы мүмкін.

Тұлғаның құқықтық мəдениеті – бұл құқықты білу жəне түсіну, соған сəйкес əрекет ету. Тұлғаның құқықтық мəдениеті тұлғаның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтық сана, құқықты қолданудың дағдылары мен қабілеті, өз жүріс-тұрысын заң нор-маларына бағындыру жатады. Тұлғаның құқықтық мəдениетінің құрылымы мына элементтерден құралады:

1) психологиялық элемент – құқықтық психология;

2) идеологиялық элемент – құқықтық идеология;

3) жүріс-тұрыстық элемент – заңды мəні бар жүріс-тұрыс.

Қоғамның құқықтық мəдениеті – бұл қоғамның құқықтық сана-сының жəне құқықтық белсенділігінің деңгейі, заң нормалар мен заң қызметінің дамуының дəрежесі. Қоғамның құқықтық мəде-ниеті оның жалпы мəдениетінің бөлігі болып табылады жəне ке-лесі факторлармен сипатталады:

- құқықты шын мəнінде қажетсіну;

- елдегі заңдылық пен құқықтық тəртіп жағдайы;

- қоғамдағы заң ғылымы мен заң білімінің даму дəрежесі.

Қоғамның құқықтық мəдениетінің құрылымы келесі элемент-терден құралады:

1) қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық белсенділігінің деңгейі;

2) заң нормаларының даму дəрежесі (құқықтың даму деңгейі, заң мəтіндерінің мəдениеті жəне т.б.);

3) заң қызметінің даму дəрежесі (құқықшығарушы, құқыққол-данушы жəне құқыққорғаушы қызметтің мəдениеті).


14- тақырып. Құқықтағы кемтік және оларды толтыру әдістері.

Құқықтағы кемтіктің түсінігі. Құқықтағы кемтіктің толтыру әдістері.

Құқықтағы кемтікті құқықшығармашылық қызмет жолдарымен толтыру.

Құқықтағы анология институты. Заң анологиясы және құқық анологиясы. Анологияны қолдану негіздері және шарттары. Қылмыстық құқықта анологияның пайдалануына жол бермеу.



Құқықтағы олқылықтар – бұл қолданыстағы заңнамада қажетті заң нормаларының толығымен немесе жартылай болмауы.

Олқылықты жаңа құқық нормасын қабылдау арқылы құқық-шығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады.

Олқылықтарды құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады себебі, бұл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.

Заң ұқсастығы – бұл нақты бір заңды істі осыған ұқсас істі шешуге бағытталған құқықтық норманың негізінде шешу.

Құқық ұқсастығы – бұл нақты заңды істі құқықтың жалпы қағидалары мен мəні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды жеңудің бұл əдісі ұқсас істі шешуге байланысты осы құқық саласында, ұқсас құқық саласында да нақты нормалар болмаған жағдайда ғана қолданылады.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
15- тақырып. Заңдық мінезқұлық.

Заңдық мінезқұлық заң нормаларының нұсқауларына сәйкес мінезқұлық ретінде.

Заңды мінезқұлық түрлері. Активті, пассивті және қалыпты мінезқұлық.

Заңды мінезқұлықтың мотивациясы: заңды мінезқұлық нұсқаулығының түсініг, қылмыстық жауаптылыққа деген қорқыныш, заңға бағынушылық тұлғаның мінезқұлқы мен санасының компоненті ретінде.

Құқытық қатынастар түрлеріне енуі және осындай түрін қабылдамайтын, құқықтық мінезқұлық.

Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі жəне белгілері. Құ-қықтық мінез-құлық – бұл субъектілердің құқық нормаларына жəне əлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы.

Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады:

- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект);

- əлеуметтік пайдалы, қоғамдық мақсаттар мен мүдделерге қай-шы келмейді; бұлар оның объективтік жағын құрайды (мазмұнды аспект);

- саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды.

2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері. Құқықтық мінез-құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:

1) əлеуметтік маңыздылығы дəрежесіне қарай: қажетті (мы-салы, əскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми жəне көркем шығармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рəсімдерді орындау).

2) себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: əлеу-меттік белсенді; конформисттік; əдетті; маргиналды.

Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс – бұл құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күт-кенінен емес, құқықтық мінез-құлықтың қажеттігіне сенуінің негізінде əрекет етеді.

Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс мынадай элементтерден құралады: а) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлерін-дегі, құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру салала-рындағы белсенділік; ə) ерікті ұймдардың қызметіндегі белсен-ділік; б)қоғамдық жəне қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы жəне олардың қызметіндегі белсенділік; в) тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі.

Конформисттік жүріс-тұрыс – бұл құқықтық ережелерге олар-ды терең əрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсен-діліксіз бағынумен сипатталатын əрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық мінез-құлықты таңдайды. Əдетті жүріс-тұрыс – бұл құқық нормаларының орындалуы əдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс-тұрыс. Əдет əрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нəтижесінде қалыптасады.

Маргиналды жүріс-тұрыс – бұл мемлекеттің мəжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нəтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
16- тақырып. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.

Әлеуметтік мінезқұлықтан аутқу мүмкіндігі. Құқықбұзушылықтың түсініг.

Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері.

Құқық бұзушылықтың түрлері. Қылмыстылық себептері және басқа да құқық бұзушылықтардың әлеуметтік табиғаты.

Құқық бұзушылықтың заңды құрамы. Заңды жауапкершілік түрлері. Позитивтік және ретроспективті жауапкершілік. Заңды жауапкершілік және құқықтық санкциялар.

Заңды жауапкершіліктен босату негіздері. Кінәсіздік презумпциясы және оның мәні.



Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері жəне түрле-рі. Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүд-делеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінəлі, құқыққа қайшы, қо-ғамға қауіпті əрекеті.

Құқықбұзушылықтың белгілері:

- əрекет немесе əрекетсіздік;

- кінə;


- құқыққа қайшылығы;

- зиянды нəтиже;

- əрекет пен зиянды нəтиженің арасындағы себепті байланыс;

- заңды жауапкершілік.

Əлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға жəне теріс қылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, əлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан кел-тірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық əрекеттердің тізімі нақты анықталған жəне олар кеңейтілген түсінуге жат-пайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.

Теріс қылықтар – əлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қара-ғанда, аз дəрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің əр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, əр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, əр түрлі шаралар көзделген.

Теріс қылықтардың түрлері:

1. Азаматтық – бұл мүліктік жəне жеке мүліктік емес қаты-настар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндет-темелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мəліметтерді таратуды жəне т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мəжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мəжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар жəне басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.

2. Əкімшілік – бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тəртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласын-дағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Əкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) жəне əкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.

3. Тəртіптік – бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асыры-латын, кəсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тəртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тəртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, əскерилер үшін – Тəртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін – арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кəсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның əкімшілігі жүзеге асырады.

Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші жəне айып-пұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мəжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мəжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.



Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушы-лықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті жəне жеткі-лікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы əрекетті немесе əрекетсіздікті жасаған құқықəрекетқабілетті жеке тұлға немесе əлеуметтік ұйым.

2. Құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушы-лықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік жəне тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғам-дық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абы-рой, мүлік жəне т.б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз əрекетіне жəне оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінə табылады. Кінə дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы əрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінəнің екі түрі болады: қасақаналық жəне абайсыздық. Қаса-қаналық тікелей жəне жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақа-налықта тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді жəне осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз əрекеттерінің қо-ғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді жəне осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік жəне немқұ-райдылық. Менмендікте тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз əрекеттерінің қоғамға қау-іпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін əрі тиіс еді.

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқық-бұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) əрекет немесе əрекетсіздік; ə) құқыққа қай-шылық; б) зиянды нəтиже; в) əрекет (əрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері жəне қағида-лары. Заңды жауапкершілік – бұл құқықбұзушылық жасаған тұл-ғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тəртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостан-дығынан айыру); ə) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің белгілері:

- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;

- мемлекеттік мəжбүрлеуге негізделеді;

- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;

- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;

- жеке, мүліктік жəне ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;

- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;

- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.

Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқық бұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сəйкес құқық қолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мəж-бүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде əкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін жəне т.б. атауға болады.

Заңды жауапкершіліктің қағидалары:

1) заңдылық – жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықəрекетқабілетті тұлға жасаған кінəлі, құқыққа қайшы əрекет немесе əрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;

2) əділеттілік – жазаның кінəға сəйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінəліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайын-дауды білдіреді;

3) негізділік – істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді жəне нақты жазалау шарасын заңға сəйкес анықтауды білдіреді;

4) ізгілік (гуманизм) – адамның қадір-қасиетін қорлайтын жаза-лау шараларын белгілеуге жəне қолдануға тыйым салуды біл-діреді;

5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы – жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындай-тынын білдіреді;

6) мақсаттылық – құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сəйкестігін білдіреді.

Заңды жауапкершіліктің түрлері. Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:

1. Қылмыстық – тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінəлі деп танылмауы жəне қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары – кінəлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мəжбүрлеудің ең қатаң нысандары – бас бостандығынан айыру, өлім жазасы жəне т.б.

2. Əкімшілік – əкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды жəне айыппұл, арнайы құқығынан айыру жəне т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.

3. Азаматтық – мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу жəне шарттан тыс мүліктік зиян келтіру үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы – зиянды толығымен өтеу.

4. Тəртіптік – еңбек, оқу, қызметтік, əскери тəртіпті бұзу үшін қолданылады; тəртіптік жауапкершілік шаралары – сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жəне т.б.

5. Материалдық – қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кəсіпорынға, меке-меге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.



Əрекеттің құқыққа қайшылығын жəне заңды жауапкер-шілікті жоятын жағдайлар. Оларға мыналарды жатқызуға бо-лады:

1) есі дұрыс еместік – тұлғаның өз əрекеттеріне есеп бере ал-мауы;

2) қажетті қорғаныс – мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүд-делерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқ-сан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қа-жетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың нұқ-сан келтірушіліктің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дəрежесіне айқын түрде сəйкес келмеуі орын алмауы тиіс;

3) аса қажеттілік – мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделе-ріне қауіп төндіруші əрекетті жою жағдайында мүмкін, қойы-латын шарт – бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет жəне аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз болуы тиіс;

4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;

5) казус (жағдай) жəне т.б.



Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
17- тақырып. Заңдылық, құқықтық тәртіп, тәртіп.

Заңдылық түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Конституциялық заңдылық – заңдылық пен құқықтық тәртіп негізі.

Заңдық деформация: себептері, түрлері, жеңу жолдары. Заңдылық және өктемдік. Тоталитарлық мемлекеттерде заңдылықты бұзудың түрлері.

Құқықтық тәртіп түсінігі. Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп.

Кепілдік және заңдылықты және құықтық тәртіпті қаматмасыз ету әдістері.

Тәртіп түсінігі. Заңдылық және тәртіп. Тәртіп түрлері. Атқарушылық тәртіп және оның аппарат жұмысындағы рөлі. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп.



Заңдылықтың түсінігі жəне қағидалары. Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.

Заңдылық үшін екі жақ тəн: а) мазмұнды жағы – бұл құқықтық, əділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы; ə) формальды жағы– бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдар-дың болуының өзі де жеткіліксіз.

Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары табылады, нақты айтқанда: мемлекет жəне оның органдары; қоғамдық жəне басқа да ұйымдар; еңбек ұжым-дары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың сана-сы, еркі мен əрекеттері табылады.

Заңдылықтың қағидалары – бұл заңдылықтың мазмұнын Аша-тын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:

1) заң үстемдігі – барлық нормативтік жəне жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;

2) заңдылықтың тұтастығы – нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді біл-діреді;

3) заңдылықтың мақсатқа сəйкестігі – құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заң-дардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сəйкес-тілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсат-қа сəйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;

4) заңдылықтың шынайылығы – құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді жəне оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.



Заңдылықтың кепілденуі – бұл заңдар мен заңға сəйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепіл-денуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

1) əлеуметтік-экономикалық – бұл қоғамның экономикалық да-муының дəрежесі, оның жағдайының деңгейі, меншік нысанда-рының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық жəне т.б.;

2) саяси – бұл конституциялық құрылымның қоғамның саяси жүйесінің демократиялылығының дəрежесі, саяси плюрализм, көппартиялық, биліктің тармақтарға бөлінуі жəне т.б.;

3) ұйымдастырушылық – бұл заңдар мен заңға сəйкес акті-лердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокура-тура, сот, полиция жəне т.б.) қызметі;

4) қоғамдық – бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын алу жəне басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені;

5) идеологиялық – бұл құқықтық сананың дамуының, азамат-тар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орын-даудың дəрежесі, қоғамдағы адамгершілік тəрбиелеудің деңгейі;

6) арнайы-заңды – бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау жəне қудалау мақсатында қолданыстағы заңнама-да бекітілген тəсілдер мен құралдар.

Құқықтық тəртіптің түсінігі. Құқықтық тəртіп – бұл субъ-ектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл əлеуметтік байланыстардың реттелу жағ-дайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нəтижесі.

Құқықтық тəртіптің ерекшеліктері:

а) ол құқық нормаларында жоспарланған;

ə) осы нормаларды жүзеге асырудың нəтижесінде туындайды;

б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасай-ды;

г) заңдылықтың нəтижесі болып табылады.

Заңдылық пен құқықтық тəртіптің арақатынасы. Заңды-лық пен құқықтық тəртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді.

1) құқықтық тəртіп құқықтық тəртіптің мақсаты болып табы-лады; құқықтық тəртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нор-мативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады; 2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тəсілдермен құқықтық тəртіпке жету мүмкін емес;

3) заңдылықты нығайту құқықтық тəртіпті нығайтуға алып келеді;

4) құқықтық тəртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұ-нына байланысты болады.



Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
18- тақырып. Құқық, жеке тұлға, қоғам.

Мемлекет және құқық теориясының көзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы. Азаматтық, азамат және мемлекет. Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы. ҚР-ң Конституциясы бойынша адаманың құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы.

Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік.

Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы.

Адам құқығының халықаралық қорғалуы. Адам құқығының Жалпы декларациясы.

Тұлғаның құқықтық мəртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс жүзіндегі (əлеуметтік) мəртебесін, оның қоғамдағы нақты жағ-дайын бекітеді. Құқықтық мəртебе дегеніміз субъектілердің құ-қықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз əлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

Құқықтар мен міндеттер құқықтық мəртебенің негізін құрайды. Құқықтық мəртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

- құқықтар мен міндеттер;

- заңды мүдделер;

- құқықсубъектілік;

- азаматтық;

- заңды жауапкершілік;

- құқықтық қағидалар.

Құқықтық мəртебе жалпы, арнайы жəне жеке-дара болып бөлінеді. Жалпы мəртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мəртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мəртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнет-керлердің жəне т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олар-дың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке-дара мəртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым жəне т.б.) көрсетеді жəне тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.

Мемлекет пен құқықтың арақатынасы. Мемлекет жəне құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.

Біріншісі – этатистік; бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қара-ғанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.

Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бе-кітті.

Алайда, аталған мəселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл ба-ғыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемле-кет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынды-ғына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмау-ға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге жəне мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:

1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді;

2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемле-кеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыпта-суы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялау-ымен сипатталды;

3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, əдет құқығы осылай қалыптасады;

4) құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пай-даланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;

5) мемлекет құқықты жəне құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді;

6) мемлекет құқықтың əлеуметтік кеңістікке таралуына жəр-демдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құ-қыққа сəйкес əрекет жасауға міндеттейді.

Құқықтың мемлекетке əсері мыналардан көрініс табады:

1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына əсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде əсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемле-кетке құқықтың көмегімен əсер етеді;

2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау жəне мəжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;

3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтар-дың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;

4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына əсерін тигізеді;

5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілікті əрекеттерінің заңды кепілдік-терін бекітеді;

6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы əлемдік қауымдас-тықпен байланыс тілі рөлін атқарады.



Экономика, саясат пен құқықтың арақатынасы. Эконо-миика – бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы, нақты қо-ғамдағы өндіріс тəсілдері. Саясат – бұл таптар, партиялар, ұлттар арасындағы билік мəселесіне қатысты мемлекет пен халық ара-сындағы қатынастарға сипаттама беретін қоғамды басқару өнері. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Аталған түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сəйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынас-тардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық жəне саяси қатынас-тардың, дамуы мен əрекет етуінің алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың эконо-микадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуа-зиялық революциялар дəуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа эконо-микалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері кері-сінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады.

Екінші бағытқа сəйкес, экономика құқық пен саясатты анық-тайды. Құқық пен саясат базиске тəуелді болып келеді. Алайда, бұл басымдық рөл тек ақыр соңында ғана байқалады, себебі, құқық пен саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қаты-настардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау арқылы оған кері əсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен экономиканы байланыстырушы болып табылады.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.
19- тақырып. Құқық саласы.

Құқық саласының түсінігі. Құқы саласының негізгі компонентері-құқықтық сана, құқықтық тәртіп, құқықтық норма, құқыққолданушылық, құқықшығармашылық, құқықтық ғылым, құқықтық білім, олардың жалпы сипаттамасы. Қоғамның құқықтық жүйесі. Қоғамның құқықтық жүйесінің элементтері-заңдық ғылым, құқықтық түсініктер, заңдық техника, заңдық тәжірибе, олардың жалпы сипаттамасы.

Құқық саласы, құқықтық жүйе, құқық жүйесі түсініктерінің арақатынастары.

Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Құқық саласының белгілері;

- əрбір саланың өз пəні болады;

- əрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;

- құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқық-тар мен міндеттерді жүзеге асыру тəсілдерін жəне құқықтық нор-маларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық ша-раларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.

Құқық салаларының түрлері:

1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар – азаматтық, қылмыстық, əкімшілік құқықтар жəне оларға сəйкес іс жүргізу-шілік салалар – азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүр-гізушілік жəне əкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан;

2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы;

3) кешенді салалар; бұларға негізгі жəне арнайы салалардың əртүрлі институттарының бірігуі тəн: шаруашылық құқық, аграр-лық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қа-дағалау, теңіз құқығы.

Әдебиеттер:

1) Булгакова Д. А. Мемлекет және құқық теориясы. Заң әдебиеті-2008ж 105бет.

2) Жоламан, Қ. Д.   Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/Қ. Д. Жоламан.-Алматы:Нұр-пресс.-2007.-295 б.

3) Жоламан Қ. Д..-Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]:оқулық Алматы:Нұр-Пресс.-2008.-1 CD; 124 Мб.

4) Сапарғалиев, Ғ. С. Мемлекет және құқық теориясы:оқулық/ Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева.-Астана:Фолиант.-2007.-336 б..-(Кәсiптiк бiлiм)
Жоламан, Қ. Д.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет