Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы


ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі



бет10/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені
Сабақ 2 Косымша 3 Сәйкестендіру тапсырмалары
ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізудің екі жолы бар:

  1. Президенттің бастамасы бойынша Парламент енгізеді;

  2. республикалық референдум арқылы.

ҚР Конституциясының 62 бабының 3 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша Республика Парламенті Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен палаталардың бірлескен отырысында енгiзедi.
Ал, Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды референдумда енгізу тәртібіне келсек, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы республикалық референдум мыналардың бастамасы негізінде Президенттің шешімімен өткізіледі:

  1. Президенттiң өзінің бастамасымен;

  2. Парламенттiң ұсынысымен;

  3. Үкiметтiң ұсынысымен.

Президент Парламент немесе Үкімет білдірген ұсыныс бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) референдум өткізу туралы.
2) референдум өткізбей-ақ Конституцияға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар жобасын Парламенттiң қарауына беру туралы. Мұндай жағдайда Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды жоғарыда атап кеткендей тәртіппен (палаталардың бірлескен отырысында әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен) Парламент енгізеді.
3) Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы ұсынысты қабылдамай тастайды. Егер ұсыныс Парламентпен білдірілген болса және оны Президент қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк даусымен Парламент осы өзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі референдумға шығарылған жағдайда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының (18 жасқа толған, әрекет қабілеттігі бар, соттың айыптау үкімі бойынша түрмеде отырмаған азаматтардың) жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлдi деп есептеледi. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет