Пән: Психология Пән мұғалімі: Шайхымуратова Индира Берикхановна Апта: 2 Тақырып 2


Іс-әрекеттің түрлері және оның сипаттамасы



бет2/3
Дата03.12.2022
өлшемі0,52 Mb.
#161073
1   2   3
Байланысты:
Қабылбекова Жанерке (2 апта) Психология
1! Êàíäèíñêèé-Êëåðàìáî ñèíäðîìûíà ò?í ñàíäûðà? ìåãàëîìàíèÿëû?, Документ, Анатомия , ВПС , Нарушения ритма, №2 Ядролық физика элементтері
2. Іс-әрекеттің түрлері және оның сипаттамасы.
Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субъектінің өзара қатынасының динамаикалық жүйесі. А.Н. Леонтьев: «Бала психикасы дамуының тікелей анықталуы - ішкі және сыртқы іс-әрекетінің дамуы». Сондықтан іс-әрекет, А.Н. Леонтьев бойынша, өмір бірлігі болып саналады.
С.Л. Рубинштейн 1933 жылы сана мен іс-әрекетті алғаш байланыстырды, сана мен іс-әрекет бірлігінің принципін біріктіріп: психикалық бейнеленуі, сана іс-әрекеттің белсенділігімен байланысты, одан шығады, сонда тіршілік етеді, онымен анықталады. Осы принципке сәйкес, сана іс-әрекеттен туындайды.
Адамның онтогенез барысында дамуы іс-әрекеттердің негізгі үш түрімен шектеледі.
1. Ойын;
2. Оқу;
3. Еңбек.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік, демалу мақсатын көздейді.
Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар. Сонымен қатар ойынның араласқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Ойын балалардың жетекші іс-әрекет болып табылады.
Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсеткен: «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алып отыратын болса,-деп жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды.Ойында бала қандай болса, өскенен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».
Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім, икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым, білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды.
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық және көркем шығармашылықтың артуының факторы болды. Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі және көпқырлы құбылыс.
Іс-әрекет психологиясы – кеңестік дәуірде психология ғылымының дамуында үлкен рөл атқарған психология саласы. Бұл теорияның пайда болуы мен дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин және басқалардың есімдерімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет