Презентация құру Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін



Дата14.12.2021
өлшемі10,43 Kb.
#100374
түріПрезентация
Байланысты:
косымша мәлімет


Бос презентация құру

Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:

PowerPoint программасын іске қосу мезетінде экранда пайда болған сұхбат терезенің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;

Файл-Құру командасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;

Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру (Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.

Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады (1.4-сурет).

Презентация слайдтарын құрастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады. PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.

Слайдқа мәтін, сурет, графикалық обьектілер енгізу.

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық обьектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады (1.5-сурет). Әрбір өрісте

әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілетіні көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағында тыщқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т.с.с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.

Тышқандыбір рет шертіп, тақырыптыжне сол жақтағы өріске мәтіндіенгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталкатын мәтінді ерекшелеп, бегілеген соң, Формат-Қаріп (Формат-Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе форматтау саймандартақтасындағы батырмаларкөмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекеті өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты болуы үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, оны ерекшеленген соң форматтаймыз.

Мәтін енгізу өрісінде оны таңбаланған тізім түрін жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат-Таңба (Формат-Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, бірнеше символдар тізімі шығады. Осы тізімнен кез-келгенін таңдап, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.

Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшеленген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.

Сондай-ақ слайдқа кесте, диаграмма, суреттер енгізуге болады. Бұл обьектілерді енгізу әрекетін, слайдтың схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізу мүмкіндігі бар.

Енгізу-Сурет (Вставка-рисунок)-командасын орындап (1.6-сурет).

Картинкалар (Картинки) Microsoft Clip Gallery обьектілерін;

Файлдан (Из файла)-файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді.

Автофигуралар-әртүрлі автофигуралар.

Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма), WordArt обьектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Microsoft Word кестесін енгізуге болады.

Енгізу-Обьект (Вставка-Обьект) командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы обьект енгізуге болады (1.7-сурет). Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т.с.с. Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманың ерекшелеп, Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын орындау арқылы, буферге аламыз.

PowerPoint программасына оралып, Түзету-Енгізу (Правка-Вставить) немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.

Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу-Диаграмма (Вставка-Диаграмма) командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтеркестесі мен диаграмма пайда болады (1.8-сурет). Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар менбағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма-Диаграмманың типі (Диаграмма-Тип диаграммы) командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма-Параметрлер (Диаграмма-Параметры) командасын орындап,қажетті параметрлерді тағайындаймыз (түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т.с.с.) Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.

Слайдтарды безендіру элементтері.

Әрбір адамның өз қалауы бойынша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады:

Слайд белгіленуі (Разметка слайда) Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін, сурет, диаграмма т.б. формасын айтуға болады.

Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез-келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.



Фон Слайдтағы түстер тек бір түсті ғана болуы міндетті емес. Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады. Сондай-ақ, бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра отырып, түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.

Слайдтың осы элементтері, яғни слайд белгіленуі, түрлі түстер схемасы, фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып, өз шаблонымызды құруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет