Презентация Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Ойын терапиясының ережесі



бет3/4
Дата15.12.2021
өлшемі186,5 Kb.
#101593
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Ойын терапиясы )
Ойын терапиясы ), ҚМЖ 4 сынып
Ойын терапиясының ережесі

• Қандай жағдай болмасын бала- өзінің өсуімен дамуына сай өзгеріп отыратын адам оны ұмытпау қажет.

• Ойын – баланың өзінің ішкі дүниесін көрсету тәсілі, ойын арқылы өз баламыздың жаңа қырларын біліп, оның қылықтарын түсінеміз. Ата-аналарға балалардың ойынына көңіл бөлу қажет.

• Ойын терапиясының ең негізгі факторы- ата-аналармен, жақын адамдарымен қарым-қатынасы. Қарым-қатынас барысында адамдарға деген сенімділік қалыптасады.

• Баланың ойынына шыдамдылық көрсетіңіз, оның ойнағысы келген ойынды ойнаңыз, ол оның уақыты арман тілектерін қадағалаңыз.

• Алдымен балаңыздың жақсы көретін ойынын анықтаңыз, онымен бірге ойнаңыз. Бұндай жағдайда бала сіздің тарапыңыздан алға ұмтылсты байқайды, оны әңгімеге тартпаңыз, тек ойынын бақылаңыз.

Қазіргі психокоррекцияда ойын ересектер арасында топтық психотерапия мен әлеуметтік психологиялық тренингте әлеуметтік жаттығу ретінде қолданылуы Іс-әрекеттің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, ересек қоршаған ортаға деген қатынасын баланың өзіне алған рөлі арқылы жанама түрде қатысатын ойын. Ойында баланың мінез-құлқы, ойын барысында (басқа адамдардың міндеттерін атқаратын) өзінің достарына деген қатынасы анағұрлым бедерлі түрде ересектің бағыттаушы бейнесі арқылы жанамаланады.

Екіншіден, ересек баланың іс-әрекетін берілетін тапсырмаларды ұғыну арқылы басқаратын, ұйымдастырылатын сабақтар. Бұл жерде педагог түпкі ойы бойынша орындауға қызықты нәрсе ұсынатын, түпкі ойды орындауға көмектесетін және оның қорытындысын бағалай алатын адам ретінде тікелей қатысады.

Үшіншіден, бала мен педагог қатынастары жанама түрде берілетін күн тәртібін орындауға байланысты іс-әрекет.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер –баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі .Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да құқықтарына да ие болады. Мәслен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген тауарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар. Дәрігер өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге құқығы бар.

Қорытынды

Баланың ойыны шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы олардың арасындағы ережелерін түсінуге де араласады.Ойында қарым-қатынастың ойындық және нақтылы деп аталатын екі түрі болады. Ойындағы өзара қарым-қатынас мазмұн мен рольдің қарым-қатынасын бейнелейді.Шынайы қарым-қатынас — ортақ істі орындау кезіндегі балалардың серіктестік, жолдастық, ретіндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Ойын баладан көпшіл болуды, қарым-қатынас орнату және оны үзбеу үшін өз қылығымен үйлестіре білу қабілеті сияқты қасиеттерді талап етеді. «Бала ойын ойнағанда өзін қалай көрсетсе, өсе келе еңбекте де өзін солай көрсетеді. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеудің бірден бір жолы, ол –ойын» деген А.С. Макаренко. Қазіргі қоғамның талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жан-жақты дамыту – қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет