Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Жинақтардағы белгілердің өзгергіштігінің көрсеткіштері



бет9/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

1.5 Жинақтардағы белгілердің өзгергіштігінің көрсеткіштері
Сабақтың мақсаты. Өзгергіштік көрсеткіштерін есептеу әдістерін меңгеру және оларды селекция тәжірибесінде қолдану.
Әдістемелік нұсқаулар. Жинақтың өзгергіштік көрсеткіші ретінде лимиттер маңызды орын алады, олар белгінің тек минимальды және максималды шегін көрсетеді.
Алайда, бұл көрсеткіштер жеткіліксіз, өйткені осындай көрсеткіштері бар жануарлар бұл табынға жатпауы мүмкін. Сонымен қатар, лимиттер кіші жинақта жеке организмдердің арасындағы айырмашылықты көрсете алмайды. Мысалы, тірі салмағы бойынша орташа көрсеткіштері бірдей Х1 = 526 кг, Х2 = 526 кг екі топтың лимиттері әр түрлі болуы мүмкін, бірінші топтың лимиттері 450-550 кг, екінші топта 420-600 кг. Тірі салмақ бойынша бірінші топтың – өзгеруі 100 кг, екінші топта 180 кг. Сонымен, бірдей орташа көрсеткіштері бар топтар бірыңғай емес.
Белгінің өзгергіштік дәрежесін анықтау селекцияда маңызды орын алады. Орташа квадраттық ауытқу белгінің ең жақсы қөрсеткіші болып саналады, ол әр варианттың арифметикалық орташадан ауытқуын көрсетеді.
Орташа квадраттық ауытқу. Орташа арифмстикалық шама вариациялық катардағы өзгергіштік көрсеткіші бола алмайды, себебі ол осы топтағы белгінің орта шамасын ғана көрсетеді. Белгінің өзгергіштігі жөнінде толық мағлұмат алу үшін ең жоғарғы және ең төмен қиыр шеткі варианттардың да көрсеткіші қолданылады, оларды лимиттер деп атайды (лат. "лимес", "лимите" - шекара). Бірақ, бұл шамалар вариант санына тәуелді болғандықтан, варианттар көбейген сайын олардың шекаралары кеңи береді. Сонымен қатар, шекаралық ауытқулар бойынша екі вариациялык қатардағы өзгергіштікті салыстыру киын, өйткені ауытқулар жиілігі өкілдер санына байланысты. Сондықтан, лимиттермен бірге әдетте орташа квадраттық ауытқуды анықтайды, ол гректің σ (сигма) әрпімен бейнеледі.
Кіші іріктеуде (n<30) орташа квадраттык ауытқуды есептеу.
Варианттардың саны аз болғанда орташа квадраттық ауытқу мына формула бойынша есептелінеді:

Бір аналық шошқадан туған 10 торайдың тірідей салмағының σ мәліметі бойынша орташа квадраттық ауытқуды есептеуге болады (3 кесте).
Бірінші графаға варианттарды жазады (торайлардың туғандағы тірідей салмақтары). Олардың қосындысын варианттар санына бөліп, торайдың салмағын (Х) табады

3-кесте. Орташа квадраттық ауытқуды тікелей әдіспен есептеу (варианттар саны аз болғанда)

Торайлардың туғандағы тірі салмақтары, кг

Ауытқулар
х - Х

Ауытқулар квадраттары
(х - Х)2

Торайлардың туғандағы тірі салмақтары, кг

Ауытқулар х - Х

Ауытқулар квадраттары
(х - Х)2

1,2

-0,15

0,0225

1,3

-0,05

0,0025

1,5

+0,15

0,0225

1,4

+0,05

0,0025

1,1

-0,25

0,0625

1,4

+0,05

0,0025

1,3

-0,25

0,0025

1,3

-0,05

0,0025

1,4

0,05

0,0025

1,6

+0,25

0,065


Әрбір вариантадан Х мөлшерін алып тастап алынған айырмашылықты (орташадан ауытқуды) екінші графаға жазады. Есептеулердің дұрыс екендігін тексеру үшін (х-Х) айырмашылықтарын қосады, олардың қосындысы нольге тең болуға тиісті. Содан кейін, әрбір ауытқуды квадраттап ауытқулардың квадраттарын үшінші графаға жазады. Ауытқулардың квадраттары әрқашан оң болады. Үшінші графа сандарын қосып ауытқулардың квадраттарын қосындысын табады. Оны үшінші графаның жалпы қосындысына жазады. Орташа квадраттық ауытқу формуламен есептелінеді. Біздің мысалда:



n–1 - ықтималдықтар теориясы бойынша бостандық дәрежесінің саны деп аталады, себебі вариант саны олардың біреуінен бастап саналады, сондықтан ол әрдайым өкілдер санынан (n) бірге кем болады, сондықтан v = n – 1. Алынған σ = 0,14 кг саны берілген белгінің варианттарының арифметикалық орташадан орташа ауытқулары 0,14 кг болатындығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет