Пәндер әдістемелік бірлестігі Жетекшісі: 2017-2018 оқу жылы



бет2/3
Дата14.02.2020
өлшемі1,36 Mb.
#58078
1   2   3
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ҮЛГІ 17-18
bоқу жоспары мектепішілік бақылау, bоқу жоспары мектепішілік бақылау, bоқу жоспары мектепішілік бақылау, bоқу жоспары мектепішілік бақылау


Енді жалпы ашық сабақтардың өткізілу деңгейіне келетін болсам, 20.11.17 күні Усманова А.Қ. 8а сыныбында Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш кұс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жалпы сабақтың құрылымы сауатты жасалған. Барлық кезеңдері сақталып, түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сынып үш топқа бөлініп жұмыс істеді. Жаңа сабаққа көшу кезеңінде аудиожазба тиімді қолданылып, оқушыларға жағымды әсер етті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, білімдерін көрсете білді. Айгерім Қайратқызы жас маман болғанмен де шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім. Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын.

22.11.17 күні 9а сыныбында Бегайдарова Ш.Д. «Күлтегін жыры» тақырыбы бойынша ашық сабағын өткізді. Сынып үш топқа бөлініп, сабақ барысында топпен жұмыс жасап отырды. Сабақ өткен тақырыпты қорытумен басталды да, оқушыларға берілген қосымша тапсырмамен жалғасып кетті. Оздыра оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушылар өз беттерінше ізденіп келген материалмен бөлісті.

Жаңа сабаққа көшпес бұрын интерактивті тақтадан «Күлтегін» тақырыбына байланысты видеоматериал көрсетті. Бұндағы мақсаты кітапта жазылған тарихи жырды оқушылар көздерімен көріп, тереңірек ұғындыру. Осы кезеңде тарих және география сабағымен байланыс жүзеге асырылды.

Бекіту кезеңінде оқулықпен жасай отырып, әр топ өздеріне тиісті тапсырмасын дәптерлеріне орындады. Берілген кестелерді интерактивті тақтаға шығып толтырды.

Қорытынды кезеңінде жырдың негізгі идеясын ашатын тұсын таба отырып, оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігі байқалды.

Жалпы сабақ барысында алдын ала оқыту, зерттеу, баяндау, топтастыру, салыстыру (СТО стратегиясы), ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолданды. Алдыма қойған мақсатыма толық жеттім деп ойлаймын.



20.11.17 күні 5ә сыныбында қазақ тілі пәнінен «Тұрақты тіркестердің ерекшелігі» тақырыбында Молдатаева А.С. ашық сабағын өткізді. Айнұр Сейдуалиқызы 1 санатты мұғалім. Өткізген сабақтың түрі аралас сабақ. Сабақ барысында сынып 3 топқа бөлініп топпен жұмыс жасады. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасады. Оқушылар белсенді қатысып, білім деңгейлерін көрсете білді. Сабақтың құрылымы жақсы ұйымдастырылған.Сынып сабаққа дайындықпен келгені көрініп ақ тұрды. Пәнаралық байланыс болды. Сабақта оқушылармен қарым-қатынас жасап, сабақ құрылымының мөлшерін сақтай білді.



Сонымен қатар апталық барысында сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланған болатын.



20.11.17 күні Бегайдарова Ш.Д. 9-10 сыныптар аралығында «Білгірлер сайысын» өткізді. Формасы интеллектуалдық ойын. Сайысқа 3 топ қатысты. Ойын барысында 7 кезең бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша сұрақтар, тапсырмалар берілді. Аталған кезеңнің әрқайсысында топтар белсенділікпен қатысып отырды. Жалпы іс – шара барысында сұрақ-жауап әдісін, интерактивті тақта ресурстарын қолдандым. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім деңгейі байқалды. Өкінішке орай қатысуға тиісті 9б сыныбы сайысқа келмей қалды.

21.11.17 күні 5-6 сыныптар аралығында «Абай – Шәкәрім үндестігі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Жалпы сайысқа оқушылар жақсы дайындықпен келген, ортаға шығып өз өнерлерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.



23.11.17 күні 6а сынында Молдатаева А.С. «Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыннын өткізді. Іс – шара барысында оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасап, белсенділік танытты. Берілген тапсырманы шапшаң әрі сауатты орындай білді. Барлық кезеңдер қызықты құрылған. Орыс тілімен байланыс байқалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, мақсатына жетті.



23.11.17 күні 7-8 сыныптар аралығында «Сахналық қойылымдар сайысы» ұйымдастырылды. Жауапты Усманова А.Қ. қатысуға тиісті сыныптардың дайындығы төмен болғандықтан іс-шараның өту деңгейі төмен болды. Берілген шарттар орындалмады. Сондықтан мақсатына жеткен жоқ.



Апталықтың қорытындысы жасалып, іс-шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болған сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар апталықтың қорытындысы бойынша коллаж жасалды.

Жалпы жоспарланған сабақтар мен іс-шаралардың барлығы өз уақытында толық өткізілді. Пән мұғалімдері тарапынан берілген тапсырмаларды сынып жетекшілері орындамағандықтан біршама кемшіліктер орын алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет