Практикалық тапсырма «Жергілікті жермен жүгіру техникасын меңгеру». «Ойлы қырлы жерлермен қалыпты жүгіру»


«Әр түрлі күш-жігерді пайдаланып 10-25 минутқадейін қалыпты қарқынмен жүгіруді орындау»



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі67,48 Kb.
#84738
1   2   3
Байланысты:
4 апта дене ПРАКТИКА 7-8 docx

2. «Әр түрлі күш-жігерді пайдаланып 10-25 минутқадейін қалыпты қарқынмен жүгіруді орындау».


Жүгірудегі шыдамдылық нағыз әділ тәсіл – физиолог ғалымдар ұсынған арнаулы нормативтер бойынша бағаланады. Осындай тәсілдің арқасында өзін алысқа жүгіру төзімділігіне үйреткісі немесе өз жетістігін тұрақтандырғысы келген әрбір оқушы дене дайындығын, яғни жүгірудегі жалпы төзімділік өлшемі бойынша даярлығын өзі баға лай алады. Бұл үшін К.Купердің 12 минуттық жүгіруі тестін (сынақтамасын) қолдануға болады. Стадионның жүгіру жолындағы сөре сызығында тұрып, өзіңе «марш!» деп команда беріп, секундсанағыш бойынша уақытты белгілеп қалу керек. Тоқтамастан 12 минут қажет, сонымен бірге стадионда неше айналым жасағаныңды ұмытпаған жөн. Стадионның толық шеңбері 400 м екенін ескеріп, 12 минут ішінде неше метр жүгіргеніңді тез есептеуге болады. Оқушы көрсетілген уақыт ішінде 3 және 3,5 шақырым қашықтықты игерсе, дене дайындығ «өте жақсы», ал 2,5 шақырымнан асырса – «жақсы» және 2 шақырымнан асса – «қанағаттанарлық», егер 2 шақырымға жетпесе, «қанағаттанғысы» деп бағаланады. Дене тәрбиесі бағдаламасы бойынша бозбалалар 20-25 минут жүгіруі, ал қыздар шақырым өлшеуді есептемей 20-25 минут жүгіруі тиіс. Алайда жақсы баға алу үшін басқа да міндеттерді орындауға болады: бозбалалар 3000 метрге, ал қыздар уақытты есептеу арқылы 2000 метрге жүгіруі қажет. Бұл оқушылар Купердің сынақтамасын орындайды деген сөз: бозбалалар мен қыздар көрсетілген ара қашықтықты орта есеппен 12- 13 минуттан асырмай жүгіріп өтуі тиіс. Сонда ғана оқушының жүгірудегі шыдамдылығы жөніндегі дайындық дәрежесі, демек, бұл үшін қандай баға алатыны айқындалады. Мектеп қабырғасында алыс қашықтыққа жүгіруден табысы болса, және ол өз жетістігін одан әрі жетілдіремін десе, мұғалім оның жүгірумен өз бетінше айналысуына емес жеңіл атлетика секциясына баруына ақыл-кеңес береді.

Практикалық тапсырма 8.Кросстық жүгіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет