Пререквизиттері



бет14/36
Дата11.05.2020
өлшемі140,61 Kb.
#67217
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
сссссссссссссс
0904000 ЭНС , 0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, 1-4 сынып stud.kz-64387, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі
2.Шабуылдағы бөлімше

Мотоатқыштар бөлімшесі взвод құрамында шабуылдайды. Жүріп келе жатып шабуылға дайындалу кезінде бөлімше взвод командирі белгілеген орынға орналасады. Орналасу алаңында бөлімшенін жеке құрамы үшін, әдетте, саңылау, ал ЖҰМ (БТР) үшін таса қазылады.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында шабуылдау кезінде бөлімше бастапқы жағдайға ие болады. Бұл кезде жеке құрам жергілікті жер сипатына байланысты орда (оқпанада), ал ЖҰМ (БТР) өрдің кең кеңісінде немесе оқпанада орналасып, бөлімше қимылын қорғауға дайын болады.

Бөлімше командирі тапсырманы алғаннан кейін оны нақтылап алып, әскери бұйрық береді. Әскери бұйрықта ол: бағдарлар, қарсылас қимылының сипаты, құралы, жағдайы, бөлімше шабуылы бағытындағы оның атыс кұралдарының орны, взвод, бөлімше, көршілердің міндеттері және жеке құрамның міндеттерін көрсетеді; оператор көздеушіге — қарудың әр түрінен ату арқылы жойылуға тиіс нысаналарды, жаяуланудан кейін бөлімшеге қолдау көрсету тәртібін; пулемет пен гранататқышқа – бөлімше тізбегіндегі орны, жойылуға тиіс нысаналарды және атыс жүргізу тәртібін; жүргізуші-механикке (жүргізушіге) - қозғалыс бағыты мен тәртібін, бөгеттер мен тосқауылдардан өту ретін нұсқап түсіндіреді. Қажет жағдайда қалған жеке құрамға бөлімше командирі тізбектегі орынды және бақылау және атыс жүргізу ретін; жаяулану орнын; бөгеттер мен тосқауылдардан ату тәртібін, хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін; шабуылға дайын болу уақытын көрсетеді.

Шабуыл кезінде бөлімше ЖҰМ-да, (БТР-да) қарсылас қорғанысына взвод легіне жылжиды. Шабуылға шығу шебіне жақындаған кезде взвод командирінің пәрменімен бөлімше өз бағытына шығады. Белгіленген жерге ЖҰМ-мен, (БТР) жақындаған бөлімше жаяу ретпен шабуылға шығу үшін бөлімше командирінің: «Машинаға!», «Бөлімше, мынадай затқа шабуылға, алға!» пәрменімен машинаны тез тастап, тізбекке жазылады да, танк артынан немесе өз бетінше тоқтаусыз шабуылдайды. Егер қарсылас қорғанысы артиллерия атысымен және авиация соққысымен өлшемді түрде басылса немесе оған ядролық соққы берілсе, онда бөлімше қарсыласының алдыңғы бөлігіне ЖҰМ-да (БТР-да) шабуыл жасайды. Бұл кезде взводтың ұрыс желісіне шабуылға шығу шебіне қарай жылжи отырып, бөлімше ЖҰМ (БТР) қарумен және атыс саңылауы арқылы алдыңғы шептегі қарсыластың қалған атыс құралдарын жояды. Қарсылас қорғанысының алғы шебі алдыңғы бөгеттерді бөлімше бекітілген тәртіп бойынша танк артынан немесе өз бетінше барынша жылдамдықпен өтпе арқылы кесіп өтеді.

Бөгеттерден өткеннен кейін бөлімше взводтың ұрыс желісінде өз орнына орналасады да, қарсылас қорғаныстың алғы шебіне дереу шығып, оны жояды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайындағы шабуыл кезінде бөлімше шабуыл алдында өз қаруынан атыс жүргізу арқылы қарсыластың байқалған атыс құралдарын және тірі күшін жояды. Егер шабуыл ЖҰМ-да, (БТР-да) жүргізілсе, бөлімшенің жеке кұрамының машиналарға отыруы атыс дайындығы кезінде жүргізіледі.

Танкіге жақындаған кезде мотоатқыш бөлімше командирі: «Шабуылға дайындал!» пәрменін, ал танк өткеннен кейін: «Бөлімше, шабуылға, алға» пәрменін береді. Осы пәрмен арқылы бөлімше ордан (оқпанадан) тез секіріп шығып, танк артынан шабуылға шығады, ал ол жоқ жерде өз бетімен ЖҰМ (БМП) атысы қолдауымен шабуылдайды. Шабуылға шығу кезінде жауынгерлер және ЖҰМ-да (БТР) қарсыластың тірі күші мен атыс құралдарына ұрыс барысында атыс жүргізеді.


Бөгеттерде жасалған өтпелерге жақындаған кезде бөлімше командирінің: «Бөлімше, менің соңымнан, бірден (екіден) лекке алға адымда!» пәрмені бойынша бөлімше ұрыс барысында бірден (екіден) лекке тұрып, танк артынан (өз бетінше) бөгеттердегі өтпелерден өтеді. Пулеметші алға жүгіріп, бірінші орда орналасқан қарсыласқа қарсы атыс жүргізеді. Бұл кезде тоқтап қалуға және қайырылуға болмайды, өйткені қарсылас өз атысымен едәуір шығынға ұшыратуы мүмкін. Бөгеттерден өткеннен кейін, бөлімше командирінің: «Бөлімше — белгілі бір затқа — ұрысқа!» пәрменімен тізбекке жазылады да, екпінде шабуыл объектісіне жақындайды. «Гранаттармен — атысқа!» пәрмені бойынша бөлімше қарсыласка гранаттар лақтырып және «Ура!»—деп айғайлап, танкімен бір уақытта қарсылас бекінісіне шығады да, оны бетпе-бет атыспен жояды, осылайша тоқтамай алға жылжиды.

Жаяу рет қимылындагы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті — тізбек болып табылады. ЖҰМ, (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400 м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін және лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6-8 м (8-12 адым), бұл бөлімше шабуылының маңдай шебін 50 м-ге дейін құрайды. Жаяу ретте взвод бөлімшелер арасында 50 м-ге дейінгі аралықтарда 300 м-ге дейінгі майданда шабуылға шығады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті — машиналар арасындағы аралық 100 м-ге дейін болатын ұрыс желісі атқыш-зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді
Қорғаныста мотоатқыш бөлімшесі майданшеп бойынша 100 м дейінгі бекініске, ал ЖҰМ (БТР) — атыс бекінісіне ие болады, ол алған тапсырма, міндетке байланысты бөлім бекінісінің орталығында, қапталда немесе 50 м артқы жақта орналасады. Мотоатқыштар взводының майданшеп бойынша 400 м-ге дейін және тереңдік бойынша 300 м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР)

Мотоатқыштар бөлімшесінін тізбекке жазылуы:

а—жаяуланудан кейін; б—лектен бір-бірлеп

атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады.

Бөлімше бекінісі арасындағы аралық, 50 м-ге дейін болуы мүмкін, ол көрші бөлімшіелердің қапталдай және айқастыра атысымен және тірек пунктерінің тереңдігінен атыс бойынша тасаланады. ЖҰМ (БТР) маңдайшеп пен тереңдікте 200 м дейінгі аралықта орналасады. Взводтың тірек пункттерінде және онын қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге карсы құралдар бекініске ие болуы мумкін. Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды, ол мотоатқыштар взводтарының тірек пунктеріне және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен құралады.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні — міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.

Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.

Мотоатқыштар бөлімшесі көршілес бөлімшелермен және оның ұрыс ретінде немесе ұрыс ретінен тыс, я болмаса, қапталдарда атыстық құралдармен қимыл жасаушы бөлімшелермен өзара қимылда жүзеге асырады.

Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды қолдаудың шешуші мәні — жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.

Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады.

Танк соңынан шабуылдай отырып, бөлімше ең әуелі қарсыластың танкіге қарсы кұралдарының есеп тобын жояды және жылжуға кедергі келтіретін нысаналарды танкіге көрсетеді, сонымен бірге танкіге бөгеттерден өтуге көмектеседі және бұзылған машина экипажына қол ұшын береді.

Танк үшін қиын жерлерде бөлімше танкілерден озып кетеді, оның оғының астында шабуылдайды. Бұл учаскелерден танк өткен соң бөлімше оның артынан шабуылдауды жалғастырады.

Қарсыластың тереңдігіндегі ұрыс кезінде бөлімше танкпен және көршілермен өзара қимылдай отырып, алға жылжуы үшін қарсылас атысының әлсіз тұстарын дер уақытында қолданып, оның қарсылығына алға жылжудың әр түрлі тәсілдері қолданылады. Қарсылас атысынан және жер үсті бақылауынан жасырын жерде бөліміне тізбек бойына жеделдетілген адыммен қозғалады, ал жасырын кіре берісте (жыра, ойпат т.б.) бірден немесе екіден лек жасап жылжиды. Қарсылас атқылап жатқан жер учаскелерін бір уақытта барлық бөлімше болып немесе бір-бірлеп (екі-екіден) жүгіре өтеді (жер бауырлай жылжиды).

Белімше өзінің күшті әрі жақсы ұйымдастырылған атысымен тоқтатқан қарсыласты бөлімше орағытып барып, қапталдан және тылдан шабуылдайды. Орағыта өту үшін жергілікті жер қыртыстары, қарсыластың ашық қапталдары мен аралықтар қолданылады. Қарсыласты айналып өту мүмкін болмаса, белімше взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, маңдайшептен шаубылдап, барлық құралдарынан атыс жүргізе жояды.

Ұлы Отан соғысының тәжірибесі қарсылас қорғанысы тереңдігіне жылжудың табысқа жетуі көбіне бөлімше жеке құрамның шешуші және табанды қимылына, қаптал мен тылдағы батыл маневрге, бөлімшелер арасындағы өзара қимылдың жақсы ұйымдастырылуына және оларды басқаруға байланысты екенін көрсетіп берді.

Қарсыласты жойып, мотоатқыштар бөлімшесі взвод командирінің пәрменімен ЖҰМ-ға отырады. Бұл үшін ЖҰМ бөлімше командирінің белгісімен бөлімшені қуып жетіп, жүрісін баяулатады немесе қысқаша аялдама жасайды. Бөлімше жүгіріспен өз машиналарына қарай шығады да, командирдің: «Орындарыңа!» деген пәрмені бойынша тез машинаға отырады, бұл кезде олар қаруын тежегіште ұстайды.

Машинадағы өз орындарына отырған сон, бөлімшенің жеке құрамы атыс саңылауынан атыс жүргізуге дайындалады. ЖҰМ-дағы (БТР) оператор-көздеушісі (БТР пулеметшісі) Бұл уақытта қарсыласты бақылайды және байқалған нысаналарды жояды. ЖҰМ-ға (БТР-ға) отырғаннан кейін бөлімше көрсетілген бағытта шабуылды жалғастыра береді. Жергілікті жер қыртыстарын пайдаланып, қапталға немесе тылға тез шығып, атыс құралдары және шешуші шайқас арқылы қарсыластың көрсетуші тобын талқандайды.

ЖҰМ-ның (БТР-дың) жылжуына қарсылас өз атысымен кедергі келтірген кезде командирдің: «Машинаға!» және «Бөлімше, ұрысқа, алға!» пәрмені бойынша машинадан секіріп түсіп, тізбекке жазылады да, ЖҰМ-ның (БТР-дың) атыс қолдауымен шабуылды жалғастырады. Қарсылас қорғанысы терендігінде кездескен бөгеттер мен тосқауылдарды бөлімше айналып өтеді немесе жасалған өтпе арқылы кесіп өтеді. Радиоактивті және улағыш заттармен зақымдалған жер учаскелерін белімше қорғаныш құралдарын қолданып кесіп өтеді немесе «дайын» жағдайындағы қорғаныш құралдарын қолданып, взвод командирі нұсқаған бағытта айналып өтеді.

Қарсы шабуылға шыққан карсыласты бөлімше взводтың басқа да бөлімшелерімен өзара қимылдай отырып, атыспен және шұғыл шабуылмен немесе взвод командирінің нұсқауы бойынша, ең әуелі, қарсыласты тиімді шептен атқылайды, содан кейін оған шабуыл жасайды. Егер қарсылас көршіге қарсы шабуылға шықса, онда бөлімше өз атысымен көмектеседі. Онын негізгі мақсаты — қарсы шабуылдаушы қарсыластың қапталы мен тылына шығу болып табылады.

Егер қарсылас шегіне бастаса, онда мотоатқыш бөлімшесі оны тоқтаусыз, табанды түрде, әдетте, ЖҰМ-да (БТР-да) қуады. Қудалау кезінде жергілікті жер қыртысын шебер қолданып, бөлімше қарсылас шегінісі жолына шығады да, взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, оның қимылын барлық құралдардан атыс жүргізу аркылы қысады және шешуші шабуылымен оған соққы беріп, талқандайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет