Present simple tense Настоящее простое время



бет3/6
Дата21.11.2022
өлшемі0,59 Mb.
#159235
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1114 7958 698, русский язык 16.11.20

Кім болмасын жас кезінде күн режимін жасамаған, дүйсенбіден бастап өз өмірін жаңаша бастауға уәде бермеген адам сирек шығар. Дегенмен солардың көлшілігі белгіленген режимді талай рет бұзғаны да белгІлі. Мұның себебі режимнің тым ұсақ-түйекке құрылатындығынан, ал әр күннің өзі тұтастай минутына дейін есептелгендіктен деп түсіндіруге болады. Нақты өмірдегі күтпеген жағдайларға байланысты нақты режимді орындау мүмкін емес.Бір атап көрсететін жайт, адам басына түскен қиыншылықты, әсіресе елеулі қиыншылықты жеңу кезінде өзіне-өзі бұйрық береді. Өзіне өзІ бұйрық беру Іштей айтылуы да, ерекше қиын-қыстау жағдайда естіртіп айтуы да мүмкін. ӨзІне өзі бұйрық берудін, мұндай түрі әдебиеттерде де жазылған. Маресьевтің үсіген аяғымен жер бауырлап жүргенде өзінс айтқанын еске түсірелікші: «Алға, алға, шыдау керек».

Л. Толстойдын, мына сөзін де еске түсірелік: Андрей Балконскийге — өзі тәкаппар, ержүрек адамға қарай снаряд ядросы үшқанда. оның бүкіл денесі қалтырап кетті. Алайда өзінің қорыққанын ойлағанда, ол қайтадан ширай түседі. «Мен қорқуға тиіс емеспін»,— дейді ол өзіне, сөйтіп қасқағым әлсіздігін жеңіп шығады.Әрине, езіне өзі бұйрық беру кәдуелгі жағдайда да қолданылады. Мәселен, адам тіс дәрігеріне барарда ол өзіие өзі: міндетті түрде бару керек, шыдау керек дейті-нін әркім-ақ байқаған болар.

Өзіне-өзі бұйрық берудің әсерін түсіну және оны тиімді пайдаланудың амалын табу үшін, оның ерік процесіндегі орнын қарастыралық. Ерік процесі мынадай тізбектерден құралады: әуелі оның қойылған мақсаты, содан кейін, бәлкім, осы мақсатты орындауға болаты-нын, әлде болмайтынын немесе бұл мақсатты қандай әдіспен орындауға болатыньш айқындайтын күрес дәлелдемесі. Күрес дәлелдемесі жігерлі адамдарға да тән болуы мүмкін. Бұрын кейбір авторлар, жігерлі адам күрес дәлелдемесін сезінуі мүмкін емес, өйткені оған бэрі айқын және ол ешнәрсеге жалтақтамайды деп жазған болатын. Алайда бұл дұрыс емес, мақсатқа жету тәсілін таңдауда «қолдау» мен «қарсылық» дәлелдерІ, күйзеліс қарама-қайшылығы болуы мүмкін. Күрес дәлелдемесінен кейін шешім қабылдау, өзін-өзІ бұйрық беру болады да, ерік шешімі орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет