Практикалық сабақтың жауабы



Дата07.02.2022
өлшемі17,97 Kb.
#83916
түріСабақ
Байланысты:
4лек (1)
f61567e3f49a240, тест-з

Практикалық сабақтың жауабы

1."Әдіснама" - зерттелетін объектіні ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған істі ұйымдастырудың қағидаттарын, құралдарын, әдіс-тәсілдерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы .


2. Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үдерісінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Дескриптивті әдіснаманың негізгі міндеті - танымның даму үдерісі мен формаларын, оның әдістері, категориялық және құрылымдық құрылысы тұрғысынан әрбір нақты кезеңге байланыстыра зерттеу болып табылады.
3. Әдіснаманың философиялық деңгейі – философиялық деңгейде ғылым танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған. Бұған, мазмұндық алғышарттармен бірге ғылыми ойдың дүниетану негіздері, дүниенің философиялық «бейнесі», ғылыми ойлаудың жалпы формалары, оның тарихи анықталған категориялық құрылысына жататын формальды алғышарттар да кіреді.
Әдіснаманың екінші деңгейі – зерттеулердің жалпы ғылыми ұстанымдарының, әдістері мен формаларының деңгейі ретінде белгіленеді. Бірақ, бұл деңгейде туатын проблемалар сипаты барлық немесе кез келген ғылым саласына тікелей қатысты деп түсінбеу керек. Олардың ерекшелігіне нақты нысаналық мазмұнға араласпау, сонымен бірге, ғылыми таным үдерісінің кейбір жалпы белгілерін, оның дамыған формаларында түсіндіру кіреді.
Әдіснаманың үшінші деңгейі – «нақты ғылыми әдіснама» яғни ғылымның қандайда бір саласында қолданылатын зерттеулердің, әдістер мен рәсімдік қағидаттардың жиыны. Мысалы, оқыту әдіснамасы – оқыту әдістемесі саласының мәселелерімен бірге, психология-педагогикалық ғылымдар тудыратын мәселелерді қарастыру жататыны анық. Аталған деңгейлердегі әдіснамалық құралдарды іске қосу – оларды механикалық түрде көшіру деп түсінілмейді. Әрбір нақты жағдайда бұл құралдар өздеріне сәйкес нысаналық бейнеленуі қажет.
Әдіснаманың төртінші деңгейіне – зерттеу техникасы және зерттеу әдісі жатады, яғни біртекті және нақты эмпирикалық материалдарды алғаннан кейін бастапқы өңдеуден кейін олар білім қорына қосылады. Зерттеушінің осы деңгейдегі әдістемелік білімі әрқашан ғылыми қызметтің мінез-құлқын реттейтін функцияға байланысты нормативтік болып табылады.
4. Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
5. Білім – кең мағынада қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы.
Білім – тар мағынада бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі.
6. Ғылым ретіндегі педагогиканың зерттеу нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтады. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену атамасымен белгіленіп, педагогикамен шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.
7. Менің ойымша, білім сөзінің мағынасы кең. Себебі, білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Ал оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. 
8. Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері. Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет