Портфолио «Байқау практикасы» Топ: 41 «БШ» Студент-практикант: Нуршаева А. М практика әдіскері: Садибекова С. С алматы 2021 ж


Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл



бет6/10
Дата27.03.2022
өлшемі0,71 Mb.
#136982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нуршаева Анеля. 10.12.2020

Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл деп те аталады. Желдің жылдамдығы 15-30 м/с жетеді. Тасқынның ұзақтығы – бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, ені оннан жүз километрге дейін барады. Олар да, айтарлықтай, жауынның түсуімен жүреді. Кейде кенеттен басталатын күшті желдер кездейсоқ пайда болып ұзақ тұрмайды. Олардың жылдамдығы 10 минут арасында 3 м/с-тан 30 м/с дейін күрт көтеріледі.
Кейбір дауылдар апаттың қуатты күштерінің бірі болып табылады және өзінің қирату әрекетінде жер сілкініске жол бермейді. Олар өзімен бірге орасан зор энергия әкеледі. Орташа қуатты дауылдың бір сағатта жұмсайтын энергия мөлшері 36 миллион тонналық ядролық жарылысқа тең! Дауылды жел өте берік құрылыстарды бүлдіріп, жеңіл құрылыстарды құлатады; егінді алқаптарды суырып, электр желілерінің сымдарын үзеді, бағаналарын жығады; көпірлерді, ағаштарды түбіменқопарып тастайды, кемелерді суға батырады, түрлі техногенді аварияларға себеп болады. Дауыл бөгендер мен бөгеттерді бұзып су тасқынға алып келген, поездарды рельстерінен лақтырып кеткен, фабрика құбырларын құлатқан, кемелерді құрлыққа шығарып тастаған оқиғалар болып жатты. Теңіздердегі тараған дауылды желдер биіктігі 10-12 метр немесе одан да биік толқындарды көтере алады.
Қыс кезінде боранды желдер орасан мөлшердегі қарды суырып жоғары жылдамдықпен бір жерден алып екінші жерге ауыстырылады. Қар басумен бірге өтетін қарлы борандар кейде нағыз мәнінде апатқа айналады: үйлерді, шаруашылық құрылыстарды қар басады, күртік қардың биіктігі 4 қабатты үйлердің шатырына дейін жетіп қалады, көліктің барлық түріндегі жүрісі тоқтатылады, байланыс жүйелері, электр, су, жылу беретін желілер жұмыстары бұзылады, адам адасуы, жоғалуы, өлімі де көп кездеседі.Қарлы борандардың жолы (ені) салыстырмалы түрде үлкен емес – ондаған километр. Жаз күндері дауылмен бірге келетін нөсерлер таулы жерлерде сел тасқындарға және шөккіндерге себеп болатыны түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет