Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Географиялық орта химиясы» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет2/34
Дата17.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#102087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
3c1dda9c-1e00-11e3-8705-902b34bdced6УМКД хим горг сред общ
10-osh bzhb geometriya 8-syn az
2 Дәрістер

1 МИКРОМОДУЛЬ «Кіріспе. Химиялық экология»

1-тақырып. Кіріспе. Химиялық экология.



Дәріс мақсаты: курс құрылысы мен міндетімен және түсініктермен таныстыру

Жоспар:


1. Пәні және мазмұны.

2. Биосфера. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі және ноосфера концепциясы.

3. Биосфераның химиялық ластануы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Ғалымдар биосфераның ауадағы шекарасын жер бетінен есептегенде 15 км биіктікке дейін, суда -12 км тереңдікке дейін, жер қыртысында -5 км тереңдікке дейін болады деген ортақ шешімге келді.

Биосфера – адамдардың денесі сияқты,- дейді көрнекті орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский.

Биосфераэкология ғылымының зерттеу саласы болып саналатын жер шарындағы тірі организмдер орналасқан экологиялық жүйе. Биосфераның

құрамына литосфераның жоғары қабаты, гидросфера түгелімен, сол сияқты

атмосфера қабаты кіреді. Биосфера тірі организмдердің тіршілік етуіне

қолайлы орта.

Биосфераның даму эволюциясы және оның болашағы тек Жер қыртысының дамуымен байланысты.

Академик В.И.Вернадский (1863-1945) биосфераны ғылыми тұрғыда

толық зерттеп, оның теориялық негізін салған.Оның биосфера туралы ілімі –

жаратылыстану ғылымдары бойынша осы күнге дейін маңызын жоймаған

теориялық еңбек. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы негізгі идеялары өзінің «Биосфера» атты еңбегінде 1926 жылы жарық көрген. Аталған еңбекте

академик биосферадағы тіршіліктің дамуын, қалыптасуын, оның шекарасы мен болашағын зерттей келіп, «биосферадағы тіршіліктің негізгі қозғаушы күші –Күн энергиясы мен химиялық элементтердің тірі және өлі заттар арасындағы миграциясы жүзеге асатын зат алмасу процесі, яғни организмдердің көбеюі мен дамуы» деп тұжырым жасайды. Шын мәнінде, биосферадағы жалпы тіршіліктің пайда болуы бейорганикалық элементтер негізінде органикалық заттардың пайда болуы тұрғысынан қарастырылады.

Биосфера өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – литосфера, гидросфера және атмосфера.

Академик В.И.Вернадский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей

келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» деп атады. Олар

биофильді заттарға жататын сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор және күкірт

элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсуларды, липидтерді, ақуыздар мен нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.

В.И.Вернадский биосфераның қалыптысу және даму эволюциясындағы

«тірі заттардың» рөлін өте жоғары бағалады. Тірі организмдердің, әсірісе адам баласының іс-әрекетін биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор деп бағалай келіп, биосфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екендігін дәлелдеді.

Яғни, ғаламшардағы ең жоғары сатыдағы дамыған тіршіліктің өзі тірі

организммен байланысты екендігін баса айтты. Шын мәнінде, тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып, ғаламшардағы тіршіліктің көптүрлілігінің дамуына мүмкіндік береді. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қозғаушы күшіне айналады.

Ең басты мәселе – биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі.

Соның нәтижесінде, биосфера деп аталатын «үйімізде» ешбір басы артық

зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп, табиғаттың

өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші –

Күн сәулесі екенін естен шығармауымыз керек.

В.И. Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму

процесіндегі адамның рөліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше,

адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық күш ретінде

бағаланды. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-

ойының сапасына немесе деңгейіне байланысты екендігін болжай келе өзінің

өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол биосфераның жаңа

тұрғыдағы сипаты, Жердің сапалы қабықшасы – ноосфера туралы болжамдар

еді. Ал «ноосфера» деген ұғымды ғылымға француз математигі Э.Леруа

енгізген болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет