ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Көркем безендіру негіздері» 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына арналған ОҚу- әдістемелік материалдары



Дата05.06.2017
өлшемі354,41 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОЭК

ПОЭК 042-33.1. 112/03-2014



ПОЭК

« Көркем безендіру негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



Баспа № 1күні 03.09.2014

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Көркем безендіру негіздері»

5В010700 – « Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына арналған

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші


1 Глоссарий

АБРИС – сұлба, тұрпат (бір нәрсенің сыртқы сұлбасы), бір нәрсенің сыртқы тұрпаты, сыртқы жобалық пішіні , бейнеленген бір заттың контуры, сызықтың тұрпаты.

АБСТРАКЦИОНИЗМ – абстракционизм ХХ ғасырдағы живопись, скульптура мен графикадағы өнердегі бағыт: мұның өкілдері көркем сурет практикасын түбірімен өзгертуге, оның қалыптасқан принциптері мен дәстүрлерінен- -оның ішінде реализмнен де қол үзуге, жаңа, әдеттен тыс мазмұн іздеуге ұмтылды.

АВАНГАРДИЗМ - (ХХ ғасырдағы көркемсуреттегі қозғалыстың шартты аталуы; мұның өкілдері көркемсурет практикасын түбірімен өзгертуге, оның қалыптасқан принциптері мен дәстүрлері кеп оның ішінде реализмнен де –қол үзуге, жаңа, әдеттен тыс мазмұн іздеуге ұмтылады).

АВТОЛИТОГРАФИЯ – Суретшінің көркем литографияны орындау тәсілінің түрі; мұнда суретші өз шығармасын литографияға арналған тасқа өзі түсіреді

АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін өзі салған портрет не сурет. Автопортрет көбнесе айнаға қарап салынады, сонымен бірге шебер суретшінің өз пішінін санада сақтап, елес әдісін қолдануы мүмкін.

АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ - көркем сурет өнерінің жоғары оқу түрі. Мұндай оқу түрі XV ғасырда қалыптасқан. Академиялық сурет - натураны ұзақ мерзім бойы оқытатын, өнердің қыр- сырына терең ұңіліп жоғары дәрежеде үйрететін ілім.

АКВАРЕЛЬ - суға езілетін мөлдір бояу бояулар өсімдік майларымен біріктірілген және осы бояулармен жасалған живописті айтады.

АКВАТИНТА - металды қышқылмен өңдеуге негізделген гравюраның бір түрі

АЛЛА ПРИМА - дымқыл қағаз бетіндегі живопись, сонымен қатар шығарманы бір отырыста салып бітіру.

АЛЬСЕККО - фресканың бір түрі: кепкен сылақ бетіне салынған живопись.

АЛЬФРЕСКО - фресканың бір түрі: кепкен сылақ бетіне салынған живопись.

АНФАС - қасбет қарсы алдынан дегн мағнада. Адамның суретін қарсы алдынан бетпе-бет бейнелеу.

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 3-ші

АНТИКАЛЫҚ - (античный лат. Antiguus) -арғы, көне Грек, көне Рим онері сонымен қатар ерте дүние әлемінің халықтарының өнері.

ТАЛДАУ - бір нәрсені не құбылысты ойша детельдарға, құрама бөліктер мен белгілерге бөлу. Мысалы: адам басының суретін салмастан бұрын, пішінді ой елегінен өткізіп, ойша тандау әрекетінжасап, оның детальдарының бейне бір заттарға, көбнесе геометриялық денелерге ұқсатып, ойша салыстыра отырып соңында үлкен формаға жыйнақтау.

АКЦЕНТ - (бейнелеу өнерде көрерменнің назарын ерекше аудару үшін қайсы бір тұлғаны, затты, бейненің бөліктерін түспен, жарықпен, сызықпен немесе неңістікте орналастырумен ерекшелеп көрсету тәсілі)

АНИМАЛИЗМ- бейнелеу өнерінде хайуанаттарды бейнелеу.

БАГЕТ - жақтауша картиналарға, портреттерге рама жасауға немесе қабырғаларды әшекейлеуге арналған боялған, алтын жалатылған және т.б. ағаш жақтауша.

БАТАЛЬДЫҚ ЖАНР- (француз тілі Bataille) - бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика және мүсіндеуінде соғыс көріністері бейнеленген жанр.

БАТИК – түрлі-түсті мата, оған сурет қолмен түсіріледі. Алғаш Индонезия халықтарында пайда болды, сурет онда балауыздың көмегімен салынады, содан кейін матаны бояғыштарға салынады, оның балауызбен көмкерілмеген жерлері боялып шығады.

БЛИК – ақтаңдақ жарық пен көлеңке элементі, заттың бетіндегі ең жарық нүкте.

БЮСТ (франц. Buste, итальян. Busto) – адамның кеуде бөлігінің бейне суреті, құйылған тұрпат. Бюст мүсін өнерінде жиі кездеседі, сондай-ақ суретте де қолданылады. Оқыту барысында гипстен құйылған бюст суреттерін салып үйрену бағдарламаға енген.

ВАТМАН – қағаз фабрикасының иесі ағылшын Ватманның есімінен алынған. Сызу және сурет салуға арналған жоғарғы сапалы қағаз.

ВЕРНИСАЖ – арнайы шақырылған адамдардың қатысуымен көркемсурет көрмелерін салтанатты түрде ашу. Көрмедегі жұмыстарға (экспозиция) суретшілер, сыншылар, қоғам өкілдері, өнермен байланысты мекемелер өз сөздерінде алғашқы бағалары мен сындарын айтып талдау жасайды.

ВИТРАЖ (франц. Vitrage – шынылау, латынша Vitrum – шыны) – зершыны, мөлдір бояулармен шыны бетіне салынған сәндік қолданбалы өнер, түрлі-түсті шыны сынықтарынан салынған немесе жарық өткізетін материалдардан құралған көркем оюланған композиция.


ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

15 Беттің 4-ші

ВИНЬЕТКА - кітапша немесе қолжазбада текстің басы мен аяғын шағын сурет немесе ою-өрнек түрінде әшекейлеу

ВИРТУОЗ - (итальян. Virtuoso) – асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі. Өнерде шеберлік шыңына шыққандарды осылай атайды. Мысалы, қайта өрлеу дәуірінің асқан шеберлері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль т.с.с. орыс өнерінде үздік шыққан шеберлер: И.Е.Репин, В.А.Серов, М.А.Врубель т.б.

БАЛАУЫЗДЫ КЕСКІНДЕМЕ - (ағыл. wax painting, франц. peintur a la cire, нем. Wachsmalerei) – кескіндеме техникасы. Бұл техникада байланыстырушы зат ретінде балауыз пайдаланылады. Балауыздың химиялық белсенділігі мен дымға төзімділігінен. Балауызды кескіндеме бірнеше ғасырлар бойы өзінің алғашқы қалпында түстерінің балаусалығын, өңінің қабаттарының әсемдігін сақтап қалады.

КӨРМЕ - (ағыл. Exhibition,франц. exposition,нем. ausstellung) – көркем шығармаларды уақытша көпшілікке ашық көрсету.

ГАЛЕРЕЯ (франц.galle) – 1. жаңа заман өнерінің көрмесін өткізуге арналған ғимарат;

2. жекелеген немесе топтасқан ауысып отыратын көрмелер өткізетін орын .



ГАММА - (грекше gamma) түрлі бояулар. Бейнелеу және сәндік өнердегі түстердің реңдерінің байланысы (бір түстің басымдылығы жоғары болады). Көркем шығарма жасау кезінде түстердің реңдерінің тұтастығын сақтай отыра, қараңғы және жарық, суық және жылы, анық және басыңқы әлсіздікті айырып көрсету керек.

ТҮР-ТҮС ГАММАСЫ – бояулар гаммасы (көркем шығарманы салу кезінде бірнеше түспен қатар келуін білдіретін атау)

ТҮРЛІ-ТҮСТІ ГАММА – шығармада көп қолданылған және ондағы живописьтің шешімінің сипатын анықтайтын түрлі-түсті өңдердің негізгі қарым-қатынастары

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОЮ-ӨРНЕК – ою-өрнектер түрлерінің бірі. Геометриялық элементтермен шектелген. Бейнелік көрнекілік нышаны заңды түрде жоқ. Бейнелік себебі геометриялық ою-өрнектердің геометриялық фигураларға ұқсатылуы және стилдеу.

КОНТРАСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ (реалистік композицияның негізі)


ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 5-ші


ҮЙЛЕСІМ - өнерде көркем туындының бөліктерінің өзара ұнасымды байланысуы, үйлесе жарасуы.

ӨНЕРДІҢ ГЕДОНИСТІК ҚЫЗМЕТІ ҚЫЗМЕТІ - өнердің адамға ләзат, қуаныш әкелу қызметі

ӨНЕР ГЕНЕЗИСІ - өнердің шығу тегі

ГЕРАТ МИНИАТЮРА МЕКТЕБІ – миниатюралық живопись мектептерінің бірі

ГИПЕРРЕАЛИЗМ – қазіргі модернизм ағымдарының бірі. Оның өнімдері шындықты шындықтан да жоғары бейнелеуге шақырады

ГОХУА - (қытайша чжунгохуа) – қытайдың ұлттық кескіндеме өнері. Әр түрлі минералдың және өсімдіктің суға езілетін бояулар мен қара тушьпен жібек және қағаз беттеріне салынады.

ГРАВЮРА (франц.gravure, om graver – бедерлеу) – бедер сурет, графиканың бір түрі. Гравюра бетіне бедер түсірілген пластина, гравюра бедерленген пластинадан алынған басылым.

БЭННЭ гравюрасы – екі: қызыл күрең және жасыл түспен басылатын жапон гравюрасы.

ШЫҒЫҢҚЫ БАСПА ГРАВЮРАСЫ – бұған ксилография мен линогравюра жатады.

ТАСТАҒЫ ГРАВЮРА – литография техникасының бір түрі, литографиялы тас бетіне әр түрлі металл инелермен жұмыс жасалынады.

ГРАФИКА- (грекше graphike (сөздің түбірі) grapho – жазамын, суретке саламын) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол сурет салу өнері. Графика графикалық өнер – бейнелейтін басып шығаратын өнер тобы. Графикада

бейне түсіретін жазықтық әр түрлі қағаз беттері болып табылады.



КІТАП ГРАФИКАСЫ – бұл кітаптың жалпы конструкциясы. Кітап жасаудағы оған қажетті кітап сыртының мұқабасы, оның бетіндегі иллюстрациялар, тексттердің орналасуы, кітапқа қажетті барлық безендіру жұмыстары кітап графикасында қарастырылады.

ГРАФИТ (нем.-гр. жазамын) – қарындаш жасалатын түрлі-түсті минерал. Графит қара түстің табиғи жолмен пайда болуының нәтижесі – кристалдық көміртегінің басқа заттармен қосындысынан құралады.

ГРАФИЧНОСТЬ – пластика өнерінде көркемдік сапа. Пластика өнерінің көркемдік сапасы графиканың ерекше мүмкіншілігімен байланысты.

ГРИЗАЙЛЬ (франц. Grisaille сөзінің түбірі gris – сұр) – живопистегі бір түстілік,


ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 6-ші



ГУАШЬ (франц. Gouache, итальян. Guazzo – суға езілген бояу) – суғаезілетін живопиське арналған бояу. Гуашь технологиялық жағынан акварельге жақын. Акварельден өзгешелігі ішіне ақ сыр қосылған, күңгірт қою

жағылатын сулы желімді бояулар. Гуашь кебу кезінде түстері жарықтанып ағара түседі.



ДЕКОР (франц. Décor, латын. Dekorare –безендіру) – архитектурада декорация, бейнелік немесе ою-өрнек элементтері жиынтық жүйесінің жалпы атауы.

ДИПТИХ (грекше Diptychos) – бір мазмұнға байланыстырылған екі бөліктен – екі картинадан тұратын бейнелеу өнері шығармасы.

ДИЗАЙН – заттарды көркем конструкциялау және жобалау. Жобалау кезінде объектінің мақсатынан басқа оған сапалы әсемдік, үнемділік, жоғары функциялы етіп ,сонымен қатар физиологиялых және психологиялых ыңғайлықты ескеру қажет.

ДРАПИРОВКА (франц. Draper – бұл қыртыстарын шаршалау, перделеп жатқызу). Шаршалау, перделеу – бейнелеу өнерінде көріністі, натюрмортты әсерлеу не жинақтау үшін матамен көркемдеу. Сурет жұмысында натюрморт, адам суретін салғанда перделеу жиі қолданылады. Суретке оқыту бағдарламасында перделеу (драпировка) жеке тақырып болып енген.

ЖАНР (франц. Genre – тегі, түрі) – бейнелеу өнері теориясында өнер түрі. өзінің тақырыбына бейнелік көрініске байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: тарихи жанр, тұрмыстық жанр, портреттік жанр т.б.

ЖИВОПИСЬ (ағылшынша Painting, франц. Painture, нем. Malerei) – кескіндеме. Кескіндеме бейнелеу өнерінің түрі. Кескіндеме сурет сияқты айнала қоршаған болмысты шындықты танып білу құралы. Көркемдік образ (тұлға) жасауда кескіндеме түстердің көмегімен жасалады.

ЖАНРЛЫҚ ЖИВОПИСЬ – тұрмыстық тақырыпқа салынған живопись.

АЛЬФЕЙЛІК ЖИВОПИСЬ – кеппеген сылақ бетіне сулы бояулармен салынған живопись.

ЖУХЛОСТЬ – оңу. Майлы бояу живописіндегі кебу кезіндегі бояу қабатындағы өзгеріс, осының салдарынан картинаның немесе этюдтің беткі қабаты күңгірттеніп, бояулардың әдемілігі мен әуезділігі жоғалады.

КЕНЕПТІ ТЕГІСТЕП СЫЛАУ – картина салар алдында кенеп бетін тегістеп сылап шығу.

композиция заңдары:



БАСЫМДЫЛЫҚ ЗАҢЫ – ою-өрнек композициясында бір немесе бірнеше мотивтерді басым ерекшелеп көрсету.

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

15 Беттің 7-ші

ҮШ КОМПОНЕНТТІЛІК ЗАҢЫ – ою-өрнек мотивтерінде күрделі және алуан түрлі қимылды беру үшін композицияда осы

қимылдың үш фазасын көрсету.



ТҰТАСТЫҚ ЗАҢЫ – сурет өнерінде сурет салғанда жалпыдан жалқыға қарай көшу, яғни бейненің жалпы пішінін нобайлап алып содан кейін нақтылауға көшу.

БҮТІНДІК ЗАҢЫ – композицияның негізгі заңдарының бірі.

АУА ПЕРСПЕКТИВАСЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ – бізден қашықтай отырып заттар көзбен көргенде көлемі жағынан кішіреймейді. Қашықтау дәрежесіне қарай олардың қара-қошқыл және бозғылт жерлерінің қарама-қарсылығы барған сайын біртіндеп жұмсарады, заттар неғұрлым түскендей болады да, ақырында көкжиекте зорға ажыратылатын силуэттерден тұратын бір реңкті мұнарға айналады. Сонымен бір мезгілде олардың түс бояуы да өзгереді. Осы құбылыс ауа перпективасы деп аталады.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЗАҢЫ - өнердің жалпы заңы. Бұл заңды өнердегі ізденіс, аталмыш заңдардың басын құрайтын заң деп те айтуымызға болады. Өйткені көркем бейне (образ) қашанда өнерде жаңа мазмұн мен жаңа форма.

СУРЕТТЕМЕ – суреттемеде айқын көрініс, композициялық құрылым, өңдер мен реңдер шешімі де орын алады. Суретші табиғаттың өзіне ұнаған көрікті көрінісін бейнелеу кезінде ондағы барлық детальдарды есіне сақтап қалу мүмкіндігі жоқ болса, ол оны толық бейнеге келтіріп салып алуды көздейді. Бұл жұмыс арнайы уақытты талап етеді, қарағанда күрделірек.

ӘЛӨРНЕК – кітап тарауының басын ерекшелеп әрі безендіріп тұратын шағын ою-өрнек немесе бейнелік кейде сюжеттік композиция.

БІЛГІРЛІК - өнертануда XIX ғасырдың соңында пайда болған бағыт; оның негізгі мақсаты әйгілі немесе жаңа табылған өнер шығармаларының құндылығын анықтау.

ГРАВЮРА ИНЕСІ – гравюраға бедер салуға арналған аспап.

ЛИТОГРАФИЯ ИНЕСі –(тасқа сызуға арналған үш немесе төрт қырлы пирамида, корпус т.б. түріндегі, жүзі өткір болат стержень.

ӨНЕРДЕГІ ДӘРІПТЕУШІЛІК (суретшінің беинелеу обектісін әдейі немесе еріксіз боямалап көрсету салдарынан өмір шындығынан алшақтау )

ЭСТЕТИКАДАҒЫ ИДЕАЛИЗМ (матерализмге қарама- қарсы , эстетикалық сананы , идеяны мұратты бірінші деп танитын бағыт.)

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

15 Беттің 8-ші

КӨРКЕМ ИДЕЯ (суретшінің адамға және әлемге қатынасын ,оның идеялық шығармашылық концепциясын білдіріуі , суретші өз ойын өнер туындысына айналдыруы)


СЫНТАС - құдай немесе құдайды алмастырушы материалды дене ,діни саяси жаппай табыну нысаны .

ИДИЛЛИК (көркем шығармада идиллияны , тамаша , рахат өмірді суреттеу )

БЕЙНЕ , БЕЙНЕЛЕУ – шыншылдықты айнала қоршаған құбылысты нақты сезімталдықты , өнер әдіс- тәсілдерімен көрсету . Бейнелеу өнеріндегі көркемдік образдың негізі болып табылады. Өнер туындысының идеялық мән мағынасы және эмоциялық қанықтылығы бейнелеу кезінде пайда болады.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ – пластика өнерінің бір бөлігі кеңістікте және жазықтықта әлем бейнесін жасаушы , көз жанары арқылы қабылданып өскен (жетілген). Олар живопись , скулптура , графика. Кей жағдайларда бейнелеу өнеріне сәулет және қолданбалы өнер жатады , қаншалықты олардың шығармалары кеңістіктік және көз жанарымен қабылданатындығына байланысты.

ИЗОКЕФАЛИЯ ( грек тілінде isos – тең, біркелкі және kephflt – бас) , исокефалия – ертеде кең тараған көп фигуралы композицияның әдісі , бұл жағдайларда фигуралардың бастарын бір деңгейде орналастырылады. ( көлденең бір қатарда) И. термині антика өнеріне қатысты жиі қолданылады .

ИКЕБАНА ( жапон сөзінен алынған атау ; гүлдер өмірі ) дәстүрлі жапон өнері . Мезгілге, аталып өтетін оқиғаға , иесінің көңіл күиіне , байланысты гүлдерден , бұталардан , жемістерден құрастырылған композиция.

КӨРУ ИЛЛЮЗИЯСЫ (объектінің кеңістік қасиетін азды – көпті бұрмалап )

ИЛЛЮЗИОНИЗМ (лат. тілінде illusion – алдамшы) бейнелеу өнері шығармаларында заттарды оның бейнесі емес , нақты өзі деп қабылдайтындай етіп бейнелеу , және көзді алдау , иллюзиямен шекаралас шындыққа үқсас шынайылыққа үқсастық жасау .

ИЛЛЮМИНАЦИЯЛАУ ( гравюраларды немесе суреттерді қолмен бояу; сондай – ақ орта ғасырдағы қолжазба кітаптарға түрлі – түсті миниатюралар мен ою - өрнек салу процесін де осылай атаған)

ИЛЛЮСТРАЦИЯ (өнер түрлерінің бірі , негізінен көркем графикаға жатады , бұл өнердің мақсаты; суреттер арқылы басылымдағы тексті толықтырып , түсіндіріп немесе әшекейлеп тұру.

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

15 Беттің 9-ші



ИМПРЕССИОНИЗМ (XIX ғасырдың 2- жартысы мен XX ғасырдың басында өнерде пайда болған үшінші соңғы ағым; бұл ағым өкілдері айнала қоршаған әлемді және күнделікті өмірді оның құбылысымен өзгерістерін ,алдынала ойластырусыз және бар шындығымен ,сол мезетте өмірден алған өткінші әсері мен бір сәттік көңіл күйін өз туындыларында білдірді.Интерьер - өндірістік , қоғамдық , тұрмысқа арналған ғимараттардың ішкі кеңістігі .

ИНТАРСИЯ - ( ағаш заттарға жасалған инкрустация түрі ; мүнда ағаш бетіндегі ойықтарға түсі мен текстурасы өзгеше ағаштардың қиықтарын жабыстырады.

КАЛЛИГРАФИЯ - көркем жазу өнері.

КАЛОКАГАТИЯ (антик эстетикасының басты ұғымдарының бірі; адам сұлулығының шарты болып табылатын сыртқы және ішкі үйлесімді білдіреді)

КАЛЬКАЛАУ сурет немесе өрнектерді көшіруге арналған жылтыр қағаз неселдір матаны бетіне қойып қарындашпен немесе тушпен сызу арқылы көшіру. К. негізінен композициялық долбар , эскиз немесе монументалды кескіндеме , гравюраларды т. б . жасағанда қолданылады.

ГИПС ТАС (құрамында 85 – 90% гипс минералы бар тас)

КАПИТЕЛЬ КОЛОННАНЫҢ ҮСТІНГІ БӨЛІГІ - К. мынадай түрлерге бөлінеді: дорлық, иониялық, каринфтік, тоскандық және композиттік.

ҚАРЫНДАШ – суретке және жазуға арналған стержень, таяқша тәріздес құрал.

ЛИТОГРАФИЯЛЫҚ ҚАРЫНДАШ - (литографиялық тасқа, мырш және аллюмин пластикаларына сурет салуға арналған қарындаш; дайын литографиялық тушьтан қүйылады).

«РЕТУШЬ» ҚАРЫНДАШЫ - (итальян қарындашына ұқсас қарындаш).

ИТАЛЬЯН ҚАРЫНДАШЫ - (күйдірілген сүйектен жасалып, өсімдік майымен ұстатылған қарындаш).

КАРИАТИДАЛАР - («қыздар» деген ұғымды білдіреді; ғимарат сыртында немесе ішінде арқалықты басымен көтеріп тұрған әйел бейнесіндегі тіреулер).

КОЛЛАЖ - «жабыстыру» деген ұғымды білдіреді ; өнерде – техникалық тәсіл , бейнелеу өнері туындысына түсі мен фактурасы жағынан одан өзгеше материалдарды (газет , жарнама , түрлі түсті қағаз ) немесе көлемді материалдар ( сым темірлер , ағаш , жіп, ) осындай тәсілмен жасалған шығармалар да «коллаж» аталады.
КОЛЛЕКЦИЯ - «жинақ , жинақтау» , заттар немесе өнер туындыларының жинағы. (кітәп , қолжазба , картина , гравюра , керамика , шыны , метал ,марка , манеталар және т. б. ) жалпы тақырыпқа байланысты немесе бір тектес бұйымдар

КОЛОННА - ұстын (архитектураның композициясының элементі , тік түсетін ауырлықты тірейтін діңгек ) Діңгек кезкелген материалдардан жасалады темір


ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

  1. Беттің 10-ші

бетоннан және каркасты құрлыстарда метал тордан . Дөңгелек тәрізді діңгектердің жоғарғы бөлігі капитель ал төменгі жағы көп жағдайларда база орналастырылады.



КОЛОРИТ - бояу, түс (түстердің өңдік жүйесі , өнер туындысында олардың үйлесімділігі мен байлйнысы , эстетикалых түтастық құруы)

КОМПОЗИЦИЯ - (көркем шығарманы құру , өнер түрінің өзіндік келісілген ерекшелігіне , суретшінің ойы және өнер туындысының орны, мазмұнына байланысты.

ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат. Материалды дүниенің сыртқы құрамды бөлігі. Адам әрекетінің танып білетін заты. Мысалы, картинадағы талдар немесе адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с.

ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) – сәйкестілік. Белгілі бөліктердің бір-бірімен ара қатынасы, сай келісушілігі. Үлкен көлемді заттың суретін салу процесінде оның жеке бөліктерін үлкен көлемге сәйкестендіре белгілеп алу тәсілі.

ТЕХНИКА – бір істі орындағанда қолданылатын тәсіл. Кәсіби суретшілердің өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік бейнелеу тәсілі. Сурет техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.)

ФАКТУРА – сурет өнерінде суреттің реңінің сипаты. Қойылым суретін салу барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі.

ФОРМА – 1) сыртқы пішін, оның ішінде пропорция, конструкциялық құрылым, көлем деген мағынаны білдіреді; 2) бейнелеу өнерінде «форма» ұғымы жиі қолданылады. Әр нәрсенің өзіне ғана тән формасы болады, сол сан-алуан формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы мән мағынасын анықтау.

ШАБЫТ, РУХ (ВДОХНОВЕНИЕ) – шығармашылық күштің пайда болуы, көңіл-күй шабыты, әсерленгіш шабыт. Сурет салушы көңіл-күйінің шабытын өзі жасап рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына берілуі керек.

ЭКСПОНАТ – экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын зат); мұражай экспонаттары (құнды бұйымдар, картиналар т.с.с.).

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

15 Беттің 11-ші

ЭМОЦИЯ – эмоция, сезіну, сезім (шағын ситуациялы көңіл-күйлер); қуаныш сезімі; ашу сезімі.

ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау үшін алдын-ала дайындалатын үлгі сурет. Мысалы, картинаның түпкі мағынасымен ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары.

ЭФФЕКТ – күшті әсер; картинадан алған күшті әсер; яркий – жарық,

жарқыраған (түстер жайлы) ашық түсті; (әйгілі) нағыз, көрнекті; яркий талант – нағыз дарын




2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 Тақырып: Көркем безендіру негіздері туралы түсінік

Сабақ мақсаты: Көркем безендіру негіздері пәнінің курсының тапсырмалары мен әдістері. (Көркем безендіру жұмысында бұрыннан қалыптасқан және жаңа материалдармен жаттығулар)

Негізгі сұрақтар, тапсырма:




  1. Көркем безендіру негіздері пәнінің жалпы тапсырмалары олардың әдіс тәсілдері таныстыру;

  2. Көркем безендіру жұмысында бұрыннан қалыптасқан және жаңа матиралдармен туралы түсініктері болу.

Әдістемелік ұсыныстар:

Әр бір оқытушы алдында үш сүрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту. Бұл сұраққа жалпы осы пәннің бағдарламасы жауап береді. Бұл курстың алдына қоятын мақсаты студентерді көркем безендіру әдістерімен таныстырып үйрету. Студентер дәстүрлі безендіру құралдарын меңгеруге үйрету. Қазіргі таңда техниканың дамыған уақытында көркем безендіру жұмыстары әр түрлі жаңа заман матиралдары мен техникаларының көмегімен орындалады. Бұл жаңа заман материалдары мен техникалық құралдары студенттердің болашақ суретші безендіруші ретінде жұмысын жеңілдеткенімен ойлау машықтылығымен қолмен орындау шеберліктерінің дамуына кедергі болады. Сондықтан осы пәнді оқытуда дәстүрлі аспаптармен материалдармен қатар жаңа заман материалдарымен жұмыс жасау қарастырылған. Дәстүрлі материалдар қағаз, қарандаш, миллиметровка, қаламүш, қыл қаламдармен жұмыс жасай білу талаптары қойылады.

Студенттер планшетке қағазды тарта және желімдей білу, миллиметровкаға және планшеттегі қағазға эскиз жасай білу. Қаріптерді меңгеру, Қаламүш және қылқаламен плакатта жаза білу. Трафареттер оя білулері қажет. Көркем безендіру негіздері пәнінде студенттер жаңа заман

материалдары оракал, жыйнақтау қағазы, плотор апараттарында, ПВХ пластиктарымен жұмыс жасай білу.

Осы матиралдармен жұмыс жасай білген жағдайда студенттер бұл курстың материалдарын меңгерген болып табылады. Бірінші сабақта студенттерді дәстүрлі және жаңа заман матиралдарымен таныстырып олармен жұмыс жасау тәсілдері туралы қысқаша мағұлмат береді. Келесі сабақтарда студенттер материалдармен практикалық тұрғыда жұмыс жасай отырып жақын танысып әдіс тәсілдерін меңгереді.




  1. Быков В.В. Материалы и техника художественно – оформителских работ. – М,:Плакат, 1986

  2. Рунге В.Ф., Сеньковский В.В. Основы теории и методологии дизайна. –М., 2001.

  3. Черейская М. Г. Художественные изделия из новых материалов. М., 1975.

  4. Соловьев С.А. Декоративное офармление. –М., 1987.


2 Тақырып: Қарапайым қаріптер түрлерімен танысу оларды модульдік торда орындау.


Сабақтың мақсаты
: Қарапайым қаріптер түрлерін көмекші торда орндау арқылы қаріптердің прапорциясн меңгеруге жатауды жеңілдету көзделеді.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  1. Қарапайым қаріптерді модульдік торда орналастыру білу;

  2. Қарапайым қаріптердің жазылу прапорцииясын меңгеру;

Тапсырма А3 фарматта қарапайым қаріпті модульдік торда орындау
Әдістемелік ұсыныстар:

Қаріп деп әріптердің, сандардың және жазуда қолданатын әртүрлі белгілердің жыйынтығын айтады.

Сабақ барысында оқытушы тақтаға көмекші тор көз сыза отырып оның ішіне қаріптерді алфавиттегі реті бойынша орналастырып сызады. Студентер оқытушымен қатарласа отырып А3 фарматта қарандашпен орындайды.

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

  1. Беттің 12-ші

А3 фармата жоғарғы жағынан 3см, сол жағынан 4см жылжып фарматқа әр әріпке жеке көмекші тор көз сызамыз. Көмекші тор көз өлшемі тігінен 25мм көлденеңнен 15мм болып орындалады. Бір тор көз өлшемі 5мм тең.

Алғашында жазылуы оңай әріптерден бастаймыз. Оқытушы тақтада көмекші тор көз ішіне әріпті жазылу тәртібі бойынша орындайды. Студентер оны қайталай отырып фарматқа орындайды.

Бірінші П- әріпі орындалады П-әріпі орындау тәртібі бірінші тігінен екі қабырғасы сызылады одан кейін көлденең жоарғы жағы сызылады әріптер қарандашпен орындалады қарандаш түзетуге қолайлы материал. Сонда П-әріпі тігінен 5 тор көз, көлденеңнен 3 тор көзге тең болады. Басқада әріптердің биіктігі 5тор көзге тең болып әріптердің биіктігі бірдей тең болады.

Екінші Б-әріпі жазылады Б-әріпінің ені үш тор көз бірінші тік сол жақ қабырғасы сызылады осыдан кейін ортанғы және төменгі тор көздің ішіне көлденең бір тор көздің өлшеміндей көлденең сызық сызылады осылар доға
арқылы қосылады. Келесі жоғарғы көлденең сызығы сызылады, оның ұзындығы 3мм –ге кем болады.

Үшінші Е-әріпі жазылады әріптің бйіктігі бес тор көзге тең бірінші тік сол жақ қабырғасын жүргіземіз осыдан кейін жоғарғы, төменгі көлденең қабырғаларын сызамыз келесі жасайтын әрекетіміз ортанғы сызығы ол жоғарғы және төменгі қабырғаларына қарағанда қысқарақ болады.

Төртінші И-әріпі бұл әріптің бірінші тік екі қабырғасын сызамыз содан кейін оң жақ қабырғаның басымен сол жақ қабырғаның төменгі жағын диоганал сызықпен қосамыз.

Бесінші З-әріпін орындау кұрделілеу студентер оқытушының тақтадғы қыймылын айнытпй қайталауды қажет етеді. Бірінші сол жақ қабырғаларын тұрғызамыз ол мынадай ретпен орындалады. Көмекші тор көзді тігінен оң жақ қабырғасын 1,2,3,4,5 деп белгілейік, көлденең оңнан солға қарай 1,2,3 деп бегіленеді бұл белгілеулер түсіндіруге көмегін тигізеді сонда 1саны оң жақ жоғарғы бұрышта біреу болады сол арқылы тарайды. Келесі әрекетіміз тігінен екінші тор көздің ішіне дәл сол өлшемде ішін толтырамыз төртінші тор ішінеде бір тор көз өлшеміндей орындаймыз, осыдан кейін жоғарғы көлденең екінші торкөзді толтырамыз ,төменгі жақтада оң жақтан санағанда екінші тор көз ішін толтырамыз. Келесі ортанғы көлденең сызығын жүргіземіз. Жоғарыда сызылған тор көз ішіндегі сызықтарды доға арқылы қосамыз.



ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

  1. Беттің 13-ші



ПОЭК 042 33.1.112/03-2013

№1 Редакция 03.09.2014

15 Беттің 14-ші

Келесі әріптерді осындай тор көздің ішіне орналастырамыз әрәптер көрсетілген стандартқа сай орындалуы қажет. Оқытушы тақтада 14 әріптің жазылуын көрсетеді қалған әріптер көрсетілген әріптерге ұқсас келгендіктен студентер өз беттерімен оулықтарғ сүйене отырып орындайды. Бұл

практикалық жұмысты бағалауда студентердің қаріптерді стандартқ сай орындауы , қағаз бетіне дұрыс орналастыруы ұқыпты орындауы бағаланады.


Бақылау сұрақтары:

Қарапайым қаріптер модульдік торда қалай орындалады?

Қаріптерді жазуды үйретуде модульдік торды не мақсатпен қолданамыз


  1. Классикалық антиква қаріптерінің жазылу жолдарын көрсет. (Қаламұшпен жазылу жолдарын практикалық түрде көрсету)

  2. Классикалық антиква қаріптерін қандай жағдайда қолдана аламыз?

Қарапайым қаріптер түрлерімен танысу оларды модульдік торда орындау.


1.Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. –М., 1981

2 .Смирнов С.И. Шрифт в наглядной агитации. –М,: Плакат, 1990

3.Капр А. Эстетика искусства шрифта. –М,: Книга, 1979.

3 Тақырып: Классикалық антиква қаріптерінің жазылу тәртібі.

Мақсаты: Көркем безендіру негізі курсында қаріптердің барлық түрлерін өту мүмкіндігі болмағандықтан үш түрлі қріпті меңгеріп шығуды мақсат етіп сол қаріптің бірі классикалық антиква қарама қайшы жуан және жіңішке сызық түрлерімен орындалатын қаріп түрі бұл қаріпті таңдау мақсатымыз плакт, газеттерде кеңінен қолданылады сондықтан осы қаріпке тоқтадық

Негізгі сұрақтар, тапсырма:



  1. Класикаллық антиква қаріптерінің жазылу талаптарын меңгеру;

  2. Класикаллық антиква қаріптерін қаламұшпен жаза білу;

Тапсырма А3 фарматта класикаллық антиква қаріптерін қаламұшпен орындау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Қаріп деп әріптердің, сандардың және жазуда қолданатын әртүрлі белгілердің жыйынтығын айтады.

Сабақ барысында оқытушы қағаз бетіне екі түрлі қаламұшпен жазып көрсетіп , студентер қатар отырып бірге өз қағаздарына оқытушы әрекеттерін қайталай отырып орындайды.

Классикалық антиква қарама қайшы жуан және жіңішке сызық түрлерімен орындалған қаріпті жазып үйрену студентен шеберлікпен




ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

15 Беттің 15-ші

төзімділікті қажет етеді. Бұл қаріпті жазып үйренуді плакат қаламүшымен бірден бастаймыз студентер оқытушымен бірге А3 фармата орындайды.

Студентер екі өлшемді қаламүш дайындайды 7және 2 өлшемді және қара тушь. Фарматқа қаламұш өлшеміне сай жол сызылады. Жол ішіне қаламұшпен әріптерді жазамыз қарапайым қаріптегі ретпен.

Бірінші П- әріпі орындалады П-әріпі орындау тәртібі бірінші тігінен екі қабырғасы сызылады одан кейін көлденең жоарғы жағы сызылады . Әріптердің көлденең қабырғасы тік екі қабырғасынан 3 немесе 4 есе жіңішке болады. Екі еседе жіңішке алуға болады. Бұл әріптердің жан жағына шығып тұратын мұртшалары бар. Мұртшалар өлшемі көлденең жіңішке қабырғаларға тең, мұртшалар тік қабырғалардан 2, 3мм шығып тұрады.

Екінші Б-әріпі жазылады Б-әріпінің бірінші сол жақ тік қабырғасы жүргізіледі жуан қаламұшпен келесі әрекет төменгі доғасы жүргізіледі әріптің көлденең қабырғасы жіңішке қаламұшпен бастырылады төменгі қабырғасыда жіңішке қаламұшпен жүргізіледі астыңғы мұртшасыда бірден сызылады. Осыдан кейін барып жоғарғы қабырғасы жіңішке қаламұшпен орындалады.

Үшінші Е-әріпі жазылады әріптің сол жақ тік қабырғасы жуан қаламұшпен ал көлденең қабырғалары жіңішке қаламұшпен жүргізіледі.

Төртінші И-әріпі бұл әріптің бірінші тік екі қабырғасын жуан қаламұшпен сызамыз содан кейін оң жақ қабырғаның басымен сол жақ қабырғаның төменгі жағын жіңішке қаламұшпен диоганал сызықпен қосамыз.

Келесі әріп З-әріпі жазылу тәртібі бірінші жіңішке қаламұшпен жазылады содан кейін оң жақ тік қабырғасы жуан қаламұшпен жүргізіледі. Басқа элементері жіңішке қаламұшпен орындалады.

Басқа әріптерді осындай екі қаламұштың көмегімен орындалады Оқытушы қағаз бетіне барлық әріптің жазылу тәртібін техникасын көрсетеді Бұл практикалық жұмысты бағалауда студентердің қаріптерді стандартқ сай орындауы, қағаз бетіне дұрыс орналастыруы ұқыпты орындауы бағаланады.





ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 16-ші

Бақылау сұрақтары:



  1. Классикалық антиква қаріптерінің жазылу жолдарын көрсет. (Қаламұшпен жазылу жолдарын практикалық түрде көрсету)

  2. Классикалық антиква қаріптерін қандай жағдайда қолдана аламыз?

1.Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. –М., 1981

2 .Смирнов С.И. Шрифт в наглядной агитации. –М,: Плакат, 1990

3.Капр А. Эстетика искусства шрифта. –М,: Книга, 1979

4 Серов С.И. Стиль в графическом дизайне. –М., 1996
4 Тақырып: Каллиграфиялық қаріпті жазып үйрену меңгеру.

Мақсаты: Көркем безендіру негізі курсында қаріптердің барлық түрлерін өту мүмкіндігі болмағандықтан үш түрлі қріпті меңгеріп шығуды мақсат етіп сол қаріптің бірі классикалық антиква қарама қайшы жуан және жіңішке сызық түрлерімен орындалатын қаріп түрі мен каллиграфияллық қаріп түрлерін мңгеруді мақсат етіп қойдық. Бұл қаріпте көркем безендіруде кеңінен қолданылады.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:



  1. Каллиграфиялық қаріптерідің жазылу талаптарын меңгеру;

  2. Каллиграфиялық қаріптерді қаламұшпен жаза білу;

Тапсырма А3 фарматта Каллиграфиялық қаріптерді қаламұшпен орындау.


Әдістемелік ұсыныстар:

Қаріп деп әріптердің, сандардың және жазуда қолданатын әртүрлі белгілердің жыйынтығын айтады.

Сабақ барысында оқытушы студентерге каллиграфиялық қаріптің жазылу техникасын қаламұшпен және қылқаламмен көрсетеді. Студентер қатарласа қайталап орындайды.

Каллиграфиялық қаріпті қылқаламен және қаламұшпен жазылуын көрсету арқылы студентерге осы қаріпті меңгеру қолайлы болады деп санаймын. Мұнда бірінші А-әріптен бастаймыз қылқаламмен бірден жазу студентерден шеберлікті талап етеді. Бірден қылқаламмен жазбай қарандашпен әріптің нобайын келтіріп аламыз. Каллиграфияның негізінде мектептегі бастауыш сыныптағы көркем жазу жатыр.Қарандашпен келтірілген әріп нобайының үстінен гуашьпен бастырылады, гушь кәсіби көркем безендіруге арналған

болуы керек. Каллиграфиялық әріптерді жазуда суретшінің фантазиясы мен шеберлігі үлкен рол атқарады. Бұл әріптерді жазп үйрену үшін студентер көп жазып жатығулары қажет . Каллиграфиялық әріптерді жазуда әріптердің бір жағы жуан, ал бір жағы жіңішке болып келеді. Бұл әріпті қаламұшпен, фламастермен және қаламмен жазуға болады. Қаламұшпен бірден жуан

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 17-ші

жіңішке қылып жұргізе аламыз. Студентер сабақ үстінде барлық алфавитті жазып алулары қажет. Сабақтан тыс уақытта жазып жаттығулары керек.

Көркем безендіру негіздері курсында қаріп түрлерін жатап меңгергеннен кейін осы тақырыптарды бекіту және әріптерден сөйлем құрай білуге, сонымен қатар қаламұш, қылқалам жұмыс жасау машықтылығын дамыту мақсатында. Плакаттар, хабарландыру, қабырға газеттерін орындау тәсілдерімен стилдерін меңгеру.

Қаріп деп әріптердің, сандардың және жазуда қолданатын әртүрлі белгілердің жыйынтығын айтады.

Сабақ барысында студентерге жекеленген хабарландыру текстері таратылып беріледі сол текістерді плакт қаламұшымен және қылқаламды қолдана отырып жазып жаттығу.

Студентерге бұл тақырп аясында жұмыс барысында бірнеше тапсырмалар беріледі. Бірінші тапсырма хабарландыру жазу, арнайы дайындалған хабарландыру тексі беріледі олардың мақсаты осы тексті А1 фарматта дұрыс орналастырып кампазициялық шешімін дұрыс табу. Керекті элементерді декорларды орынды пайдалана білулері қаріп таңдауда шешімді студент өз бетімен қабылдайды. Бұл тапсырманы орындауда мынаған мән берулері қажет:

Бірінші қаріп таңдауда хабарландыру мазмұнына көңіл бөлулері қажет.

Екінші фармат бетіне компазициялық тұрғыдан дұрыс орналастыру.

Үшінші түстердің үйлесімін дұрыс табу.

Осы талаптарды ескере отырып өткен қаріптерді қлдана отырып жаттығулар орындайды.

Көркем безендіру негіздері курсында қаріп түрлерін жатап меңгергеннен кейін осы тақырыптарды бекіту және әріптерден сөйлем құрай білуге, сонымен қатар қаламұш, қылқалам жұмыс жасау машықтылығын дамыту мақсатында. Плакаттар, хабарландыру, қабырға газеттерін орындау тәсілдерімен стилдерін меңгеру.

Сабақ барысында студентерге жекеленген хабарландыру текстері таратылып беріледі сол текістерді плакт қаламұшымен және қылқаламды қолдана отырып жазып жаттығу.

Студентерге бұл тақырп аясында жұмыс барысында бірнеше тапсырмалар беріледі. Бірінші тапсырма хабарландыру жазу, арнайы дайындалған хабарландыру тексі беріледі олардың мақсаты осы тексті А1 фарматта дұрыс орналастырып кампазициялық шешімін дұрыс табу. Керекті элементерді декорларды орынды пайдалана білулері қаріп таңдауда шешімді студент өз бетімен қабылдайды. Бұл тапсырманы орындауда мынаған мән берулері қажет:

Бірінші қаріп таңдауда хабарландыру мазмұнына көңіл бөлулері қажет.

Екінші фармат бетіне компазициялық тұрғыдан дұрыс орналастыру.

Үшінші түстердің үйлесімін дұрыс табу.

Хабарландыру қабырға газеттерін жасағанда осы талаптарды ескерген дұрыс. Плакаттар орындағанда ондағы суреттер, қаріптер тақырыпқа сай болуы тақырыпты ашуы тиіс. Студентер түспен жұмыс барысында мынаны есте ұстаулары тиіс көркем безендіруде, жалпы плакат орындауда түстер саны үш түстен аспауы тиіс.

Хабарландыру, плакаттар орындауда гуашь, тушь, және басқада материалдарды пайдаланулары болады.

Оқытушы сабақ барысында студентер жұмысын қадағалап теориялық және практикалық тұрғыдан бағыт бағдар беріп отырады.

Студенттер бір плакат және бір хабарландыру жазып тапсыру.
Бақылау сұрақтары:


  1. Каллиграфиялық қаріптер қаламұшпен қалай жазылады? (Қаламұшпен жазылу жолдарын практикалық түрде көрсету)

  2. Каллиграфиялық қаріптер қылқаламмен қалай жазылады? Қылқаламмен жазылу жолдарын практикалық түрде көрсету)

Ұсынылатын әдебиеттер:

.Смирнов С.И. Шрифт и шрифтовой плакат. –М., 1981

2 .Смирнов С.И. Шрифт в наглядной агитации. –М,: Плакат, 1990

3.Капр А. Эстетика искусства шрифта. –М,: Книга, 1979

4 Серов С.И. Стиль в графическом дизайне. –М., 1996



ПОЭК 042 33.1.112/03-2013

№1 Редакция 03.09.2013

22 Беттің 18-ші


5 Тақырып: Графикалық жобаның негізі. Франтальдық бұрыштық жобалау тәсілдері.

Мақсаты: Студентерге интерьерді жобалау интерердің ішін көркем безендіру эскиздерін жасап үйрену.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  1. Франтальдық бұрыштық жобаланы қағаз бетіне тұрғыза білу;

  2. Интерьердің эскйздерін орындай білу;

Тапсырма А2 фарматта қағаз тартылған планшетке интерьердің фронталды сызбасын орындау.

Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл тақырыпта жобалау тәсілдерін қарастырады жобалаудың франтальды жобалау тәсілімен миллиметровкаға одан кейін планшетке интерерь жобасының эскизін орындайды.

Студенттерге миллиметровкада франтальды жобалау тәсілін қарастырамыз. Белгілі бір пәтердің жоспары ұсынылады осы жоспар бойынша қалаған

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 19-ші

бөлменің жобасы орындалады. Франтальды жобалау әдісі, таңдап алынған бөлменің планы бойынша жобалаушының қарау нүктесін анықтаймыз. Келесі интерьердің ені, ұзындығы, биіктігі анықталып А2 фармат өлшеміне сәйкес масштабы картинаны сызамыз, картинаның диоганал сызықтары сызылады.Диоганал сызықтарының қыйлысқан нүктесі арқылы картинаны екіге бөлетін ортанғы сызық жүргізіледі осы ортанғы сызық жүргізілген нүкте қарау нүктесі О деп белгілейміз.О нүктесінен картина бұрышына дейінгі диоганал сызықты өлшеп алып ортанғы сызық бойына саламыз, екі жаққа да осы әрекетті орындаймыз. Оларды F1 және F2 деп белгілейміз. Келесі интерердің ұзындығ немесе тереңдігін анықтаймыз, картина астынғы сызығы интерер енінің өлшеміне сәйкес тең 5ке бөлеміз биіктігі 3ке бөлеміз.

Сонд интерердің ені 5м- ге биіктігі 3м- ге теңді білдіреді. Ал интерер ұзындығы 7м- ге тең болады, осы ұзындығын перспективада картинаға түсіру үшін картинадағы интерер ені беске бөлінген оңнан солға қарай рим сандық көрсеткішімен белгіленеді. Клесі осы бөлінген бес бөліктің әр қайсын ортасынан тең бөліп шығамызда оңнан солға қарай араб санымен белгілейміз. Рим сандарымен белгіленген нүктелерге F1 және F2 нүктелерінен проекцлаушы түзулер жүргіземіз жетінші нүктеге дейін жетінші нүктемен қыйлысқан проекциялаушы түзу диоганл сызығын қыйып өткен жерден картина тереңдігін немесе интерер үзындығын саламыз. О, F1 және F2 нүктелерінен проекцылаушы түзулер жүргізу арқылы интерерге қажетті есік, терезе және басқада элементерді тұрғызамыз.

Оқытушы тақтада сызып жұмыс жасағанда студенттер қтарласып миллиметровкада орындайды. Миллиметровакдағы жобаны №9 сабағында отмывкамен жатығу кезінде планшетке көшіріп акварель бояуымен отмывка әдісімен аяқтайды.

Бақылау сұрақтары:



  1. Интерерьді жобалаудың әдістерін ата.

  2. Интерерьдегі көкжиек сызығы қалай алынады?

  3. Интерерьді жобалауда F1 және F2 нүктелерін қалай табамыз?

  4. Интерерьдің тереңдігін қалай табамыз?

  5. Интерердің жобалауда есік, терезе, жыйһаздарды орналастыру тәсілдерін көрсет?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. М. Тосунова «Архитектурное проектирование» , Москва «Высшая школа», 1978г.

  2. Б. Нешумова, Е Щедрина «Художественное проектирование», Москва «Просвещение»

  3. В. Шимко «Архитектурно-дизайнерское проектирование», Москва «Архитектура-С», 2004


6 Тақырып: Отмывканы қолдану арқылы сызықтық кеңістіктік графикалық жаттығулар орындау.

Мақсаты: Отмывканы қолдану арқылы сызықтық кеңістіктік графикалық жаттығулар орындауға үйрету интерьерді және басқада элементерді отмывка әдісімен көрсете білуді меңгеру.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

1.Франтальдық бұрыштық жобаны отмывка арқылы орындай білу;

2. Интерьердің эскйздерін отмывка әдісімен орындай білу;

Тапсырма А2 фарматта қағаз тартылған планшетке интерьердің фронталды сызбасын орындау.


ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

  1. Беттің 20-ші

Әдістемелік ұсыныстар:

Бұл тақырыпта әртүрлі сызықтық кеңістіктік графикалық жаттығулар орындау. Өткен сабақта орындалған интерьердің франтальды жобасының эскизін отмывка әдісімен орындау.

Планшетке көшірілген интерьер жобасын акварелмен отмывка арқылы орындау. Отмывканы екі әдіспен орындауға болады бірінші калканы қолданбай екінші калканы жапсыру арқылы. Екі әдістеде акварельмен орындалады калкасыз отмывка интерьер жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен орындалады. Осы әдіспен кез келген элементің көлемін шығарып көрсетуге болады. Кейбір жағдайда акварель қарандашымен немесе түрлі-түсті карандашпен өңдеуге болады.

Екінші әдіс калка жапсыру арқылы орындау онда қағаз тартылған планшет бетіне жобаны көшіріп алғанан кейін ризина желімімен калканы планшет бетіне жапсырамыз. Калканы жапсырып алғанан кейін бояитын жерді пышақпен калканы кесіп планшет бетінен аламызда желімді өшіргішпен


тазалаймыз. Тазаланған жерді акварелмен отмывка әдісімен орындаймыз. Барлық жерлер осындай әдіспен орындалады.

Сонымен қатар студенттер тапсырмаға сәйкес әртүрлі геометриялық формалармен денелерден тұратын компазициялар орындау оны интериер ішін безендіруде қодану тапсырмалары беріліп жолдары үйретіледі.

Студенттерге болашақ көркем безендіру жұмыстарында қажетті әртүрлі елементерден , геометриялық формалардан тұратын копозициялар құрастыруға үйрету және түстік үйлесімін табу.

Бұл тақырыпта әртүрлі геометриялық формаларды пайдалана отырып копазициялар құрастырып, түстік шешімін тауып орындау.

Көркем безендіру жұмыстарында суретші безендірушінің композициялық шешімінен түстерді көре білуінен және оның қандайда бір элементерінен безендіруде маңызды рол атқарады. Болашақ суретші безендірушінің өзіндік қол таңбасы қалыптасады. Студент қандайда бір шешім қабылдарда ол өзіне қойылған талапқа және тақырып аяасында жұмыс жасауы қжет.Барлық жаттығулар графикалық матиралдармен орындалады. Акварель, тушь, гуаш және тағы басқа матиралдар. Мұнда композициа заңдылықтарына сүйене отырып жұмыс жасау. Төменде көрсетілген.
Бақылау сұрақтары:

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

  1. Беттің 21-ші




  • Жобаны отмывка арқылы орындаудың қанша әдістері бар?

  • Отмывка қандай материалдармен орындалады?

  • Калканы жапсыруда қандай желім қолданылады?

  • Геометриялық формалар мен денелерден компазиция орындауда қойылатын негізгі талаптар қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:




  1. Искусство ансамбля. Художественный предмет– интерьер– архитектура

  2. Рунге В.Ф., Сеньковский В.В. Основы теории и методологии дизайна. –М., 2001.

  3. Холмянскиий Л.М., Щипенов А.С. Дизайн.-М., 1985

  4. Серов С.И. Стиль в графическом дизайне. –М., 1996.

  5. М. Тосунова «Архитектурное проектирование» , Москва «Высшая школа», 1978г.

  6. Б. Нешумова, Е Щедрина «Художественное проектирование», Москва «Просвещение»

  7. В. Шимко «Архитектурно-дизайнерское проектирование», Москва «Архитектура-С», 2004

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

  1. Беттің 21-ші

ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

  1. Беттің 22-ші



  1. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ:

Бақылау жұмыстарының тізімі:


  1. Модульдік тор ішінде қаріптерді жазу. Формат А3.

  2. Қарапайым қаріптер түрлерін қаламұшпен орындау жаттығуларын жасау. Формат А3. (Қара тушь, қаламұштар)

  3. Классикалық антиква қаріптерін қаламұшпен орындау. Формат А3. (қара тушь, қаламұштар)

  4. Мерекелерге арналған плакаттар дайындау Формат А1. Хабарландырулар жазу Формат А2. (Акварель, гуаш материалдарымен орындалады)

  5. Интерьердің фронталдық жобасын планшетте орындау. Формат А2. (Акварель, гуаш материалдарымен орындалады)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет