Постструктурализм және психоанализ



Дата07.02.2022
өлшемі9,43 Kb.
#82955
Байланысты:
Постструктурализм және психоанализ


Постструктурализм және психоанализ
Постструктурализм - структурализмнің екінші толқыны, структурализмді сынаумен байланысты және оның алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. Постструктурализмнің өкілдері - Ж. Деррида, Делез, Бодрийар, Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко т.б. Постструктурализм басты міндеттерінің бірі - логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі тіл билігін және билік тілін айқындау. Деррида метафизиканы деконструкция арқылы, яғни мәтіндегі жүйеден тыс, маргиналдық әлементтердің маңыздылығын көрсету арқылы жеңуге болады деп санайды. Ғылыми айналымға, осыған дейін тек тұрмыстық тілде қолданылған, сөздер мен ұғымдар енгізіледі, бірақ оларға бұрынғы мән-мағынаны толықтыратын және шектейтін жаңа мазмұн беріледі. Мәтін интерпретациясы - бұл мәтінге тікелей қатысы жоқ нәрсені түсіну. Постструктурализм үшін адамды сипаттайтын негізгі категория тілек болып табылады. Ол адамның басқамен қарым-қатынасқа түсуге деген ынтасын айқындайтын әмбебап бітім. Ол индивидуальды және ұжымдық іс-қимылдық барлық бітімін, әлеуметтік және мәдени шындық бітімдерін анықтайды. Постструктурализм қоғам мен мәдениет - «билік - бағыну» қарым-қатынасының жаппай көрініс табатын орны ретінде көрініс табады. Билік өзін адамдық қарым-қатынастардың барлық деңгейінде - саяси доктринадан қарапайым қарым-қатынасқа дейінгі аралықта жүзеге асырады. Сондықтан постструктурализм биліктің іске асу тәсілдерін анықтап, оған көптілікті, бірегейлікті және ыңыраңқылықты қарама-қарсы қоюды өз міндеті деп таниды. Постструктуралистер Ж. Лакан, Ж. Деррида, М. Фуко, Ж.Ф. Лиотар, Р. Барт, Ю. Кристева, Ж. Делез, Ф.Гваттари және Р. Жирар үшін өздерінің көзқарастарын түсіндіру көбіне әдеби материалдарды пайдалануы -деконструктивизм құбылысын тудырды. Осылайша, әдебиеттану теориясында тар мағынада деконструктивизм әдебиет теориясы немесе көркем шығармаларды талдау деген түсінікті береді.Постструктурализм саналуан мәдени дәстүрлердің өзара белсенді шығармашылығының нәтижесі. Постструктурализм ретінде пайда болған ілімдер біртіндеп постмодерндік философия деп танылды.
Францияда бастау алған ілімдер әлемге, соның ішінде АҚШ-та кеңінен тарай бастады, себебі постструктурализм постмодерн қоғамның өзіндік ділін саралай алатын тұжырым ретінде қабылдана бастады.
Жан талдау - психология ғылымында бұл ұғым психоанализ деп те аталады. Психоанализ гректің псюхэ - жан, анализ - талдау деген екі сөзінен құрылған. Қазақша мағынасы жан талдау дегенді білдіреді. Жан талдау - адамның саналы түрде мән-мағынасын нақты сөздермен жеткізуге келмейтін ниет-тілегі мен қажеттілігі. Ондай тілектерді қанағаттандыруда адам өзінің іс-әрекетінде туа біткен екі түрлі инстинкттен тұқым қалдыру (жыныстық ләззат) және өмірді жалғастырудан (өлімнен қорқу) құралады деген ой түйеді. Жан талдау бағытының негізін салушы австриялық психиатр З.Фрейд (1856-1939). Фрейд адамның санасыз әрекеті (жыныстық еліктеу) XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап кеңінен тарады. Бұл бағыт бойынша мінез-құлықтың түпкі себебін санасыздық әрекетке - психиканы талдауға әкеп тіреді. Осы негізге сүйене отырып, адамның дамуын әлеуметтік жағдайлардан толық бөліп алып қарастырады да, санасыздықты, биологиялық негізді алға тартады. Фрейд негіздеген психоанализ теориясының мәні - адамның әлеуметтік өміріндегі рөлі мен тіршілік еткен ортаның негізгі факторларының бірі екендігін жоққа шығарады. Фрейдшілдер жыныстық қатынас пен өлім үрейін алға тартып, адамдардың қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттерін тұншықтырып тастайды. Сөйтіп, санасыз қылықтарға аса мән береді. Олар адамдардың жасампаздық істерінің бәрі де жыныстық қанағатка талпынудың көрінісі деп санайды. Фрейдшілдердің зерттеулерінде биологиялық факторлардың бірсыпыра әдіс-тәсілдерін адамның жан дүниесінің сырын түсіндіруде елеулі мәні болды. Ал сондай әдістердің теориялық құрылымы ғылыми тұрғыдан сындарлы сынға төтеп бере алмайды. Өйткені жан дүниесінің сан қырлы сипат-ерекшеліктері жан-жақты ғылыми зерттеулер арқылы ғана айқыңдала түсетін күрделі мәселе болып саналады

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет