Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет126/159
Дата26.05.2020
өлшемі255,57 Kb.
#71213
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159
Байланысты:
П нні электронды О У- дістемелік кешені
П нні электронды О У- дістемелік кешені
Пернетақтада жұмыс жасау. Әдіскерлер мен мұғалімдер кейде бастауыш мектеп оқушыларының нәзік қолының қимылдарын дамытуды назардан тыс қалдырып кетеді. Бұл аспектіге көбіне еңбек мұғалімі назар аударады, себебі қолды дамыту - бұл пәннің басты міндеттерінің бірі. Информатика сабағында компьютермен жұмыс жасау кезінде алдымен пернетақтада және тышқанмен жұмыс істеу әдістерін меңгеру керек. Бұл - өте күрделі үрдіс, себебі оқушы нәзік қолы мен саусақтарының қимылынан басқа, компьютер экранына да назар аударып отыруы тиіс. Отандық мектептердің кабинеттерінде жасы үлкен пайдаланушыларға арналған компьютерлер орнатылғандықтан, оқытуда қиындық туғызады. Олардың пернетақталары мен тышқандары үлкендерге сәйкестеніп жасалған, балаларға ыңғайсыз. Балалардың пернетақтамен және тышқанмен жұмыс жасауды меңгеру үрдісінде нәзік қолдары мен саусақтардың дамуына кедергі жасайды, ал қол қимылдары бала миының дамуын ынталандыратынын бәріміз білеміз.

Осыған орай, оқыту үрдісінде ноутбуктерді пайдалану ыңғайлы, олардың пернетақталарының көлемі кішірек, балалардың қолына икемді. Олар үстелде аз орынды алып, кәдімгі сынып бөлмелерінде пайдалануға болады. Айтып кететін жайт, ноутбуктердің қазіргі құны үстелдік дербес компьютерлердің бағасына пара-пар. Соңғы кезде нарықта көлемі алуан түрлі тышқандар да шығарыла бастады, оларды пайдаланушылардың қолына сәйкестендіріп сатып алуға болады, информатика сабағында әртүрлі жас шамасындағы оқушыларға пайдалануға ыңғайлы.

Санитарлық нормалар мен ережелер төменгі сынып оқушыларының компьютердегі жұмысын келесідей шектейді: 1 сыныпқа – 15 минут, 2-3-сыныптарға – 20 минут, 4-5-сыныптарға – 25 минут, компьютерді пайдалану сабақтары аптасына 1 рет қана болуы тиіс. Бұлардың барлығы оқу үрдісін ұйымдастыруды барынша шектейді. Балаларға компьютерде жұмыс жасау уақытының шектеулі екендігін түсіндіру қиын, олар үйде шектеусіз теледидардың және компьютердің алдында ойын қосымшаларын қалауынша ойнауға дағдыланып қалған. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларды компьютерден дене шынықтыру минуттарымен тоқтата алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет