Поэма жанрының қалыптасуына қосқан үлесі. «Кемпірдің ертегісі» «ЖАҒымсыз эмоциялардан арылу»



бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#110921
түріПоэма
  1   2
Байланысты:
Бейімбет Майлин


Қаламгер Бейімбет Майлиннің балаларға арнап жазған шығармалары

Жоспар:


1.Бейімбет Майлиннің балаларға арнап жазған шығармалары.

2.Ертегі,поэма жанрының қалыптасуына қосқан үлесі. «КЕМПІРДІҢ ЕРТЕГІСІ»

«ЖАҒЫМСЫЗ ЭМОЦИЯЛАРДАН АРЫЛУ» әдісін пайдаланып,жаңа күнге жақсы лебіз білдіріп,жағымды атмосфера орнатайық

ХХ ғасырдың 30 - жылдарындағы лаулаған отқа зар заманның құйын - желі ұшырып түсіргенде, ақ мақтадай лап етіп жанып, отты шеңгелдің орамынан шыға алмай қала берген есіл ер. Бейімбет сан қырлы жазушы. Ол әдебиеттің барлық саласына араласып, барлық жанрда қалам тартқан адам. Әдебиеттің бір саласы – балалар әдебиеті. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім - тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым.

Көркем сөздің шебері Б. Майлин балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Жазушының «Байшұбар» (1923), «Тәй, тәй, қақ, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923), «Қағынғыр – ананың ашуы» (1926), «Қос жетім» (1933), «Кемпірдің ертегісі» (1927), «Өтірікке бәйге» (1922) деген өлеңдері мен әңгімелері балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Бейімбет ең алдымен балаларға 1916 жылғы ұлт бостандық қозғалысы жөнінде әңгіме айтуды өзіне міндет етіп қояды. Поэма балалардың ерлік істерге деген құлшынысын оятады, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын шыңдай түседі. Балалар үшін саяси тақырыпта жазылған шығармалардың тәрбиелік күші осында. Бейімбеттің «Тәй, тәй, қаз, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923) деген өлеңдерінде ана қамқорлығы мен бала тәрбиесі арасындағы типтік жайттар суреттеледі. Балалардың ой - қиялын шарықтатып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі – ауыз әдебиеті үлгілері болса, Б. Майлин де сол бай үлгі дәстүрін батыл жалғастырады.

Бейімбеттің балаларға арналған бір дастаны «Кемпірдің ертегісі» аталғанмен, ертегі емес. 1916 жылдың азаттық оқиғасынан бір көріністі алға тартады. Бірақ бұл оқиғаны тартымды жеткізу үшін Бейімбет бала Асылбекке әжесінің аузынан ертегі етіп айтқызады. Бала кейіпкер Асылбектің сөздері дастанға енгізер есік, кіріспе тәрізді. Содан әжесі Асылбекке әкесі, өзінің ұлы Қайранбайдың июнь жарлығына байланысты ел наразылығы қау еткен көтеріліс кезінде халықтың жауы, өзін он жыл қанаған болыстың басын алған батырлығын ертегі етіп шертеді. Шынында да Қайранбайлардың ерлігі ертегідей емес пе. Бейімбеттің поэзиядан басқа жанрларда тікелей балаларға, балдырғандарға арналған шығармалары көп емес. Бірақ, қаламгердің осы азғана асыл мұрасының өзінде кейінгі қазақ жазушыларынан үлкен үлгі, тартылған жол бар еді. Алыптар тобының атсалысуымен қаз тұрып, бой тіктеп алған қазақ кеңес әдебиеті содан кейін - ақ кең өріске шыққан болатын»

Бейімбет Майлиннің «Кемпірдің ертегісі» (1916ж. қанды оқиғасынан бір сурет) деген поэмасында балаларға үлкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты да көркем етіп баяндаған. Мұғалім бала жүріп бала психологиясын жақсы білген. Бейімбет балалардың қай нәрсеге болса да әуесқой болатынын ескеріп, жазу үстінде шебер пайдаланған. Ертегінің басталуынан-ақ айғаруға болады

Айтшы, әжетай! Айтшы, айтшы ертегі,

Ертегің ше іліктіріп ертеді.

Ерте күнде өзін айтқан «Ерікті»

Елдің, жұрттың кімдер сонда көркі еді? –

Әже, әже! Атам сонда бар ма еді?

Онда тағы нақ осындай шал ма еді?

әкесі Қайранбай қай майданында қаза тауып, әжесінің бауырында жетім қалған баланың қойған сұрақтары үлкен бір оқиғаның басталуына себепші болады.

Соған байланысты жас баланың тілегін орындау үшін 1946 ж. қанды оқиғасынан 1 сурет басталып кетуі.

Нұры кеткен кәрі кезден жас тамып,

Айтпайын деп ойласа да жасқанып,

Немерені жұбатам деп отырып,

Ескі күйік кетіп еді басталып, -деп тыңдаушысын еліктіре түседі.

 

Бұл оқиғада тарихта тұңғыш рет езілген тапқа бостандық, бақыт әперген халық қуанышының жаңа белгілері бар еді. Осының себептерінің білуге асығатын бала көңілі халық бостандығы үшін жан қиған әкесінің өлімін батырлық, ерлік өлім деп біліп, өзі де әкесіндей болуға шынығады. Әкесінің айтқан әрбір сөзі оның эстетикалық ерлік сезімін оятып, Отанға деген патриоттық рухын шыңдай түседі.



Поэмада болашақ адамның жан дүниесін қалыптастыратын үлкен оқиғаға байланыстыра айтылған өмір танытарлық күрделі ойлар бар.

«Мен өлермін өкінбеймін өлімге,

Мен өлкеннен кедей саны кемір ме?

Әке-шешем келіп еді қартайып,

Алған жарым жастай қалды-ау елімде,

Менің қаным түбінде бір жоқталар,

Жалпы кедей жауға оғын оқталар.

Дәуірлердің ақтығына жетіп тұр,

Қанішерлер, жайларын жоқ мақтанар!» ...

деп балаларға үлкен міндет артады.

Социолистік реализм әдісімен жазылған бұл поэманың жалпы идеясы өткенді еске салу арқылы жасөспірімдерге ұлағат етіп кеткен шығармасы екенін дәлелдеңіз

Тапсырма:



Мәліметтерді толықтыр:
  • Бейімбет Майлиннің шын есімі-.........
  • Ол- .......................газетінің бас редакторы болған.
  • Балаларға арналған шығармалары ...................
  • Бейімбет Майлин- ... «*» -тің бірі.
  • Бейімбеттің ..............атты повестері бар.
  • «Кемпірдің ертегісі»-..................қанды оқиғадан сипат көрсетеді
  • «Кемпірдің ертегісі» шығармасында ...........суреттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет