пәні бойынша 050103 «Педагогика және психология»



бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6673
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6

Баќылау с±раќтары:

1. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері.

2. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестерін зерттеу және түзету әдістемелері.

Практикалық сабақ №7
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу әдістері.

Жоспары: 1. «10 сөзді жаттау» әдістемесі.

2. Балалардың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

3. «10 сан» әдістемесі. «10 фигура» әдістемесі.
Практикалық сабақ мақсаты: баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. "10 сөзді жаттау" әдістемесі



Мақсаты: баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық материалдар (ойын, көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.

Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дүрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.

Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: "Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тындап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасындар".

Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: "Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді тағыда қайталап айтасыңдар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар".

Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:

"Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тыңдаңдар". Бесінші рет қайталағанда: "Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысындар" — деп ескерту қажет.

Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми береді.

Сөздер тізімін қайталап оку барасында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді өте жай қайталағанда, балаларға: "тағы қандай сөздер есіңе түсті" деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

Орындау уақыты 7-8 минут.

Багалау шкаласы:

Бір рет оқығанда - 5-6, бес рет қайталағанда - 8-10 сөзді қайталау - сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады; Бірінші оқығанда — 3-4, бесіншіден кейін ~ 5-7 - орта; Бірінші оқығанда — 1-2, бесіншіден кейін — 3-4 — төмен; Бірінші оқығанда - 0, бесіншіден кейін - 1-2 — өте төмен.



Сөздер: уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар, май, ағаш, көрпе, киім, дала.

Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек

2. "10 сан" әдістемесі

Мақсаты: баланың қарапайым математикалық білімін тексеру. Әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға болады.

Тапсырмалар:

  1. Келесі сандар қалай аталады: бірнеше бірлік сандар айтылады
    (2, 7, 6)

  2. 5, 7 сандарына көрші сандарды ата. Олар неге көрші сандар
    деп аталады?

  3. 9-дан бір санға кішіні ата, енді бір санға үлкенін ата.

  4. 3 пен 5 сандарының арасында қандай сан тұрады?

  5. Бірден онға дейін санап берші.

  6. Оннан бірге дейін қалай саналады?

  7. Қатар орналасқан үш санды ата.

  8. 7 санынан кейін орналасқан санды ата.

  9. Аталған саннан үлкен немесе кіші санды қалай шығаруға
    болады?

10.Санамақ қандай саннан басталады?

Бағалау шкаласы:

Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілген "10 сөз" әдістемесін орындау ережесі бойынша жүргізіліп, нәтижесі сол шкала бойынша бағаланады.



3. "10 фигура" әдістемесі

Мақсаты: Баланың геометриялық фигураларды білуін анықтау.

Төменде берілген сұрақтарды қолдана отырып баламен әңгімелесу барысында, оның білімі туралы мағлұмат жиналады. Бұл әдістемені ойын ретінде балалар тобымен жүргізуге де әбден болады. Мысалы, психолог балаларды ертегі әлеміне қыдыруға шақырады. Бұл әлемдегі заттардың барлығы геометриялық фигуралардан тұрады екен. Осы фигураларды дұрыс атағандар басқа бөлмеге шығуына, үзіліс жасауына, келесі тапсырманы орындауына рұқсат алады (балаларды қызықтыратын нәрселерді қолдану қажет).



Әңгімелесуге келесі сурақтарды қолдануеа болады:

  1. Қандай фигуралардың атын білесің?

  2. Үстөлдің беті қандай фигураға ұқсайды?

  3. Терезе айналары фигураларын атап берші.

  4. Ыдыстардың басым көбі қандай фигураға ұқсайды?

  5. Дөңгелек пен шардың айырмашылығы неде?

  6. Осы бөлмеде пирамидаға ұқсас не бар?

  7. Сынып бөлмесінде үшбұрышқа ұқсайтын нәрселер бар ма?

  1. Менің оң жағымда орналасқан нәрселерді аташы? Олар
    қандай фигураларға ұқсайды?

  1. Қиыққа ұқсас нәрсені тапшы.

10. Фигураларға қарап оларды ата: үшбүрыш, қиық, шаршы,
төртбұрыш, ромб, куб, деңгелек, сопақ, пирамида, бесбұрыш.

Багалау шкаласы:

7-10 фигураны атаса - өте жақсы;

5-6 - жақсы;

3-4 — орта;

1-2 - төмен.

Баќылау с±раќтары:

1. «10 сөзді жаттау» әдістемесі.

2. Балалардың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.

3. «10 сан» әдістемесі. «10 фигура» әдістемесі.




Практикалық сабақ №8
Тақырыбы: «Ертегі айтып берші» әдістемесі.
Жоспары: 1.Баланың сөйлеу техникасын және тіл байлығын анықтау.

2. Бағалау шкаласы.


Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерге баланың сөйлеу техникасын және тіл байлығын анықтау жолдары туралы түсінік беру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. "Ертегі айтып берші" әдістемесі.

Мақсаты: баланың сөйлеу техникасын және тіл байлығын анықтау.

Балаға өзі білетін ертегіні айтқызып, ондағы кейіпкерлер қандай ерекшеліктермен сипатталатынын қосымша сұрақтар қойып анықтау арқылы жүргізіледі. Бұл тәсілдің көмегімен балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, тіл байлығын тереңдетуге болады. Тапсырманы орындату барысында келесі көрсеткіштер бағаланады.

I. Дыбыстардың дұрыс айтылуы.


  1. Дикциясының анықтығы.

  2. Дауысының мәнерлілігі.

  3. Сөздік қоры.

  4. Сөзді орнымен нақты қалдана білуі.

  5. Ұғымдарды түсіндіретін лексикондағы сөздің бары.

  6. Сөйлеуде грамматикалық қатенің болмауы.

10. Әртүрлі грамматикалық формаларды қолдануы.

II. Әр түрлі сөйлемдерді дұрыс құра білуі.



  1. Сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс анықтай білуі.

  2. Сөйлемде аяқталған ойды айта білуі.

14: Әр түрлі силаттағы сұрақтарға жауап беруі.

15. Қысқа әңгіме құра білуі.

16. Құбылыстарды, әрекеттерді, фактілерді бір-бірімен байланыстыруы.

Баќылау с±раќтары:

1.Баланың сөйлеу техникасын және тіл байлығын анықтау.

2. Бағалау шкаласы.
Практикалық сабақ №9
Тақырыбы: 1- сыныпқа арналған «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі.
Жоспары:

1. Бастауыш сынып оқушыларындағы қорғаныс механизімдерінің қалыптасқанын анықтау.

2.Әдістемені жүргізу нұсқауы.

Практикалық сабақ мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларындағы қорғаныс механизімдерінің қалыптасқанын анықтау.Әдістемені жүргізу нұсқауымен таныстыру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олардың нәтижесі сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалауға және өз бетінше елестетуге мүмкіндік береді. Сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді. Сондықтан қазіргі кезде практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы түсінікті.

Психодиагностикада жобалау әдістемелерін пайдалану оның нәтижесінің психокоррекция барысында қолдану арқылы балаға өзінің ішкі дүниесін көрсетуіне және өзін түсінуге ықпал жасайды. "Жаңбыр астындағы адам" әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.



2. Нұсқау

Нұсқау қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу үсынылады, ал бұдан кейін дәл сондай басқа параққа бөлек - жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.

Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда, өмірдің қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттелушінің барлық әрекеттеріне назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сұхбат жүргізуге болады.

Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интерпретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалық көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға болады. "Жаңбыр астындағы адам" суретін "Адам" суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқындауға болады. Екінші суретте адамның бейнесі экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Егер адам біреуді күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашуға да байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).

Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттелушінің әрекеттен қашуға бейімділігі, сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.

Кескіннің өзгеруі (трансформация)

Кескіннің көлемінің ұлғаюы кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбіне күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.

Кескіннің кішіреюі зерттелушінің өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адмдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нөтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.

Егер де "Жаңбыр астындағы адам" суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін байқатады. Киімнің болмауы мінез-құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.

Жаңбыр белгілері (атрибуттары)

Жаңбыр — адамдарда болатын кедергілер, жағымсыз әсерлер. Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сирек тамшылар - уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар -қиын, үздіксіз жағдайлар.

Жаңбырдың қайдан "келетінін" (адамның оң немссе сол жағынан) және қандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысты жүргізіледі.

Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күтү белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалыңдығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді.

Шалшық су, батпақ,балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын, "жаңбырдан" кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді. Шалшықты бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (формасы, тереңдігі, шашырандылығы). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды.



(Кескіннің артқы жагынан немесе алдьңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?).

Қосымша бөлшектер

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.



Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің басталуын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нәсерлерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін. Мысалы үлкен қолшатыр — саңырауқұлақ адам — адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқүрайдылығын дәлелдеуі мумкін.

Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.



Бөлшектердің бұрмалануы мен өткізілуі

Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы бала өміріндегі қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауын көрсетуі мүмкін.

Суреттердегі түстер

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламды қолдануды қалайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шыгарудың қажеті жоқ.



Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайды да бейнелеуі мүмкін.

Жақсы бейімделген эмоциялық қалыпты бала өдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы бала өз өмірінде болатын эмоциялық жағдай өзгергенде қорқынышты болуын көрсетеді.



Қорытындылау кезеңі

Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады, нәтижесі жүйеге келтіріледі.

Баќылау с±раќтары:

1. Бастауыш сынып оқушыларындағы қорғаныс механизімдерінің қалыптасқанын анықтау.

2.Әдістемені жүргізу нұсқауы.
Практикалық сабақ №10
Тақырыбы: 2- сыныпқа арналған «Жануарлар мектебі» әдістемесі.
Жоспары: 1. Оқушылардың мектепке бейімделуін диагностикалау жолдары.

2. Оқушылардың қарым-қатынастағы өзіндік ерекшеліктерін анықтау жолдары.


Практикалық сабақ мақсаты: Оқушылардың мектепке бейімделуін диагностикалау жолдарымен және

оқушылардың қарым-қатынастағы өзіндік ерекшеліктерін анықтау.



Практикалық сабақ мәтіні:

Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Бала мектепте өзі шеше алмайтын көптеген мөселелермен кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте дистикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейкесті жөне маңызды мәселе болып табылады.



Бүл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен, психологиялық қорғаныстың әртүрлі формаларымен кездеседі. Психологиялық қорғаныс бейсаналы деңгейде қалыптасқандықтан, бүл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістеменің көмегімен зерттеуге болады. Мұндай әдістемелердін бірі -"Жануарлар мектебі" деп аталады.

Бүл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын, оның себебін жөне түзету жүмысын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу кезіндегі жақсы атмосфера жөне бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедергісіз сурет салуына жағдай туғызады. Сонымен бірге, сурет салу бастауыш мектеп оқушыларына қызықты және дағдылы өрекеті.

Суретті талдауда оқу әрекеті үрдісіндегі оқушыда кездескен қиындықтарды көруге болады.

Бүл өдістеменің тек мектепке бейімделеу кезеңівде ғана емес, сонымен бірге үлкен жастағыларға да, яғни әртүрлі сабақтарда, оқу әрекетінде жөне сыныптастарымен жөне мүғалімдерімен қарым-қатынасында туындаған қиындықтарды анықтауда қолдануға болады. Бүл әдістемені топтық жөне жеке формада жүргізуге болады.



Керекті жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті қарандаштар.

Алдын ала дайындық.



Жүргізуші: Қазір біз сіздермен бірге сиқырлы орманға қызықты саяхат жасаймыз. Ыңғайлы отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстаңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Ашық күнді орманды алқапта жүрміз деп елестетіңдер. Басыңызға жапырықтар, аяғыңызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сіздер "Жануарлар мектебі" деген жазуды көрдіңіздер. Айналаға қараңыздар! Қандай жануарлар мектепте оқиды екен? Ал қаңдай жануарлар ол мектепте мұғалім қызметін атқарады?

Сіздер қандай сезімде болдыңыздар? Осы сезімді ары қарай дамытыңыздар. Мен оңға дейін санағанша, сіздер біраз уақыт осы "Жануарлар мектебінде" болыңыздар, содан кейін көздеріңізді ашасыздар!



Нұсқау:

Жургізуші: Сіздер "Жануарлар мектебіңде" болдыңыздар. Ал енді қарандаш пен қағаз алып не көргендеріңіздің суретін бейнелеуді өтінемін. Тапсырма орындалады. Өз суреттеріңізге мұқият қарап, "мен" өзім деген жануарларды табыңыз. Оның жанына "х" немесе "вм әрпін қойыңыз.

Талдау ережесі

1. Суреттің парақ бетінде орналасуы.

Суреттің қағаздың жоғарғы жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, ұжымдағы еркін жағдайға қанағаттанбаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікгі білдіреді. Суреттің төменгі жағына жақын орналасуы өз-өзіне сеңбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет парақтың ортасында бейнеленсе, онда бала жағдайы барлық көрсеткіштер бойынша нормада деп есептеуге болады.

2.Фигураның контурлары.

Фигураның контурлары суреттегі фигуралардың шығыңқы жерлерінің көрінуі немесе көрінбеуімен тадданады (кедергілердің, тікендердің типтері арқылы), жолды күнгірт салу — мүның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бүрыш салса — агрессиялықты, ал егер контурлы жол күнгірт болса — қорғыныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса — қорғаныс ету күдіктілікті білдіреді.

3.Басып салу.

Суреттерді бағалау кезінде басып салуының тұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол адамның барлық жағдайда тұрақтылығын білдіреді. Жай, әлсіз басып салу — мазасыздықтың пайда болуын, ал суретті өшіргені және қайта салғаны өзіне сенімінің төмен екендігін көрсетеді. ■

4.Көз, қүлақ, ауыз т.б. детальдардың болуы.

Көздің бейнелеуі мәліметтің жағымсыздығын, қүлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір датальдарын мүқият салуы) өзіне деген, айналасындагы адамдардың пікіріне деген қызығушылығының белгісі. Ашық штрихталған ауыз -қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер - вербальды агрессияның белгісі.



  1. Адамдарды салу коммуникативті қарым-қатынас
    ерекшеліктерін білдіреді. Бір-бірімен өртүрлі қарым-қатынастагы
    балалар (ойнау, оқу әрекеті және т.б.) және олардың араларын
    бөлетін сызықтың болмауы сыныптастар арсындағы жағымды
    қарым-қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда, оқушылармен қарым-
    қатынас жасауы қиынға соғатының айтуға болады.

  2. Бала бейнелеген мұғалім мен жануар арасындағы қарым-
    қатынас сипаты. Олардың арасында қарама-қайшылық жоқ па,
    соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір-біріне
    деген қарым-қатынаста қалай орналасқан?

  3. Оқу іс-әрекетінің бейнеленуі.

Оқу іс-әрекетті бейнеленбеген жағдайда, балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыратынын көрсетеді. Егер оқушылар, мүғалім, оқу немесе ойын іс-әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе, онда балада оқушы позициясы әлі қалыптаспаған жөне өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.

8.Түстік гаммалар.

Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күнгірт, бүлыңғыр түс жағымсыз жөне түсіңкі жағдайды білдіреді.



Суретте мектеппен байланысты жағымсыз ассоциация бейленбегсн болса, оның қолданған түстік гаммалары, бояулары да баланың мектепке деген жагымды қарым-қатынасын білдіреді. Ал суретте жағымсыз ассоциация жоқ, түстік гаммалары ашық бейнеленеді. Бірақ та оқушыдардың бір-бірін сызықпен бөліп тастаған болса, сыныптастар арасындағы қарым-қатынастың қиыншылығын білдіреді. Бала мүғаліммен қарым-қатынасқа түсуге қызығады, бірақ суретте бірде-бір қоянның, басқа жануарлардың аузы жоқ болса, бүл жағдай қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықты біддіреді.

Сурет аяқталмаған, жануарлар боялмаған болса, мүғаліммен оқушы арасындағы айырмашылық нақты емес. Мұғалім тіпті жоқ болуы да мүмкін. Барлық жануарлар өшіргішпен өшіріліп, қайтадан салынған. Қарандашпен қатты бастырылып салынған. Қағаз бүлінген. Бүл суретті балада мектеппен байланысты мазасыздық бар деп талдауға болады. Мүндай жағдайда ситуацияны түсіну үшін баламен қосымша жүмыстар жүргізу керек.

Суретте ішкі агрессияның барлығы, жануарлардың қүлақтары мен мүйіздерін үшкір бүрыштармен бейнеленгенін көруге болады. Балаға мектегггің оқудан тыс жақтары қызықтыруы ықтимал. Баланы бас ауруы мазалауы мүмкін. Мектеп туралы балада жағымсыз ассоциация бар болса мұғалім—крокодил, бала—қоян болып түседі. Сыныпта агрессия сезілсе мұғалімде — тістер, тырнақтар, оқушыда — тістер және инелердің болуымен бейнеленеді. Өзін басқа оқушылар мен мұғалімдерден бөлек қоюы сурет бойынша баламен әңгімелесу барысында өзін сыныпта еркін сезінбейтіндігі анықталады. Сыныптастарымен қарым-қатынаста қиыншылық болуы мүмкін.



Мектепке бейімделуді тексеруде жүргізілген бақылаулар, әңгімелесулер, сауалнамалар "Жануарлар мектебі" әдістемесін толық дәлелдеп берді. Осының негізінде бірінші сыныптарға адаптациялық курстар, тренингтік жаттығулар өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нөтижесінде көп балалардың мәселелері шешілді.

Осының негізінде "Жануарлар мектебі" әдістемесі оқудың бірінші кезеңінде балада пайда болатын қиындықтарды шешуге және оны уақытында жоюға көмектеседі.



Баќылау с±раќтары:

1. Оқушылардың мектепке бейімделуін диагностикалау жолдары.

2. Оқушылардың қарым-қатынастағы өзіндік ерекшеліктерін анықтау жолдары.

Практикалық сабақ №11
Тақырыбы: 3-сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту.
Жоспары: 1. Есте сақтау процесін зерттеу әдістемелері.

2.Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері.

Бурдон тесті
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді 3-сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту жолдарымен таныстыру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Үшінші-төртінші сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту. Есте сақтау процесін зерттеу әдістемелері.

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау және ес процестерін жетілдіруге ықпал жасау. Есте сақтау қабілетін зерттеуге қолданылатын әдістемелер өте көп. Мысалы ретінде сандар қатарын есте сақтау әдістемесін келтіреміз.

Бірінші тапсырма.

Орындау ережесі: Оқушыларға тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мен сандар қатарын асықпай оқып беремін. Оларды ретін бұзбай есте сақтау керек. Бұл сандар — бірінші қатар сандары болады. Екі-үш секунд өткеннен соң мен екінші қатардағы сандарды оқимын. Олардың көптігі тура бірінші қатардағыдай. Жаңа оқылған қатардағы бірінші санды бұрын оқылып, есте сақталған қатардағы бірінші санға қосындар.

Сол сияқты екінші қатардың екінші санын бірінші есте сақталған қатардағы екінші санға, ал үшіншіні — үшінші санға, төтіншіні — төртінші санға қосыңыздар. Барлық амалдарды ойда орындап болғаннан соң нәтижелерін берілген параққа жазыңдар".

Сандар бір секунд үзіліспен оқылады.

Сандар қатары: 1-ші вариант.


  1. қатар: 3 15 2

  2. қатар: 2 4 2 3
    Нәтижесі: 5 5 7 5
    2-ші варыант.




  1. қатар: 2 3 9 8

  2. қатар: 13 2 4
    Нәтижесі: 3 6 11 12

Санның ретін бұзу немесе басқа санды жазу қате деп есептелінеді.

Екінші тапсырма.

Ес көлемін өлшеу үшін 15 ондық сандар оқылады. Әр сан арасында бір секунд уақыт өткеннен соң келесі сан оқылады.



Бірінші қатар:

16, 72, 98, 53, 46, 29, 14, 93, 48, 32, 51, 74, 26, 69, 19.



Екінші қатар: бұл тапсырма сол тәртіппен орындалады.

23, 17, 43, 12, 29, 94, 67, 11, 48, 60, 37, 41, 74, 53, 96.



Бағалау шкаласы:

Реті бұзылған, ұмытылған сандар қате болып есептелінеді.

7-10 ес көлемі жақсы;

4-6 ес көлемі орта;

2-3 ес көлемі төмен.

Бұл көрсеткіштерге баланың денсаулығы, эмоционалдық жағдайы, шаршауы әсерін тигізуі мүмкін. Сандармен амалдар жүргізетін жаттығулар ес операцияларын, ойлау процесін жетілдіруге үлкен әсері бар. Сондықтан, бірнеше вариантын жасап алып қайта-қайта өткізіп тұруға болады.

2. Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері.



Бурдон тесті

Мақсаты: зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау.

Орындау ережесі: "5 минут ішінде осы кестедегі әріптерді қатар бойынша оқып, с, "қ", "ә" әріптерін былай етіп "/с", "/қ", "/ ә" сызып таста. Әр бір минут аяқталғанда (оны психолог айтып отырады) келген жеріңе белгі қойып, жұмысыңды одан әрі жалғастыра бер. 5 минут өткеннен соң нәтижесін бағалаймыз".

Тапсырманы орындау барысында балаларға қосымша тапсырма берудің және тапсырманы орындау ережесін қайта түсіндірудің қажеті жоқ. Тапсырмаларды орындауға берілген 5 минут уақыт аяқталғаннан соң орындау парақтарды жинап алу керек.


Бағалау шкаласы:

Әр минутта қарап шыққан өріптер көлемі жөне қате сызылған өріптер саны анықталады. Қате сызылған әріптер саны қарап шаққан қатар санына бөлінеді. Осы қатынас қанша көп болса, бала зейіні сонша төмен бағаланады.



Тапсырмалар парағы
С х қ е х а р с т у л ә с қ ж ф в д л қ ә ө т с я с в к е қ г ұ ш а і ы с м ә ы ф ж қ а с ч о р п к ә ң ж ю л д ң ә с қ о г і и м ы ж ғ ә с в п и н г қ з ш ғ с е а ә в д с щ қ н е х ф қ с ә б д л о р п қ і ә д ж б о с в п р и ғ р ә ф д ш о ө р қ е н ә я ч к е і с м қ р л ә в ж з о қ п л ы в ә с б э ч ә и п с ы д э п н і г у қ ш о л н г ә м л ы ф ч с п и в ш б ұ қ і ғ а с е п и т ы ю л ә і ң а ғ п с м и н р г ш қ ұ о г ц ң ә с ч в а о л ө л о ш қ ұ р н з в а т с ә в ы ф ч с б д о п щ г ұ т қ д ц е ә п к г т с и п э г ә в ц қ з ы е п с р п н ә з в қ ұ и м с г д в ә с ы ц й х қ б ә о р с н е к ә қ д л о з у ә л а ф қ ө ғ ң с б ш л ә и р а ө т и с қ г о р д а н ш ө т и б с я в ф ө қ ұ ү ғ ң д ө э ю я ф ы в с о у х з қ л к е ө т и д с в ж д л ә ш л н қ р п а ұ с а к ғ н ә і қ т и с г н ж ә п н қ а м қ н и р с и д г ә с в қ л ш г ә ы в с д л о э с л қ н е а қ о т в ә м д с щ н г о ц с ң с о т и қ р н ұ қ т ш і ә м с х б л ә т ш с қ о н р а е ә қ о р т и қ с а д л қ о н ә т р ы н л ә о ы ш қ и х з с ч і ә г н қ п а ц қ с м а с у а н ш қ э д ә ф о а н қ и д с в а о г з х у ш к қ с в д л т р ә в қ ш ы қ ө о д с ң н г ә в з х қ т о г ә м к ы қ т в с э ә ч я қ а д л е қ т р в
Баќылау с±раќтары:

1. Есте сақтау процесін зерттеу әдістемелері.

2.Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері.

Бурдон тесті




Практикалық сабақ №12
Тақырыбы: «Қызыл-қара кесте» тестінің модификациясы.

Жоспары: 1.Тесттің мақсаты.

2.Орындау ережесі.

3..Бағалау шкаласы.
Практикалық сабақ мақсаты: зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аудару, қажетті уақытты анықтау және осы процесті дамыту.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. "Қызыл-қара кесте" тестінің модификациясы.



Мақсаты: зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аудару қажетті уақытты анықтау және осы процесті дамыту.

Бұл әдістеменің екі модификациясы қолданылады. Біріншісінде сандар қара және қызыл болып жазылған.



Ал екінші модификациясында қызыл санның орнына шеңбердің ішінде жазылған сандар қолданылады. Келтірілген кестенің "А" варианты 5-10 жас аралығындағы балалар зейінін өлшеуге және дамытуға қолданылады., "Б" варианты 11 жастан бастап үлкендерге дейін барлық жас кезеңдеріне арналған. Бұл кесте модификацияларьш психолог үлгі бойынша өзі жасап алуына болады. Кесте размері және түр-түсі берілген үлгіге сай болуға тиісті (кесте үлгісі 2-суретте берілген).





2. Орындау ережесі. Бұл тестің зейін аудару уақытын өлшеумен





ззззззз
осы процесті дамытуға тигізетін әсері өте үлкен. Сондықтан оны көрсетілген ретімен үш кезеңде орындатқан дұрыс болады.

1-ші кезең. ПІеңбер ішіндегі сандарды тез, ретімен тауып, оларды дауыстап оқып жөне көрсетіп беру.

2-ші кезең. Шеңберсіз сандарды тез, ретімен, дауыстап оқып, оларды тауып беру.

3-ші кезең. Бір санынан бастап шеңберсіз және шеңбер ішіңдегі сандарды кезегімен атап, олардың кестеде орналасқан жерін көрсетіп беру. Мысалы: "бір-бір шеңберлі, екі-екі шеңберді т.с.с." Әр тапсырманы орындауға жіберілген "уақыт секундомермен есептелінеді.
3. Баеалау шкаласы:

1-ші және 2-ші кезендегі тапсырманы орындауға жұмсалған уақытпен 3-шісіне кеткен уакыттың айырмашылығы зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аударуға қажет уақытты көрсетсді.

1, 2-тапсырма — 55 секундта орындалса — жақсы; 3-тапсырма — 90 секунд — жақсы; Көрсетілгеннен көп уақыт — орта жөне төмен деп бағаланады.

Жаттығуды 1-2 күнен кейін қайта орындату қажет. Бала бірнеше рет орындағаннан кейін темен нәтиже көрсетсе оның денсаулығы немесе психологиялық жағдайы нашар болып жүргенннің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан ол баланы жеке диагностикалап, жаттығудың дамытулық әсеріне не бөгет болып тұрғанын анықтап алу керек және түзету шараларын қолдану қажет.

Баќылау с±раќтары:

1.Тесттің мақсаты не.

2.Орындау ережесі.

3..Бағалау шкаласы.




Практикалық сабақ №13
Тақырыбы: 3 - сыныпқа арналған «Мектеп мотивациясын тексеруге арналған сауалнама».

Жоспары:

1. Мектеп мотивациясының қалыптасу деңгейін тексеру жолдары.

2. «Өзіндік таңдау» мотивациясының қалыптасу жолдарын анықтау.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді мектеп мотивациясының қалыптасу деңгейін тексеру жолдарымен және «Өзіндік таңдау» мотивациясының қалыптасу жолдарымен таныстыру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеме. Авторы: Н.Г.Лусканова.

Оқушыларға «Мектепте маған не ұнайды? » деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.

Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:

1. Мотивациясы дамымаған, мектеп имитациясы жоқ, бірақта оқушының ойын және

басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;


  1. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптан деңгейі жоғары және талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;

  2. Тапсырмааны түсінбеуі немесе дұрыс қабылдамауы, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 балмен бағаланады;

Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:

    • Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылылығын көрсетеді, оны 30 балмен бағалайды.

    • Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.

    • Мектептегі ойын жағдайы қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.

2. Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама.

Оқу мотивациясының деңгейін скринингті бағалау үшін Н. Г. Лусканова арнайы сауалнама ұсынады. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады.( теріс жауап – 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап – 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс қарым – қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.


Сауалнама сұрақтары.


    1. Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?

    2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышты барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?

    3. Егер мұғалім ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушыларға ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

    4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?

    5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?

    6. Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?

    7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

    8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?

    9. Сенің класта достарың көп пе?

    10. Кластастарың саған ұнайды ма?

Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы – оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді. Жүргізілген зерттеулер оқушының бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:



Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатысты оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; класта жоғары мәртебеге ие.

Орта деңгей – оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өз бетінше орындайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; бірақ бақылауды талап етеді; сабаққа қызығушылықпен дайындалады; кластағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.

Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті, үзілісті қажет етеді; пассивті: класта жақын достары жоқ.

Практикалық сабақ №14
Тақырыбы: А.З.Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі.

Жоспары:

1.4 - сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау және оларды дамыту.

2..Интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтау және оларды дамыту.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді 4 - сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау және оларды дамыту әдістемелерімен интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтау және оларды дамыту жолдарымен таныстыру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Мақсаты: 4- сынып оқушыларының логикалық ойлауының және интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту. Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындау нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.

1-ші тапсырма. "Анаграммалар" әдістемесі

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз - сөздегі әріптердең орны ауытырылған, мағнасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, өріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер қүрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Мысалы: анаграммада "ОЛТС" әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы "стол" деген сөз қүрылады. Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап. Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.

Анаграммалар: Дурыс жауаптары:


  1. СЕПЕ 1. ЕСЕП

  2. ДӘМЕІ 2. ӘДЕМІ

  3. РАМНА 3. АРМАН

  4. АЖДҒАЙА 4. ЖАҒДАЙ

6. РОНЫДҚЫ 6. ОРЫНДЫҚ

5. ИҒАМРТА 5. ҒИМАРАТ



  1. АБЫТРЛҚЫ 7. БАТЫРЛЫҚ

  2. ЕШЕШДНКІ 8. ШЕШЕНДІК

  3. АТСПРЫАМ 9. ТАПСЫРМА

2. 2-ші тапсырма. А.З.Зактың "22 есеп" әдістемесі

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгеін анықтау және дамыту.

Балардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.3.3актың "22 есеп" әдістемесін қолдануға болады.



Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.

"Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен түрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.

1-4 есептер өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып, мағнасына түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.

5-10 есептерде бір түрлі, мағнасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер қолданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің мағнасын білдіреді. Бүл есептерді шешу үшін, овда қолданылған жасанды сөздердерді кәдімгі, мағнасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде "ойда" мағынасыз сөздерден көдімгі сөздер қүруға болады. Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.

11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нөрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.

13-16 есептерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек. Бүрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде — олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек".

Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.

Психологқа ескерту: есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді:


  1. 1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1 сұраққа жауап беріледі;

  2. 19-ШЫ-20-ШЫ есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;

  3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.

Есеп шарттарында тек қажетті ақпарат ғана емес, тіптен артық мағлүматтар, жасанды сөздер, өр түрлі атаулар, есте Калатын ара-қатынастарының неше түрлері берілген. Сонымен қатар көрші есептегі сүрақтар бір-біріне ұқсамайды.

Тапсырмалар:

1. Қатираға қарағавда Марат көңілді. Қатира Әлияға қарағанда


көңілді. Ең көңілді кім?

А) Қатира; Ә) Марат; Б) Әлия.

2. Бануға қарағанда Садық күшті. Бану Ләйлаға қарағанда
күшті. Ең күшті кім?

А) Бану; Ә) Садық; Б) Ләйлә.

3. Қалиға қарағанда Майра қара. Әсетке қарағанда Майра қара.
Бәріненде ең қарасы кім?

А) Қали; Ә) Майра; Б) Әсет.



4. Бану Қатираға қарағанда ауыр. Бану Зәуреге қарағанда жеңіл.
Бәріненде ең жеңіл кім?

А) Бану; Ә) Қатира; Б) Зәуре.

5. Әли Мәдиге қарағанда иаее. Мәди Әселге қарағанда иаее.
Кім ең иаее?

А) Әли; Ә) Мәди; Б) Әсел.

6. Әсел Мәдиге қарағанда тпрқ. Мәди Әділге қарағанда тпрқ.
Кім ең тпрқ?

А) Әсел; Ә) Мәди; Б) Әділ.

7. Прсн Лднқға қарағанда көңілді. Прсн Қршнға қарағанда
көңілсіз. Кім ең көңілсіз?

А) Прсн; Ә) Лднк; Қршн.

8. Бртн Ртбнға қарағанда әлсіз. Бртн Ғмтнға қарағанда күшті.
Ең әлсіз кім?

, А) Бртн; Ә) Ртбн; Б) Ғмтн.

9. Мнрн Нбстға қарағанда уиее. Нбст Стпжға қарағанда уиее.
Кім ең уиее?

А) Мнрн; Ә) Нбст; Б) Стпж.

10. Дшлт Сптрға қарағанда клмн. Сптр Пнбрға қарағанда клмн.
Кім ең клмн?

А) Дшлт; Ә) Сптр; Б) Пнбр.

11. Ит қоңызға қарағанда жеңіл. Ит пілге қарағанда ауыр.
Бәріненде жеңіл не?

А) Ит; Ә) қоңыз; Б) піл.

12. Ат шыбынға қарағанда аласа, ат жирафқа қарағанда биік.
Бәріненде биік не?

А) Ат; Ә) шыбын; Б) жираф.

13. Әлиев Махановтан 68 жас кіші. Әлиев Серіковтан екі жас
үлкен. Бәріненде кішісі кім?

А) Әлиев; Ә) Маханов; Б) Серіков.

14. Майлин Алиевке қарағанда 3 кг жеңіл. Майлин Қалиевке
қарағанда 74 кг ауыр. Бәріненде ең ауыр кім?

А) Майлин; Ә) Әлиев; Б) Қалиев.

15. Сара Әменге қарағанда бірталай өлсіз. Әймен Баянға
қарағанда күшті. Бәріненде ең әлсіз кім?

А) Сара; Ә) Әмен; Б) Баян.

16. Болат Әсетке қарағанда қара. Болат Гүлімге қарағанда
бірталай ақ. Бәріненде ақ кім?

А) Болат; Ә) Әсет; Б) Гүлім.

17. Үлан Әлімге қарағанда баяу. Бота Үланға қарағанда жылдам.
Ең жылдамы кім?

А) Үлан; Ә) Әлім; Б) Бота.

18. Сәкен Мәдиге қарағанда ауырлау. Әли Сәкенге
қарағанда жеңілдеу. Ең жеңілі кім?

А) Сөкен; Ә) Мәди; Б) Әли.

19. Бану Қатираға қарағанда көңілді және Майраға
қарағанда жеңіл. Бану Майраға қарағанда көңілсіз және
Қатираға қарағанда ауыр. Ең көңілсізі және ең ауыры кім?

А) Бану; Ә) Қатира; Б) Майра.

20. Айшаға қарағанда Рита қаралау, әрі Нүланнан кіші.
Рита Нұрланға қарағанда ашық және Айшадан үлкен. Ең
қарасы, ең жасы кім?

А) Айша; Ә) Рита; Б) Нүрлан.

21. Ұлжан Әлиден көңілді, Әсемнен жеңіл. Әсем Ұлжаннан
күшті. Ұлжан Әсемнен ауыр, Әсем Әлиден көңілсіз, Әли
Ұлжаннан әлсіз. Ең көңілдісі, ең жеңілі және ең күштісі кім?

А) Ұлжан; Ә) Әли; Б) Әсем.

22. Төкен Маяға қарағанда қара, Мая Бекке қарағанда кіші.
Бек Төкенге қарағанда аласа. Төкен Бекке қарағанда үлкен.
Бек Маяға қарағанда ақ. Мая Төкеннен биік. Ең ағы, ең үлкені,
ең биігі кімдер?

А) Төкен; Ә) Мая; Б) Бек.



Кілті.

1.

Ә)

Марат.

15.

Б)

Баян.

2.

Б)

Ләйлә.

16.

Ә)

Әсет.

3.

Ә)

Майра.

17.

Ә)

Әлім.

4.

Ә)

Қатира.

18.

Ә)

Мәди.

5.

Б)

Әсел.

19.

Ә)

Қатира т көңілсіз

6.

А)

Әділ.




Б)

Майра ең ауыр.

7.

А)

Лднқ.

20.

А)

Айша ең жасы.

8.

Б)

Ғмтн.




Б)

Нұрлан қара.

9.

А)

Мнрн.

21.

А)

Үлжан ең көңілді.

10.

А)

Дшлт.




Ә)

Әли ең жңілі.

11.

Б)

Піл.




Б)

Әсем ең күшті.

12.

Ә)

Шыбын.

22.

А)

Төкен үлкен.

13.

Б)

Серіков.




Ә)

Мая биік.

14.

А)

Майлин.




Б)

Бек ақ.



Баќылау с±раќтары:

1. 4 - сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау және оларды дамыту.

2..Интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтау және оларды дамыту.


Практикалық сабақ №15
Тақырыбы: Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету негіздері.

Жоспары:

1. Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық негіздері.

2. Өтпелі кезеңдегі психологиялық кризистер.

3. Жеткіншек жас кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.


Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері.

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі "өтпелі кезең", "қиын жас", "проблемалы" т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бүрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа қүрылымдар қосылады. Бүл қүрылымдар бүрынғы психологиялық және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға үшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын өлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мөселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез үзарады да, кеудесінің өсуі, бүлшық еттерінің үзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте "өзін жарым-жан сезіну" деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік үста^та қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.



Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске үшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жүмысын өсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармовдарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіш-терінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-ж^қту зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едауыр орын алады.



Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.

Жеткіншек жастың ерекшелікгері:



  • барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің
    қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен қүтылғысы келуі;

  • үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен
    түсінікті етіп айтуға тырысуы;

  • үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-
    мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі;жеткіншек істі игеру
    жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан сресек, өз
    мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

1. Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

  1. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге
    арналған хабарларды керіп, соған еліктейтіндігі.

  2. Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз
    әрекеттеріне еліктейтіндігі.

  3. Күні-түні фантастикалық және криминалистикалық
    әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі.

  4. Акцентуацияның көрініс беруі.

  5. Агрессиясының анық байқалуы.

Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілерімен жүргізетін жүмыстарының міндеттері мен мазмүны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.

2. Жеткіншектердің таным процестерін зерттеу.



Сөздер қатарын есте сақтау әдістемесі.
Сөздік тестерді вербалдық интеллектіні зерттеу әдістері деп атайды.

Мақсаты: қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетін бағалау және вербалдық интеллектін дамыту.

Барлық вербалдық тестерді қолдану барысында балаларға бірнеше қосымша тапсырмаларды орындату арқылы олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту жұмысы жүргізіледі. Ұсынылып отырған тесті орындау барысында баланың шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен мән беріледі.

Балаларға тапсырмаларды орындауға арналған 6-ға бөлінген бір парақ қағаз таратылды. Оның әрқайсысына тапсырмадағы сөздер қатарымен орындалатын операциялардың біреуі толтырылады да, жауап парақ сол сәтте психологқа қайтарылып беріледі. Әр қатардағы сөздермен алты тапсырма орындалады.

Оқушыларға тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: "Қазір мен сөздер қатарын асықпай оқимын. Ол сөздерді сол ретімен есте сақтаңыздар. Бір сәт өткеннен соң мен белгі беремін, ал сіздер естеріңізде қалған сөздерді берілген парақтың біріншісіне жазып, оны маған тапсырасыңыздар.».



Орындау ережесі түсіндірілгеннен соң келесі тәртіп бойынша зерттеу жүргізіледі. Қағазға жазылған 15 сөз бір рет асықпай, анық оқылады. Бір-екі секунд өткеннен соң балалар сөздер ретін бүзбастан бірінші параққа жазып береді. Бүл бірінші тапсырма. Оны орыңдау нәтижесі балалардың қысқа мерзімдік ес көлемін көрсетеді.

Бірінші тапсырма:

1-ші вариант:

(Бірінші тапсырма ретінде келесі сөздер қатарын қолдануға болады)

I. Май; 2. Қол; 3. Шар; 4. Ой; 5. Күн;
6. Киім; 7. Мезет; 8. Күміс; 9. Аяқ; 10. Бет;

II. Қоян; 12. Балық; 13. Мұрын; 14. Мата. 15. Жыл.



2-ші вариант:

(Жоғарыда айтылған тәртіп бойынша тапсырманы екінші рет орындатуға болады)

I. Сөз; 2. Мұрын; 3. Бас; 4. Шкаф; 5. Мыс;


6. Көйлек; 7. Сабын; 8. Қүлақ; 9. Түлкі; 10. Ай;

II.Балға; 12. Сағат; 13. Асхана; 14. Шеге; 15. От.


Екінші тапсырма

Бірінші тапсырманы орындап болғаннан соң зерттелінушілермен ауа райы т.с.с. мәселелер бойынша өңгімелесу жүргізіледі. Бүл тәсіл балалардың көңілін тапсырмадан басқа нөрсеге аудару үшін қолданылады.

10 минут өткеннен соң екінші параққа алдында оқылған сөздердің есте қалғандары қайта жаңғыртылып жазылады. Бүл екінші тапсырма. Оның көмегімен үзақ мерзімдік ес көлемін өлшеуге болады.



Баеалау шкаласы 1: (ес көлемін бағалау)

9 және одан көп сөздің реті бұзылмаған - жоғары;

5-8 — орта;

1-4 — төмен.



Қорытындылау барысында сөздер саны және олардың реті сақталғаны ескеріледі. Ес көлемі өлшенгеннен соң интеллекті зерттеуге және дамытуға арналған тапсырмалар орындатылады. Оның нәтижесін бағалау келесі шкала бойынша жүреді.

Бағалау шкаласы 2: (интеллектуалдық дамуын бағалау)

Тапсырмаларды толық және мағыналы орындаған - жоғары;

Төрт-бес тапсырманы орындаған - орта;

Тек біріншіден үшіншіге дейін орындаған - төмен.

3-ші тапсырма

Үшінші параққа алдыңғы жаттығудан үш сөзді еске түсіріп, сол сөздерді қолдана отырып сөйлем құру, келесі үш сөзді еске түсіріп, олармен сөйлем құру тапсырылады. Жалпы алты сөзді қолдана отырып екі сөйлем құру керек.



4-ші тапсырма

Төртінші параққа есте қалған сөдерді түгел қолданып және сөйлемдер қүруға қолданылған алты сөз негізінде қысқа әңгіме жазу тапсырылады. Ол әңгіме ертегі болуы мүмкін немесе өмірде болған оқиғалардан қызық бір көріністі жазып беруге болады.



5-ші тапсырма

Бесінші параққа, есте қалған сөздерді қолдана отырып достарына, туыстарына мереке күнімен қүттықтау хат жазу ұсынылады.



6-шы тапсырма

Алтыншы параққа есте қалған сөздерді қолдана отырып мультфильмге сценарии жазу керек. Тапсырма орындалғаннан соң сценариилар конкурсын өткізіп жіберген артық болмайды. Өйткені мұндай тапсырма баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасайды.



Баќылау с±раќтары:

1. Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық негіздері.

2. Өтпелі кезеңдегі психологиялық кризистер.

3. Жеткіншек жас кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.




Практикалық сабақ №16
Тақырыбы: Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесі.
Жоспары:

1.Жеткіншектердің ассоциациясының көрініс беруін және ассоциация бойынша есте сақтау механизмінің қалыптасқанын анықтау.

2.Орындау ережесі.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді ж еткіншектердің ассоциациясының көрініс беруін және ассоциация бойынша есте сақтау механизмінің қалыптасқанын анықтау әдістерімен таныстыру..

Практикалық сабақ мәтіні:

1. Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесі .



Мақсаты: балалардың ассоциациясының көрініс беруін және ассоциация бойынша есте сақтау механизмінің қалыптасқанын анықтау.

Зерттелінушілерге тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мен сөз тіркестерін жұптастырып оқимын. Мысалы: "трактор-дала". Ал сіздер оқылған сөздерді жақсылап тыңдап, әр сөздің екінші сөзбен қандай белгі бойынша жұптастырылғанын, олардың бір-бірімен байланысын түсініп есте сақтаңыздар. Сөз тіркестерін оқимын, Екі секундтан соң әр жұптың бір сөзін ғана қайтадан оқимын. Ал сіздер сөз жүптарының екіншісін естеріңізге түсіріп, оны жауап параққа жазыңыздар. Мысалы: мен "трактор" деген сөзді оқығанда сіздер оның жұбы "дала" деген сөзді жазасыздар".

Тапсырмалар:

  1. Жаңа - үй 11. Мәдениет - кітап

  2. Қүрыш - эксковатор 12. Күндіз - азан

  3. Кеш - түн 13. Стол - журнал

  4. Машина - дөңгелек 14. Даналық - оқу

  5. Су - құбыр ! 15. Қоңырау - сабақ

  6. Есік - терезе 16. Сәуле - дыбыс

  7. Шу - тыныштық 17. Мереке - би

  8. Қатынас - тіл 18. Ақша - киім

  9. Материал - ағаш 19. Спорт - күрес
    ІО.Қате - жазу 20. Мәскеу - қала.
    Багалау шкаласы:

Дұрыс жазылған сөздер (+) белгіленеді. Қалып кеткен және

басқа сөзбен жаңғыртылған сөз жұптары дұрыс жауапқа
есептелінбейді.

15 және одан көп (+) - ассоциативтік ес көлемі жақсы;

10-14 — орта;

1-9 — төмен.



2. Зейінді бағалау (Мюнстерберг әдістемесі)

Мақсаты: зейіннің таңдамалылығын және кедергілерге көңіл

аудармай іс-әрекетін тиянақты орындауын бағалау.



Орындау ережесі: әріптерден тұратын текстің ішінде мағынасы

бар сөздер кездеседі. Тексті мүмкіндігінше тезірек қарап шығып,



әріптер арасындағы "жасырынып" тұрған сөздерді тауып, олардың

астын сызып отыру керек.



Мысалы: рюкледпсихологфыврукэж. Бұл қатардағы әріптер арасында "психолог" деген сөз жасырынып тұр.

Тапсырма бланкісін келесі үлгі бойынша жасау керек. Орындау уақыты 2 минут.



Мюнстерберг әдістемесін жургізу бланкісі

Аты-жөні - өткізілген күні

Тапсырма:


Бақылау сұрақтары:

1.Жеткіншектердің ассоциациясының көрініс беруін және ассоциация бойынша есте сақтау механизмінің қалыптасқанын анықтау.



2.Орындау ережесі.


Практикалық сабақ №17
Тақырыбы: Жеткіншектердің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау тесті.

Жоспары: 1.Орта буын оқушыларының интеллектуалдық даму деңгейін және жалпы мағлұматтылығын бағалау.

2.Орындау ережесі.


Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерге орта буын оқушыларының интеллектуалдық даму деңгейін және жалпы мағлматтылығын бағалауы жөнінде түсінік беру.

Практикалық сабақ мәтіні:

1. ШТУР тестінің жеткіншектерге арналған модификациясы).

Мақсаты: орта буын оқушыларының интеллектуалдық даму деңгейін және жалпы мағлүматтылығын бағалау.

Бұл тест төрт субтестен түрады. Субтестілер тапсырмалары жеке-жеке бланкілерге түсіріледі және әр субтестіге жеке жауап парақ даярланады. Тапсырмаларды орындату алдында балаларға оның ережесі түсіндіріледі. Сонан соң жауап парақтар көрсетіліп, оған белгіні қалай түсіру керек екені айтылады. Бірінші тапсырманы орындау уақыты аяқталғаннан соң тапсырма бланкісі мен жауап парақты жинап алып, екінші субтест тапсырмалары мен жауап парағы беріледі.



1-субтест

Орындау ережесі: Әр тапсырмада бес сөз берілген. Олардың төртеуі ортақ қасиеттермен сипатталады, ал бесіншісі тек өзіне тән көрсеткіштермен ерекше болып тұр. Сол сөз артық деп аталады. Артық сөзді тауып оның әріптік белгісін жауап парақта көрсету керек.

Мысалы: а)кірпіш; б)тас; в)балшық; г)әк; д)үй.

Бұл қатарда алғашқы төрт сөз құрылыс материаддары, ал соңғы сөз (д)үй) - артық, сондықтан осы сөздің әріптік белгісін (д) жауап ' парақта көрсету керек.

Орындау уақыты 7 минут.



Тапсырмалар

  1. а) тәрелке; б) кесе; в) үстел; г) қазан; д) шәугім.

  2. а) жүру; б) секіру; в)б илеу; г) отыру; д) жүгіру.

  3. а) биік; б) аласа; в) сымбатты; г) өсімтал; д) ергежейлі

  4. а)қыл қалам; б) қаламсап; в) қалам; г) фламастер; д) сурет.

  5. а) алма; б) алмүрт; в) алхор; г) қарақат; д) шабдалы.

  6. а) шаршы; б) шеңбер; в) эллипс; г) доға; д) қисық.

  7. а) мүғалім; б) оқушы; в) жаттықтырушы; г) профессор; д) доцент.

  8. а) көру; б) есту; в) жазу; г) сезу; д) иіскеу.

  9. а) батыр; б) қорқақ; в) ержүрек; в) қабілетті; г) талантты;
    д) жасқаншақ.




  1. а) шекара; б) көпір; в) достық; г) ерлі-зайыптылық; д) бекіткіш.

  2. а) үқыптылық; б) жігбр; в) тырысушылық; г) тазалық;
    д) адалдық.

  3. а) Арман; б) Үсен; в) Сәкен; г) Асанбаев; д) Жүман.

  4. а) ақ қайың; б) қарағай; в) емен; г) шырша; д) раушан.

  5. а) қара-қоңыр; б) ашық; в) көк; г) жарық; д) күңгірт.

  6. а) жақын арада; б) үнемі; в) шапшаң; г) асығыс; д) жылдам.

2-субтест

Орындау ережесі: Тапсырманың бірінші қатарында 3 сөз берілген. Бірінші екі сөздің арасында қандай да бір байланыс бар. Ал екінші қатарда берілген бес сөздің біреуі бірінші қатардағы үшінші сөзбенен байланысты. Осы сөзді тауып оның әріптік белгісін жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Орман: ағаш — кітапхана: ?

А)жазушы; б)әңгіме; в)кітапхана; т)кітап; г)каталог.

Орындау уақыты 6 минут.



Тапсырмалар

1. Орман: ағаш - кітапхана: ?

а) жазушы; б) әңгіме; в) кітапхана; г) кітап; д) каталог.

2. Қайырымды: мейірімсіз: - күн: ?

а) күн; б) түн; в) апта; г) сәрсенбі; д) тәулік.

3. Мектеп: оқу - аурухана: ?

А) дәрігер; б) оқушы; в) гимарат; г) емдеу; д) ауру.

4. Ән: керең - сурет: ?

а) ақсақ; б) соқыр; в) суретші; г) сурет; д) бояужаққыш.

5. Пышақ: болат — стол: ?

А) шанышқы; б) орындық; в) таға; г) дастархан; д) ағаш.

6. Балық: тор - шыбын: ?

А)торшабақ; б)маса; в)бөлме; г)ызыңцау; д)өрмекші өрнегі.

7. Құс: ін - адам: ?

а) адамдар; б) балапай; в) үй; г) жүмысшы; д) есік.

5. Пальто: түйме - бәтеңке: ?

А)тігінші; б)дүкен; в)аяқ; г)бау; д)бас киім.

6. Шалғы: шөп - үстара: ?

А) шөп; б) шаш; в) өткір; г) болат; д) аспан.

7. Аяқ: етік - қол: ?

А) галош; б) жүдырық; в) саусақ; г) білезік; д) қолғап.

8. Су: қүрғақшылық - тағым: ?

А) аштық; б) ішу; в) нан; г) ауыз; д) тамақ.

9. Паравоз: вагондар - ат: ?

А) поезд; б) жылқы; в) жем; г) арба: д) қора.

10. Жүргізу: түру —• айқайлау: ?

А) үндемеу; б) еңбектеу; в) шулау; г) шақыру; д) жылау.

11. Қасқыр: арлан - қүс: ?

а) ауа; б) түмсық; в) бүлбүл; г) жүмыртқа; д) жылау.

12. Темір: үста - ағаш: ?



А) ағаш түбірі; б) ара; в) ағаш шебері; г) теннис алаңы; д) бүтақ.

3-субтест

Орындау ережесі: Тапсырманың бірінші қатарындағы сөзді анықтайтын екі сөзді екінші қатарда берілген бес сөздің ішінен тауып, олардың әріптік белгілерін жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Бақ:

А) орман; б) бақша; в) жеміс ағаштар; г) тал; д) шөптер.

Дүрыс жауабы; в) жеміс ағаштары және д) шөптер.

Орывдау уақыты 5 минут.

Тапсырмалар

1. Өзен:

а) жаға; б) балық; в) балықшы; г) су есімдіктері; д) су.

2. Қала:

а) автомобиль; б) ғимарат; в) тобыр; г) көше; д) велосипед.

3. Сарай:

А) пішен сарай; б) жылқы; в) шатыр; г) мал; д) қабырғалар.

4. Кітап оқу:

А) мөр; б) кітап; в) шағын сурет; г) көз; д) сөз.

5. Ойын:



А) карталар; б) ойыншылар; в) айыптар; г) жазалар; д) ережелер.

6. Соғыс:

А) аэроплан; б) зеңбіректер; в) атыс; г) мылтық; д) сарбаздар.

7. Кітап:

а) қағаз; б) суреттер; в) өнер; г) мәтін; д) мөр.

8. Әнайту:

а) дыбыс; б) көрермендер; в) дауыс; г) өн ырғағы; д) қол шапалақтау.

9. Спорт:

А) медаль; б) оркестр; в) жарыс; г) стадион; д) жеңіс.

10. Емхана:

А) бөлме; б) бақ; в) радио; г) дәрігер; д) науқастар.

4-субтест

Орындау ережесі: Тапсырмада ортақ қасиеттермен сипатталатын заттар мен қүбылыстарды білдіретін екі сөз берілген. Олардың анықтамасын немесе жалпылап көрсететін үғымды тауып оны жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Шырша - қарағай.

Дүрыс жауабы: Қылқан жапырақты ағаштар.

Орындау уақыты 6 минут.



Тапсырмалар

  1. Ұл ~ қыз.

  2. Повесть — кинофильм.

  3. Ысқырық - шу.

  4. Аштық - қүрғақшылық.

  5. Автомобиль - ұшақ.

  6. құрбақа — жылан.

  7. Жаңбыр - бүршақ.

  8. Жаратылыстану — математика.

  9. Ертегі - аңыз.




  1. Бөлу - алу.

Мұрын - құлақ.

Субтестердің дурыс жауаптары (кілті)

1 2 3

1.в)үстел; 1.г)кітап; 1.А)жаға, д)су.

2.г)отыру; 2.Б)түн; 2.Б)гимарат, г)көше

З.в)сымбатты; З.Г)емдеу; З.В)шатыр, д)қабырғалар.

4.д)сурет; 4)б)соқыр; 4.б)кітап, г)көз, д)сөз.

5.г)қарақат; 5)д)ағаш; 5)ойыншылар, д)ерсжелер.

6.а)квадрат 6.д)өрмекші 6.в)атыс, д)сарбаздар.

өрнегі,

7.б)оқушы; 7.б)үй; 7.а)қағаз, г)мәтін.

8.в)жазу; 8.г)6ау; 8.в)дауыс, г)ән ырғағы.

9.г)талантты; 9.в)шаш; 9.в)жарыс, д)жеңіс.

10.а)шекара; 10.д)қолғап; 10.а)бөлме, г)дәрігер.

11.б)жігер; 11.а)аштық.



12.г)Асанбаев; 12.г)арба.

13.г)шырша; 13.а)үндемеу.

14.в)көк; 14.б)тұмсық.

15.б)үнемі; 15.в)ағаш шебері.

4-субтесттің дұрыс жауаптары (кілті)

2 үпай 1 үпай 0 үпай

  1. Балалар, адамдар. Оқушылар. Басқа жауап.

  2. Өнер туындылары. Шығармашылық. Басқа жауап.

  3. Дыбыс. Айқай-шу, ашу. Басқа жауап.

  4. Физиологиялық Жоқтық, Басқа жауап.
    жағдай, қүй. ащаршылық.

  5. Көлік, транспорт. Транспорт. Басқа жауап.




  1. Қосмекенді Жануарлар. Басқа жауап.
    жануарлар.

  2. Ғылым салалары. Әдебиет. Басқа жауап.

  3. Халық ауыз Әдебиет. Басқа жауап.
    әдебиеті, шығармалар.




  1. Математикалық Таңбалар. Басқа жауап.
    амалдар.

  2. Сезім мүшелері. Бас мүшелері. Басқа жауап.

2. Баеалау шкаласы

Бірінші үш субтестке берілген дүрыс жауаптардың әрқайсысы бір балл деп бағаланады. Жалпы жинаған үпайлар дүрыс жауаптар санымен есетеледі. Төртінші субтест жауаптарының мазмүны кілт

кестесінде көрсетілген жауаптардың қайсы вариантына сай келсе сол бағандағы балл бойынша бағаланады. Интеллектуалдық дамудың жалпы көсеткіші төрт субтест бойынша жинаған баллдардың қосындылары бойынша шығарылады.

35-40 балл ~ жоғары;

30-34 - жақсы;

25-29 - орта;

20-24 — төмен;

1-19 ~ өте төмен.



Сынып оқушыларының неше пайызы жоғары, нешеуі жақсы, орта және төмен көрсеткішке ие болғанына байланысты олардың жалпы мағлұматтылығын және оқытудың сапасын болжауға болады.

Баќылау с±раќтары:

1.Орта буын оқушыларының интеллектуалдық даму деңгейін және жалпы мағлұматтылығын бағалау.

2.Орындау ережесі.
Практикалық сабақ №18
Тақырыбы: Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті.
Жоспары:

1. Кіші мектеп жасындағы балалардағы мазасыздық деңгейін анықтау жолдары.

2. Орта мектеп жасындағы балалардағы мазасыздықтың деңгейін анықтау жолдары.
Практикалық сабақ мақсаты: Студенттерді оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеуі туралы түсінік беру.

Практикалық сабақ мәтіні:

Филипстің “Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау” тесті.

Мақсаты:Оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу.

Орындау ережесі: зерттелінушілерге 58 сұрақ жазылған тапсырма парақ таратылып беріледі. Әр сұрақты мұқият оқып, оған шындыққа сай жауап беру керек. Қойылған сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның жауабы өзінің көзқарасын білдіреді және тек ол өзіне ғана дұрыс болуы керек. Жауап парақтың жоғарғы жағына зерттелінушінің аты жөні және оқитынсыныбы жазылады. Сұрақтар тұсында жауап варианттары берілмеген.

Тест жүргізу барысында балаларға жауап парағы таратылып берілсе оның жауабын талдау өте оңай болады. Сондықтан алдын ала төменде көрсетілген үлгі бойынша жауап парақтары даярлап алып, оны тест сауалнамасымен бірге таратып беру керектігі түсіндіріледі. Жауптарды “ия” немесе “жоқ” деп беруге немесе сұрақтағы мәселемен келісетін болса “+” келіспейтін болса “-“ белгісін қойып орындауына болатындығы түсіндіріледі. Содан соң уақыт белгіленіп, балалар тапсырманы орындауға кіріседі.



Сауалнама.

  1. Сыныптағы балалардың бәрімен тең дәрежеде қарым қатынас жасау сізге қиын ба?

  2. Мұғалімнің сіздің материалды қаншалықты меңгергеніңізді тексеремін деген кезде қобалжисыз ба?

  3. Мұғалімнің барлық талаптарын орындау сізге қиын ба?

  4. Кейде сабақты білмегеніңіз үшін мұғалімнің ашуланғаны сіздің түсіңізге кіреді ме?

  5. Сізді сыныптасыңыздың біреуі ұрып соққан кезі болды ма?

  6. Жаңа сабақ өтіп жатқанда өзіңіз жақсы түсінгенше мұғалім асықпаса екен дейтін кезіңіз жиі болды ма?

  7. Тақта алдында тапсырманы орындау немесе жауап беру кезінде қатты қобалжисыз ба?

  8. Қандай да бір қателік жіберіп қоймаймын деп ойлап, ал сабақ үстінде өз ойыңызды жеткізуге қорқатын кезіңіз болған ба?

  9. Тақтаға шығарғанда тізеңіз дірілдейді ме?

  10. Әр түрлі ойын ойнағанда біргеи оқитын балалар сізді мазақтайды ма?

  11. Сіз күткен бағаңыздан төмен баға қойған кезі болдыма?

  12. Екінші жылы мыныбымда қаламын дегеной сізді қобалжытады ма?

  13. Өөзіңізді басқалар таңдап алмайтын шығар деген оймен таңдай жүргізілетін ойындардан қашқақтауға тырысасыз ба?

  14. Тақтаға шығарған да әзілдесетін кезіңіз болды ма?

  15. Сіздің істегіңіз келген нәрсені бірге оқитын жолдастарыңыздың біреуінің де істегісі келмейтінін сездіңіз бе?

  16. Тапсырмаын орындау алдында қатты қобалжисыз ба?

  17. Ата анаңыз күткен бағаны алу сізге қиын ба?

  18. Сыныпта есеңгіреп қаламын деген қорқыныш сезімге жиі бөленесіз бе?

  19. Жауап берген кезде қателессеңіз жолдастарыңыз күледі ме?

  20. Бірге оқитындарға ұқсайсыз ба?

  21. Тапсырманы орындап болғаннан слң оны дұрыс орындадым деп қобалжисыз ба?

  22. Сыныпта тапсырманы орындау барысында барлық орындау жолдары есімде сақтаймын деген сеніміңіз күштіме?

  23. Кейде тақта алдында жауап бере алмай тұрғаныңыз түсіңізге кіреді ме?

  24. Сыныптастарыңыздың көпшілігі сізге достық сезім білдіретіні рас па?

  25. Істеген жұмысыңыздың нәтижесін басқалардың салыстырғанын білсеңіз ынталанып жасайсыз ба?

  26. Жауап беріп жатқанда азырақ қобалжуды ббайқайсыз ба?

  27. Кейде айтыс тартысқа түсуге қорқасыз ба?

  28. Мұғалім сіздің сабаққа дайындығыңызды тексеремін дегенге жүректің қатты дүрсілдегенін сезесіз бе?

  29. Сізге жақсы баға алсаңыз жолдастарыңыздың ішіндегі кейбіреулері жағымпазданып баға алды деп ойлайды ма?

  30. Балалар ерекше көңіл аударатын жолдастарыңызбен өзіңізді еркін сезінесіз бе?

  31. Сыныптағы балалар сізге тиістіріп сөйлейтін кездері болады ма?

  32. оқу жоспарын орындай алмаған оқушылар өзіңізге деген ықыласын жоғалтып алады деп ойлайсыз ба?

  33. Бірге оқитындардың көбісі сізге назар аудармайтындығы распа?

  34. Ерсі көрініп қаламын деп жиі қымсынасыз ба?

  35. Жолдастарыңыздың ата-анасы сияқты сіздің ата-ан,аларыңыз мектептегі отырыстарды ұйымдастыруға көмектеседі ме?

  36. Мұғалімдердің сізге деген көзқарасына ризасыз ба?

  37. Айналадағы адамдар сіз туралы не ойлайтындығы сізджі қобалжытады ма?

  38. Бұрынғыға қарағанда қазір және келешекте жақсы оқитыныңызға үміттенесіз ба?

  39. Сіз мектептегі жолдастарыңыздай жақсы киінемін деп ойлайсыз ба ?

  40. Сабақта жауап беру барысында басқалар сіз туралы не ойлап отыр екен деп ойланасыз ба?

  41. Сыныпта жақсы оқитын баланң басқалардан ерекше құқығы бар ма?

  42. Бірге оқитын балалардың кейбіреуінен жақсы табысқа жетсеңіз олар сізге ашуланады ма?

  43. Сыныптағы оқушылардың сізге деген қатынасына ризасыз ба?

  44. Мұғаліммен оңаша қалсаңыз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз бе?

  45. сыныптастар сіздің қабілетіңізді тәртібіңізді күлкіге көтередіме?

  46. Басқа балаларға қарағанда қобалжығышпын деп ойлайсыз ба?

  47. Егер жауап бере алмай қалсаңыз жылармандай болып қалғаныңызды сезінесіз бе?

  48. Төсекке жатқаннан соң ертең мектепте не болар деген ой сізді тынышсыздандырады ма?

  49. Күнделікті тапсырманы орындау барысында бұрын жақсы білгендеріңізді мүлдемсұмытқаныңызды сезесіз бе?

  50. Тапсырманы орындау барысында қолыңыздың аздап дірілдеген кезі болды ма?

  51. Мұғалім тапсырма беремін деген кезде мазасызданып, қобаолжығаныңызды сезесіз бе?

  52. Біліміңізді тексерген кезде төмен баға аламын деп қорқасыз ба?

  53. Сыныпқа берілген тапсырманы орындай алмаймын деп қорқасыз ба?

  54. Кейде түсіңізге сіз орындай алмаған нәрсені басқалар түгел орындағаны кіреді ме?

  55. Мұғалімнің түсіндіргенін басқаларсізден жақсы түсінген,інсезесіз бе?

  56. мектепке бара жатқанда бүгін тексеру жұмысы болады ма деген ой сізді мазавсыздандырады ма?

  57. Тапсырмангы орындау барысында әдеттегіден нашар орындап жатқаныңызды сезінесіз бе?

  58. Тақтаға шақырғанда сынып алдында тапсырмангы орындау барысында қолыңыз аздап дірілдейді ме?

Жауап парақ үлгісі.


1




13




25




37




49




2




14




26




38




50




3




15




27




39




51




4




16




28




40




52




5




17




29




41




53




6




18




30




42




54




7




19




31




43




55




8




20




32




44




56




9




21




33




45




57




10




22




34




46




58




11




23




35




47










12




24




36




48












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет