Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Препарат аты:
Ұйқы безі 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – бөлікше аралық қан тамырлары
2 – панкреатидтік аралшық 
3 – ацинустар 
4 – өзек
5 – бөлікше аралық дәнекер тіні 


аралық өзектер бір қабатты куб тәрізді эпителиймен қапталған, қабырғасының құрылысы 
ішкі қатпарлар мен микробүрлердің болуымен ерекшеленеді. Бөлік аралық өзектер бөлік 
ішілік өзектерге ұласады,олар әрі қарай жалпы секрет бөлетін басты өзекке айналады. 
Жалпы секрет шығаратын өзек кілегейлі қабығында меншікті пластинкасының болуымен 
ерекше,құрамындағы айналмалы бағытта орналасқан жазық миоциттері он екі елі ішекке 
ұласқан жерінен сфинктерлерді қалыптастырады. 
Ұйқы безінің эндокринді бөлігі 3% көлемді алып, панкреатидті аралшықтар немесе 
Лангерганс аралшықтары түрінде ацинустардың араларында жатады.Аралшықтары пішіні 
бойынша дөңгелек, сопақша немесе жұлдыз тәрізді,диаметрлері 100-300 мкм. 
Аралшықтардың негізгі құрылымдық компоненті – инсулоциттер.Көлемі бойынша бұл 
жасушалар экзокринді жасушалардан кіші, цитоплазмасындағы секреторлы гранулалары 
морофлогиялық-функционалды қасиеттері бойынша әр түрлі жасушаларда әр қилы 
болғандықтан инсулоциттер бірнеше топқа жіктеледі.Олар: В – базофильді, А – 
ацидофильді,Д – дендритті және РР – панкреатидтік полипептид өндіретін жасушалар 
тобы. Базофильді инсулоциттер аралшықтың орталық аймағын алып жатады, барлық 
жасушалық элементтердің 75%-н құрайды.Цитоплазмасындағы базофильді түйіршіктері 
спиртте ериді,көлемі 275 мкм,ал қызметі бойынша инсулин гормонын өндіреді. 
Ацидофильді эндокриноциттер аралшықтың шеткері аймақтарының 25%-н құрайды. 
Құрамындағы 230 нм шамасындағы оксифильді түйіршіктері глюкагон гормонын 
секрециялайды. Дендритті эндокриноциттер пішіні бойынша алмұрт тәрізді, аралшықтың 
шеткері аймақтарының 10%-на қоныстанған. Цитоплазмасындағы көлемі 235 нм болатын 
түйіршіктері соматостатин гормонын өндіреді және ол А мен В жасушаларының 
секрециялық қызметін тежеп отырады.Пішіні бойынша полигональды РР-эндокриноциттері 
асқазан мен панкреатидтік сөлдің бөлінуін активтендіретін панкреатикалық полипептидті
бөліп шығарады. Бездің құрамында экзокрині және эндокринді жасушалардан бөлек 
ацинозды инсулоциттер таралған,қызметі бойынша аралас,қанға трипсин тәрізді фермент
секрециялайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет