|
Пән мұғалімі: Тангалиева А. И. Физика –7 сынып
|
Дата | 11.12.2021 | өлшемі | 146,38 Kb. | | #79038 |
| Байланысты: jnbgdhbl47 Пән мұғалімі: Тангалиева А.И. Физика –7 сынып Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Өлшеу құралдарының бөлік құнын табуды үйрену Мақсаты: Оқушыларды құрал-жабдықтардың бөлік құнын анықтауға және оларды қолдана алуға үйрету. Құрал-жабдықтары: Мензурка, секунд өлшеуіш, сызғыш, амперметр, вольтметр, термометр. Жұмыс барысы: Қауіпсіздік ережесі: -
Шыны құралдармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесіне көңіл бөл; -
Есте сақта: шыны морт сынғыш материал, оқыс қозғалған уақытта бірден шытынап сынып кетуі мүмкін; -
-
Құрал-жабдықтарда берілген приборларды алып оларды бөліктеріне назар аудар.
-
Әр прибордың бөлік құнын анықтау ережесін еске түсір. Аспап шкаласының бөлік құны өлшенетін шаманың шкаласындағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу керек.
Мысалы: Аспап атауы – вольтметр 150 – 100 = 50 50 / 5 = 10 B Вольтметр аспабының бөлік құны – 10 В
-
Өлшеудің ең үлкен жаңылысын есепте. Кез келген прибордың бөлік құнының жартысы сол құралдың ең үлкен жаңылысы болып табылады. Мысалы: Вольтметр аспабының ең үлкен жаңылысы 10 В / 2 = 5 В -
Алынған мәліметті кестеге жаз: № | Аспаптың атауы | Аспаптың ең үлкен өлшеу шегі | Аспаптың бөлік құны | | 1 | Амперметр |
|
|
| 2 | Сызғыш |
|
|
| 3 | Термометр |
|
|
| 4 | Мензурка |
|
|
| 5 | Секунд өлшеуіш |
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|