ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет4/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,92 Mb.
#4801
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:

1.Қарым – қатынас мәдениетін дамыту жолдары

2.Сөйлеу өнері мен этикеті

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
11-дәріс. Келіспеушілік.

Мақсаты: Келіспеушілік туралы жалпы түсінік беру. Келіспеушілікті шешу жолдары жайлы мағлұмат беру.

Дәрістің мазмұны:

Келіспеушілік және оның құрылымы. Келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары. Келіспеушіліктер классификациясы. Келіспеушілік жағдайындағы әдепсіз қылықтардың себептері. Келіспеушілікті шешу жолдары. Стресс және стрестік жағдайлар. Келіспеушіліктегі қылық этикасы. Келіспеушілік жағдайын шешудің этикалық қағидалары.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттық ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшылықтың шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен қүралдары туралы әртүрлі пікірде болады.

Келіспеушііліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін.

Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.

Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс.

Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспеушіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал тұлғалык сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті жою күрделі болады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды.

Коммуникация кезіндегі кедергілер.коомуникативті кедергілер- қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы ақпарат алмасудағы тосқауылдар. Коммуникация кезінде белгілі бір тосқауылдар пайда болуы мүмкін. Кедергі түсінігі, оның әлеуметтік –мәдени ерекшеліктері және қатынастары туралы айтуға болады.

Ақпарат алмасудың өзінде фонетикалық түсініспеушіліктен туындауы мүмкін. Оны, негізінен, түсініксіз, тез сөйлеу, жаңылтпаш сөйлеу және де өзге қателіктерден тұратын паразит дыбыстардың болуымен түсіндіреді. Өзара ішкі қатынасқа стилдік кедергілер де әсер етуі, сонымен қатар реципиенттің психологиялық көңіл күйі де болуы мүмкін.



Бақылау сұрақтары:

1.Келіспеушілік жағдайларына мысал келтір

2.Келіспеушілік жағдайын шешу жолдары

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.



4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
12-дәріс. Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері

Мақсаты: «Дауласу», «пікірталас», «сөзбен қағысу» түсініктеріне анықтама беру.

Дәрістің мазмұны:

Дауласу түрлерін классификациялау. Дауласу мәдениеті. Дауласудағы сендірудің психологиялық тәсілдері: дауласуға қатысушыларға әсер ету тәсілдері; дауласудағы сұрақтар және оған жауап түрлері; әділетсіз тәсілдер, ерікті және еріксіз амалдар.
Адам баласының ілгері дамуы немесе кері кетуінің алғы шарты ретінде қарама-қайшылықтардың әр түрлі үлгіде көрініс беріп отыратындығы қоғамдық ғылымдарда жиі аталады.Осындай қарама-қайшылықтардың бір көрінісі дау(конфликт) - әлеуметтік феномен түрінде қарастырылады. Конфликті латынның «қарама-қарсы тұру», «қарсы күресу» етістігінен шыққан. Дау (конфликт) ұғымына әр түрлі ғылым саласында түрліше анықтамалар беріледі.
Дау - деп әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шиеленісу шегіне жеткен жағдайындағы әр түрлі әлеуметтік бірліктердің қақтығыстарын атайды.Педагогика ғылымының социология саласындағы жинақталған білім қорынан дауларды шешудегі дауларды елемеу, жарыс әдістері, келісімге келу, ынтымақтастық, жүйенің ұйымдастырушылық құрлысын өзгерту, іштей келіспеушілік әдістері.
Психологиялық дау деп шамасы жағынан бірдей, бірақ қарама –қарсы күштердің, мүдделердің,ұстанымдардың, өзара әрекеттесетін оппенттердің немесе субъектілердің пікірлерінің, көзқарастарының үйлеспеуін атайды.
Психологтер социологтермен бірге конструктивті және деструктивті даулардың болатындығын көрсетеді. Егер даудың нәтижесінде адамның ілгері дамуына мүмкіндік жасалса дау конструктивті, ал кері кетуіне жол берілсе деструктивті деп аталады.
Жасөспірімдердің өзін субъект лидер тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған белсенділік, өзара қарым-қатынаспен өзара қарама-қайшылықтың бір мезетте тууынан болатын құбылысты дау-дамай, кикілжің деп жатамыз. Оның туу себептеріне орай, әртүрлі баға беруге болады. «Ер шекіспей,бекіспейді»дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа ұласуы мүмкін. Сондықтан да отбасында, мектепте, аулада балалар арасында туған дау-дамай мен кикілжіңдерге педагогикалық тұрғыда көмек беріліп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандырған жөн.
«Басқа пәле –тілден».Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау –адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққада қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп,ауырмай өлеміз».Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине біледі. Әйтседе осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып, теріс ықпал етіп барады.
Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман сөзбен бірін-бірі сабап, былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады.
Ғалымдардың айтуыша, дөрекі былапыт, балағат сөздер (арнайы баламасы боқтық деген сөз) қай халықтың этномәдениетіде де бар екен.
Чукчалар мен эскимотарда ұрысқанда айтылатын «Сен-олақсың»
деген сөз, ең намысқа тиетін жаман сөз болып саналады.
Қытайлықтар әбден ашуланып, арына тигісі келсе: «Жасыл тасбақа» немесе «Қоян»дейді. Кей халықтың мәдениетінде сиыр киелі жануар саналғандықтан, оның атын мәртебе көреді. Орыстар жақтырмаған әйелді «сиыр» деп қорлайды. Ал мұсылман халқы үшін «шошқа» деген өте ауыр сөз. Қай тілде айтылсада балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен, еріксіз жаман әрекетке итермелейді. Мұндай сөздер қорланған адамның теріс сезімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді. Балағат сөз ұяттан аттап кетеді. Сондықтан екі жақтан дау-дамай туып, дөрекі сөздер айтылады. Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады. Осыған қарап отырып, бұлардың әдеп пен мәдениеттің ауылынан алыстап кеткенін көреміз.

Бақылау сұрақтары:

1.Дауласудан шығу жолдары

2.Әсер ету тәсілдері

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

Тақырып - 1. Қарым - қатынас әлеуметтік - психологиялық проблема ретінде

Жоспары:

Қарым - қатынас түсінігін анықтау. Қарым- қатынастың пайда болуы және дамуы. Қарым - қатынас мазмұны. Қарым - қатынас құралдары. Қарым- қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым - қатынас стилі. Қарым - қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологтар еңбектеріндегі ұсынылған қарым - қатынас түсінігін жан-жақты қарастыру қажет. Қарым - қатынас стилдеріне тоқтала отырып, мысалдар арқылы түсіндіру керек.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып -2. Қарым - қатынас, оның түрлері.

Жоспары:

Қарым-қатынас түрлері: іскерлік қарым - қатынас, жеке өзара қарым-қатынас, топтық қарым-қатынас, көпшілік қарым-қатынас және т.б. Ұзақтығы және аяқталуы бойынша: қысқа және ұзақ уақытты; аяқталған және аяқталмаған немесе үзілген.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында қарым-қатынас түрлеріне тоқтала отырып, әрқайсысына мысал келтіре отырып талдаңыз.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып - 3. Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері.

Жоспары:

Қарым - қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы. Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезендері: алғашқы қабылдау және эмоциялық бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің жеке ерекшелігін түсіну және оның қылықтарын бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің адамгершілік - мәдени мінез - құлқының дамуын болжау; өзінің мінез -құлкының адамгершілік стратегиясын құру. Әлеуметтік перцеицияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және

аттракция.



Қарым - қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым - қатынастың құралдары. Қарым-қатынастағы кедергілер, бедел, түсінбеу.

Қарым - қатынастың интерактивті жағының сипаттамасы. Андреева Г., Бодалев А, Леоньтев А, Петровский Л. зерттеулері.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында қарым - қатынастың коммуникативті, интерактивті, перцептивті жақтарына сипаттама беріңіз. Коммуникативті қарым - қатынастың құралдары туралы толық мәлімет беру керек.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып - 4. Қарым - қатынастағы вербальды емес құралдар

Жоспары:

Вербальды емес құралдар туралы түсінік. Вербальды емес құралдардың қарым - қатынастағы маңызы. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл- қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл - қозғалыстар. Вербальды емес қозғалыстың маңызы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында вербальды емес құралдардың қарым – қатынаста қаншалықты маңызы екенін анықтаңыз. Көз және ерінмен берілетін белгілерді мысалмен келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып- 5. Қарым-қатынас және жеке бастық қатынастар

Жоспары:

Басқарудағы қарым - қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым - қатынас және оның құрылымы. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында топтағы қарым - қатынас және оның құрылымын анықтау керек.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып - 6. Жеке бас аралық психикалық өзара әрекеттесу формалары.

Жоспары:

Психологиялық технология туралы түсінік. Қарым-қатынас этикеті. Жеке шара қатынастағы іскерлік карым - қатынас этикетінің психологиялық және педагогикалық технологиясы. Психологиялық -педагогикалық және этикалык талаптар және ережелер. Субординация түсінігі.Қарым - қатынастағы бедел.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологиялық - педагогикалық этикалык талаптарға және ережелеріне толық мәлімет беру керек.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып - 7. Қарым - қатынас этикасы

Жоспары:

Этика туралы жалпы түсінік. Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы. Кәсіби этиканың қалыптасуы. Мораль құрылымы және функциялары. Қылық және сана, адамгершілік қатынаста мәні. Мораль категориялары және оның классификациясы. Іскерлік этикасы, оның қалыптасуы. Қарым - қатынас этикасын дамыту.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасын анықтаңыз. Қарым - қатынас этикасын дамытуда қандай әдістер қолдануға болатынын анықтаңыз. Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып - 8. Педагогикалық қарым - қатынастың психологиялық аспектілері

Жоспары:

Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі. Коммуникативті міндеттері. Коммуникативті іскерлік және комуникативті қабілеттілік. Қарым -қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік бере отырып, оның міндеттерін анықтаңыз.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып - 9. Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық

ерекшеліктері

Жоспары:

Шешендік өнер туралы түсінік. Сөйлеуге даярлану. Көпшілік назарын өзіңе аудару тәсілдері. Сөйлеуді аяқтау және қорытындылау. Іскер адамның сөйлеу мәдениеті. Психологиялық мәдениеті. Логикалық мәдениеті.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктерін анықтаңыз. Іскер адамның сөйлеу мәдениетіне, психологиялық мәдениетіне, логикалық мәдениетіне толық мәлімет беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып -10. Қарым - қатынас мәдениеті

Жоспары:

Әңгімелесу барысындағы сөйлеу мәдениеті. Іс барысындағы әңгімелесуге қойылатын негізгі талаптар. Сөйлеу этикеті. Іскерлік әңгімелесу барысындағы логикалық мәдениет. Қарым- қатынастағы әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениет. Әңгіме барысында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында іс барысындағы әңгімелесуге қойылатын негізгі талаптарына тоқтала отырып, әңгіме барысында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру жолдарын анықтаңыз.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып-11. Келіспеушілік.

Жоспары:

Келіспеушілік туралы жалпы түсінік. Келіспеушілік және оның құрылымы. Келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары. Келіспеушіліктер классификациясы. Келіспеушілік жағдайындағы әдепсіз қылықтардың себептері. Келіспеушілікті шешу жолдары. Стресс және стрестік жағдайлар. Келіспеушіліктегі қылық этикасы. Келіспеушілік жағдайын шешудің этикалық қағидалары.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары, келіспеушілік жағдайын шешудің жолдарын анықтаңыз.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995
Тақырып - 12.Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері

Жоспары:

«Дауласу», «пікірталас», «сөзбен қағысу» түсініктерінің анықтамасы. Дауласу түрлерін классификациялау. Дауласу мәдениеті. Дауласудағы сендірудің психологиялық тәсілдері: дауласуға қатысушыларға әсер ету тәсілдері; дауласудағы сұрақтар және оған жауап түрлері; әділетсіз тәсілдер, ерікті және еріксіз амалдар.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында дауласудағы сендірудің психологиялық тәсілдері: дауласуға қатысушыларға әсер ету тәсілдері; дауласудағы сұрақтар және оған жауап түрлері; әділетсіз тәсілдер, ерікті және еріксіз амалдар жайлы толық мәлімет бере отыра әрқайсысына мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991.

2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992.

4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995

4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:



Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.
Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі.


апта


СОӨЖ

СӨЖ

1

-

-

2

-

Тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы бойынша оқулықтар мен оқу құралдары

СӨЖ мазмұны: Қарым-қатынас психологиясы пәні бойынша картотека құрастыру (20-30 әдебиеттің атаулары)

3

-

Тақырыбы: Қарым – қатынас психологиясы бойынша терминдер сөздігі

СӨЖ мазмұны: Қарым – қатынас психологиясы бойынша терминдер сөздігін құру

4

СОӨЖ мазмұны: Қарым– қатынас мәні: оның қызметтері, түрлері, формалары, кедергілері.(ассоциограмма құру)

-

5

-

Тақырыбы: Іскерлік қарым – қатынас психологиясы

СӨЖ мазмұны: Microsoft Power Point презентация дайындау

6

Тақырыбы: Іскер адамның іс-әрекетіндегі этикет

ОСӨЖ мазмұны: тақырып бойынша реферат дайындау (15-20 бет, А4)





7

-

-

8

-

-

9

Тақырыбы: Тартыстың туындау себептері мен оларды шешу жолдары

ОСӨЖ мазмұны: Тартыстың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын сипаттау (конспект жазу)

-

10

-

Тақырыбы: Қарым-қатынас мәдениеті

СӨЖ мазмұны:Бір ғалымның көзқарасына сипаттама беру (баяндама)

11

Тақырыбы: Қарым-қатынасты зерттейтін әдістемелер

ОСӨЖ мазмұны: әдістерге қысқаша тоқталу, салыстыру, кесте құру («Әдістеме», «Сипаты», «Кемшіліктері», «Артықшылығы»)

-



12

-

СӨЖ мазмұны: Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері(реферат)

13

Тақырыбы: Келіспеушілік және оны шешу жолдары

ОСӨЖ мазмұны: әр ғалымның пікірін жазу (конспект)

-

14

-

Тақырыбы: Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері

ОСӨЖ мазмұны: Дауласудың туындауы,дауласуға қатысулардың қылықтары (презентация)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет