Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған


-кесте Кейбір элементтердің жалын түстері



бет43/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

1-кесте Кейбір элементтердің жалын түстері

Элементтер


Жалын түсі

Элементтер

Жалын түсі

Натрий

Ашық сары

Барий

Сары-жасыл

Калий

Күлгін

Мыс

Ашық жасыл

Кальций

Қызыл-кірпіш

Бор

Ашық жасыл

Стронций

Қызыл-карминді

Қорғасын және мышьяк

Солғын – көгілдір

Ал, зертханада жүргізілетін зерттеулер ерітіндіде өтетін реакцияларға негізделген, сондықтан «ылғал» талдау әдісі пайдаланылады. Мұндай жағдайда зерттелетін зат алдымен ерітіндіге өтуі қажет. Егер талданатын зат дистилденген суда ерімесе, сірке, тұз, азот және басқа қышқылдар пайдала-нылады. Химиялық әрекеттесулер нәтижесінде қышқылдармен зерттелетін зат тез еритін қосылысқа айналады.

Химиялық талдаулар аналитикалық реакциялар нәтижелері бойынша жасалынады. Талданатын заттың немесе қосылыстың ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттерін аналитикалық қасиеттер деп атайды. Бұл аналитикалық қасиеттер оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

Ал, мұндай қасиеттерін аналитикалық реакциялар нәтижесінде көруге болады. Аналитикалық реакцияларды тұнба түсуі немесе еруі, зерттелетін ерітінді бояуының өзгеруі, газ бөліну сыртқы эффект құбылыстары арқылы көруге болады. Аналитикалық реакциялар сезімталдығы деп тұнба немесе түсті қосылыстардың түзілуін, газдың бөлінуін т.б. айтамыз. Белгілі затқа тән аналитикалық реакциялар - ерекше реакциялар деп аталады. Ол реакциялар таңдамалылығы (селективтілігі) бойынша бөлінеді.

Кез – келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен аналитикалық өзгеріс түріндегі хабар, белгі – сигнал пайда болуы мүмкін.

Зерттелетін заттың мөлшеріне, ерітінді көлеміне және операциялардың орындалу техникасына тәуелді түрде сапалық талдау әдістері макро-, микро-, жартылай микро-, ультрамикро-, субмикро-, субультра-микро болып жіктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет