Пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Кибернетикалық жағынан жақындау



бет16/47
Дата28.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#64948
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
b1e92176-86b5-11e3-9ea3-f6d299da70eeОИС №3

Кибернетикалық жағынан жақындау

Кибернетика (грек тілінен аударғанда басқару шеберлігі) – бұл күрделі жүйелерді кері байланыспен басқару туралы ғылым. Ол математика, техника және нейрофизиологиямен туындады және кері байланыс механизмі бар тірі, сонымен қатар өлі жүйелердің толық класын қызықтырды.

Егер 17-ші және 18-ші ғасырлардың басы – парлы машиналар ғасыры болса, онда қазіргі уақыт байланыс және басқару ғасыры. Бұл процестерді меңгеру барысында кибернетика біршама өзінің үлесін қосты. Ол басқару моделі мен байланысының әдістерін оқытады, бұл зерттеуде оған тағы бір түсінік енгізу керек болды, бірақ бірінші рет ақпарат түсінігі (латын тілінен танысу) жаратылыстануда фундаментальды статус алды.

Өзінің фундаментальды түсінігі – жүйе, модель, басқару, ақпарат-кибернетика көмегімен басқару процестерінің ұқсастығы әртүрлі жүйелерде заңды екендігін көрсетті, және ол ақпаратты (биологиялық, техникалық, қоғамдық және т.б.) тасымалдау табиғатына тәуелсіз ақпараттық процестерде көрсетіледі. Кибернетика басқару процестерін модельдеу және пайдалану тиімділігін көрсетті.

Кибернетикада зерттеудің негізгі объектісі кибернетикалық жүйе болып табылады. Жалпы (немесе теориялық) кибернетикада мұндай жүйелер абстрактілі, олардың шынайы физикалық табиғатына қатыссыз қарастырылады. Абстракцияның жоғары деңгейі кибернетикаға әртүрлі табиғаттың (мысалы, техникалық, биологиялық және әлеуметтік) жүйелерін оқытуға жалпы құралдар табуға мүмкіндік береді.

Абстрактілі кибернетикалық жүйе жүйе элементтері деп аталатын бір-бірімен байланысқан объектілердің жиынтығын көрсетеді, ақпаратты қабылдауға, есте сақтауға және қайта өңдеуге, сонымен қатар ақпаратпен алмасуға мүмкіндігі бар. Кибернетикалық жүйе мысалы ретінде техникада (мысалы, автопилот немесе мекемеде тұрақты температура сақтауды қамтамасыз ететін реттеуіш), әртүрлі автоматты реттеуіштер, электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), адамның миы, биологиялық популяциялар, адамзат қоғамы болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет